Қабілетті оқушыларды ерте анықтау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОБА

Тақырыбы:

Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2бет
1.1. Жобаның қысқаша сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2бет
1.2. Жобаның мақсаты мен міндеттері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3бет
1.3. Күтілетін нәтиже . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3бет

Жобаның негізгі мазмұны . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3бет
2.1. Теориялық сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3бет
2.2. Жоба өнімінің сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7бет
2.3. Жобаны жүзеге асырудағы іс-әрекеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8бет

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12бет

Әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13бет

Эпиграф
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі
Питер Клайн

Өзектілігі:
Жаңаша оқыту технологиясы негізінде интерактивті оқыту әдістерін пайдаланып, жан-жақты жұмыстана алатын, зерттеушілік қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру

1. Кіріспе

1.1. Жобаның қысқаша сипаттамасы

Жоба тақырыбымен жұмыс барысында төмендегідей проблемаларды
анықтауға болады.
Оқушылар:
әрдайым алған білімдерін практикада қолдана алмайды;
таныс емес жағдай негізінде логикалық есептерді шешуде қиындықтарға кездеседі;
пәнаралық байланыс қолданылған тапсырмаларды орындай алмайды.
2009 жылғы 15-жасар оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылығын тексеру мақсатындағы PISA зерттеулеріне Қазақстанда қатысқан болатын.

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Осы себептен де әр ұстаздың алдында оқушыға жаңаша білім беру үрдісін қалыптастыру міндеті тұр десек, сол міндеттің бірі оқушының өз бетімен білім алуға құлшынысын арттыру, әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы олардың ізденушілік қабілеттерін дамыту болып саналады.

1.2. Жобаның мақсаты мен міндеттері:

Жобаның мақсаты:
Жас ұрпақтың терең білім алып, ой-өрісін өсіріп, шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызу, сөйтіп әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандыруына ынталандыру, бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасау.
Жобаның міндеттері:
Бала бойындағы бейімділікті байқай алу;
Қабілетті оқушыларды ерте анықтау;
Қабілетті оқушыларды анықтай отырып,оларды тәрбиелеп, білім
беру жүйесін жетілдіру;
Оқушының дүниетанымын кеңейту, оларды зерттеушілік
қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіру.

1.3. Күтілетін нәтиже:
Оқушылар бойындағы бейімділік пен талантын, танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру.

2. Жобаның негізгі мазмұны

2.1.Теориялық сипаттамасы

Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан -2030 Қазақстан халқына жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасының артуындағы міндеттердің бірі осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілген: педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті- делінген.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі - білімде.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Мектеп оқушысы жаңаша өмір сүріп қоймай, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, экономикалық нормаларын меңгере отырып, қоғам мен тығыз байланыста болуын дамыту.
Жүсіпбек Аймауытов "Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек",- деп баса көрсеткен болатын.
Олай болса, аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік:
1) оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау
2) оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру
3) шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Ол бала
табиғатына
тән құбылыс
Өзін-өзі
дамытуы
Шығармашылыққа
жақын
Жаңалыққа
талпынушылық
Түсініксіз нәрсені
білуге ынтызар
Өз бетімен
жұмыс істеуі
пәнге
қызығушылығы
артуы
Білуге деген
құштарлық
Зерттеушілік,
ізденушілік
қасиеттер
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:
таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
игерілген білімді тасымалдай білуі;
өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады.Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту мүмкіндіктері
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Мектепте дарынды балаларға білім беруді ұйымдастыру
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің рөлі
Пәндер