Арқанмен өрмелеу


«Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі»
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Реферат
Тақырыбы: Кіші жастағы оқушылардың белсенді қозғалыс түрлері
Тобы :ПМНО-19К
Орындаған :Жарқынбекқызы А
Қабылдаған :Мухаметжанова И. А
Петропавл, 2020жыл
Практикалық тапсырма
1. Асылып тартылу, кеудені аяқталуына қарай еңкейту
2. Қайталап жүгіру, тіке түсірілген арқанменөрмелеу
В. В. Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек бұғанасының бекіп, ағзасының қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауда қозғалмалы ойындардың алатын орны ерекше. Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады.
Қимылдық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді.
Балалардың қимыл дағдысын қалыптастыру барысында күрделі қозғалысты меңгеру және осы қозғалысқа қатысты әртүрлі қызметпен белсенді жұмыс жасауы артады. Баланың дағдысы 7 жасқа дейін қалыптасып, әрі қарай шыңдалуының негізіг фундаменті қызметін атқарып, өмірде күрделі қимыл іс-әрекетін қиналмай жасап, үлкен спортта да табысқа жетуінің алғышарты қалыптасады. Ойын барысында балалар әртүрлі қимыл жасайды: тұрады, еңкейеді, қашады, қолмен ұстайды.
Қозғалыс қимыл ойындары топтық сипатта болады. Сондықтан олар қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттің үйлесімді болуын белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып, қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасына дейінгі балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет салыасын туғызады. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді.
Ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар.
Өрмелеу және асып түсу жаттығулар таяну және асылу жаттығулардың бір түрі болып саналады. Олардың негізінде арнаулы қозғалыс дағдылар жатады, сондықтан олар бөлек топқа жіктеледі. Осы жаттығуларды орындау үшін күш, күш төзімділігін, қозғалыстардың жақсы үйлестірулігін көрсетуін қажет қылады және оларды дамыту әдісі болып табылады.
Қарапайым (элементарлық) жаттығулар мектепке дейінгі жастағы балаларға қолайлы. Оларды орындап, балалар өз мүмкіндіктері туралы алғашқы елестету сезімдері туады. Ал ең құрделі жаттығулар жасөспірім жасында қолданады. Өрмелеу жаттығулары гимнастикалық орындық пен қабырғада, арқан мен сырғауылда орындалады.
Гимнастикалық орындықтағы жаттығулар мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасынан бастап қолданады. Жаттығулар еденде тұрған және көлбеген түрде қойылған (бір ұшын гимнастикалық қабырғаға тіркеп) орындықта орындалады. Орындықтың еңкіш бұрышы балалардың дайындығына байланысты. Гимнастикалық орындықтағы өрмелеу екі әдіспен орындалады: тізеде және жүрелеп таяну қалпында. Көлденең бағытпен тіркеме қадаммен бір немесе екі қолмен ұстап жылжу. Тікеден-тікбағытпен әр түрлі аталатың әдіспен (оң аяқ, сол қол), аттас әдіспен (оң қол, оң аяқ) және аралас әдіспен (бір уақыттық екі қолмен ұстап қалу, аяқты кезекпен көтеріп) өрмелеу. Бір қолмен ұстап өрмелеу(екінші қол бос немесе қандай - болса да жұқ ұстап) . Қабырғаға арқамен бұрылып әртүрлі әдістермен өрмелеу.
Арқан мен сырғауылдағы өрмелеу өрмелеулердің ең киын түрлеріне жатады, сондықтан оларды орындау үшін белгілі дене күш дайындық және арнай машықтану керек. Арқан мен сырғауылдағы өрмелеудің екі негізгі түрі бар: екі әдіспен және үш әдіспен.
Белтемірге (турникке) тартылу - физикалық жаттығудың қарапайым және айрықша түрі. Бұл адам қолын, көкірек және арқа бұлшықеттерін шынықтырады. Яғни, адам денесінің жоғарғы бөлігін физикалық шынықтыру үшін бұл таптырмас жаттығу. Ал осы белтемірге тартылу алдында нені білу керек? Егер сіз белтемірге (турникке) тартылу жаттығуын алғаш жасап бастамақ болсаңыз төмендегі ережелерді есте сақтағаныңыз жөн. 1. Ең бірінші - тартылу алдында денеңіз бен қолыңызды жаттығуға дайындау керек. Қашан қолыңыз өз қуатын жоғалтқанша, күнделікті белтемірге асылып тұру керек. Тартылуға дайын екеніңізді сезінгенде барып, жаттығуды бастауға болады. Дұрыс жаттығу - белтемірдегі қол ара қашықтығын дұрыс ұстаудан басталады.
2. Қол ара қашықтығын екі иықтың ара-қашықтығымен тең ұстау керек. Алғашқы жаттығуды аяқты айқастыра, тізені сәл бүгіп тартылудан бастау керек. Иық бос, арқа түзу болуы тиіс. Иегің белтемір белдеуіне жеткенде өз денеңді төмен бірқалыпты түсіру керек.
Ең бірінші осы ережелерді есте тұтып белтемірге тартылсаңыз, одан әрі тәжірибеңіздің шыңдалуына жол ашады. Қол бұлшықеттеріңіз шынығып, шымыр қалпына ене түскеннен кейін өзге жаттығуларға ден қоя бастауға болады. Мәселен, қолдың ара қашықтығын өзгертіп тартылған дұрыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz