Қазақ мемл


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Алматы қаласының қоғамдық Каспий университеті
Реферат
Тақырыбы: Қазақ халық биінің даму тарихы
Орындаған : Мәдениетаралық коммуникативті аударма тобының 1 курс студенті
Таниркулова Дарина Муратовна
Алматы 2020
Қазақ биі - бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Және Қазақ биінің бірнеше дәуірді бастан кешкені баршаға аян. Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінде еліміздегі кәсіби бишілер, би ансамбльдері мен би студияларымен жалғасып отыр. Қазақ биі - ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі десек артық айтқандығымыз емес. Сайып келгенде, қазақ биінің арқауы халықтың жан дүниесі, оның таным-түсінігі, табиғатпен байланысы, философиясы. Міне осының бәрі кез келген бидің құрылымынан, болмысынан айшықты көрініс тауып жататынына күмән жоқ.
Бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «Салтанат», »Гүлдер», «Айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән-би ансамблдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. Оның үстiне, әсiресе, ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан тыс қалды. Халқымыздың тек өзiне ғана тән қазақ биi - әлем билерiнiң iшiндегi ең жасы десек те болады. Ол өзiнiң шарықтау шегiне әлi жете қойған жоқ. Бiрақ оның белгiлi бiр бөлiгi классикалық деңгейге көтерiлдi. Мәселен, халық биi «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Айжан қыз» тәрiздi ұлтымыздың болмысын танытатын билер бiздiң мақтанышымыз емес пе. Бұл жайдан-жай көңiл жұбату үшiн айтылған жалған мақтан деуден аулақпын. Бiз тiлге тиек етiп отырған қазақ би өнерi бiрнеше дәуiрдi бастан кештi. Халқымыздың бұл өнерiнiң болашағы бүгiнде осы сала өнерпаздарын қатты толғандырып отыр десем қателесе қоймаспын. Оларды ойландырып, алаңдатып отырғанда ұлттық биiмiздiң философияға бай мағынасы, әсерлi де тартымды көрiнiстерi болса керек. Жалпы бiздiң елдiң би өнерiнiң мүмкiндiгi мен өрiсi өте зор әрi биiк. Демек жоғары дәрежеде өркен жаюына керемет қуатты күш бар.
Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда сақталған, тарихи және этногр. деректерде қалыптасу негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-қуақылардың өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем бейнеледі.
Бүгінгі жұрт әлі де білмей жатқаны болмаса, ұлтымыздың байырғы билерінің түрі өте көп. Мысалға «Қаражорға», «Ортеке», «Аю биі», «Келіншек», «Былқылдақ», «Насыбайшы», «Қамажай», «Тоты», «Сауыншы», «Қаз биі», «Бүркіт биі», «Шешеке», «Киіз басу», «Соқыр теке»… сияқты билерді атауға болады. Шара Жиенқұлова сынды өнер саңлағының арқасында біздің биіміз әлемдік сахнаға азды-көпті шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегінің нәтижесінде қазақ биінің әр өрнегі халыққа жетті. Ол өзінің түсінікті де тартымды, әсерлі де мәнерлі билерімен сол өзі өмір сүрген заманның талабын орындады, жүгін көтерді. Сөйтіп, Шара апамыз қазақ би өнерінің қайталанбас жарық жұлдызына айналып, халқымыздың тек өзіне ғана тән қазақ биін классикалық деңгейге көтерді.
Мен бидi өнерiмiздiң бөлiнбес бiр бөлшегi деп қараймын. Ол сiз бен бiздiң бар өмiрiмiздiң қозғалыстарымен өрiлген көркем өрнегi, оның маңызы мен мазмұны сияқты болып көрiнедi. Сол себептен де ұлттық би қазынамыздың ортаймауын оның жаңа билермен толыға, байи түсуiн ойлайтын жанашыр жандар қанша ма? Олардың алғы шебiнде Шұғыла Сапарғалиқызы, Ақмарал Қайназарова сынды би өнерiнiң фонатиктерi тұр. Әрине, биде тiл жоқ, онда тек әдемi қимыл ғана бар.
Жалпы өнердiң бұл саласынан бiздiң сауатымыз шамалы. Көбiне-көп атүстi пiкiр айтып, бидiң тұла бойындағы көз iлеспес алуан түрлi бейнелi қимылдар қандай жайды меңзейдi, ненi айтқысы келедi. Бiрақ көрермен оған назар аударып, мән берiп жатпайды. Оған әйтеуiр ұнаса болды. Бұл жерде барлық көрермен осындай деуден аулақпыз, Көкiрек көзi көреген өнердiң жақсысын «жақсы», жаманын «жаман» деп айтатындар да бар. Өйткенi бiр бидi екi адам екi түрлi түсiнуi мүмкiн. Мәселен, қос бiлектiң ширатыла өрiлген қимылына, үзiлiп кеткелi тұрған белдiң нәзiк қозғалысына ғана сүйсiнiп, одан әрiге өресi жетпей жатқан жандарды да кiнәлауға болмайды. Зер салып, зерделеп қарасаңыз, кез келген би адамның жан дүниесiнiң сезiмi мен сыры iспеттi.
Қазақ биі өнерінің кәсіби деңгейге көтеріліп, сахна төріне шығуы, Қазақ мемл. музыка театрының (қазіргі Абай атынд. Қазақ мемл. академиялық опера және балет театры) шығарм. тарихымен тығыз байланысты (қ. Қазақ балеті) . Халық бишісі Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қаласында өткен КСРО халықтары билерінің Бүкілодақтық фестивальдеріне қатысып, 1936 ж. екінші жүлдені, ал 1940 ж. бірінші жүлдені иеленді. Биші осы өнер сайысында домбыраның сүйемелдеуімен “Насыбайшы” және “Масқарампаз Қара жорға” билерін билеген. Халық биін тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттардың қатарында Ш. Жиенқұлова мен Ә. Ысмайлов болды. Бұл екі өнерпаз да арнайы би мектебінен өтпей-ақ кәсіби би өнерін шебер меңгерген. [1] Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Жиенқұлова - 1936 ж. Мемл. филармония жанынан би ансамблін құрды. Халық биінің тез қарқынмен дамуына 1955 ж. құрылған Мемл. ән-би ансамблі зор үлес қосты.
Күй жанры мен би өнерін қосқанда үлкен бір сезімге толы, көрермендер тамаша әсер алатындай дүние шығады. Осындай тамаша әсер алу үшін, би қоюшы балетмейстерлердің жұмысы зор. Күйлерді тыңдап, әр бөліміне талдау, музыкалық компоновка жасап, оларды заманауи талаптарына сай өңдеп, талай ізденудің нәтижесінде би қойылымына арнап фонограмма дайындалады. Би ырғақтарын халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, ұлттық ерекшелігіне тән қимылдармен өрнектеу үшін, қойылымға арнап либретто (бидің мазмұны) жазу, би кейіпкерлерін таңдау, би қимылдарын ойдан шығарып, комбинация құрып, музыка ырғағына үйлестіреді. Балетмейстер жұмысы көпқырлы, орындаушыларды таңдап, олардың әрбіріне жеке би қимылдарын үйретіп, белгілі бір ойластырған би схемасына тізбектейді. Би қойылымы дайын, сахнаға шығару үшін биге арналған сахналық костюм қажет. Костюм эскиздерін ойластырып, суретшімен ақылдасып, киім үлгілеріне керекті түстерді таңдап, сахнаға арнап киім тіктіреді.
Костюм халықтардың ойын-сауықтарында ежелден-ақ қолданылып, бұл күнге дейін сәнін, мәнін бұзбай өз салтанатымен жеткен.
Ал, қазақ халқының ұлттық киімдері, сән-салтанаты халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіне, табиғат жағдайына байланысты бірнеше үлгіге бөлінеді . Бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнерін қайта жаңғыртып, эстетикалық тәлім-тәрбие беру мүмкіндіктерін пайдалануға зор көңіл бөлінеді, хореографиялық ұжымның жетекшісі балаларға қазақ ұлтының мәдениетін және қазақ тарихының жаңа беттерін ашып, оларға қолөнерінің құндылығын көрсетіп, ғасырлар бойы халықтың жинаған ұлттық киімдердің үлгілерімен таныстырып, балалардың мақтаныш сезімін оятуда. Бірақ, қазақ ұлтының киімдері жайлы оқығанда бір жәйді ұмытпау керек, би қойылымындағы балаларға арналған костюм мұражайдағы үлгінің көшірмесі болмауы (балалар биінің костюміндегі ою-өрнектері де, пішіп-тігілуі де) . Әрине, қазақтың ұлттық киімінің негізгі тігілу әдістері, түстік тіркесімдері, ою-өрнектердің түрлері мен атаулық сипатын ұмытпай, қимылдарды орындауға ыңғайландырып және киім маталары да жеңілдетіліп, ою-өрнектері мен әшекейлік бұйымдары жәй, бірақ сахнада мәнерлі көрініп, костюмнің стилін және ұлттық колоритін жоғалтпау керек. Қазақтың ұлттық киімдері, әсіресе қыздардың киетін киімдері ерекше, пішіп-тігілуі де, ою-өрнектері де, әшекей бұйымдары да.
Қазіргі кезде республикамыздың барлық облыстарының киім үлгілері араласып кетті. Қазақтың ұлттық киімдерінің үлгілері жақсы сақталған және мұны ұлттық би өнерінде орнымен пайдалануға да мүмкіндік мол.
Қара жорға - бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға - қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген салу рәсiмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi. Мұның бәрi би арқылы орындалады. Iшпек, тоқым-ер салып, құйысқандауға келгенде ат үркiп, теппек болып мiнез көрсетедi. Ат ерттелiп болғаннан кейiн, бишi жiгiт атты айнала көпшiлiктiң алдында буын биiнiң небiр нәзiк қимылдарын жасап, өнерiн көрсетуге барын салады. Осыдан кейiн бидiң ең шарықтау шегiне, әсем де, қызғылықты сатысына куә боласыз. Бишiмiз ерттеулi аттың төрт аяғын тағалау жосынын жасап, неше түрлi қимыл-әрекетке толы би ырғағына басады да, “Қара жорғасына” қарғып мiнiп, атүстi қозғалысының ең күрделi де әсем қимылын көрсете бастайды. Аттың қолтығына аяқтарын өткiзiп алып, шалқайып, еңкейiп, оңға-солға аунай аттың бауырына түсе билеп, жұртты қыран-топан күлкi қызығына батырады. Егер қонақтар арасында жас бишiлер болса, олар да биге қосылып, ойын көрiгiн қыздыра түседi.
Бұл биде мергеннің аулап жүріп, сүйген қызына кездескендігі бейнеленеді. Мергеннің қызу қарқынмен сахнаға шығудағы әрбір қимылы садақпен аң аулаған аңшының қимылдарын айнытпай бере аларлықтай дәл болуы керек. Қыздың сахнаға шығу кезеңі де, сондай-ақ жігітпен билейтін кейінгі билері де қатты би қимылдарынан нәзік, айлалы қимылдарға кенет ауысып отыруымен сипатталады. Дуэтте (қыз бен жігіт билегенде) жігіт қыздан көз жазбай және қыздың әрбір қимылынан әсерленіп билеп жүруі керек.
Киімдері:
Жігіт: ақшыл көйлектің үстінен бешпент киіп, белін былғары белдікпен немесе матамен буады. Тіке пішілген ұзын шалбардың балағы мен жеңі оймышталған, балағы тілінген болуы керек. Аяғында мәсі немесе жеңіл етік. Басында барқытпен тысталған бөрік (көбіне түлкі бөрік) . Оң қолында садақ болады.
Қыз: Жеңі бірнеше жерден қатпарланып әсемделген ұзындау көйлектің үстінен жеңсіз қамзол киеді, басында тақия, аяғында мәсі болуы керек.
Қазақ биінің арқауы халықтың жан дүниесі, оның таным түсінігі, табиғатпен байланысы, оның философиясы. Міне, осының бәрі кез келген бидің құрылымынан, болмысынан айшықты көрініс тауып жатады.
Қорқыттың қобыз үні, Н. Тілендиевтің «Көш керуен» күйі, С. Мұқтарұлының «Қорқыт Ата» дастанынан алынған өлеңдері «Мәңгілік сарыны» атты хореографиялық қойылымға шабыттандырды. Бірінші көріністе − Қорқыттың қобыз ойыны, көпшілік − қобыз үнін тыңдаушылар және көр қазушылар кездессе, екіншіде − Сырдария көрінісі, қобыз тартқан Қорқыт пен оны ортаға алған жылан бейнесіндегі бишілер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz