Өскен ортасы мен қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуы
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Алихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Мамандығы: Электротехника және энергетика
Орындаған: Қойлыбаев Мейіржан Жомартұлы Тобы: ЭЭк 20-3
(аты-жөні)
Тексерген: Сәуле Байдилдина, доцент, мұғалім
(аты-жөні, атағы, қызметі)
_______________ ______________ ______ _____________________2020___ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2020
Жоспар:
Кіріспе ----------------------------------- ----------------------------------- ------ (3-4)
Мақсаты---------------------------- ----------------------------------- ------------ 5
Өскен ортасы мен қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуы--- (5-6)
Еңбек жолының басталуы--------------------------- -------------------------- (6-7)
Мемлекеттік Думадағы қызметі---------------------------- ------------------ (8-9)
Торғай облыстық комиссары қызметі---------------------------- ----------- (9-10)
Ә.Бөкейханов "Алашорда" автономиялық Үкіметінің қайраткері-----(10-13)
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ----------- (13-14)
Қолданылған деректер тізімі----------------------------- ---------------------- 15
Кіріспе
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың тоғысында бұған дейін Ресей империясының толық отарына айналып, нәтижесінде ұлттық рухы мен мемлекеттілігінен айырылған туған елінің саяси, рухани және экономикалық негізін жаңаша дамыту қажеттілігін түсінген ұлтжанды қазақтың зиялы қауымы қалыптасты. Зиялылардың қазақ қоғамы үшін атқарған қызметі, халық мүддесі үшін көтерген жүгі қашан да ауыр болып келді. Халық бұқарасы әр кезеңде өзінің зиялы оқыған азаматтарына үлкен үміт артып, басына қиын-қыстау күн туған уақытта арқа тұтты. Ал зиялылар халқының жарқын болашағы үшін аянып қалған жоқ. Ұлттық мүддені қорғаған қазақ интелегенциясының саны аз болғанына қарамастан, олар өз кезегінде халықтың саяси санасының қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Бірақ, тоталитарлық жүйеге қызмет еткен моно идеология ұзақ жылдар бойы қазақ зиялыларының өмірі мен шығармашылық қызметтерін ұлтшылдық ретінде бағалап, олардың еңбектері мен саяси идеяларын оқып-зерделеуге, мәндерін танып-білуге тиым салып отырды. Соңғы жылдары осыған байланысты өмірлерін ұлт мүддесі жолындағы күреске арнап өткен Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Х.Досмухамедов, М.Шоқай, С.Сәдуақасов, Ж. Аймауытов және тағы да басқа қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық, шығармашылық, ғылыми қызметтері туралы жаңа көзқарастар тұрғысынан жүйелі түрде зерттеу жұмыстары жазыла бастады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының тәуелсіздігі бірнеше ұрпақтың арманы болды.Отарлық билік кезіндегі Қазақстан тарихы зорлықшылық саясат үстемдік еткен, қасіретке толы кезеңдерімен ерекшелінеді.Ал, енді бүгінгі күні сол тәуелсіздігімізге қолымыз жеткенде, туған елінің, Отанның шынайы тарихын білуге деген ұлттық сана-сезімнің бұрын-соңды болмаған өрлеуінің куәсі болып отырмыз. Тарихымызға деген қоғамдағы сұраныстың жоғары деңгейін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылды "Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" және 1998 жылды "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы" деп жариялауы көрсетіп отыр.Мұның өзі тарих тағылымының болашағының маңызы өте зор екенін және бұл мәселеге мемлекеттік дәрежеде қолдау жасалып отырғанын аңғартады. Тәуелсіз мемлекет жастарыны азаттықтың маңызын, оның түпкі мағынасының тереңдігін түсінуі үшін, кезінде тәуелсіздігіміз, азаттығымыз үшін күрескен, тоталитарлық жүйе құрбандарына айналған ірі тұлғаларымыздың істеген істерін, жасаған еңбектерін оқып білуі қажет.Сондай ірі қайраткерлерлеріміздің бірі - Әлихан Бөкейханов. Әлихан Бөкейханов сияқты тұлғаның қайраткерлігіне және еңбегіне обьективті баға беру, ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағын рухани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін де қажет. Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1997
жылды "Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" жылы деп жарияланғанын жоғарыда айтып кеткен болатынбыз. Осыған орай Әлихан Бөкейханов секілді тұлғалардың есімдеріне қазақ тарихында жаңа дем беру мүмкіндігі туды. Алғаш рет Аққұлұлы С., Қойгелдиев М., Жәмкенұлы С., Бектұров Ж., Жұртбай Т., Жарылғап М. Сынды зерттеуші-ғалымдар тобы Әлихан Бөкейханов туралы зерттеулерін ұсынды.
Алғашқылардың бірі болып Әлихан Бөкейхановты еске салушылардың қатарында Ж.Бектұров тұрды. Ол Бөкейханов туралы мақаласында қазақтың ірі тұлғасы және оның ел тарихындағы орны туралы атап өтті. Ал тарихшылар тарапынан М.Қойгелдиев" Әлихан Бөкейханов" атты ғылыми-көпшілік мақаласын "Ақиқат" журналында жария етіп, онда Әлихан Бөкейхановтың Алаш партиясының төрағасы қызметін атқарғаны және қоғамдық-саяси қызметінің қырларын сипаттайды.Көп уақыт өтпей-ақ тікелей М.Қойгелдиевтің атсалысуымен Ә.Бөкейхановтың шығапмалар жинағы жарық көріп үлгерді. Әлихан Бөкейханов мұрасына қызығушылық танытқан С.А.Жүсіпов "Ә.Н.Бөкейханның өмірі мен әдеби-публицистикалық мұрасы" атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаса, көп уақыт өтпей-ақ зерттеуші Мамырбаева А. "Обшественно-политическое развитие Казахстана начала ХХвека и Алихан Букейханов" атты тақырыпта тарихи тұрғыда кандидаттығын қорғаған болатын. Аталған диссертацияларда қайраткердің өмірі мен шығармашылық, қоғамдық-саяси қызметіне қатысты кең көлемде зерттелген. Ал 2006 жылы Орталық Қазақстанда Ә.Бөкейхановтың туғанына 140 жыл толуына байланысты өткен ғылыми-теориялық халықаралық конференцияда Алаш тұлғасының бейнесі әр қырынан зерттелді.
Алаш қозғалысы тақырыбы бойынша жаңа әдістемелік және териялық деңгейде ой-тұжырымдар жасаған көрнекті ғалым К.Нұрпейісовтің "Алаш һәм Алашорда" монографиялық еңбегі де алаштықтардың тарихын зерттеуде аса құнды екені еш даусыз. Аталған еңбекте К.Нұрпейісов Алаш қозғалысы тарихындағы ерекше орны бар Әлихан Бөкейханов тұлғасын алғашқы кезекке қояды. Сондай-ақ Алаш зиялылары туралы жазатын әдебиеттанушы ғалымдарлың бірі Д.Қамзабекұлы Бөкейханов туралы: "Әділін айту керек, Әлихан Бөкейханов сынды қазақ азаматы қазақ тарихында кемде-кем" - деп, өз таңданысын жасырмайды. Қазақ зиялыларының қоғамдық саяси өмірдегі қызметтері мен Алаш қозғалысы туралы ой саралап жүрген тарих ғылымдарының докторы М.Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" атты еңбегінің маңызы зор.Зерттеу жұмысында Әлихан Бөкейханов нағыз Алаш тұлғасы ретінде қарастырылса, кейіннен автордың тікелей құрастыруымен Ә.Бөкейхановтың таңдамалы жинағы жарыққа шықты.
Мақсаты:
1)Әлихан Бөкейхановтың жастық шағынан бері кезеңдегі қоғамдық көзқарастарының қалыптасуына өскен ортасының әсерін анықтау;
2)Қайраткердің Революцияға дейінгі қоғамдық-саяси жұмыстарға араласуымен оның өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу;
3)Ә.Бөкейхановтың ХХ ғасырдың ірі тұлғасы ретінде бағалай отырып, оның Алаш партиясының құрылуы мен қызметіне қатысты сіңірген мол еңбегіне талдау жасау;
4)1920-1930жж қоғамдық-саяси өмір мен оған Ә.Бөкейханов араласуы, ақыр соңында 1937-38 жылдардағы тарихи зұламатқа ілініп, жазықсыз қуғын-сүргін құрбанына айналуының себептерін айқындау;
Өскен ортасы мен қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуы.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан кешегі Семей облысы, Қарқаралы үйезінің Тоқырауын болысына қараған № 7 ауылда дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қараған Ә.Н.Бөкейхан атындағы совзоздың жері. Оның нақты туған жылы туралы жазба деректерде және соңғы жылдарда жарық көрген зерттеулерде әр түрлі болжамдар айтылып келеді.
Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Көкірегі ояу Әлихан молданың оқуын қанағат тұтпай, қаадағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып кетеді. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түседі. 1886 жылдың маусымында училищені бітірді деген аттестат алады. 1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге пансионер болып қабылданды. Әлихан Бөкейханның кейін лауазым аттары көп болған. Көп зерттеу мақалаларына " Қыр баласы "," Сын степей ", " V " , "Киргиз-степняк ", " Тузамец ", " Арысұлы", "А.Б , "Қ.Б", " Ғ.Б " деп қол қойып отырған. Оның "Қалмақбай "және " Н.Ш " (орыс тіл) деген лақап есімдері болған. Әлиханның қай жылдан бастап "Бөкейхан" фамилиясын алғандығын дәл айту қиын. 1890 жылы шілденің 30 күні Дала генерал-губернаторы канциляриясынан Орман институтының профессоры Бородинге жазылған ұсыныс хатын және қазақ қауымдастығынан берілген 200 сом стипендиясын алып " қырғыз баласы " - сұлтан Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан Ресей империясының астанасы Санкт-Петерборға ат басын түзейді. Санкт-Петерборға 20 жасында келген Әлиханның студенттік кезеңінде күнделікті сабақтарына қоса, студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және т.б. студенттік үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Осы жылдары Әлиханның саяси көзқарасы қалыптаса бастайды, екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған ескі феодалдық қарым-қатынастардан әлі арыла қоймаған, рулық, феодалдық тартыстан көзін аша алмаған туған халқының тағдыры оны қатты ойландырады. Қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған халқына ең алдымен, білім мен мәдениет керек екенін анық ұғады. Халқын Еуропаның мәдениеті жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат қылып қояды.
Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсеі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
Еңбек жолының басталуы
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә.Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
Әлихан Омбы қаласында орыстың императорлық жағрафия қоғамының Батыс- Сібір бөлімінің қызметіне қызу араласады. Алғашқы күндерінен- ақ белсенділігімен танылған Әлихан 1896 жылы қоғамның Батыс- Сібір бөлімнің толық мүшелігіне қабылданады да, ал 1901 жылы бөлімнің басқару комитетіне мүше болып сайланады. Сонымен қатар, ол жағрафия қоғамы Батыс- Сібір бөлімінің Семейлік бөлімшесін ашуға және қызметіне тығыз араласып, Запискилерде ғылыми мақалаларын жиі жариялап отырды. Ол Абай Құнанбайевпен қатар Семейдің статистика комитетіне де мүше болды.
Әлихан кіндік қаны тамған қазақ даласының тарихын көп зерттеген. Тарих саласындағы жазып қалдырған елеулі мұралы- Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи, Киргизы атты монографиялары. Бірінші ұжымдық монография 1903 жылы Россия. Полное географическое описание нашего отечества атты көп томдық альманахтың Киргизский край деген ХVII томына еніп, Санкт- Петербургтан жарық көрді. Шығармада Қазақ өлкесінің сонау тас, қола дәуірінен бергі тарихы, мекендеген халықтары, олардың мәдени, саяси- әлеуметтік жетістіктері кең көрініс тапқан. Сондай-ақ, Дала өлкесінің соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттайды, патша өкіметінің жүргізіп отырған отаршылдық саясатын да батыл суреттеген. Киргизы атты еңбегі алғаш рет Формы национального движения в современных государствах атты жинақпен 1910 жылы Санкт- Петербургтан бысылып шығады. Сонымен қатар, әр жылдары жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған Семейлік бөлімшесінің басылымдарында Из переписки киргизских ханов, султанов и прочее, прочее, Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков және Из бумаг султана Большой Киргизской орды Сюка Аблайханова атты ғылыми мақалалары лақап аттпен берілген. Көптеген жұмыстарына Қыр баласы, Сын степей, V, Киргиз-Степняк, К.Степняк, Туземец, Арысұлы, А.Б., Қ.Б., Ғ.Б. деп қол қойып отырған. Райымжан Әзіханұлы Бөкейхан мен экономист Мұханбетқали Жақсалиевтің айтуын қарағанда, Әлихан Кеңес дәуіріндегі баспа беттерінде Қалмақбай және Н.Ш деген атпен де еңбектерін жариялаған. Әлиханның қай жылдан бастап Бөкейханов фамилиясын алғандығын дәл айту қиын. Омбының техникалық училіщесін техник мамандығымен бітірді деген 1890 жылы маусымның 14 күні табыс етілген аттестат: Сұлтан Әлихан Нұрмамедұлы атына толтырылған. Кезінде Әлихан Бөкейханов Орыстың жағрафия қоғамының ғылыми мәжіліс- жиналыстарында қазақтың мәдениеті, тұрмыс- салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрған. Сонымен қатар ол орыстың Г.Н.Потанин сынды ғалымдарына халқының ән- күйін, ою- өрнегін, тұрмыстық құрал- саймандарын жинасып, Том қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға қол ұшын берген.
XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысқал ол 1896 жылы көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланған. Әлихан Ресей. Жалпы географиялық сипаттама атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды. 1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды. 1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан Жаңа энциклопедиялық сөздіктің 4-21 томдарына автор ретінде қатысты. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері осындай көп еңбектенудің арқасында өз ұлты туралы көп нәрсеге көзі жетеді.
Народная свобода (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық - демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
Мемлекеттік Думадағы қызметі
Бірінші Мемлекеттік Дума - Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты.
1905 жылы Ресей Мемлекеттік Думасының құрылуы еліміздегі бұқараның саяси сана- сезімінің өсуіне ықпал еткенін білеміз. Соның нәтижесінде, 1906 жылы, А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.
1905 ж. Әлихан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz