Жеңіл Атлетиканыі Қазақстанда дамуы


Абай атындағы Қазақ Ұлтттық педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ
Жеңіл атлетика. Жеңіл атлетиканың түрлері
Орындаған:Дуанбекова Айзере
Тексерген:Бозтаева Салтанат
Алматы, 2020ж
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1. Жеңіл Атлетиканың Қазақстанда дамуы.
2. 2 Жеңіл Атлетиканың түрлері
III Қорытынды бөлім
3. 1 Жеңіл Атлетика.
1
Кіріспе
Жеңіл атлетика
ның тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.
Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.
Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон- 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды
2
2. 1. Жеңіл Атлетиканыі Қазақстанда дамуы
Қазақстанда жеңіл атлетика үйірмесі 1916 жылы Шығыс Қазақстандағы Семей қаласында құрылып, жұмысын бастаған еді. Бірақ, ол Азамат соғысы жылдарында тарап кетіп, тек 1930 жылы ғана қайта қолға алынды. Совет үкіметі өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ жастар арасында дене тәрбиесінің өсуіне ат салыса бастады. Мұндай игілікті жаңадан өрістеу ісі оңайға түскен жоқ. Кейбір деректердің айтуына қарағанда, Қазақстанда Совет үкіметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлт спортынан үйірмелердің жұмыс істегенін байқау қиын емес. Қазіргі елордамыз Астана қаласында жеңіл атлетиканың дамуы 1947-1948 жж. соғыстан кейінгі жылдары басталды. Осы жылдары «Динамо», «Локомотив», «Искра», «Пищевик», «Спартак» және т. б. жаңадан әртүрлі спорттық қоғамдарда жеңіл атлетика спорты пайда бола бастады. Әрине, қалада ол жылдары жақсы стадион жүгіру жолымен, көрермендік тамашалау орындарымен болмады, бірақ 1950 жылы Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионда жүгіру жолы, жеңіл атлетикалық секторлар, диск лақтыратын, ядро итеретін, ұзындыққа және биіктікке секіретін шұңқырлар орнатылды. Целиноградта жеңіл атлетикадан арнайы мектеп ашылады, стадионда жүгіріс жолын салып және «Автомобилистте» спорт зал ашылды және жеңіл атлетик манежімен бірге салынды. 2009 жылы стадионға яғни «Достық Спорткомбинатына» жеңіл атлетика спортын дамытуға берілді. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс Бүкілқазақстандық І-інші спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш. Бекбаев алды (1943 жылы) . Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпиада ойындарында, дүние-жүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.
Ольга Сергейқызы Рыпакова - Қазақстанның үш аттап секіруден жеңіл атлеті. Ольга Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш аттап секіруден 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартып, 4-інші орында болды. Ольга Рыпакова 2010 жылы Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды. Ольга Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды. 2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды. 2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды.
3
2. 2 Жеңіл Атлетиканың түрлері
Жеңіл атлетика - белгілі тәртіпте біріктірілген, спорт түрлерінің жиынтығы, жүру, жүгіру, секіру (үшеулік, алтыншыдан, ұзындыққа, биіктікке), лақтыру (дискы, найза, балға) ядро лақтыру және жеңіл атлетикалық көпсайыс сияқты. Негізгі және ең танымал бұқаралық спорт түрлерінің бірі. Жеңіл атлетика бойыншаәйелдерге арналған, ашық стадиондарда өтетін 50 спорт түрі, ер адамдарға арналған - 56түрі, ал жабық ғимараттарда өтетін әйелдерге де, ерлерге де арналған 14 спорт түрі бар.
Жеңіл атлетика түрлері:
Жүріс.
Спорттық жүріс - қозғалыстар техникасы бойынша жүрістің басқа түрлерінен айырмашылығы аяқтың тізе буынын тіке ұстауында. Алайда, жалпы барлық жүріс түрлеріне ортақ болып табылатын тұрақты жермен байланыс бір немесе екі аяқ бір мезгілде тиюі тиіс. Жүйріктердің ұшу фазасы пада болған кезінде аяқтары майысып қателіктер жіберсе ойыннан шеттетіледі. Жаяу жүру бойынша жарыста жылдамдық әдеттегіден екі-үш есе жоғары болады, және 14-16 км/сағ дейін жетеді. Ірі жарыстарда ерлер 20 км және 50 км жүреді, әйелдер 20 км жүреді.
Жүгіру.
Жүгіру жеңіл атлетика бағдарламасының ірі бөлігін алып жатыр және 4 түрі бар: тегіс жүгіру, кедергілері бар жүгіру (жасанды және табиғи), эстафета жүгіру.
Секіру.
Жеңіл атлетикада секіру ұзындыққа жүргізіледі, үштік ұзындыққа, жоғары және жоғары сырықпен ерлер мен әйелдерге де бірдей өткізіледі. Нәтижесі метр және сантиметрмен тіркеледі.
Лақтыру.
Лақтыруға кіреді: ядро лақтыру, ерлерге арналан ядроның салмағы 7257 г, әйелдер үшін 4000 г, осындай салмақта, балға лақтыру, найза лақтыру (800 г және 600 г), диск лақтыру (2 кг және 1 кг), гранаталар (700 г, 500 г) және теннис добы. Соңғы екі түрі найза лақтыруды үйрену үшін көмекші құрал болып табылады. Барлық түрлерінде ядро лақтыруға жүргізіледі алдын ала жылдамдығы снарядтың жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін снарядтың кезінде ажыратып қол метателя (ұшып) .
Көпсайыс.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс жеңіл атлетиканың көптеген түрлерін қамтиды. - жүгіру-100, 400, 1500м, 110мкедергілермен жүгіру, биіктікке секіру, сырықпен, ұзындыққа секіру, найза лақтыру, диск, ядро лақтыру. Классикалық әйелдер жеті сайысы - жүгіру 100м кедергімен, 200м, 800м, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру найза және ядро лақтыру. Нәтижесі санау жүргізу бойынша арнайы кестесінде ұпай санымен анықталады
4
Спорттық жүріс.
Жүгіру
Секіру
Лақтыру 5
3. 1 Жеңіл Атлетика
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz