Дене шынықтыру және спорт педагогикасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ
КАЗАХСКАЯ АКАДЕМИЯ СПОРТА И ТУРИЗМА
THE KAZAKH ACADEMY OF SPORTS AND TOURISM

ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ

Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Оқу-әдістемелік жұмысының
проректоры
__________________________
п.ғ.к., доцент Нұрмұханбетова Д.К.
__________________2020ж.


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Пән атауы: Жалпы педагогика, дене мәдениеті және спорт педагогикасы
Білім беру бағдарламасы: 6В01401 - Дене шынықтыру және спорт
Оқу түрі: күндізгі

Алматы, 2020

Оқу-әдістемелік кешенін аға оқытушылар А.А.Белегова, А.Д.Бримкулова, Т.М.Есімғалиева 6В01401 Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасынаарналған 2020 ж Оқу жұмыс жоспары негізінде құрастырған.

______________________________
(оқытушының қолы)

ДМжСТН кафедрасының отырысында қаралды
____ _________ 2020ж. № ____ хаттама

Кафедра меңгерушісі_________________ PhD докторы А.Б.Дошыбеков
(оқытушының қолы)

ОСФ әдістемелік бюросымен мақұлданған

____ _________ 2020ж. № ____ хаттама


ОСФ әдістемелік бюросының төрайымы__________ А.А.Белегова

Пәннің оқу-әдістемелік кешен құрылымы


Құжат атауы
бет

1
Тиісті жылғы ЖОБ мұқаба бетінің және осы пәнге сипаттама берілген парақтың көшірмесі
3
2
Студентке арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Syllabus)
4
3
Дәріс кешені (дәріс тезистері)
25
4
Рәсімдеу және үлестірмелі материал (еркін форматта, сабақта нақты қолданылады)
61
5
Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
75
6
Әдістемелік ұсыныстар
77
78
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары, билеттер және т.б.)
80

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ
КАЗАХСКАЯ АКАДЕМИЯ СПОРТА И ТУРИЗМА
THE KAZAKH ACADEMY OF SPORTS AND TOURISM

ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ

Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Оқу-әдістемелік жұмысының
проректоры
__________________________
п.ғ.к., доцент Нұрмұханбетова Д.К.
__________________2020ж.

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)

пәні бойынша:
Жалпы педагогика, дене мәдениеті және спортпедагогикасы
ББ бойынша оқитындарға арналған:
6В01401 - Дене шынықтыру және спорт
пән модулі:
М-3-Педагогика,физиология негіздері және тәжірибе

пән коды
TFPCS 2320
оқу түрі:
күндізгі
кредиттер саны:
5
Барлық сағаттар саны:
150
Соның ішінде аудиториялық сағаттар саны:

60
дәріс:
30
семинар (практикалық):
30
СОӨЖ:
15
СӨЖ:
75

Алматы, 2020

Оқу бағдарламасын (Силлабус) аға оқытушылар А.А.Белегова, А.Д. Бримкулова, оқытушы Т.М.Есімғалиева 6В01401-Дене шынықтыру және спорт Білім беру бағдарламасынаарналған 2020 ж. Оқу жұмыс жоспары негізінде құрастырған.

______________________________
(оқытушының қолы)

ДМжСТН кафедрасының отырысында қаралды
____ _________ 2020ж. № _________ хаттама

Кафедра меңгерушісі_________________ PhD докторы А.Б. Дошыбеков
(оқытушының қолы)


ОСФ әдістемелік бюросымен мақұлданған

____ _________ 2020ж. № _________ хаттама

ОСФ әдістемелік бюросының төрайымы _________________ А.А. Белегова

Жұмыс берушімен келісу парағы
Пәнді оқыту бағдарламасының мазмұны -пән студенттерді спорт педагогының қызметі туралы теориялық біліммен қамтамасыз етеді,студенттерді өз мамандығының өзгешелігіне байланысты оқытушылық қызметке дайындайды.Спорттық қызмет субъектілерінің жеке басы мен даралығы туралы, оның ішінде спорт педагогының ұсынымын қалыптастырады. Сондай-ақ болашақ дене шынықтыру және спорт мұғалімдері саласын дамытудағы заманауи үрдістерді көрсетеді,тұлғаның спорттық қызметтің дамуына әсеріменжұмыс берушілер мен экономика сұраныстарын ескере отырып саланы дамытудағы заманауи үрдістерді көрсетеді.

Келісілді

Қазақстан спорт психологтары бірлестігінің президенті____________И.Ф.Андрущиши н
(бірлестік жетекшісі жәненемесе жұмыс берушінің қолы)

Күні_____________

ПӘН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
1. Дәріс оқушы
Бримкулова Асем Дулатовна- аға оқытушы
Белегова Алия Аканбаевна- аға оқытушы
Есімғалиева Тілекші Мақсотқызы-оқытушы
E-mail
paton-cimon@mail.ru
abelegova@mail.ru
tlekhi_86@mail.ru
Телефоны
87785187830
87013228852
87024780286
2. Пән
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жалпы педагогика, дене мәдениеті және спорт педагогикасы
3. Семестр
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2020-2021оқу жылы 3-ші семестр
4. Кредиттер саны
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
5
5. Пәннің мақсаты
Дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық қызмет үшін қажетті базалық педагогикалық білімді қалыптастыру, педагогикалық ойлау мен жалпы педагогикалық кәсіби шеберлікті дамыту.
6. Пәннің қысқаша мазмұны
Пән классикалық педагогикалық білімді, соның ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы білімді дамытуға бағытталған. Білім берудегі педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздерін, дене шынықтыру және спорт саласын зерттеуге бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдерін, педагогикалық технологиялар мен инновацияларды қамтиды сондай-ақ,. білім алушылардың педагогикалық білім мен біліктерін, педагогикалық қабілеттерін дамытуға, болашақ ұстаз болуға дайындауға арналған. Педагогикалық мамандыққа кіріспе, ДШжәнеС тарихы пәндерімен пән аралық сипатқа ие.
7. Оқыту нәтижелері
Студент:
- Заманауи мұғалімнің әлеуметтік маңыздылығы мен рөлін біледі, орта білім мазмұнын жаңарту аясында оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау мен ұйымдастырудың педагогикалық негіздерін кәсіби қызметте қолдана алады.
- Дене шынықтыру және спорт негіздері бойынша теориялық және психологиялық-педагогикалық білімдерді, дене шынықтыру сабағын және оқу-жаттығу үдерсін ұйымдастырудың тәжірибелік біліктіліктері мен дағдыларын меңгереді.
- Дене шынықтыру мұғалімінің (жаттықтырушының) заманауи даму ұстанымдарын, құжат айналымын біледі және оқу-әдістемелік пен бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қабілетті болады.
8. Пререквизиттері
Педагогикалық мамандыққа кіріспе, ДШжәнеС тарихы
9.Постреквизиттері
ДМжәнеС психологиясы, ДМжәнеС теориясы мен әдістемесі
10. Дәріс сабақтарын өткізу уақыты
КЕСТЕ БОЙЫНША
Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін дәрістер ZOOM бағдарламасында он-лайн форматта өткізіледі, сондай-ақ дәріс жазбасы Академия бейнехостингінде орналастырылған, сілтеме бойынша сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта бейнематериалдарға қол жеткізе аласыз
11. Семинар сабақтарын өткізу уақыты
КЕСТЕ БОЙЫНША
Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін семинарларға, СОӨЖ-ге арналған тапсырмалар Platonus білім беру платформасына білім алушылардың жеке кабинетіне тапсырманың мазмұны, орындалу мерзімі және бағалау өлшемдері көрсетіле отырып жүктеледі.
12. Кеңес беру уақыты
Дүйсенбі 14:00-ден 17:30-ға дейін
Білім беру порталындағы он-лайн чаты дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 17:30-ға дейін

БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

Оқу жетістіктерін бақылау:
ағымдық бақылау;
аралық бақылау;
емтихан.
Оқу үлгерімін ағымдық бақылау: оқу сабақтары кезінде өткізіледі, семинарлық сабақтарда сөз сөйлеу, дәрістік сабақтардағы белсенділік, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау бағаланады.
Ағымдық үлгерімнің барлық бағалары 100%-дық баллдық-рейтингтік жүйе бағамы бойынша қойылады.
Оқу үлгерімін аралық бақылау: оқытушы 1,2 АБ апталарында өткізетін бақылау мен өзіндік жұмыстарды есепке ала отырып жүргізетін, ағымдық үлгерімнің қорытындысын шығару іс-шаралары.
Өзіндік жұмыс: белгіленген кестеге сәйкес орындалады. Өз мерзімінде берілмеген жұмыс қабылданбайды және бағаланбайды. Сіздің тапсырмаңыз түсінікті, ұқыпты орындалуы тиіс және парақтар бекітілуі тиіс. Басқа студенттермен бірге (3 тапсырмадан артық емес) тапсырмаларды орындау мүмкін. Орындалған тапсырмалардың мәтінін сіз өз сөзіңізбен жазуға тиістісіз. Басып шығарылған мәтіндер қабылданбайды және бағаланбайды.
Рейтинг рұқсатнама: аралық бақылаулардың орташа өлшемді бағасы. Қорытынды бақылауға (емтихан) жіберу үшін білімнің 50% - нан кем болмауы тиіс.
Емтихан: семестр аяқталғаннан кейін, емтихан сессиясы кезіндеоңрұқсат беру рейтингісінде (50%-дан кем емес) қорытынды бақылау өткізіледі. Егер сіз емтиханға қатыса алмасаңыз, онда бұл туралы алдын-ала хабарлауға және сіздің қатысуыңыз туралы дәлелді себептерді растайтын құжаттарды ұсынуға тиіссіз.

Білімді бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға
Цифрлік эквивалент
Пайыздық мазмұны
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
A
4,0
95-100
Үздік
A-
3,67
90-94

B+
3,33
85-89
Жақсы
B
3,0
80-84

B-
2,67
75-79

C+
2,33
70-74

C
2,0
65-69
Қанағаттанарлық
C-
1,67
60-64

D+
1,33
55-59

D
1
50-54

FX
0,5
25-49
Қанағаттанарлықсыз
F
0
0-24

Пән білімін бағалаудың жалпы талдауы

Бағаланатын позиция
1-7 апталардағы бағалау саны
8-15 апталардағы бағалау саны
Ең жоғары балл саны
Электрондық журналға балл қою мерзімі
Ағымдық бақылау
7
8
Бір АБ кезеңінде 7 * 100=700 ұпай
8 * 100=800 ұпай
Апта сайын
СӨЖ
6
6
6*100=600 ұпай1-ші АБ
6*100=600 ұпай 2-ші АБ
2-15 апталар
Аралық бақылау (бақылау түрін көрсету (тест немесе жазбаша жұмыс)
1
1
Әрбір аралық бақылау үшін 100 балдан
8 және 15 апталар
АБ 1
700+600+100
А1=1400 N (мұндағы N = бір АБ кезеңіндегі бақылау нүктелерінің саны, яғни 7+6+1)
8-ші апта
АБ 2
800+600+100
А2=1500 N (мұндағы N = бір АБ кезеңіндегі бақылау нүктелерінің саны, яғни 8+6+1)
15-ші апта
Академиялық кезең бойынша аралық бақылауға жіберілуі
А = А1+А2)2
АБ1-бірінші аралық бақылаудың пайыздық мазмұны
АБ2- екінші аралық бақылаудың пайыздық мазмұны
100
15-ші апта
Емтихан
E - емтихан бағасының пайыздық мазмұны
100
Сессия кезінде
Қорытынды баға
I = ОА*0,2+R*0.4+E*0.4
ОА1 және ОА2 - орташа аралық бағаның пайыздық мазмұны
100

Бағалау критерийлері

Пайыз

Критерийлер сипаттамасы

95%-100%
Студент сабақта белсенді, сұрақтар қояды, өз пікірін айтуға тырысады. Берілген тапсырмаларды сапалы орындайды. Жеке тапсырманы тыңғылықты орындайды, топтағы жұмыстарда да белсенділік көрсетеді. Тәртіпті, сабаққа үнемі қатысады, кешікпейді.
90%-94%
Студент белсенді, оқытушы берген тапсырмаларды орындауда елеусіз қателер жіберуі мүмкін. Материалды негізінен түсінеді, алайда, перспективада толық меңгеру мүмкінді бар. Тапсырманы біруден көшіріп өткізумен айналыспайды.
85%-89%
Студент берілген тапсырмаларды негізінен толық орындайды, бірақ, формалылыққа жол береді. Сабақта белсенділігі жетіспейді. Оқытушының үнемі қадағалап отыруын талап етеді. Тапсырманы орындау кезінде дәлсіздіктерге жол береді.
80%-84%
Студенттің білім негізі бар, бірақ белсенді емес, тапсырмаларды орындау кезінде шалағайлыққа орын береді. Оқытушының кеңесін, үнемі қадағалап отыруын құажет етеді.
75%-79%
Студенттің білім негізі бар, бірақ белсенділігі төмен. Берілген тапсырмаларды орындау кезінде қателіктерге жол береді, содан кейін түзетеді. Рухани потенциалын толық іске қоспайды.
70%-74%
Студент материалды негізінен меңгере алады. Бірақ рухани әлеуетін толық пайдаланбайды. Берілген тапсырмаларды орындайды, бірақ, немқұрайдылыққа жол береді.
65%-69%
Студент негізгі заңдылықтар мен қағидаларды толық түсіне алмайды, сабақта сылбырлық танытады. Тапсырманы орындайды, бірақ қателіктерге жол береді.
60%-64%
Студент өзінің интеллектілік мүмкіндігін сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыштамайды. Басты мәселелерге тұрақты назар аудара алмайды. Қателер жібереді, оларды ішінара түзетеді.
55%-59%
Студент сабаққа белсенді қатыспайды. Тапсырманы формалы орындайды, елеулі қателер жібереді,олардың бәрін бірдей түзете алмайды.

50%-54%
Студенттің сабаққа қатысуы нашар. Тапсырмаларды ішінара орындайды. Қайталанатын қателер жібереді. Үнемі қосымша тапсырмалармен жетектеп отыруды қажет етеді.
25%-49%
Студент сабаққа дайын емес. Қатысуы нашар. Рейтинг басталғаннан кейін келіп, көмек сұрайды. Берілген тапсырманы орындауға шамасы келмейді, көшіріп әкеп тапсырады. Дөрекі мінез көрсетеді.

0%-24%
Студент сабақтан себепсіз көп қалады, тапсырмаларды орындамайды.
Ж
Студент сабаққа келген жоқ

КУРСТЫ ЖҮРГІЗУ САЯСАТЫ
Студенттің жинаған баллдарын анықтау үшін керек:
1) сабаққа уақытында қатысу;
2) тапсырмаларды уақтылы және толық орындау;
3) оқу сабақтарында белсенділік таныту;
4) бағдарламаны игеру барысындағы белсенділік;
5) бағдарламадан тыс іс-шараларды (жарыстар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және т. б.) өткізу кезіндегі белсенділік.
Академиялық тәртіптің саясаты:
Сабырлы болу, басқалардың көзқарасын тыңдау және құрметтеу;
Қарсылықты нақты түрде ұсыну;
Аудиториядағы тәртіп: Міндетті және уақытында болу, сабаққа кешікпеу, сабақта сөйлеспеу, аландамау, ұялы телефондарды өшіру (рейтинг бойынша баллдардын төмендеуі);
Жұмыстарды уақытылы ұсыну (үй тапсырмасын уақытында өткізбеу - рейтинг бойынша баллдар төмендейді);
Емтиханға қатыспау (себеппен - ауыстырылады, себепсіз - келесі семестрге ақылы ауыстырылады);
Қатыспаған күндер (жіберіп алулар үшін - рейтинтер бойынша баллдарды төмендету).
Жобаға қойылатын талаптар:
1. Жоба оқу бағдарламасы шеңберінде белгілі бір маңызды тақырыптың мазмұнын ашу үшін жасалады.
2. Жобада материалдың мазмұны логикалық алгоритммен түзіледі. Жобада тақырыптың мазмұнын толық көз алдыға келтіру мақсаты алға тартылады.
3 Жоба формасы жағынан тізілген негізгі ойлар мен идеялардың реттілігі ретінде немесе мазмұнды ашуға лайықталған арнайы кесте арқылы берілуі мүмкін.
4. Жобада дереккөздер көрсетіліп, олардан алынған дәйексөздер мен сілтемелер қысқаша келтіріледі.
5. Жобаның тілі ресми ғылыми стильде, әр ұғым мен термин сөздер тұлғалық және мағыналық жағынан орнықты қолданылуы керек.
Тезиске қойылатын талаптар:
1. Тезис оқулықтан алынған бір бөлікті (параграфты) немесе белгілі бір философтың шығармасындағы негізгі ойлар мен идеяларды игеру үшін жасалады.
2. Тезисте шығарманың маңызды танымдық-ақпараттық мазмұны ашылады,
3. Тезисте алынып отырған материалдағы басты мазмұндық элементтер, автордың негізгі ойлары мен идеялары теріп алынады.
4. Әр тараудың, параграфтың, бөліктің мазмұны қысқаша, бірнеше сөйлеммен келтіріледі. Тезисте кілттік сөздер мен негізігі ұғымдар іріктиелініп алынады.
5. Тезис қысқа және нұсқа болатындай, өте жинақы, ғылыми стильде жазылады. Тезисті толық және ұзақ сөйлемдермен жазуға тырысудың керегі жоқ, Өте қысқа, кейде тіркестермен немесе атаулы сөйлемдермен беруге болады. Ұғымдар мен термин сөздер тұлғалық және мағыналық жағынан орнықты қолданылуы керек.
6. Тезисте дереккөздер көрсетіліп, оларда автор және оның шығармасынан алынған сілтемелер ықшамдалып, берілуі мүмкін.
Студенттің өздік жұмыстарының барлық түрлеріне қойылатын ортақ талаптар:
1. Жұмыс мерзімінде тапсырылады және топта талқыланады.
2. Орындалған жұмыс өзара пікір білдіру рәсімінен өтеді.
3. Автор топтағы студенттердің және оқытушының сұрақтарына жауап береді, жасаған ескертулерін қабылдайды.
4.Бағалауды арттыру үшін қосымша негіздер (тақырыпқа ерекше көзқарас, зияткерлік тереңдік) келтірілуі мүмкін. Орындалған жұмыс ашық, жариялылық жағдайда бағаланады.
Кейске қойылатынбастыталаптар
- анық , нақты, түсінікті мазмұндалуы керек;
- мәселелігімен, оның ең басты " өзегін" мәнерлеп, айқын көрсету;
- жағымды, жағымсыз жақтарында мысалмен көрсете білу керек;
- керекті мазмұнын ақпараттарды жеткілікті беру;
- проблемалық ситуацияның айқындылығы, оның біліктілігі Кейс ситуацияның моделінжасауда ең маңызды орын алады. Сонымен атар Кейс мәтінінде берілген мәселені шешуді ешқандайда жауабы берілмеуі керек.
Мультимедиялық оқу презентацияларға қойылатын талаптар:
Жобаның атауы немесе сабақтың тақырыбы, автор туралы мәлімет, жасалған күні, ақпарат алынған көздер және т.б. жазылатын слайдтың алғашқы бетінің (титул) болуы тиіс.
- Тақырыптың мақсаты мен міндеті, мазмұнының қысқаша сипаттамасы жазылған кіріспе бөлімінің болуы.
- Презентацияның фоны мен мазмұнының сәйкес келмеуі. Стиль мен безендіру кезінде жиі кездесетін қателер:
- мәтіндегі шрифт көлемі мен гарнитурасы бірдей болуы
-Жалпы алғанда презентацияның көлемі 8-10 слайдтан аз болмауы тиіс.
Сабаққа қатысу: міндетті түрде барлық сабақтарға қатысу.
15 минуттан артық сабаққа кешіккен студенттер сабаққа жіберілмейді!
Дәлелді себептермен жіберілген жағдайда, студент білім беру порталы мен курстастардан ақпарат алып, қажетті тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет.
Талаптар: сабақ кезінде өзіндік жұмыстар мен пікірталастар жүргізіледі, сондықтан студент әрбір сабаққа дәрістік материалдар алып, келесі дәріске және семинарлық сабаққа дайындалады. Қосымша материалды зерттеумен айналысады.
Оң баға алу үшін студент сабақ кезінде жұмыс істейді, жазадв, тыңдайды, ойлайды және сұрақтар қояды. Өзіндік жұмыс тапсырмалары материалды бекітуге және тез және тиімді жұмыс істеу қабілетін дамытуға арналған.
СӨЖ тапсырмаларын есептен шығаруға немесе бақылау жұмыстары мен қорытынды емтихандар кезінде көшіруге жол берілмейді. Мұндай мінез-құлықта немесе басқа да бұрмаланған, шпаргалкаларды пайдаланған жағдайда студентке "F" қанағаттанарлықсыз қорытынды баға қойылады.
Жеке кесте бойынша оқитын студенттерге қойылатын талаптар: жеке кесте бойынша оқу құқығын бітірген студентке ректордың бұйрығымен оқытушының жеке сабақ кестесін бекіту және СӨЖ тапсырмаларын орындау қажет.
Студент сабақ үдерісі барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға міндетті.
Студенттің мінез-құлқы қоғамда қабылданған жалпы адамгершілік-моральдық талаптарға сай болуы керек.

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫ ЖОСПАР

Тақырып атаулары
Сағат саны
Семестр аптасы

дәрістер
семинар
СОӨЖ
СӨЖ
практическалық сабақ

Модуль 1. Жалпы педагогика
1
Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
1
1

5

1
2
Жеке тұлға тәрбиесінің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасу факторлары
1
1
1
6

3
Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы (ТПҮ)
2
2
1
6

2
4
Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
2
2
1

3
5
Дидактика - оқыту және білім беру теориясы.
2
2
1
6

4
6
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары
2
2
1

5
7
Білім берудегі инновациялық педагогикалық үдерістер
1
1

6

8
Білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау
2
2
1

6
9
Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы
1
1

6

10
Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау
1
1
1

7

Барлығы 1-модуль
15
15
7
35

7
Модуль 2. Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
11
Қазақстан аумағында дене тәрбиесі жүйесін қалыптастыру мен мен дамытудың алғышарттары
1
1
1

8
12
Дене шынықтыру мен спорттың жалпы білім беру жүйесіндегі ролі.
2
1
1

9
13
Әлемдік білім беру кеңістігіндегі дене тәрбиесі бойынша білім берудің бірлестігі
1
1

14
Дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық басқару және педагогтың педагогикалық шеберлігі
1
1
1
6

10
15
Дене шынықтыру және спорт маманның зерттеушілік мәдениеті - оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты
1
1
1
7

11
16
Жаттықтырушының және дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық кәсіби құзыреттілігі
1
1
1
7

12
17
Жас спортшылардың өзін-өзі тәрбиеленуіне басшылық жасау
1
1

18
ДШжС спорт саласындағы заманауи маманның қызметіне қойылатын талаптар
1
1
1
6

13
19
Жеке тұлғаның дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы барысында дамуы
1
2

6

20
Балалар-жасөспірімдер спорттық мектебіндегі тәрбие жұмысының жүйесі
1
2
1

13
21
Ұжымның және оқушылардың жеке басылық мәселелерін шешудің заманауи тәсілдері
2
1

14
22
Спорттық-педагогикалық өзара қарым-қатынастағы қақтығыстар
2
2
1
8

15

15
15
8
40

8

Барлығы: 150 сағат
30
30

15
75
15

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


Дәрістің тақырып атаулары
Мазмұны

Zoomбағдарламасы негізінде онлайн дәрістерден басқа, студентке Platonus-та дәріс материалдары қол жетімді, білім алушылар оқытушыға Platonus бағдарламасы арқылы менталды карталар, диаграммалар мен кестелер түрінде өткізеді. Көзері нашар көретін студенттер дәрісті 10минуттық аудиофайлда өткізеді.
МОДУЛЬ 1. ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА

Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
Педагогика ғылым ретінде. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары.Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері. Педагогика әдіснамасының деңгейлері. Таным теориясы. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Әлеуметтендіру теориясы. Педагогика ғылымының зерттеу әдістері

Жеке тұлға тәрбиесінің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасу факторлары
Тұлға, адам, индивид даралық ұғымдары және олардың ара қатынасы. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыру, әлеуметтендіру ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар.Іс-әрекет пен қарым-қатынастың тұлғаның дамуындағы және қалыптасуындағы рөлі. Білім алушылардың жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама. Акселерация.

Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы (ТПҮ)
Мұғалімнің іс-әрекет объектісі және педагогикалық үдеріс ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.). Педагог-оқушы жүйесіндегі ТПҮ компоненттері мен құрылымының ерекшеліктері. Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер). Педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен қағидалары

Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы. Тәрбиенің құралдары мен формалары, әдістері Тәрбие - тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі. Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. Тәрбиенің дәстүрлі түрлері. Әлемдік және ұлттық мәдениет - тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі. Тәрбие мазмұнындағы тұлғалылықты күшейтудің бастамасы: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу. Оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауы, әлеуметтік белсенділігі. Әлеуметтену контекстіндегі тәрбие.

Дидактика - оқыту және білім беру теориясы.
Дидактиканың негізгі категориялары. Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың әдіснамалық негізі. Оқытудың мақсаты мен міндеттері. Оқытудың заңдылықтары және қағидалары. Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік, олардың өзара байланысы.
Қазіргі мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары. Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ - тұтас жүйе, оның компоненттері мен міндеттері. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Сабақтың типологиясы (жіктелуі) және құрылымы. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербестік, фронтальды формалары. Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары. Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі.

6
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары
Педагогикалық технологиялар туралы ұғым. Әдіс, әдістеме, технология, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғымдарының арақатынасы. Педагогикалық технологиялардың түрлері. Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиясы. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиясы. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті тұтас педагогикалық үдерістегі ынтымақтастық технологиясы ретінде. Проблемалық оқыту технологиясы. Оқытудың жобалау технологиясы. Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиялары. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту технологиясы. Белгі-контекстік оқытудың технологиясы. Қазіргі мұғалімнің технологиялық құзыреттілігі.

7
Білім берудегі инновациялық педагогикалық үдерістер
Білім берудегі инновация туралы түсінік. Жаңарту, новация, инновация, жаңалық енгізу, инновациялық үдеріс, инновациялық іс-әрекет, жаңашылдық ұғымдарының мәні. Инновациялық үдерістегі білім берудің мақсаты. Педагогикалық инновацияның обьектісі мен пәні. Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны ендірудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдері.
Инновациялық мектептер. Авторлық мектеп түсінігі. Авторлық мектептің сипаттамасы: жаңашылдық, альтернативтілік (баламалық), концептуалдық, кешенділік, әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа бағыттылық, шынайылық, өндірушілік, тиімділік.
Авторлық мектептердің инновациялық моделі: Назарбаевтың интеллектуалдық мектебі, өзін-өзі анықтау мектебі (Ш.А.Амонашвили); мәдениет диалогы мектебі (М.М.Бахтин, В.С.Библер) және т.б. Қазақстандағы педагогикалық инновациялық. (Искаков А., Жампеисова М.М., Караев Ж.).. Оқу мекемелерінің инновациялық үдерістерінің негізгі бағыттары.

8
Білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау
Жалпы ұғымдар: бақылау, бағалау, белгілеу. Үлгерім - оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы. Оқушылардың іс-әрекет нәтижесін бақылаудың мақсаты мен қағидалары.
Диагностика, педагогикалық диагностика ұғымдарының мәні. Диагностиканың негізі - тұтас педагогикалық үдеріс, оның әр түрлі кезеңдердегі қолданылуы жайлы ақпарат.
Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері: ынталандыру, дамыту, білімдік, үйретушілік, бақылаушылық, тәрбиелік. Бақылаудың түрлері. Оқу жұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелігін бағалау жүйесі.
Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы формалары. Тесттік және рейтингтік бақылау. Тесттердің типтері. Оқушылардың портфолиосы.
Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттестігі: бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау пікірі.
9
Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы
Сыныптың тәрбие жүйесі және оны басқару туралы ұғым. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Сынып жетекші жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Сынып жетекші мен оқушылар ата-анасының ынтымақтастығы. Сынып ұжымында этникааралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Сынып жетекшісінің қосымша білім беру ұйымдарымен, ата-анаға қамқорлық кеңестерімен және басқа да қоғамдық ұйымдармен іс-әрекетінің интеграциясы. Сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігі.
10
Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау
Мектептегі әдістемелік қызмет. Білім беру жүйесіндегі және мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты, міндеттері, құрылымы. Мектептегі әдістемелік қызмееттің формалары мен әдістері.
Мектептегі әдістемелік қызмет шеңберінде мұғалімдерді ғылыми-зерттеу, инновациялық іс-әрекетке дайындау. Әлемдік және отандық ғылым мен практика жетістіктерін ендіру бойынша жұмыстың негізгі формалары.
МОДУЛЬ 2. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ПЕДАГОГИКАСЫ
11
Қазақстан аумағында дене тәрбиесі жүйесін қалыптастыру мен мен дамытудың алғышарттары

ДШ педагогикасының даму тарихы. Қазақ педагогикалық пікірлер саласындағы дені сау адамды қалыптастыру идеяларының дамуы.
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы қалыптасуының алғышарттары. Дене шынықтыру идеяларының генезисі. ДШ педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.Білім мазмұны ұғымы. Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны - тұтас педагогикалық үдерістің компоненті. Білім мазмұнына қойылатын талаптар. Білім мазмұнын іріктеу факторы және көздері. Мектептегі білім мазмұнын іріктеу өлшемдерінің дидактикалық жүйесі және негізгі қағидалары. Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендер (ОӘК).
12
Дене шынықтыру мен спорттың жалпы білім беру жүйесіндегі ролі.
Дене шынықтыру және спорттың Қазақстан республикасының Білім туралы Заңындағы алатын орны. Шетелдердегі спорт педагогикасы дамуының ұстанымдары. Педагогиканың әдістемелік негіздері. ДШжС саласындағы ғылыми-зерттеу әдістемерінің жіктемесі және оның маңызы.
13
Әлемдікбілім беру кеңістігіндегі дене тәрбиесі бойынша білім берудің бірлестігі
Білім мазмұны ұғымы. Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны - тұтас педагогикалық үдерістің компоненті. Білім мазмұнына қойылатын талаптар. Білім мазмұнын іріктеу факторы және көздері. Мектептегі білім мазмұнын іріктеу өлшемдерінің дидактикалық жүйесі және негізгі қағидалары. Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендер (ОӘК).
14
Дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық басқару

Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару.Педагогикалық басқару ұстанымдары. Дене шынықтыру мен спортты басқарудың мемлекеттік органдары. Дене шынықтыру мен спортты басқарудың қоғамдық ұйымдары. Басқару қызметі принциптері мен әдістері
15
Дене шынықтыру және спорт маманның зерттеушілік мәдениеті - оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты
Жалпы мамандық ұғымына ғылыми мағлұмат Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті - кәсіби педагогикалық мәдениеттің бөлігі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық және теориялық негіздері. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасу үдерісі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің компоненттерін қалыптастыру. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің әдістері. Мұғалімнің инновациялық, зерттеушілік іс-әрекетінің мәні. Мұғалімнің зертеушілік қабілеті мен біліктілігін дамыту мазмұны, шарттары мен механизмдері.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мен спорт жаттықтырушы іс-әрекетінің профессиограммасы.Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушының педагогикалық біліктілігі
16
Жаттықтырушы
ның және дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық кәсіби құзыреттілігі

Құзыреттілік, құзырет, құзыреттілік тәсіл, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі ұғымдарының мәні. Кәсіби құзыреттілік және педагогикалық шеберліктің байланысы.Кәсіби білім берудің нәтижесі ретінде дене шынықтыру оқытушысының және спорт түрі бойынша жаттықтырушының кәсіби құзыреттілігі туралы.
17
Жас спортшылардың өзін-өзі тәрбиеленуіне басшылық жасау
Спортшының өзін-өзі бақылауы, спортшының дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануына байланысты өзінің дене жағдайын бақылауы. Спортшының өзін-өзі бақылауы-уақытша бақылаудың маңызды толықтырылуы, онымен қатар жүргізіледі. Спортшы түрлі жаттығулар мен жарыстардан кейін өзінің шаршау дәрежесін, спорттық жұмыс қабілетін, тәбетін, ұйқысын, көңіл-күйін қадағалайды. Сондай-ақ дене жағдайының нақты көрсеткіштерін: дене салмағын кезеңдік өзгерістерін, тамыр соғысының жиілігін және өкпенің ауа сыйымдылығының өзгерістерін, қол басының күшін өлшеуді жүйелі анықтап отыру да пайдаланылады. Спортшы қыздар бұдан басқа жаттығу сабақтары және жарыстармен байла-нысты гинекологиялық саладағы өзгерістерді де белгілейді.
18
ДШжС спорт саласындағы заманауи маманның қызметіне қойылатын талаптар
Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы қызметі педагогикалық шеберлігінің ерекшеліктері.Педагогикалық қабілет оның түрлеріне сипаттама. Дене шынықтыру мұғалімнің педаголгикалық шеберлігінің ерекшеліктері Педагогикалық техника - педагог шеберлігінің элементі. Сөйлеу мәдениеті оған қойылатын талаптар. Жаттықтырушының және дене шынықтыру мұғалімінің сыртқы мәдени бейнесіне қойылатын талаптар және кәсіби сапалық қызметін анықтайтын негізгі элементтер.
19
Жеке тұлғаның дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы барысында дамуы

Жеке тұлғаны дамыту, даму факторлары, жас ерекшеліктерінің дамуы.
Дене шынықтыру мен спорттың жас ерекшелігіне әсер етуі, ақыл-ойды дамыту, еріктілік ерекшеліктері, эмоционалдық саласы. Қимыл іс-әрекетін үйрету кезінде баланың жас ерекшеліктерін ескеру.
Дене шынықтыру және спорт арқылы студенттердің адамгершілік және еріктілік қасиеттерін қалыптастыру бойынша заманауи отандық және шетелдік педагогикалық ұғымдар.
20
Балалар-жасөспірімдер спорттық мектебіндегі тәрбие жұмысының жүйесі
Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты - оқушылармен жаттықтыру, тәрбие жұмыстарын жүргізу, спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету.
Міндеттері: оқушылардың денсаулығын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен қабілеттерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанының намысын қорғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау
21
Ұжымның және оқушылардың жеке басылық мәселелерін шешудің заманауи тәсілдері

Спорттық ұжым және оның тәрбие беру мүмкіндіктері. Жеке тұлғаны спортта қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық қағидаттары. Дене жаттығуларының өскелең спортшының бойындағы зияткерлікті, ерік-жігер ерекшеліктерінің дамуына эмоциялық күйіне, мінез-құлқына әсері.

22
Спорттық-педагогикалық өзара қарым-қатынастағы қақтығыстар

Спорттық-педагогикалық үдерістің өзара қарым-қатынас ерекшелігі
Спорттық команданың дамуына мінез-құлықтың себеп болатын факторлар
Командадағы және үлкен спорттағы ұлтаралық қатынастар мәселесі. Діни толеранттылықықа тәрбиелеу.
Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі негізінде спорттағы көші-қон мәселесі.

СЕМИНАР САБАҚТАР


Сабақ тақырыбының атаулары
Тақырып мазмұны

Өздік жұмыс тапсырмалары Platonus-қа жүктелген.
Zoom бағдарламасы негізіндегі On-line семинар барысында дайындалған сұрақтар талқыланады. Студенттер аяқталған жұмысты мұғалімнің бағалауы үшін Platonus-ға жүктейді Көру қабілеті нашар студенттер 10 минуттық аудио файлға талдау, пайымдау, қортынды түрінде жазады.
1
Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
Педагогика ғылым ретінде. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары. Педагогиканың әлеуметтік және мәдени қызметі. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері жөніндегі түсінік. Таным теориясы. Жүйелі әдіс-тәсілдердің құбылыстар байланысындағы жалпылама бейнесі. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Әлеуметтендіру теориясы.
Педагогика ғылымдарының әдістері. Педагогика ғылымдарының қазіргі қоғамның даму жағдайындағы міндеттері.
2
Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың өзара байланысы
Тұлға, адам, индивид, даралық ұғымдары және олардың өзара байланысы. Тұлға құрылымының көп күрделілігі, көпқырлылығы және барлық компоненттерінің өзара байланысы. Тұлға іс-әрекет және өзін-өзі дамыту субъектісі ретінде. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар. Іс-әрекет және қарым-қатынас тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың факторы ретінде.. Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі тәрбиелеу - тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі.
3
Оқушылардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие үдерісінде есепке алу
Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама.
Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы (жас ерекшеліктер дағдарысы, дарынды балалар, акселерация) және балалардың базалық психо-әлеуметтік талаптары мәселелері, оларды оқу-тәрбие үдерісінде есепке алу. Білім алушылар тұлғасының даралық және жыныстық жас ерекшеліктеріне сипаттама. Педагогикалық іс-әрекеттің барлық субъектілерінің инклюзивті білім беру және педагогикалық қолдауды таратудағы ынтымақтастыққа дайындығы.
4
Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы (ТПҮ)
Мұғалімнің іс-әрекет объектісі және педагогикалық үдеріс ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.). Педагог-оқушы жүйесіндегі ТПҮ компоненттері мен құрылымының ерекшеліктері. Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер). Педагогикалық үдерістегі тұлғааралық қатынас. Педагогикалық үдерістің тәрбиелік механизмдері - педагогтар мен оқушылар арасындағы, топ ішіндегі қарым-қатынас жүйесі.
5
Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Мақсат - ғылыми категория және тұлғаның идеалдық моделі. Тәрбиенің мақсаты - тұтас педагогикалық үдерістің жүйетүзуші факторы.
Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер. Әлемдік және ұлттық мәдениет - тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жас ұрпақты өз бетімен өмір сүруге тәрбиелеу мен дайындау мақсатына, міндеттеріне әсері.Педагог құзіреттілігінің мақсатты үдеріске әсері.
6
Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
Тәрбие - тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі. Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы. Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. Тәрбиенің дәстүрлі түрлері.
Ұлттық тәрбиелік әлеует. Тәрбие мазмұнындағы тұлғалылықты күшейтудің бастамасы: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу. Оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауы, әлеуметтік белсенділігі.
Әлеуметтену контекстіндегі тәрбие. Әлеуметтендірудің педагогикалық сипаттамасының компоненттері. Мектеп жағдайында әлеуметтенудің түрлері, кезеңдері. Оқушының әлеуметтенуінің негізгі басқыштары: бірегейлік, даралық, жекелік.
7
Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту
Дидактика - оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың негізгі категориялары. Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың әдіснамалық негізі. Оқытудың мақсаты мен міндеттері. Оқытудың заңдылықтары және қағидалары. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері. Бағдарлы оқытудың мәні және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері. Қазіргі мектептегі электронды (E-learning) оқыту жүйесі. Өздігінен білім алу - қазіргі кезеңде оқытудың маңызды шарты.
8
Оқушылардың денсаулығын құрудағы мектептің ролі.

Дене шынықтыру және спорт педагогикасы қалыптасуының алғышарттары.
Дене шынықтыру идеяларының генезисі.
Қазіргі мектептердегі гуманистік тәрбиеге жетелейтін идеялар.
Іс-әрекет - білім беру үдерісінің негізі
9
Дене шынықтыру және спорт педагогикасының даму тарихы
Дене шынықтыру және спорт педагогикасының пәні.
Қазақстандағы дене шынық-тыру саласының білім беруді дамыту стратегиясына қойылатын ғылыми-негіздемелі тәсілдері.
Дене тәрбиесінің әлемдік білім беру кеңістігіндегі бірлестігі.
Қазіргі мектептердегі гуманистік тәрбиеге жетелейтін идеялар.
Оқушылардың денсаулығын құрудағы мектептің ролі.
Іс-әрекет - білім беру үдерісінің негізі
10
Оқытушының кәсіби құзыреттілігі
Мұғалімнің кәсіпқойлығын сипаттайтын педагогикалық қызметін жүзеге асыру үшін теориялық және тәжірибелік дайын болуының бірлігі, сарапшылардың құзыретті-лігін қалыптастыру деңгей-лері.
Дене шынықтыру және спорт саласында педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістерін пайдалану жолдары
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерді дене шынықтыру сабақтарында пайдалану туралы түсінік
11
Дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық үдерістің ұйымдастырылу жолдары
Оқытуды ұйымдастыру түрлерінін жіктелуі, сипаттамасы.
Сабақ ұйымдастыру нысандары. Оқытуды ұйымдастырудың сабақтан тыс түрлері.
Оқыту процесін ұйымдастыру формалары туралы түсінік
Сабақтың дәстүрлі және дәс-түрлі емес түрлері
Дене шынықтыру сабағының ерекшеліктері
12
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану барысындағы тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастырылу түрлерін, әдістері мен тәрбиелеу құралдарын таңдау
Тәрбиенің писхологиялық мәні.
Спортшының адамгершілік тәрбиесі. Спорттық этика туралы түсінік.
Спорт және саясат. Дене шынықтыру және спорт - патриоттық тәрбие берудің және әскери-дене даярлығының құралы ретінде. Тәрбиенің басқа түрлері. Спорттағы тәрбие жұмысы әдістерінің жіктемесі.
13
Спортшының отбасында тәрбиелену ерекшеліктері

Отбасының тәрбиелік ұжым және педагогикалық жүйе ретіндегі арнайылығы. Отбасының қызметі, түрлері. Отбасының қоғамға және нақты адамға қатысты негізгі қызметтік мәні. Заманауи отбасы дамуының ерекшеліктері.Отбасылық тәрбиеге педагогикалық қолдау көрсету.
14
Ұжымның және оқушылар-дың жеке басылық мәселелерін шешудің заманауи тәсілдері

Спорттық ұжым және оның тәрбие беру мүмкіндіктері.
Жеке тұлғаны спортта қалыптастырудың психоло-гиялық-педагогикалық қағидаттары.
Дене жаттығуларының өскелең спортшының бойындағы зияткерлікті, ерiк-жiгер ерекшеліктерінің дамуына, эмоциялық күйіне, мінез-құлқына әсері. "Жаттықтырушы-спортшы", "спортшы-спортшы" және т. б. жүйелеріндегі психология-лық-педагогикалық қарым-қатынастар құрылымы мен мазмұны.
15
Спорттық ұжымды қалыптастыру және оған басшылық жасау

Жаттықтырушының тәрбиелік жұмысының ерекшеліктері. Жаттықтырушының спорттық ұжымдағы тұлғаны қалыптастыруда педагогикалық қабілеттілігі және жұмыс стилдері. Балалар-жастар спорты ұжымын басқару ерекшеліктері.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетінстуденттердің өзіндік жұмысы (СОӨЖ)


Тақырып атаулары және СОӨЖ арналған тапсырмалар мазмұны
Өткізілу жолдары
Сағат
саны
Семестр
аптасы
1
Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері
Дәптеріңізге:
1. педагогика пәні мен педагогикалық тәжірибеге негіздеме беріңіз
2. педагогиканың тәрбие, оқыту, білім беру, жеке баланың дамуы, педагогикалық үдеріс ұғымдарына анықтама беріңіз
1
1
2
Қазіргі оқушыларда денсаулыққа және салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру

Денсаулық-зор байлық тақырбына шығарма жазыңыз, бүгінгі таңдағы жастардың спортқа көзқарасы туралы талдау жасаңыз
1
1
3
Тәрбие әдістері және олардың сипаттамасы

тақырып бойынша мини зерттеу
1
1
4
Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру

Инклюзив, инклюзивті білім беру терминдерін қарастырып, дәптеріңізге жазыңыз
1
1
5
Білім беру технологиялары
Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиясы.
Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті - тұтас педагогикалық үдерістегі ынтымақтастық технологиясы.
Проблемалық оқыту технологиясы.
Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиясы.
Қазіргі мектептегі оқушыларды сыни тұрғыдан дамыту технологиясы.
Диалогтық технологиялар.
(Кесте құрастырыңыз)
1
1
6
Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау

Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлі. Негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы. Бұйрық кітаптарына, сынып журналдарына және басқа да құжаттардың жүргізілуіне қойылатын талаптар. Мектептік құжаттарды жүргізудің электрондық формасы.
1
1
7
Спорттық топтағы лидерлік
тақырып бойынша мини зерттеу
1
1
8
Қазіргі сабақ және оның өзекті мәселелері
Жеке дайындаған дәстүрлі аралас және дәстүрлі емес сабақтардың жоспарын қорғау
Академияның бір оқытушысы немесе бір жаттырықтырушысының сабағына қатысып, үлгі бойынша оны жазбаша түрінде талдап көріңіз
1
1
9
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы заманауи маманның қызметіне қойылатын талаптар
ҚР-ң мемлекеттік білім беру стандартының мазмұның талдау жүргізіңіз.
Заманауи дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың кәсіби және педагогикалық құзыреттіліктері туралы ақпарат жинақтаңыз.
1
1
10
Дене тәрбиесінде тәрбиелеуді ұйымдастырудың түрлері, әдіс-тәсілдері мен құралдары
Тәрбиенің негізгі әдістерін конспект жасап сипаттаңыз
Түрлі педагогикалық жағдайларды талдау
Өзіңізге таныс көп түрлі тәрбие әдістердің жіктеуінін қайсысы педагогикалық жұмыста ең табысты деп ойлайсыз? Таңдауыңызды дәлелденіз
Тәрбиелеу әдістерін оңтайлы таңдау дегенді қалай түсінесіз? Көз\қарасыңызды жазбалы түрде дәптерге сипаттап беріңіз.
1
1
11
Спорттык этика - қалыптасып келе жатқан жеке спортшының өзегі
Адам тәрбиесінің мәні.
Спорттық этика туралы түсінік
Дене шынықтыру және спортта пайдаланатын адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің құралдарын мысалдар келтіріп көрсетіңізніз
Спортта, дене тәрбиеснде эстетика және этика ұғымдардың бір-бірімен байланыстылығын дәлелдеңізніз
1
1
12
Дене шыныктыру және спортта өзін-өзі тәрбиелеуге басшылық жасау
Өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу бағдарламасын жасау.
Спортшының өзін-өзі тәрбиелеуінің маңыздылығы атты тақырыпта пікірталасқа қатысу
1
1
13
Педагогикалық техника - мұғалім шеберлігінің элементі.
Дене шынықтыру сабақтарында оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама берініз
Педагогикалық техника тақырыбы бойынша Өзіндік шығармашылық папкасын дайындау
Педагогикалық кәсіптік шеберліктін жүйесінде педагогикалық техниканың алатын орны қандай?
Педагогикалық технологияның жалпы ғылыми сипаттамасы
Білім беру үрдістің технологиясының мәні неде?
1
1
14
Жеке тұлғаның дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану барысында дамуы
Жеке тұлғаның даму үдерісі, даму факторлары, дамудың жасерекшеліктері туралы жазбаша материал жинақтау.
1
1
15
Спорт ұжымын қалыптастыру және оған басшылық жасау
Жаттықтырушының тәрбиелік жұмысының ерешеліктері. Жаттықтырушының спорттық ұжымдағы тұлғаны қалыптастыруда педагогикалық қабілеттеріне талдау жасаңыз.
1
1

Бралығы

15
15

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ)


Тақырып атаулары және СӨЖ арналған тапсырмалар мазмұны
Бақылау жолдары
сағат саны
Семестр аптасы

Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
Тақырып бойынша мини зерттеу
5
2

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Топтық жоба дайындау
6
3

Жеке тұлға тәрбиесінің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасу факторлары
Салыстырмалы кесте
6
4

Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы
Заманауи моделін құру
6
5

Тәрбиенің құралдары мен формалары, әдістері
Жазбаша орындалған жұмыстарды қорғау
6
6

Оқыту формалары мен құралдары ТПҮ-нің қозғаушы механизмі ретінде
Конспект
6
7

1-ші Модуль бойынша

35
7
7
Дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық басқару жәнепедагогтың педагогикалық шеберлігі
конспект
6
8
8
Дене шынықтыру және спорт маманның зерттеушілік мәдениеті - оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты
тақырып бойынша мини зерттеу
7
9
9
Жаттықтырушы
ның және дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық кәсіби ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
Педагогикалық ғылымдар сериясы
Оқушылардың дене шынықтыру дайындығын анықтау бойыншажүргізілген жұмыстардың нәтижесі
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту
Халық педагогикасындағы дене тәлім – тәрбиесінің негізгі қағидалары және соның ішіндегі дене тәрбиесінің маңызы
Казақ спорт және туризм академиясы
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Оқушыларға дене тәрбиесін беруде халық педагогикасын пайдалану
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Пәндер