Жекешелендіру негіздері


«Бизнес мектеп» факультеті
«6В041- Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты
«6В04102- МГБ менеджменті
білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы:
Абугалиева Альбина
«Теориялық экономика»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Жекешелендіру меншік қатынастары өзгерістірінің факторы ретінде
Тексерген оқытушы : доцент Нурмуханбетова Л. К.
Атырау, 2020 ж.
Мазмұны
- Кіріспе
Жекешелендіру негіздері
- Негізгі бөлім
1. 1. Меншік мемлекет иелігінен алу
1. 2. Жекешелендіру
- Жекешелендірудің мәні, түрлері және Қазақстандағы жекешелендіру үлгісі
2. 1. Жекешелендірудің жолдары мен түрлері
2. 2. Мемлекет иілігінен алу мен жекешелендірудің Қазақстандағы үлгісі
- Қорытынды
Кіріспе
Жекешелендіру - нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың алдыңғы позицияларды алуын көрсететін қозғалысты анықтайды . Оның жүргізілуі нарықтық қатынасқа байланысты болады. Жекешелендіру - меншіктің барлық түріне мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалыпты жағдай жасайды. Адамдарға меншікті қайтарумен байланысты өндірушілерден бәсекелесуге жарамды - жарамсыз өнім түрлерін өндіруге деген ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады. Жекешелендіру кейде дүниежүзілік жаулап алып бара жатырған бейбіт революция деп те бейнелеп атайды. Шынында да бұл процеске даму дәрежесі әр түрлі деңгейдегі 50 - ден астам мемлекет қатысады. Бұл елдердегі мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіріліп, ауыл шаруалығы ұйымдары мен өндіріс орындары тікелей мемлекет иелігіне алынып, жалға берілуде. Бұл процестің ауқымы мен қарқыны, әсіресе 1991 жылдан бастап күшейе түсті және қазір нарыққа көшкен дамудың әр қилы деңгейдегі мемлекеттерде жүріп жатыр. Жекешелендіру ТМД елдерінде әр түрлі деңгейінде жүргізіліп келеді, бұл бағытта шет елдік тәжірибелер де ескерілуде, қателіктерге де жол берілуде, бірақ уақыт басқа таңдаудың жоқтығын көрсетеді. Бүгінгі таңда мемлекеттік кәсіпорындар пайданы қорландырумен үнемді, тиімді жұмыс жасай алмай, ұлттық байлықты ысырап етіп келеді деген көзқарастар қалыптасты. Республикамызда ұзақ жылдар бойы санамызға социалистік меншік сіңіріліп, жеке меншік қанаушы қоғамға тән деп ұғындырылып келді. Ол системадан қоғамдық меншік пен жеке меншік ұғымы сыйыспайтын еді. Өндірісті, шаруашылықты мемлекет меншігіне бағындырудың басымдылығына орай жеке меншіктің даму болашағы жоқ деген ой қалыптасты. Адамның жеке меншікке деген табиғи ұмтылысын басуға мемлекет машинасының барлық қуаты жұмсалды. Әйткенмен қоғамдық ойдың дамуы ел өміріне көптеген өзгерістерді әкелді. Әкімшілдік жүйе көрер көзге меншік иесі бола отырып, қоғамдық меншіктің қожасы болып отырғаны айдан анық. Осылай меншік қатынастарын қиратып, әкімшілдік - әміршілдік жүйенің күйреуін тездетті.
Негізгі бөлім
1. 1. Меншік мемлекет иелінен алу
Қазақстан Республикасында мемлекеттің алуан түрлері мен формаларын қалыптастыру мемлекеттенген меншікті қайта құру жолымен немесе мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.
Меншік туралы Заңның 1 - бабында, мемлекет иелігінен алу - мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіліктерін тікелей шаруашылықты жүргізуге субъектілерге беру арқылы қайта құру. Ал жекешелендіру мемлекеттік меншік объектілерін азаматтардың және басқа да заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру дегенді білдіреді. Әрине, мұнда мемлекеттің иелігінен алу мен жекешелендірудің ара - жігін ажырата білген жөн. Айталық, мемлекет иелігінен алу кезінде мемлекеттік мүліктің толық немесе ішінара меншік иесі ретінде қала отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылықты басқару құқығын ғана береді. Ал, жекешелендіруге келетін болсақ, мұнда меншік объектісі мемлекеттен біржола бөлінеді. Яғни меншік басқару құқығына иелік өзгереді. Бұл субъектілер енді мемлекеттік тұтқаның иелері емес.
Меншік мемлекет иелігінен алу - кұрделі, қарма - қарсы және әлеуметтік дау - жанжалды тудыратын процесс. Ол біздің бұрынғы Одаққа кірген республикалар, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін жаңа процесс, бірақ ХХ ғасырдағы дүниежүзілік тәжірибемен салыстырғанда, бұл жаңа құбылыс емес, соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі шаруашылық орнына келтіру кезеңінде көп тараған мемлекеттік меншіктің тиімділігі жоғары еместігін түсінген елдерде меншікті мемлекет иелігінен алу басталды. Бұл бағытта Ұлыбритания айтарлықтай табысқа жетті. Осындай процесс аз да болса 70-80 жылдары басқа елдерде жүргізді. Әлбетте, бұл елдер үшін аталған процесс дәстүрлі және тарихи тәжірибені қолдана отырып, жүзеге асырылған жеке меншікке қайта оралу болады. Ал бізге тән ерекшелік - бұл процесс жеке меншіктің тарихи тәжірибесі толығымен жоғалтылған, халқының басым көпшілігі кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға қаржылары жетіспеушіліктен ғана емес, сонымен бірге, қабілеттері де шамалы, мемлекеттік меншік - 100 пайызға тең жағдайында жүзеге асырылуда. Сол себепті де меншікті мемлекет иелігінен алудың ауыртпашылығыда аз болмайды.
Тағы бір айта кететін жайт. Біздер экономика мен меншіктің әр түрлі формаларын қайта қалпына келтіріп қана қоймай, ПР - нің жаңа дәуіріне енуге жол ашатын сапалы формалары да қалыптастыруымыз қажет. Әрине, бұл жеке меншікке тікелей қатысты. Ол ХІХ ғасырдың формасын қайталаудан бой тарта отырып, бүгінгі таңдағы өркениеттілік түрінде құрылуы абзал. Келесі жағдай бұрыңғы Одақта, соның ішінде республика экономикасының өнеркәсіп құрылымында ірі кәсіпорындар үстемдік жасағандықтан, олардың монопольдық жағдайын тежеп, ығыстырып отыру қажет. Сондай - ақ әлемдік тәжірибеде кеңінен таралған шағын және орташа кәсіпорындарды құру қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу мен жекешелендіруді жүргізудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы туралы Президенттің Жарлығы шықты. Осыны орындау мақсатында мемлекеттік Мүлік жөніндегі комитет бірқатар нормативтік құжаттар мен оны жүзеге асырудың жоспарлық графигін әзірлеп қабылдады.
Олардың ішінде аса маңыздылары << Жекешелендірудің инвестициялық купондары туралы ереже >>, << Инвестициялық жекешелендіру қорларын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы >> және т. б. Сөйтіп жалпы саны алты құжат әзірленіп, бұлар негізінен шілде (1993 жыл) айынан жүзеге асырыла бастады. Соларға сәйкес әуелі кіші жекешелендіру жүргізіледі. Ол негізінен:бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, жүк тасымалы, сондай - ақ жұмысшылар саны 200 - ден аспайтын кішігірім өнеркәсіп орындарын қамтиды. Мұндай өнеркәсіптер республикамызда шамамен 27 мыңға жуық. Олар 1 млннан астам адам еңбек етеді. Бұл кәсіпорындар аукциондар мен коммерциялық байқаулар арқылы жекешелендіретін болады.
Кіші жекешелендірудің айрықша ерекшелігі - Ұлттық бағдарламада аукционда немесе коммерциялық байқауларда сатып алынған мемлекет мүлкіне екі түрлі ақы төлеу мүмкіндігі берілген. Бұл жердегі басты қиындық көп жерлерде тұрғын үйлерді жекешелендіру аяқталмағандығында болып отыр.
1. 2. Жекешелендіру
Жекешелендіру дегеніміз - азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың ақцияларын сатып алу. Меншік қатынастар реформалары нарықтық экономикаға көшудің маңызды элементі. Бірақ бұл реформалардың жүргізілуі тұрғысының және экономиканың мемлекеттік секторын қайта құру реформасының баламасы бір - бірінен ерекшеленеді. Көптеген кәсіпорындарды тез мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру міндеті қойылғанда, меншік реформасының барлық жақтан жағымсыз алғашқы тәжірибесі мемлекеттің рөлін ғана емес, сонымен қатар ауыспалы экономикадағы мемлекеттілік сектордың рөлін бөлшектеп қарастырады. Меншік және кәсіпкерліктің корпаративтік формасынының бақылау функциялары арасындағы потенциялды қайшылық көбінесе ірі жекешелендірілген кәсіпорындар мүдделерінің жанжалына әкеледі. Схема бойынша жаппай тез жекешелендіруде ішкі және сыртқы инвесторлар мүдделерінің жанжалдары болған.
Осыған байланысты алғашқы жылдары кең таралған нарықтық реформалардағы тез жекешелендіру және жеке меншіктің критикалық көзқарасы өтпелі экономикадағы мемлекет пен мемлекеттік сектордың ерекше рөлін түсінумен ауысты.
Өтпелі экономикадағы мемлекеттік бақылау, жоспарлы экономикадағы мемлекеттік басқарудан ерекшеленеді. Мемлекеттік кәсіпорындар нарықтың негізгі талаптарына сәйкес маркетивизированды болуы керек. Бұл талаптар көбінесе мынаған сәйкес келеді:қатаң бюджет, бәсеке, өндіріс пен қаржыларды қайта құру, корпоративтік басқаруды ұйымдастыру. Жекешелендіру процесінің қысқа мерзімде іске аспауына байланысты мынадай сұрақ туады:осы процестердің дамуына мүмкіндік туғызатын шаруашылықтың формаларының құрылуы. Бұл мәселені қарастыруда жинақталған әлемдік тәжірибемен белгілі елдің экономикасының ерекшелігін ескеру керек.
Жекещелендірудің мәні, түрлері және Қазақстандағы жекешелендірудің үлгісі
2. 1. Жекешелендірудің мәні мен түрлері
Мемлекет иелігінен алу - мемлекет кәсіпорындарының, шаруашылықты басқару функциясын және сәйкес өкілеттілігін тікелей шаруашылық жүргізетін субъектілерге табыстауы арқылы түсіндіріледі. Кәсіпорындарды тікелей мемлекет бақылауының 2 жолы бар, яғни мемлекет иелігінен алу:өзін-өзі басқару арқылы немесе жекешелендіру арқылы.
Кәсіпорынның өзін - өзі басқару үлгісі - шаруашылықтың жеке нақты деңгейін бір жақтан, топтық меншіктің сипатын екінші жағынан қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол әкімшілдік - жоспарлық экономиканың өзегінде нақты мемлекеттік бақылаудан шығу формасы және тиімді шаруашылықтың қызметін күшейту ретінде пайда болды, өзін - өзі басқару үлгісі Югославия мен Польшада ең көп таралды, бірақ оның жекеленген элементтері басқа социалистік елдерде қолданылған.
Жекешелендіру өтпелі экономикада бір жағынан мемлекет иелігінен алудың басыңқы формасы болып, екінші жағынан қоғамдық мүлікті қайта бөлудің әртүрлі формасының арқасында азаматтарға меншікті тараудың формасы болып табылады. Жекешелендірудің негізгі капиталға негізделген фирмаларға әр түрлі өндіруші - технологиялық кешенде құрылған өндіруші - кәсіпорынның түрленіп отыруында.
Мемлекет иелігінен алудың басты бағыттарының бірі - жекешелендіру. Бұл процесс мемлекеттік меншік құқығын кәсіпорындарға, мүліктерді жеке адамдарға және қызметтері мемлекеттік емес мүлікке негізделген заңды тұлғаларға берумен сипатталады. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет иелік ету, пайдалану және мемлекеттік мүлік объектілерге билік жүргізу құқығынан айырылады. Жекешелендіру экономикалық реформаның басты құрамды бөлігін, оның стратегиясын және тәсілдерін көрсетеді. Бұл әлеуметтік құрылымдардың түбегейлі өзгерістері және қоғамдық - экономикалық құрылыстың өзгеруімен байланысты түпкі қасиеттер тән процесс.
Сонымен жекешелендіру түсінігіне не кіреді?Егер бұл түсініктің талдауына қарайтын болсақ, онда:
-этимология көзқарасы бойынша, бұл кез - келген меншік нышанның өтілу процессі.
-кең мағынада бұл түсінік практикада, ресми іс- қағаздарда
-мемлекет иелігінен алу нышаны, мемлекеттік меншіктің басқа меншік түріне ауысу нышаны деп қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz