Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

Нургалиева Айдана Муратбековна

ТАҚЫРЫБЫ: Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Ғылыми жетекші:

Студент:

Қорғауға жіберілген:

"___" 2020 г.

Кафедра меңгерушісі

Семей, 2020

  • титульный лист;
  • задание на дипломную работу;
  • оглавление;
  • перечень условных обозначений, символов и терминов;
  • введение;
  • основная часть дипломной работы;
  • заключение;
  • список использованных источников;
  • приложения.

Приложение 2

Казахский гуманитарно-юридический инновационный университет

Факультет

Кафедра

(наименование кафедры)

Утверждаю

Заведующий кафедрой

(подпись, фамилия, инициалы)

« » 20__ г.

ЗАДАНИЕ НА ДИПЛОМНУЮ РАБОТУ

Студенту

(фамилия, инициалы)

1. Тема дипломной работы

(наименование темы)

Утверждена приказом ректора КазГЮИУ от «» 20__ г. №

2. Исходные данные к дипломной работе:

3. Перечень подлежащих разработке вопросов:

4. Примерный календарный график выполнения дипломной работы

7. Дата выдачи задания

8. Срок сдачи законченной дипломной работы

Руководитель

дата (подпись студента)

Мазмұны:

  1. Кіріспе

Кіріспе

Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты - неке деп түсінеміз. Алдымен неке және отбасы, отбасылық қатынастар түсінігін ашып алайық. Неке дегеніміз - отбасын құрудың негізі. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе - бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса - бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар - отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік, өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді, яғни үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу негізіне. Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең және әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай-ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптық қатынастар, әдеттегідей ғұмырлық, не некеге тұру белгілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік АХАЖ органдарында тіркелген неке ғана неке деп танылады. Некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстануларына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады және ерлі-зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.

Неке қию, некеге тұру - адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық кезеңдердің бірі деп ойлаймын. Үйлену тойына дайындалумен қатар, болашақ жұбайларда некенің тіркелуін қалай дұрыс рәсімдеу, қандай құжаттарды дайындау, қайда жүгіну және қандай нәтиже болатыны, некеге тұрудың шарттары, тәртібі бойынша сұрақтар туындайды. Жоғарыда атап өткенімдей «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексіне сәйкес неке - бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туындататын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықтық одақ. Отбасы қоғамда үлкен рөл ойнайды. Отбасы құқығы - отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жүйесін көрсететін, құқықтың бір саласы. Сонымен қатар, заңда анықталған жағдайларда - басқа да туыстар арасындағы қатынастарды реттейді. Осыдан шығатын қорытынды: отбасы құқығы - неке қатынастарының пайда болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін теориялар жиынтығын зерттейтін ғылым. Отбасы, ол - баспана әрі тұрақты мекен. Неке отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіппен ерікті және толық келісім жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ болып табылады. Неке ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызады. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері АХАЖ органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген кезден бастап туындайды және де заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген неке ғана құқықтық салдарға әкеп соғады. Ерлі-зайыптылардың мүлкі жөніндегі қатынастың шарттық сипаты болуы, сондай-ақ қолданыстағы неке отбасы заңының нормаларымен реттелуі де мүмкін.

Мен Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, неке және отбасы туралы заңға сәйкес 18 жасқа толғаннан кейін некеге тұра аламын. Алайда, біздің елімізде жүктілік кезінде немесе некеге тұрушылардың ортақ баласы болса мемлекеттік неке қиюды тіркеу орны неке жасын 2 жасқа дейін кеміте алады. Ол үшін неке жасын төмендету туралы өтініш беру керек. Неке жасын төмендету тек қана некеге отырушылардың келісімімен іске асады. Сонымен қатар неке жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімін алу қажет болады. Қазақстанда бір жынысты адамдарға, олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрғандарға, жақын туыстарға, бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың, олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында неке қиюға жол берілмейді. Менің ата-анам некелерін арнайы мемлекеттік неке сарайында қидырды. Дегенмен неке қию рәсімін тіркеуші органдарда (АХАТ) іске асыруға да болады. Неке қидыру рәсіміне ниет білдірген екі азаматтың да қатысуы шарт. Болашақ ерлі-зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заңмен рұқсат етіледі. Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілері арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар да некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ - та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі. Айрықша жағдайларда, мысалға: жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы, ауыр науқастануы жағдайында неке қиюды тіркеу үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен келісіле отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Некеге отыратын жұп медициналық тексерістен өткені жөн. Ол неке қидыруға ниет білдірген азаматтардың келісімімен іске асады. Дегенмен оларды ешкім міндеттемейді. Медициналық зерттеудің нәтижелері медициналық құпия болып саналады. Оның нәтижесі жолдасына зерттеуден өткен адамның келісімімен ғана айтылады. Әйел адам тегін ауыстыруға міндетті емес. Дегенмен заңда рұқсат етіледі. Неке қию кезінде ерлі-зайыптылардың қалауы бойынша ортақ тегі ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдауына немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге дейінгі тегін сақтап қалуына да болады. Сондай-ақ біреуі (екеуі де) өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосып алуға құқылы. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті. Неке бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін қалпына келтiруге құқылы. Неке қию некеге отыруға тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормалары туралы түсінік
Неке отбасы құқығын жүзеге асыру және қорғау
Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
ҚР отбасылық құқық ұғымы
Отбасы және неке
Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері
Шетелдік элементтермен отбасылық қарым-қатынас түсінігі
Неке және отбасы
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЗАҢДАРЫ
Некені тоқтану мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz