Құрсақ қуысы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Байшев университеті

Мәнжазба

Тақырыбы:Жануарлардың әр түрлі түрлеріндегі іш қуысы мүшелерінің топографиясы.

Орындаған:Айтжан . А. К

Тексерген:Шарипова. А. А

Жоспар:

I. Кіріспе

Жануарлардың түрлеріне байланысты іш қуысы мүшелерінің топографиясы.

II. Негізгі бөлім.

2. 1. Құрсақ қуысы.

2. 2. Бауыр.

2. 3. Ұйқы безі.

2. 4. Көкбауыр

2. 5. Бүйрекүсті безі.

III. Қорытынды бөлім.

VI. Пайдаланылған әдебиттердің тізімі

Құрсақ қуысы (cavum abdomіnus) - омыртқалыларда бүйрек пен бауыр, сүтқоректілерде өкпеден басқа ішкі органдар орналасқан целомның бір бөлімі. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда құрсақ қуысы мен кеуде қуысы арасында арналар болады. Көптеген балықтардың құрсақ қуысы сыртқы ортамен абдоминалсаңылаулары арқылы қатысады. Дөңгелекауыздылар мен балықтарда құрсақ қуысының алдыңғы жағында кеуде қуысы орналасқан, ал құрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда кеуде қуысы құрсақ қуысына қарай еніп жатады.

Адамның құрсақ қуысы - алдыңғы жағы мен екі бүйірінде қиғаш және көлденең құрсақ бұлшық еттері мен олардың жалпақ сіңірлері, артқы жағында бел омыртқалар, жоғарыда көк ет, төменде жамбас қуысымен жалғасатын мықын және шат сүйектерінің алдыңғы жиектерімен шектеледі. Құрсақ қуысын кеуде қуысынан көк ет бөліп тұрады, ішкі беті сірі қабықпен көмкерілген.

Бауыр (hepar) - 1) ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсужиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас зат (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1, 5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер бауырда залалсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы өте зор.

Ұйқы безі (лат. pancreas - ұйқы безі) - сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай ұйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, ұйқы безі арақашықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.

Бездің сөл бөлетін соңғы бөлімі көпіршік тәрізді болады. Олардан шығатын шығару өзектері негізгі без өзегін түзеді. Ұйқы безінің өзегі он екі елі ішекке ашылады. Ұйқы безінің эндокринді бөлігін панкреаттық (лангерганс) аралшықтары құрайды. Олардың пішіні дөңгелек немесе сопақша болып, әр түрлі без бөлікшелерінде орын тебеді. Аралшық жасушалары А, В, Д, Д және РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Ең көп кездесетін В-жасушалар инсулин гормонын түзіп, қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны гликогенге айналдырады. А-жасушалар түзетін глюкагон гормоны, керісінше, гликогенді глюкозаға айналдырып, оны қанға өткізеді. Д- жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Бұл жасушалардың гормоны А- жасушалар гормондарының түзілуін тежейді. Д- жасушалар қан қысымын төмендететін, ұйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін гормон бөледі. РР-жасушалар гормоны қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің түзілуін реттейді. Ұйқы безінің жалпақтау болып келетін бас жағы ұлтабарға жабысып кірігіп тұрады.

Көкбауыр (σπλήν-splḗn, Spleen, Селезенка) - 1) омыртқалы жануарлардың құрсақ қуысына орналасқан органы; қан түзуге, зат алмасуына қатысады; иммунобиологиялық және қорғаныш функциясын атқарады; 2) отқа қуырылған көк бауырды сөкпен жаншып, май салып дайындаған.

Көкбауыр - адам ағзасындағы құпиясы ашылмаған мүшелердің бірі. Екінші атауы - талақ. Салмағы 100-150 грамм. Бір қызығы, ішастар қуысында орналасатын көкбауырсыз адам өмір сүре береді.

Кейде бұл мүшені ота арқылы алып тастаса, қызметін бауыр жалғастырады. Бауыр мен талақ бір-біріне ұқсайды. Кейбір адамдар көкбауырсыз дүниеге келеді. Бұған қарап, көкбауырдың ағза үшін қажеті жоқ екен деген пікір болмауы тиіс.

Себебі, көкбауыр - лимфоциттерді өндіреді және иммундық жүйенің бір бөлігі саналады. Қан тамырларда айналып жүретін қанның бір бөлігі көкталақта болады. Бактерия мен бөтен денелерді сүзгіден өткізеді. Әрі қан қорын сақтайды.

Егер баланың көкбауырын ота арқылы алып тастаса, өсе келе бактериалды инфекциялық ауруларға жиі шалдығады. Адам көкбауыры ауырғанын сезіне бермейді. Сондықтан алғашқы кезеңдерінде диагностика жасау қиын.

Көкбауырдағы кесел - жиі кездесетін және ауыр инфекциялық, созылмалы жүрек қан-тамыр, ағзадағы өзге қабыну ауруларында тексеру кезінде қосымша анықталып жатады. Ер адамдарға қарағанда әйелдер мұндай ауруларға көп шалдығады. Мамандар мұны нәзік жандыларда гормоналды ахуалдың жиі өзгеретінімен түсіндіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іш ағзаларының жарақатары
Буылтық құрттар, олардың тіршіліктік бейімделуі және сан алуандылығы
Көпқылтандылар класы
Нематодтар туралы
Ас қорыту жүйесінің жалпы анатомиясы мен дамуы
Омыртқасыз жануарлардың түрлерінің таралуы, шығу тегі
Жануарлардың құрылысы мен тіршілк әрекеттері
Хордалылар
Перитонеалды диализ. Бүйрек қабыну ауруларының УДЗ диагностикасы
Ас қорыту жүйесінің потологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz