Кері прокси



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ғұмарбек Даукеев атындағы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Телекоммуникация желілері және жүйелер кафедрасы

№1 есептік-графикалық жұмыс бойынша

ЕСЕП

Пәні: IP-телефония негіздері және ағындық технологиялар

Мамандық: Радиотехника, электроника және телекоммуникация

Орындаған: Алшынбаева Меруерт Тобы: РЭТк-20-2
(Аты-жөні)

Қабылдаушы: т.ғ.к., профессор Чежимбаева К.С.
((ғылыми дәрежесі, атағы, Аты-жөні.))
__________ ___________19қыркүйек 2020ж.
(Баға) ( қолы)

Алматы 2020
Мазмұны

2
3
4
5
7
7
13
14
14
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
№1 есептеу графикалық жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
1.1 Қайталанатын ұзындықтарды кодалау әдісі арқылы сығу ... ...
1.2 Прокси-сервер арқылы (SIP) қосуды орнату рәсімі ... ... ... ... ..
№2 есептеу графикалық жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
2.1 Дейкстр әдісі бойынша желіде ең қысқа жолды таңдау ... ... ... .
2.2 UDP - дейтеграмманы тұтынушы хаттамасы ... ... ... ... ... ... .. ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



1
Кіріспе

IP-телефония немесе VoIP (Voice over IP) - бұл Интернетті немесе кез - келген басқа IP желіні нақты уақыт режимінде телефондық сөйлесулерді ұйымдастыру, жүргізу және факстарды жіберу құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін технология. Интернетті қолдана отырып, сандық ақпаратпен алмасуға болады.
Сондықтан, дыбыстық немесе факсимильді хабарламаны цифрландыру және оны сандық деректер жіберілгендей жолмен жіберу техникасына ие.
Осы мағынада IP- телефония Интернетті немесе кез-келген басқа IP желіні нақты уақыт режимінде екі компьютер пайдаланушысы арасында дауыстық немесе факс хабарламаларын жіберу үшін қолданылады.
IP телефония қазіргі таңда сөйлесудің кең тараған түрі болып келеді.
Басында ол компьютерлік қосымша - IP телефония ретінде көрсетілген
болатын.
Телекоммуникациялық жүйелердің қазіргі таңдағы дамуы дауыстық
ақпаратты таратуды уақыттың айқын көлемінде ұйымдастыру мүмкіндігіне
қол жетті. Бүгінгі күннің өзінде IP-телефония технологиясы дәстүрлі телефон
байланысының операторларына бәсекелес болып отыр.
IP-телефония - NGN келесі ұрпақ желісінің негізі.
IP-телефония нарығы дамуының басты себебі - оның қызмет көрсету
даңқының және қолданылу ауқымының өсуі.
IP-телефония бизнес жүргізудің қарқындылығын арттырады және бұрын
қол жетімсіз болған әр түрлі бизнес-қосымшалармен интегралдау сияқты
операцияларды орындауға мүмкіндік береді.
IP-телефония дауыстық сигналдарды сығу технологиясын пайдалана
отырып, телефондық желінің толық сыйымдылығын пайдаланады.
Функционалдығы: VoIP технологиясы PSTN технологиясы бойынша қиынға және қымбатқа түсетін есептер мен шешімдерді жүзеге асырады. Мысалы: Жоғары жылдамдықты телефон байланысы арқылы бірден көп телефон қонырауларын жіберу. Сондықтан VoIP технологиясы үйде немесе офистегі телефон желісін қосудың қарапайым әдісі ретінде қолданылады.

2
5-нұсқа

№1 есептеу-графикалық жұмысы

0.1 Қайталанатын ұзындықтарды кодалау әдісі арқылы сығу

1.1.1 Жұмыстың тапсырмасы:
- Кестені қолданып 8-де 8 өлшемдегі суретті кодалау керек. Бос тор ақ түсті, ал Ч әрпі жазылған тор қара түсті білдіреді;
- екі түсті суретті жолақ бойынша сканерлеу керек. (ақ және қара түске 0,1 сандары сәйкес келеді). Нәтижесінде екілік вектор мәліметтері пайда болады.
1.1.2 Прокси-сервер арқылы (SIP) қосуды орнату рәсімі;
1.1.3 Жұмыстың 1.1.1 тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
Хабарламаны кодалаудың мақсаты ақпараттардың көлемін қысқарту және жіберілу жылдамдығын ұлғайту немесе жиілік жолағын қысқарту болып табылады. Мұндай кодалау қатесіз үнемдеу, немесе үнемді кодалау, сонымен қатар мәліметтерді сығу болып табылады.
Мәліметтерді сығудың мақсаты мәліметтерді жыйнақы көрсету, ток көзімен үнемделетін, үнемді сақтау және байланыс арнасы арқылы тарату болып табылады.
Сығу мәліметтерінің жүйесі кодердің және декодердің көздерінен тұрады.
Бұл қарастырылып отырған жұмыста қалпына келген мәліметтер жіберілген, мәліметтермен сәйкес келуі немесе келмеуі мүмкін. Осы сығу тәсілі бойынша екілік мәліметтерді сығу өз нәтижесін береді, мысалы: ақ-қара фиксимильді кескіндер, құрамында көптеген түзу сызықтары бар ақ-қара кескіндер, бірдей аймақтар, сызбалар және т.б. Белгілі кескіндерді сығу алгоритмі JPEG (Joint Photographic Experts Group) кодалау ұзындығының қайталануы болып табылады. Мәліметтерді сығу идеясы кодалау ұзындығының қайталануы негізі болып, міліметтерді кодалаудың орнына сандарды кодалуға әкеліп соғады, сондағы бөліктердің ұзындығына сәйкес келетін мәліметтердің шамасын өзгертілмей сақталуы.
Төменде көрсетілген 1.1 суреттегі 8-де 8өлшемдегі екілік (екітүсті) суретті кодалау керек. Бұл суретті сканерлеп болған соң екілік вектор аламыз.
Х векторында өзгермей сақталатын бөліктерді белгілеп, олардың ұзындықтарын анықтаймыз.

3
1.1- тапсырма




1.1 сурет - Екітүсті сурет

Х=(00001111111000001111000000011111 0000111111100000111100000001111) ұзындығы 64 бит (әуелгі кодтың жылдамдығы 1 бит суреттің әр элементіне).
Тұрақты мәнді сақтайтын мәнді векторда Х аймағы деп бекітеміз және оның ұзындығын анықтаймыз. Аймақтың ұзындығы қорытқы жүйеде - оң бүтін сандар, бастапқы вектроға сәйкес Х мәні осындай түрге ие болады r=(4, 7, 5, 4, 7, 5, 4, 7, 5, 4, 7, 5). Бұл жерде қайталанған сандарды белгілі бір статикалық кодпен кодалауға болады. (1.1 кесте)

0.1 кесте - Кодер
Аймақтың
ұзындығы
Кодты сөз
7
0
5
10
4
110

Кодаланатын жүйенің нөлден басталатынын көрсету үшін, біз кодты сөздің алдына 0 таңбасын енгіземіз.
Нәтижесінде осындай кодты сөз аламыз:

B(r)=(0110010110010110010110010)

Ұзындығы 25 бит, яғни кодты сөздің қорытынды жылдамдығы R құрайды 2564, немесе 0,3 бит суреттің әр элементіне. Үлкен көлемді және көптеген қайталанатын элементтерден тұратын суретті сығу әсері елеулі болуы мүмкін.

4
1.2-тапсырма: Прокси-сервер арқылы (SIP) қосуды орнату рәсімі:

SIP хаттамасының спецификациясында төрт негізгі функционалды элемент анықталған. Нақты талаптардан тәуелділігінен олар автономиялы компоненттердің түрінде немесе бірлескен тұғырнамада пайдаланылу:
oo пайдаланушының агенті UA(User Agent немесе SIP client) терминалды жабдықтың анықтамасы болып табылады;
oo прокси-сервер (proxy server) сұраныстарды қабылдайды, оларды өңдейді және яғни басқа да прокси-сервер сонымен қатар және соңғы болып UAS әрі қарай келесі серверге жібереді;
oo қайта жіберу серверлері (Redirect Servers) шақырылып жатқан пайдаланушының терминалының ағымдағы IP-адресінің сұранысы бойынша таратуға арналған;
oo пайдаланушының орналастыру сервері (Registrars немесе Location Servers) өзінің жергілікті тіркелуінің мүмкіндігін агентпен қамтамасыз етеді.

Осы төрт элементтерден мен прокси-серверді қарастыратын боламын.
Сонымен, прокси-сервер тұтынушы мен сервердің сұраныстарын қабылдайды және жібереді. UAC-тан сұранысты қабылдай отырып, прокси-сервер UAC-тың атынан әрекет жасай алады.
Прокси-сервердің екі түрі бар:
* күйді сақтау түрінде (stateful)
* күйді сақтамау түрінде (stateless).
Сервердің бірінші түрі жадысында бір немесе оданда көп шығыс сұраныстың генерациялануына себеп болған келіп түскен сұранысты сақтайды. Бұл шығыс сұраныстарды да сервер жадысында сақталады. Бүкіл сұраныстар сервердің жадысында тек транзакцияның аяқталуына дейін, яғни сұранысқа жауап келгенше сақталады. Күйді сақтамау түріндегі сервер сұраныстар мен қабылдайтын жауаптарды ретрансляцалайды. Ол 1-түрдегі серверге қарағанда жылдамырақ жұмыс жасайды, себебі процесс ресурсы сақталу жағдайына шығындалмайды, сөйтіп бұл сервер бірнеше пайдаланушыларға қызмет жасай алады.
Прокси-сервер әрі қарай жіберілетін сұраныстарды модификациялайды. Қысқаша айқанда, пайдаланушы байланысты құрудың тағайындау талаптарын прокси-серверге жібереді, ал ол болса, байланыстың орнатылуын күтеді.
Прокси-сервер сұраныстарды көбейте алады және оны белгілі бір жерге жетуі үшін яғни керек пайдаланушы соның бірі болуы үшін бірнеше бағытта жібере алады.
Ең басты ерекшелігі компьютерді желілік шабуылдардан қорғайды және қолданушының жасырын болуына мүмкіндік береді.

5

1.2-сурет

Пайдаланушы белгілі бір жүйеден келесі жүйеге ауыса алады, сондықтан оның жергілікті жерін анықтайды.
Осы орайда, прокси-сервердің атқаратын жұмысы жоғары болып келеді. Прокси-сервер арқылы таратылатын болады. (1.2-сурет).
Прокси-сервердің түрлері де бар, олар:
oo Ашық прокси. Ол трафик немесе оның бір бөлігін прокси серверге тікелей (маршрутизатор арқылы) қайта бағыттай алатын байланыс схемасы. Сонымен қатар, сервердің артықшылықтары браузердің қосымша параметрлерінсіз (немесе Интернетпен жұмыс істеу үшін басқалары) пайдалана алады. Мысалы: route - p add 10.32.5.5 mask 255.255.255.255 10.32.1.14.
oo Кері прокси. Тікелей прокси-серверден айырмашылығы, сыртқы желіден пайдаланушының сұрауларын ішкі желіге логикалық түрде орналасқан бір немесе бірнеше серверлерге жіберетін прокси-сервер. Көптеген желілік жүктемені бірнеше веб-серверлерде теңдестіруге және олардың қауіпсіздігін арттыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модемдер, оның параметрлері, функциялары
NGN желісінде IPTV құрылымын талдау
Интернетке қатынас құру
Filtering, Firewall ашық кілттері
OpenBSD
Интернетке ақпаратты берудың қаупсіздік шаралары
IP-телефониясы және стримингтік технологиялар
Қазіргі таңда желілік технологиялар
Прокси сервер
HTTP хаттама
Пәндер