Жеке өндіріс - негізгі өндірістік бірлік көлеміндегі өндіріс


«Бизнес мектеп» факультеті
«6В041- Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты
«6В04102- МГБ менеджменті
білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы:
Абугалиева Альбина
«Микро және макро экономика»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Өндіріс теориясы. Жалпы, орташа, шекті өнімдер
Тексерген оқытушы : доцент Нурмуханбетова Л. К.
Атырау, 2020 ж.
Мазмұны
- Кіріспе
Өндіріс теориясы
- Негізгі бөлім
Жалпы, орташа және шекті өнімдер
- Қорытынды
Кіріспе
Өндіріс теориясы
Өндіріс - бұл тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану үрдісі немесе басқаша сөзбен айтқанда, сол өндірістік технологияны адамның шексіз қажеттіліктерін тікелей және жанама түрде қанағаттандыруға қажетті игіліктерге айналдырудың үрдісі . Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.
Экономикалық теория өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент немесе объекті өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болады. Өндіріс факторлары 4 топқа бөлінеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.
- Жер- табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік, жер, ормандар қосылады. Өндірістік факторлар ретіндежерекі жағынан қарастырылады:
- Жер беті ретінде
- Экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде
- Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктер жиынтығы -капиталжатады; машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс комуникациялары т. б.
Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.
- Еңбек- игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған физикалық әрекеттер болып табылады. Адамның еңбегінің шеберлігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осынған сай табысы (еңбек ақысы) көбейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.
- Кәсіпкерлік қабілет- бұл барлық өндіріс факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекше түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуы тиіс:
- Өндіріс факторын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары болуы тиіс .
- Дұрыс шешім қабылдай білуі тиіс.
- Жаңамалдыққа ұмтыла білуі тиіс.
- Тәуекелшіл болуы тиіс.
Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын (жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілет) белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторларды негізгі 4 түрге бөлінеді:
- Шикізаттар мен материалдар
- Басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары
- Еңбек күші
- Капитал (құрал-жабдықтар)
Өндірісті ұйымдастыру кезінде, әдетте, өндірістік процесс тиімді болуын қалайды, сондықтан өндіріс функциясы, өндірістік шығындар құрылымы тұрақты деп ұйғарғандағы шығаратын өнім көлемінің ең жоғарғы деңгейін көрсетеді деп айтады. Өндіріс функциясы белгілі бір технология үшін жасалады. Бұл айтылған деректерді түсіндіру үшін, өндіріс шығындары тек қана L - еңбек және К- капиталдан тұрады деп қарастырайық, осы жағдайда өндірістік функцияны келесі түрде жазуға болады:
y = f (K, L)
Мұндағы, y- өндірілетін өнімнің ең жоғарғы көлемі.
Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін өндірістік фунқцияның бірнеше түрлері қолданылады. Олардың бәріне тән жалпы қасиеттері төмендегідей болады:
- Фирмалар өндіріс факторларын барынша көп тиімділікпен қолдануы мүмкін, яғни қолданылып отырған фактордың санының көбеюі шығару көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырмайды.
- Басқа факторлар тұрақты болып, тек қана бір фактордың санын көбейту арқылы өнім шығару көлемін ұлғайтқан уақытта оның жоғарлау шегі болады, яғни айнымалы фактордың өнімділігінің төмендеу заңы орын алады.
- Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара ауыстырыды, және толықтырады.
Өндірістік процесті зерттеген кезде уақыт мерзімі 2 түрге бөлінеді:
- Қысқа мерзімді кезең - бұл мерзім ішінде өндірістік факторлардың белгілі бір бөлігі тұрақты болады, ал қалған бөлігі айнымалы болады;
- Ұзақ мерзімді кезең - бұл мерзім аралығында барлық қолданылып отырған өндірістік факторлар өзгеруі мүмкін.
Негізгі бөлім
Жалпы, орташа және шекті өнімдер
Жалпы өнім - басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі саның пайдалану арқылы өндірілген өнім саны. Жалпы өнім кей кезде өндіріс нәтижесін көрсететін фактор деп те аталады, оны өндіріс функциясында У әріпімен белгілейді.
Экономикалық талғауда жалпы көрсеткіштермен қатар орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері де кеңінен қолданылады.
Айнымалы өндіріс факторының орташа өнімі жалпы өнім мен зерттеліп
отырған фактордың санының қатынасымен анықталады және берілген факторлардың санның қатынасымен анықталады және берілген факторлардың қайтымын немесе қолданылуының тиімділігін анықтайды. Мысалы:еңбектің орташа өнімділігі былай анықталады:
AP L= .
Бұл көрсеткіш бір уақыт бірлігінде өндірілетін тауар санын көрсетеді және ол еңбек өнімділігі деп аталады.
Капиталдың орташа өнімі былай есептеледі:
APK= .
Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады. Яғни капиталмен еңбек үшін олардың шекті өнімі былай есептеледі:
MPK= MPL=
Басқа факторлар тұрақты болып, бір айнымалы фактордың санын көбейту арқылы өнім шығарғандай шекті өнім азаяды. Бұл жағдай шекті өнімділіктің азаю заңын көрсетеді.
Орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштерінің арасында өзара белгілі байланыс болады. Егер еңбектің шекті өнімділігі еңбектің орташа өнімінен артса MPL>APL, онда орташа өнім көбейеді. Егер шекті өнім орташа өнімнен аз болса, онда орташа өнім кемиді. Барлық қарастырылған жалпы, орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері абсолюттік көрсеткіштер болады, яғни бұлар экономикалық өлшемі бар көрсеткіштер. Дегенмен экономикалық талдау жүргізген кезде қатынас көрсеткіштерінің үлкен маңызы бар. Олардың бірі - факторлық икемділік коэффициенті.
Өндіріс факторларының икемділік коэффициенті зерттеліп отырған фактордың шекті өнімділігінің орташа икемділілікке қатынасы түрінде анықталады және қолданып отырған фактордың саны 1 -ке өзгергенде өнім шығару неше -ке өзгергенін көрсетеді.
Факторлардың икемділігі былай есептеледі:
EL= = = * -еңбек икемділігі;
EK= -капитал икемділігі.
Өндірістік технология екі өндірістік факторларды:еңбекті және капиталды өзгертуге мүмкіндік береді деп қарастырайық. Балама технологияның болуы көп жағдайда берілген өнім көлемін У0 факторладың әр түрлі құрылымын қолдану арқылы өндіруге болатынын көрсетеді. Егер өндіріс функциясының мәнін тұрақты деп белгілесек, яғни
Y= f (K. L) = Y 0=const,
Онда бұл белгілі бір өнім көлемін өндірудегі осы факторлардың қатынастарын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл функцияның жазықтықтағы графигі изокванта деп аталады. Жазықтықта изокванталар бір-бірімен қиылыспайды. Бір графикте көрсетілген бірнеше изокванта, изокванта картасын құрайды.
Өндіріс факторларының өзара алмасуын анықтау мақсатында технологиялық ауыстырудың шекті нормасы (MRTS) деген түсінік енгіземіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz