1920 жылдың сәуір айынан Семей кеңестік халық сотының мүшесі болып



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СОӨЖ
Тақырыбы: Жақып Ақбаев - Алаш қозғалысының алғыр, іскер қайраткері
Факультет: География және табиғатты пайдалану
Кафедра: Рекреациялық география және туризм
Орындаған: Нажмадинова А. К.
Тексерген:

Алматы, 2020 ж.
Қазақ халқының азаттығы үшін алысқан атақты заңгер, көрнекті мемлекет жіне қоғам қайраткері, қажырлы күрескер, Алаш қозғалысының көшбасшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі, ұлт зиялысы, ғалым, қазақтың тұңғыш құқық магистрі Ж. Ақбаев 1876 ж. 7-қарашада Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауылының (кей деректерде №4) Төңіректас деген жерінде Сарыарқа өңіріне тақты Ақбай әулетінде, дәулетті отбасында дүниее келген.
1886 ж Қарқаралы қаласындағы орыс-қазақ мектеп-интернатына оқуға түседі. 1880 ж Омбы гиназиясына түсіп, кейін Томск гимназиясына ауыстырылып, онда бір жыл оқып, 1898 ж бітіреді. Гимназиядан соң Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1903 ж алтын медальмен бітіріп, қазақтың тұңғыш парво магистрі атағын иеленеді. Университте оқи жүріп, 3-курста Санкт-Петербург Археология институтына түсіп, толық курсты тәмәмдайды. Студент кезінен саяси күреске араласып Санкт-Петербурские ведомости, Дала уәлаяты газеттерінде азаттық жолындағы мақалаларын жариялайды.
Университет бітірген соң, 1903 ж Қарқаралыға, туған еліне оралып қаланың бай көпесі Халиолла Бекметовтың қызы Гүлбахорға үйленеді. Сол жылдың күзінде Омбы қаласына келіп, сот палатасына қызметке тұрады. 1904 ж. Палата хатшысы, 1905 жылдан бастап, бітістіруші судья қызметін атқарады. 1905-1907 ж. Ресейдегі төңкеріс саяси белсенділігін оятып, митингілерге жіне жиналыстарға қатысып, сөз сөйлейді. Омбыдағы, Петропавлдағы, Семейдегі, Павлодардағы, Баянаулы мен Қарақаралыдағы демонстрацияларға қатысып, отаршылыдық жүйеге, патша үкіметіне қарсы күрес жүргізе жүріп, Омбыда шығатын Степной край газетінде мақалалар жариялап, патшаны отыршылдық саясатын сынайды.
1905 ж. Қарқаралыда Қоянды жәрмеңкесінде Алаш көсемдерінің бастамасымен өткен қазақ сьезінде Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновтармен бірге шаруаларды көшіріп әкетуді тоқтату, қазақтардың діни басқармасын ұйымдастыру, цензураны жою, ресми іс-қағаздарын қазақша жүргізу, қазылар сотын енгізу, қазақ депутаттарын Мемлекеттік Думаға шақыру жөніндегі талаптар қойылып, қоныстандыру саясатының озбырлығ айтылған, отаршылдық езгіге қарсы наразылықтағы 145 мың адамның қолы қойылған Қарқаралы петициясын ұйымдастырады.
1905 ж. 2-қарашада өз өтініші бойынша Омбы сот палатасынан қызметтен шығып, елдегі саяси жаңдайларға араласады. 1906-1918 жж. Семей округтік сотында жұмыс істейді. 1906 ж. Императорға тіл тигізіп, өкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізген мемлекеттік қылмысы үшін 12 қаңтарда тұтқындалып, Семей түрмесіне қамалады. Түрмеде жатып Санкт-Петербург университетінің профессоры, белгілі заңгер Л. И. Петражицкийге бірінші болып қазақ өлкесінің дербес автономия алуы мәселесін көтеріп хат жолдайды. Ғылыми шығармашылық жұмыспен де шұғылданып, 1907 ж. Наброски по обычному, в частности, брачному праву киргизов атты диссертациялық ғылыми еңбек жазады. 1908 ж. алғашында Ақмола облысының Омбы оязына 5 жылға, кейіннен 1909 ж. 19 наурызында Ресей ⅡМ-нің шешімімен Жетісу облысының Қапал қаласына жер аударылады. 1908 жылдан Дала генерал-губернаторлығының кеңесінің бөлімінде ашылған арнаулы ісі 1917 жылдың Қазан төңкерісіне дейін жүреді. 1910 ж. Патша өкіметіне қарсы күресін тоқтапағаны үшін Тобыл қаласына жер аударылады. Айдауда жүріп бүркеншек атпен Айқап журналына мақалалар жолдап тұрады.
1912 жылдың ақпанында Қарақаралыға қайта оралып, полицияның қадағалауына алынады. 1913 ж. Қарқаралыға Ә. Ермековтың басшылығын келген қазақ әдебиеті және ауыз әдебиеті шығармашылығын зерттеуші Г. Потанинді үйінде қонақ қылып күтіп, кеш ұйымдастырады. 1917 ж. Омбы сот палатасына қызметке қабылдау туралы өтініш жазады, саяси сенімсіздігі үшін жұмысқа алынбағандықтан адвокаттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жақып Ақбаев
Ұлт-азаттық көтеріліс басшылары және Алаш қозғалысының жетекшілері
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ облыстарының автономиясын құру
ЖАНДОСОВ Ораз Саяси қайраткер
«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы
Алаш орда және кеңес үкіметі
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
Азамат соғысы кезіндегі Кеңес үкіметінің экономикалық саясаты
Съезді облыстық Қазақ комитетінің төрағасы
Пәндер