Қойдың жүн өнімділігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 202 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 03-03

Тенлибаева А. С.

«Мал шаруашылығыж және азықтандыру» пәні

бойынша

зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Шымкент, 2019.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» кафедрасы

Тенлибаева А. С. .

«Мал шаруашылығы және азыөтандыру» пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

5В120100-«Ветеринариялық медицина» мамандығы студенттеріне арналған

Шымкент, 2019ж.

ӘОЖ 619. 579. 62.

Құрастырғандар:

Оқытушылар: Тенлибаева А. С «Мал шаруашылығы» пәнінен зертханалық сабақты орындауға арналған әдістемелік нұсқау.

Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2019ж. 210б.

Әдістемелік нұсқау «Мал шаруашылығы» пәнінің оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкес және курстың зертханалық сабақтарын орындауға қажетті барлық мәліметтер қамтылған.

Әдістемелік нұсқау 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығының студенттеріне арналған «Мал шаруашылығы жіне азықтандыру» пәніне арналған әдістемелік нұсқау 30 зертханалық сабақ қамтылған.

Пікір беруші:

1.

2.

«Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» кафедрасының жиналысында Хаттама № «» 2019 ж.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының жоғары мектебі әдістемелік комиссиясында Хаттама № «» 2019 ж қаралып, баспаға ұсынылды.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу - Әдістемелік Кеңесінде

Хаттама № «» 2019 ж. баспадан шығаруға ұсынылды.

©М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2019ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 4 бет

Зертханалық №1 Мал түліктерін өсіру. Малдың сыртқы пішіні мен дене бітімі . . . . . . 5 бет. Зертханалық № 2 Малдың бойын өлшеу . . . 16 бет Зертханалық №3 Малды генотипі бойынша сұрыптау . . . 24 бет Зертханалық №4 Жұп таңдау . . . 39 бет Зертханалық №5. Будандастыру мен гибридтеу . . . 58 бет Зертханалық № 6. Қой шаруашылығы . . . 74 бет Зертханалық №7. Жылқы шаруашылығы . . . 87 бет Зертханалық №8. Жылқы жасын тісі арқылы анықтау . . . 95 бет Зертханалық №9. Ірі кара шаруашылығы . . . 105 бет Зертханалық №10. Сүттің майлылығымен белок мөлшсрін есептеу . . . 111 бет Зертханалық №11. Түйе шаруашылығы . . . 115 бет Зертханалық № 12. Түйе жасын тісі арқылы анықтау . . . 129 бет Зертханалық №13. Түйенің сүт өнімділігі . . . 135 бет Зертханалық №14. Шошқа шаруашылығы . . . 143 бет Зертханалық №15. Шошқаның ет өнімділігі . . . 148 бет Зертханалық №16. Құс шаруашылығы . . . 155 бет Зертханалық №17. Құс өнімділігін бағалау . . . 168 бет

Ауыл шаруашылғы малдарын азықтандыру

Зертханалық №1 Азықтағы ылғалды және құрғақ заттарды анықтау . . . 183бет Зертханалық №2 Малазығынындағы «шикі» күлді анықтау . . . 185бет

Зертханалық №3 «Шикі» протеинді анықтау . . . 186 бет

Зертханалық №4 Малазығынындағы «шикі» жасунықты анықтау . . . 188 бет

Зертханалық №5 Малазығынындағы «шикі» майды анықтау . . . 189 бет

Зертханалық №6 Азотсыз экстрактілі заттарды(АЭЗ) анықтау . . . 190 бет

Зертханалық №7 Кальцийді анықтау . . . 191бет

Зертханалық №8 Фосфорды анықтау . . . 193 бет

Зертханалық №9 Азықтың сараптау нәтижесін талдау . . . 194 бет

Зертханалық №10 Сүрленген малазығынының сапасын анықтау . . . 195 бет

Зертханалық №11 Малазығынындағы каротинді анықтау . . . 198 бет

Зертханалық №12 Малазығынындағы қантты йодометриялық

әдіспен анықтау . . . 200 бет

Зертханалық №13 Қанттың құрамындағы қанның сарысуындағы жалпы ақуызды анықтау . . . 202 бет

Зертханалық №14 Қан сарысуындағы сілтілікті анықтау

(Раевский әдісі бойынша) . . . 202 бет

Зертханалық №15 Сүттегі кетонды денешіктерді және қышқылдылықты анықтау . . . 203 бет

КІРІСПЕ

Мал шаруашылығы және азықтандыру курсын тереңдеп оку жоғарымаманданған ветеринарлық дәрігерлер дайындауға қажет. Ветеринарлық дәрігер селекцияның, мал өсірудің және азықтандырудың ғылыми негіздерін игергенде, ауыл шаруашылык малдардың биологиялық, тұқымдық ерекшеліктерін, асыл тұқымдық,, өнімділік касиеттер көрсеткіштерін, өндіру технологиясы, азықтандыру және өсіру әдістерін, мал ө німдерін өндіру технологиясын жақсы білгенде ғана мал денсаулығын дұрыс қорғап емдей алады. Селекциялық - генетикалық әдістері және мал мен құсты азықтандыру деңгейін бақылау әдістерін қолдану ұрпақта алдыңғы буынның құнды өнімділік касиеттерін бекітуге, өндірістік технология жағдайында шаруашылықка тиімді белгілер мен бейімделу кабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Генетика мен селекция малдың ауруларға карсы төзімділігін жоғарлатады. Өсіп дамудың биологиялық заңдылықгарын заталмасу процестерінің физиологиясы мен биохимиясын ескеретін үгымды технологияда тиімді азықтандыру мен бағып-күту мен катар мал ауруларынын аддын алу негізі болып келеді. Отандық мал шаруашылығының қалыптасуына асыл тұқымдық жұмыстық орталықтандыруы, тұқымдармен жұмыс істеудің болашаққа жоспар кұруы, қолдан ұрықтандыруды кеңінен қолдану, әлемде алғашқы болып тұқымды аудандастыру жоспарын енгізу, малдың жаңа тұқымын, тұқымдық топтарын, типтерін және аталық іздерін шығару үлкен ролін атқарады.

Зертханалық № 1.

Мал түліктерін өсіру

Сабақтын мақсаты - малдың салмағы мен дене бітімдерінің көрсеткіштерін негізге ала отырып, оның өсу ерекшеліктеріне дұрыс баға беру, шаруашылықта пайдалану жолдарын көрсету.

Малдың дене бітімінің қалыптасуына және одан жоғары көрсеткішті өнім алуға әсер ететін негізгі факторларға тұқым- қуалаушылық қасиеті мен сыртқы орта жағдайы жатады. Осы себептерді білген жағдайда малдың жас кезінен бастап дұрыс өсуін қалыптастыруды меңгеріп, шаруашылықта одан алынатын өнімді басқара аламыз.

Мысалы, малды белгілі мөлшерде азықтандырып, бағып-күту жолдарын дұрыс ұйымдастырған жағдайда, оның тұріне байланысты дене бітімін керекті бағытта қалыптастыруға болады.

Шаруашылықтағы мал өнімдерін қажетті мөлшерде өндіруді қамтамасыз етудің негізгі жолы - малдың жетілу ерекшеліктерін, мән-мазмұнын жете түсіну және оларды меңгеру.

Малдың кұрсақтағы және құрсақтан кейінгі өсіп-жетілуін он­тогенез дейді. Ол малдың жекелей өсіп-жетілу жолдарын көрсе- теді де, бір-бірімен өте тығыз байланысты негізгі екі құбылыс - өсу және жетілу арқылы жұреді.

Малдың өсуі дегеніміз - оның торшаларының, ткандері мен мүшелерінің үлкеюі, жалпы бойының, көлемінің, салмағының артуы. Бұлардың бәрінің негізінде торшаның бөлінуі мен көбеюі, торшааралық заттың өсуі сияқты үш құбылыс жатады.

Жетілу деп организмдегі сапалық өзгеріс процестерін айтамыз. Ал жеке организмдегі сапа тұрғысынан алғанда жетілу дегеніміз - оның кұрделенуі, белгілі бір арнайы қызмет атқаратын ткандердің, мүшелердің пайда болуы және олардың арасында жаңа қатынастың қалыптасуы, яғни организмдегі сапалық өзгерістер жиынтығы. Малдың өсіп-жетілуін белгілі бір құбылыс ретінде, кем дегенде, үш көрсеткіш бойынша сипаттау керек. Олар өсу жылдамдығы, өсу ұзақтығы және өсу процесінің жұру сипаты. Өсу жылдамдығы деп белгілі бір уақыт аралығында малдың дене мөлшерінің (салмағының, бойының, тұрқының, көлемінің т. б. ) ұлғаю дәрежесін айтады.

Өсу жылдамдығын абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштер арқылы анықтайды. Абсолюттік өсу деп белгілі бір уақыт (тэулік, онкүндік, ай, жыл) аралығында қосылған салмақты ай- тамыз. Абсолюттік өсуді мына төмендегі теңдік бойынша анықтайды.

А=W1 -W 0 , D = W 1 W 0 t \frac{W1 - W0}{t} (г)

мұндағы: А - абсолюттік өсу көрсеткіші;

W 0 - бастапқы өлшеудің көрсеткіші;

W1- соңғы өлшеудаң көрсеткіші.

Мал шаруашылығында етті малды, төлді бағушыға еңбек ақыны баққан малдың тәулігіне қосқан салмағына қарап төлейді. Тәулігіне қосқан салмақты (г) жоғарыда көрсетілген абсолюттік өсу теңдігі бойынша есептейді (яғни, D = W1 -W 0 \t) (г) .

Өсу интенсивтілігін дэлірек сипаттау үшін салыстырма­лы үдеме өсудің көрсеткішін есептейді. Бұл үшін Майнот теңдігі қолданылады:

к= 𝐖 𝟏 𝐖 𝟎 𝐖 𝟎 \ \ \ \ \frac{\ \ \ \mathbf{W1} - \mathbf{W0}}{\mathbf{W0}}

Майнот теңдігін С. Бродий жаңартып, мына теңдікті ұсынды:

W 1 W 0 W 1 W 0 \ \ \ \ \ \ \ \ \frac{\ \ \ W1 - W0}{\ \ \ W1 - \ W0}

Е= 2 100 % \frac{}{\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ 2\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ }\ \ \ \ \bullet 100\%

Бұл теңдік өсу қарқынына тек бастапқы салмақ емес, кейінгі қосылатын салмақтардың да тигізетін әсерін есептеуге мүмкіндік береді. Осы теңдік арқылы анықтаған көрсеткіш организмнің өсу қарқынын біршама дұрыс сипаттайды. Сондықтан бұл теңдік зоотехникалық ғылыми зерттеулерде жиі қолданылады.

Тапсырма: өсу журналына қарап отырып, жас малдың туылған уақытынан бастап 6 айға дейінгі салмағын жазып алып, оның абсолюттік және салыстырмалы үдеме өсу көрсеткіштерін анықтау керек.

1-кесте. Қара ала тұқымды малдың салмақ көрсеткіштері

Жасы

(ай)

Жоғары дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер
Орта дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер
Салмағы (кг)
Айлық абсолюттік өсу салмағы (кг)
Тәулігіне қосқан салмағы (г)
Салыстырмалы көрсеткіші, (%)
Салмағы (кг)
Айлык абсолюттік өсу салмағы (кг)
Тәулігіне коскан салмағы (г)
Салыстырмалы көрсеткіші, (%)
Жасы(ай): Туылғандағ
Жоғары дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер: 37, 95
Орта дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер:
32, 25
Жасы(ай): 1
Жоғары дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер: 61, 09
Орта дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер:
47, 35
Жасы(ай): 2
Жоғары дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер: 79, 15
Орта дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер:
64, 63
Жасы(ай): 3
Жоғары дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер: 102, 89
Орта дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер:
82, 90
Жасы(ай): 4
Жоғары дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер: 127, 20
Орта дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер:
98, 54
Жасы(ай): 5
Жоғары дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер: 149, 75
Орта дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер:
110, 68
Жасы(ай): 6
Жоғары дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер: 168, 80
Орта дәрежедегі азықтандыру кезіндегі көрсеткіштер:
126, 20

2-кестедегі көрсеткіштерді қолдана отырып, малдың салмағы мен өсу ерекшеліктерін сипаттау қажет.

Содан соң оның өсу жылдамдығының графигін төмендегідей сызыңыздар:

Абсолюттік өсуі Тәуліктік қосуы Салыстырмалы қосуы

(КГ) (г) (%)

2- Кесте Ярослав тұқымды жас малдың салмақ көрсеткіштері, кг

(Р. Ф. Овсянниковтың деректері бойынша)

Көрсет-

кіштері

Малдың жасы, (ай)
0
3
6
9
12
15
18
21
24
Көрсет-кіштері: Бұқалар
Көрсет-кіштері: Саны
Малдың жасы, (ай): 15
15
15
13
11
6
6
4
4
Көрсет-кіштері:

Орташа салмағы

(кг)

Малдың жасы, (ай): 26, 3
98, 0
174, 0
249, 0
337, 0
412, 0
476, 0
545, 0
608
Көрсет-кіштері: Құнажындар
Көрсет-кіштері: Саны
Малдың жасы, (ай): 51
51
51
51
51
51
51
51
51
Көрсет-кіштері:

Орташа салмағы

(кг)

Малдың жасы, (ай): 22, 7
86, 0
151, 0
205, 0
257, 3
306, 3
340, 2
378, 0
410

Малдың сыртқы пішіні мен дене бітімі

Жалпы түсінік. Мал тұқымын асылдандыру жұмысында, оның сыртқы пішініне (тұр-тұлғасына) үлкен мән береді. Себебі малдың (тұр-тұлғасы) оның жалпы дене бітімінің (конституциясының) және белгілі бір өнім беруге бейімділігінің сыртқы көрінісі іспетті. Сондықтан да малдың қай тұрінің болмасын, тұқымдық және өнімдік құндылығын анықтағанда, сыртқы пішініне берілген баға есепке алынады.

Екінші жағынан, малдың дене бітіміне баға беру де оның сыртқы пішінін жан-жақты тексеруден басталады.

Сонымен, малға пішініне (тұр-тұлғасына) қарап баға беру қажетті де жауапты зоотехниялық шаралардың бірі және мұны жетік меңгеру үшін маман оны іс жүзінде жұргізіп, машықтануы керек.

Сұрыптау тәжірибесінде малдың сыртқы пішінін бағалау үшін төмендегі әдістер қолданылады: көзбен бағалау, балл жүйесі (цифрлік дәрежелік жүйе) бойынша бағалау, бойын өлшеу және суретке түсіру арқылы. Бүл әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері - артықшылығы мен кемшіліктері бар, олар бір- бірін толықтырады. Бұған студент зертханалық және тәжірибелік сабақтарында өзі көзін жеткізіп, арнайы жұмыс дәптеріне жазбаша тұрде тұжырымдауы қажет.

3. 2. 1 Малдың сыртқы дене мүшелерімен танысу

Сабақтын мақсаты - малдың тұрі мен өнімділік бағытына

байланысты сыртқы дене мүшелердің ерекшеліктерімен танысу.

Сабақка кажетті көрнекі кұралдар мен жабдыктар: жұмыс дәптері, оқу құралы, өнімділік бағытына, жынысына, жасына бай­ланысты мал түліктерінің нақнұсқасы, қаңқасы немесе суреттері.

Тапсырма. Зертханалық жұмыс дэптеріне берілген мал нұсқалары бойынша негізгі дене мүшелерінің шекарасын көрсетіп, аталымын жазыңыздар.

Әдістемелік нұскау: осы оқу кұралдарындағы малдың сыртқы дене мүшелері көрсетілген суреттерге немесе арнайы плакаттарға қарап, әр студент өзінің жүмыс дәптеріндегі мал нұсқаларында эр түлікке тэн сыртқы дене мүшелерінің шекарасын анықтап, нақтылы бір цифрмен белгілейді. Рет нөмірі басшылыққа алынған көрнекі құралдарға сәйкес келу керек. Жұмыс дәптеріндегі мал нұскасының астына ретімен дене мүшелерінің аталымын жазып шығып, жақша ішіне сол мүшеге негіз болып отырған сәйкестерді атап өту қажет

image1

1-сурет. Сүтті бағыттағы сиырдың сыртқы дене мүшелері: 1- шүйде; 2 - маңдай; 3 - тұмсык; 4 - төменгі жақ; 5 - мойын; 6 - желке; 7 - әуке; 8 - төс; 9 - шоктык; 10 - жауырын; 11 - жауырын мйі кол жілік буыны; 12 - шынтақ; 13 - білек; 14 - алдыңғы тізе; 15 - алдыңғы сирақ; 16 - бақай; 17 - арка; 18 - бел; 19 - шап; 20 - сүт құдығы; 21 - сүт тамыры; 22 - желін; 23 - сербегі; 24 - құйымшақ; 25 - шонданай сүйегінің төмпешігі; 26 - сан; 27 - тізе тобығы; 28 - тірсек; 29 - кұйрықтың шашағы; 30 - тілерсек.

image2

2-сурет. Жылқының сыртқы дене мүшелері: 1 - иек; 2 - танау; 3 - маңдай мен кекіл; 4 - сағақ; 5 - мойын; 6 - мойын желкесі мен жал; 7 - шүйде; 8 - шоқтық; 9 -жауырын; 10 - иык кыры; 11 - иык; 12 - колтык; 13 - кол; 14 - алдыңғы тізе; 15 -алдыңғы жіліншік; 16 - бакай; 17 - тұяк; 18 - шашак; 19 - арқа; 20 - бел; 21 - сауыр; 22-кұйрық; 23 - сербегі; 24 - шонданай сүйегінің артқы бүдыры; 25 - кабырғалар; 26 -бауыр; 27 - үма; 28 - артқы тізе; 29 - жамбас; 30 - сан; 31 - тілерсек; 32 - тірсек; 33 -артқы жіліншік; 34 - шашак; 35 - шоктығының биіктігі; 36 - тұркыныц киғаш ұзындығы; 37 - кеуде орамы; 38 - жіліншік орамы.

.

C:\Users\Нураш\Desktop\AppData\Local\Temp\FineReader11\media\image3.png

3-сурет Қойдың сыртқы дене мүшелері: 1 - тұмсык; 2 - ауыз; 3 - танау; 4 -ерін; 5 - мұрын; 6 - мұрынның қыры; 7 - маңдай; 8 - көз; 9 - құлақ; 10 - мойын; 11-иық лды; 12-шоқтық; 13-иық; 14-кеуде; 15-төс; 16-алдыңғы аяқ; 17-арқа; 18-бел; 19-аш бүйір; 20-қабырғалар(бүйір) ; 21-қолтық; 22-құрсақ; 23-шат; 24-құйымшақ; 25-сан; 26-тарпа тұсы; 27-құйрықтың түбі; 28-артқы аяқ

C:\Users\Нураш\Desktop\AppData\Local\Temp\FineReader11\media\image4.png

4-сурет. Шошқаның сыртқы дене мүшелері: 1 - тумсық; 2 - көз; 3 - тұмсықтың қыры; 4 - құлақ; 5 - бұғақ; 6 - мойын; 7 - иық; 8 - алдыңғы аяқ; 9 - артқы аяқ; 10 - төс; 11 - тартпалық; 12 - арқа; 13 - бел; 14 - бүйір; 15 - қуйрык; 16 - қолтық; 17 - шап; 18 - аш бүйір; 19 - сауыр; 20 - кұрсақ; 21 - сан; 22 - тізе; 23 - тірсек; 24 - бақай; 25 - тұяқша; 26 - тұяк;

C:\Users\Нураш\Desktop\AppData\Local\Temp\FineReader11\media\image5.png

5-сурет. Әтештің сыртқы дене мүшелері: 1 - басы; 2 - айдары; 3 - көзі; 4 - тұмсығы; 5 - құлақтағы сырғалықтар; 6 - мойын; 7 - көкірегі; 8 - арқасы; 9 - іші; 10 - төс қыры; 11 - аяқтары

48*

Малдың сыртқы дене мүшелерін сипаттау

Сабақтын мақсаты - сыртқы дене мүшелерінің малдың жасына, жынысына және өнімділік бағытына байланысты қалыпты жағдайы мен ауытқу дәрежелерін, - ақаулары мен кемшіліктерін анықтап, сипаттауға машықтану

Сабаққа кажетті кұралдар мен жабдыктар: жұмыс дәптері, оқу құралы, малдың сыртқы пішінінің ақаулары көрсетілген плакаттар, қажет болса тірі мал

Тапсырма. Студенттердің әр тобы (3-4), кем дегенде, үш-төрт малдың сыртқы дене мүшелерін сипаттауы керек.

Әдістемелік нұскау: сабақ мал қорасында жұргізіледі. Әдетте, сауын сиырларды пайдаланады. Себебі олар жуас, дене мүшелері өте ірі, көзге жақсы көрінеді. Бұл сабақта басқа да мал тү- ліктерін қолдануға болады. Түлікті таңдау жоғары оқу орны орналасқан аймақтың табиғи срегшіеліктері мен студенттердің мамандығына байланысты шешіледі. Тапсырманы мына тәртіп бойынша орындаған жөн. Әуелі қорадағы барлық малды көріп шығып, оқытушының басшылығымен мал тұқымының ұнамды типімен (стандартымен) танысады. Бүдан кейін студенттер шағын топтарға (3-4 адамнан) бөлінеді, эр топ сыртқы пішіні жағынан біршама айырмашылығы бар үш-төрт малды өздеріне бөліп алады да, оларды жеке бағалауға кіріседі. Әрбір малдың сыртқы пішінін оқу құральінда берілген үлгіге қарап сипаттайды да, жұмыс дәптеріне жазады (3-кесте) .

3-кесте. Сауын сиырдың сыртқы пішінін (экстерьерін) сипаттау

Сыртқы дене мүшелері
Ауытқу тұрлері
Сиырдың нөмірі мен лақап аты
Сыртқы дене мүшелері: 1
Ауытқу тұрлері: 2
Сиырдың нөмірі мен лақап аты: 3
4
Сыртқы дене мүшелері: Тұқымы
Ауытқу тұрлері:
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Түсі
Ауытқу тұрлері: Ақ, қара, қоңыр, қызыл, көк т. б.
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Қоңдылығы
Ауытқу тұрлері: Орташа, семіз, арық
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Басы
Ауытқу тұрлері: Маубас, ауыр, бұқабас, жеңіл, қалыпты, үзын, қысқа сүйрік, түмша ойыс т. б.
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Мүйізі
Ауытқу тұрлері: Жуан, жіңішке, орташа, тік, аймүйіз, алшақ, ақ, кара, ақшыл т. б.
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Мойыны
Ауытқу тұрлері: Жуан, жіңішке, орташа, үзын, қысқа, жалпақ, жүмыр т. б.
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері:

Иығы

(шоқтығы)

Ауытқу тұрлері: Тік, тегіс, жалпақ, айыр, шығыңқы, биік, аласа, т. б.
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Әукесі
Ауытқу тұрлері: Жақсы жетілген, нашар жетілген, жетілмеген
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Төсі
Ауытқу тұрлері: Жалпақ, тар, орташа, шығыңқы, т. б.
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Кеудесі
Ауытқу тұрлері: Кең, тар, қушиған, орташа, терең, қысыңқы
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Қабырғасы
Ауытқу тұрлері: Жалпак, жіңішке, дөңес, жазық орналасқан
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Арқасы мен белі
Ауытқу тұрлері: Кең, жазық, ұзын, қысқа, тар, бүкір, қайқы т. б.
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Құрсағы, бауыры
Ауытқу тұрлері: Дөңгелек, тусіңкі, тартыңқы т. б.
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Бөксесі
Ауытқу тұрлері: Кең, тар, биік, аласа, түсіңкі
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Аяқтары
Ауытқу тұрлері: ¥зын, қысқа, орташа, тік, жақын, алшақ, т. б.
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Құйрығы
Ауытқу тұрлері: Жуан, жіңішке, орташа, жоғары немесе төмен орналасқан
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Желіні: көлемі
Ауытқу тұрлері: Үлкен, шағын, орташа, шошақ, астау тәрізді, дөңгелек. Сұт бездері жетілген Етті, тас желін, май басқан
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Бөлімдері
Ауытқу тұрлері: Бөлімдері біркелкі тең жетілген, бөлімдері тең емес
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Емшектері
Ауытқу тұрлері: ¥зын, қысқа, жуан, жіңішке, цилиндр не­месе конус тәрізді
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері:

Құрсағы,

бауыры

Ауытқу тұрлері: Дөңгелек, тусіңкі, тартыңқы т. б.
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Бөксесі
Ауытқу тұрлері: Кең, тар, биік, аласа, түсіңкі
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Аяқтары
Ауытқу тұрлері: ¥зын, қысқа, орташа, тік, жақын, алшақ, т. б.
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Құйрыгы
Ауытқу тұрлері: Жуан, жіңішке, орташа, жоғары немесе төмен орналасқан
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Желіні: көлемі
Ауытқу тұрлері: Үлкен, шағын, орташа, шошақ, астау тәрізді, дөңгелек. Сұт бездері жетілген Етті, тас желін, май басқан
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Бөлімдері
Ауытқу тұрлері: Бөлімдері біркелкі тең жетілген, бөлімдері тең емес
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Емшектері
Ауытқу тұрлері: ¥зын, қысқа, жуан, жіңішке, цилиндр не­месе конус тәрізді
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Терісі
Ауытқу тұрлері: Қалың, жұқа, тығыз, созылғыш
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Түктері
Ауытқу тұрлері: Қалың, жүндес, сирек, майда
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Сүт тамырлары
Ауытқу тұрлері: Үлкен, кіші, жақсы, нашар жетілген
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Сүт кұдыгы
Ауытқу тұрлері: Кең, тар, орташа, терең, таяз,
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Бұлшық етгері
Ауытқу тұрлері: Тығыз, бос, жетілуі жақсы, нашар •
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:
Сыртқы дене мүшелері: Жалпы тұр тұлғасы
Ауытқу тұрлері: Қалыпты, ұнамды, типке сәйкес немесе сәйкес келмейді, кораш, жетілмеген
Сиырдың нөмірі мен лақап аты:

Қажетті малды бағалап болғаннан кейін, қайтадан табынды аралап, көзге анық түсетін сыртқы пішіні ақаулары мен кемшіліктерін дәптерге жазу керек.

C:\Users\Нураш\Desktop\AppData\Local\Temp\FineReader11\media\image6.png C:\Users\Нураш\Desktop\AppData\Local\Temp\FineReader11\media\image7.png

3. 6-сурет. Сиырда кездесетін 3. 7-сурет. Сөлекет бас

тым нәзік бас

C:\Users\Нураш\Desktop\AppData\Local\Temp\FineReader11\media\image8.png

3. 8-сурет. Шошқаның тым нәзік басы.

C:\Users\Нураш\Desktop\AppData\Local\Temp\FineReader11\media\image9.png

  1. сурет. Ірі қарада кездесетін жалпақ әрі биік шоқтықтың тұрі

C:\Users\Нураш\Desktop\AppData\Local\Temp\FineReader11\media\image10.png

  1. сурет. Ірі қарада кездесетін шоқтықтың үшкір тұрі

C:\Users\Нураш\Desktop\AppData\Local\Temp\FineReader11\media\image11.png

  1. сурет. Үшкір шоқтықты әрі қайқы бел бие

C:\Users\Нураш\Desktop\AppData\Local\Temp\FineReader11\media\image12.png

  1. сурет. Кеуде мен аяқтардың орналасу тұрлері: 1 - кең кеуде және аяқтары калыпты орналасқан; 2 - тар кеуде және аяқтары тым жақын орналасқан; 3 - артқы аяқтардың маймак тұрі; 4 - артқы аяқтың тым тік орналасқан тұрі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері
Биязы жүнді қойларды бонитировкалау
Қой тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлау
Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң жəне қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау жəне қаракөл қозыларын бонитировкалау. Қой асылдандыру есебін жүргізу
Зерттеу нысаны мен әдістемесі
Етті-майлы құйрықты қойлар
Қазақтың биязы жүнді қой тұқымдары
Қоршаған ортада қалыптасқан экологиялық факторлардың қой шаруашылығы өнімділігіне және оның сапасына тигізетін әсері
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында өсірілетін меринос қойларының өнімділігіне әсер ететін экологиялық факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz