Оқытудың дамыту функциясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   
«Көкше» академиясы

Жәнібекова Камила

Бастауыш сыныпта білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту әдісінің ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010200 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы

Көкшетау, 2016

«Көкше» академиясы

Гуманитарлы-педагогикалық департаменті

«Қорғауға жіберілді»

Факультет деканы

(Т. А. Ә. А. )

«___» 20__ж.

«Бастауыш сыныпта білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту әдісінің ерекшеліктері» тақырыбына

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010200 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы

Орындаған Жәнібекова Камила

Ғылыми жетекші

Нұрсұлтан 2021ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

  1. Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік 8
  2. Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері. 14
  3. Білім беруде дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері 17

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘНІ.

2. 1. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың құзіреттілігін дамыту. 26

2. 2. Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі. 28

2. 3. Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері. 47

3 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.

3. 1. Бастауыш мектеп оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың жолдары. 51

3. 2. Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың дәстүрлі формалары, жолдары, әдістері. 55

3. 3. Білім беруде дамыта оқыту технологияларын қолдану түрлері. 62

ҚОРЫТЫНДЫ 70

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 72

ҚОСЫМША 74

КІРІСПЕ

Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты талабы.

ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. [1]

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады. ХХ ғасырдың басындағы белгілі ғалым А. Байтұрсынов: «Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі - балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру», - деген болатын. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған дамыта және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып оқушыларының өз бетіндік танымдық әрекеттерінің оның дамуындағы маңызын дер кезінде көргенін байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту десек, онымен оқушыларды оқыту барысында «Дамыта оқыту технологиясын» атауға болады. Оқытудың даму концепциясын Ж. Пиаже, З. Фрейд, Д. Дьюидің, Дамыта оқыту концепциясын А. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Эльконин, П. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов және т. б. зерттеген. Кейінгі кездері Республика көлемінде оқу бағдарламасында көптеген өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ, көп деңгейлі, интеграцияланған және дамыта отырып оқыту, т. с. с. Осының ішіндегі "дамыта оқыту" жайлы түсінігі жоқ мұғалім оны жүзеге асыра алмайды. Мектеп мұғалімдері арасында "Дамыта оқыту" тек бастауышқа ғана қолдануға тиімді деген пікір қалыптасқан. Сонда дәстүрлі оқыту жүйесіндегі мұғалімдер дамыта оқытудан шыққан баланы түсіне алмай, өз қалыптарына түсіре бастайды одан бала психологиясы жапа шегеді. Мұның барлығы мұғалімнің теориялық білімінің әлі де аздығынан, қазақ тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан және бұл тақырыптың әлі де өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз.

Бұл жағдайда Республикамыздағы білім берудің жаңа философиясын, теориялық негізін, практикасын насихаттауды қолға алу қажеттігін көрсетеді. Сондықтан дамыта оқытуға байланысты әртүрлі болжамдар мен қате түсініктерді сейілту қажет. Өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдай алатын, қортынды жасай алатын тұлғаны қалыптастыру қажет. Сондықтан біз зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш сыныпта білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту әдісінің ерекшеліктері» деп атадық.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер еліміздің әлемдік білім деңгейіне енуі жағдайында жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім беру жүйесі мазмұны мен оқытудың әдістемелік жүйесін қайта қарау мәселесін талап еткен еді. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде білім мазмұнын жаңарту, жетілдіру мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып саналады. [2]

Білім мазмұнын жаңарту оқу материалының теориялық негіздерін жан-жақты терең қарастыруды талап етеді. Кезінде бастауыш білім жүйесінің өзгеріске ұшырауына Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, С. М. Языков, А. А. Люблинская т. б. ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі себеп болған.

Дамыту кезінде оқушыларды біліммен қаруландыру, дағдыны меңгерту, білімге құштарлықты қатар жүргізу керек. Білім жоқ бала ойлай да алмайды. Дамыта оқыту барысында білім көлемі де күрделенуге, кеңеюге тиіс деп есептелген. Еліміздің егемендік алып қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығатын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестік заңдылықтарынан туындайды.

Жаңаша білім құрылымы, негізгі әдістері, формалары, оқу құралдары дамыта оқытудың әдістемелік жүйелері сияқты маңызды мәселелер білім беру орталықтарының құнды құралы.

Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруге мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыру - оқытушының басты міндеті болып саналады.

Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектептің дамыта оқытудың таным өрісі. (1 сынып)

Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте ана-тілі cабағында дамыта оқыту әрекетін іске асыру жолдары.

Диплом жұмысының мақсаты: Бастауыш мектепте әдебиеттік оқу мен математикада дамыта оқыту технологиясын тиімді қолдану жолдарын меңгеру. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.

Оқушыларға инновациялық-дидактикалық, дамыта оқыту технологиясы арқылы білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу. Бұл мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасау.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • «Дамыта оқытудың» оқушының дамуы мен іс-әрекетіне әсерін көрсету; Бастауыш мектепте «дамыта оқытуды» жүзеге асырудың жолдары мен маңыздылығын көрсету;
  • Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің мүмкіндік деңгейлерін ашу;
  • Дамыта оқыту технологиясының оқушы білімін арттыруын нақты дәлелдермен көрсету;
  • Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологясын қолданудың тиімділігін ашу;
  • Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытудың жүзеге асырудың жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері:

Беріліп отырған дамыта оқыту технологиясы бойынша орындалатын жұмыстың түрлері мен ұйымдастыру жолдарының әдістемелік нұсқаулар жасалыну керек.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, теориялық және әдістемелік әдебиеттермен танысу және бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау.

Ғылыми жаңалығы: Жаңа педагогикалық технология арқылы оқытудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалды; жаңа технологияның мазмұны, құрылымы және өзіндік ерекшелігі анықталып, оларды қазақ тілін оқытудың дамыта оқыту технологиясы арқылы оқытудың ұтымдылығы тәжірибе жүзінде дәлелденуі.

Тәжірибелік мәні: Бастауыш сыныптарда сауаттылықтарын арттыру, тіл дамытудың тиімді құралдары ыарқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын арттыру. Шәкірттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

Зерттеудің құрылымы мен көлемі:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі көрсетілген. Онда ҚР Білім Заңынан, ҚР 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасынан білім беру деңгейлеріне түсініктеме берілген. Тақырыпқа байланысты атақты педагогтардың еңбектері келтірілген. Жұмыстың объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеудің әдістері берілген.

«Дамыта оқыту технологиясын бастауыш сынып оқушыларына білім беруде пайдаланудың теориялық негіздері» тақырыбындағы І бөлімде дамыта оқыту технологиясының теориясы мен ұлы ғұламалардың еңбектері берілген.

«Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының мәні» атты ІІ бөлімде дамыта оқытудың рөлі, оны зерттеудегі теориялық талдаулары келтірілген. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, жолдары, әдістері берілген.

«Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының әдістемесі» атты ІІІ бөлімде бастауыш мектепте ана тілі мен математика сабағын дамыта оқытудың құрылымын, ана тілі және математика пәнін дамыта оқытудың жаңа тиімді технологияларын келтірген, және де педагогикалық әдебиеттер мен озық іс-тәжирибелерге сүйене отырып, үлгі сабақтарының жоспары ұсынылып отыр.

Қорытындыда жүргізген жұмыстардың нәтижелері көрсетілген.

1 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

  1. Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп дидактикасы
Түзету функциясы
Шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану
Математиканы оқытудың жалпы әдістері
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Дидактика. Дәріс курсы
Бастауыш және орта кәсіптік оқыту
Интерактивті режимдегі сабақты ұйымдастыру
Ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін анықтау;
Орта мектепте интеграл тақырыбын тереңдетіп оқытудың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz