Марганец құрамы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Болат өндірісі

Орындаған: Адилханов Мади
Тексерген: Смагулова Назгул Кусенова

Алматы қаласы, 2020-2021 жыл
Болат өндірісі
Болат (араб. jїҒ - -- фолад) -- темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Ол деформалануға төзімді (созылмалық қасиеті бар). Болат -- қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат өндірісінің көлемі мемлекеттің техника-экономика деңгейін сипаттайды. Хим. құрамына қарай көміртекті және легирленген Болат болып бөлінеді. Көміртекті Болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0,4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар -- күкірт, фосфор, т.б. элементтер болады. Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний, т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легірленген Болат деп аталады. Болаттар едәуір көп тараған материалдар болып табылады. Құрамы жағынан техникалық жақсы. Өнімдерді қысым мен кесу өңдеу барысында алады. Өңдеу түрі мен құрамын өзгерте отырып, керекті жинақ аламыз, бұл оның негізгі артықшылығы. Болаттарды көміртекті және легірленген деп ажыратамыз.
Көміртегінің әсер етуі.
Болаттағы көміртегі мөлшерінің өсу нәтижесінде оның құрамындағы цементит мөлшері артып, сонымен қатар феррит мөлшері кеми түседі. Құрамдас бөліктерінің арақатынасының өзгеруі пластикалығының азаюына, сонымен қатар беріктілігі мен қаттылығының артуына әкеп соқтырады. Беріктілігі құрамындағы көміртек мөлшерінің 10 %-ға дейін болғанда ғана өседі, содан кейін ол төмендейді, себебі екіншілік цементиттің бұзық торы түзіледі. Көміртек тұтқырлыққа әсер етеді. Көміртегіні арттырған жағдайда морт сынғыштық артып екпінді тұтқырлығы азаяды.
Электркедергісі мен коэрцитивті күш артып, магнит өтімділігі мен магнит индукциясының тығыздығы азаяды. Көміртек одан басқа технологиялық құрамына да әсер етеді. Көміртегі мөлшерінің артуы болаттың литейлі құрамын нашарлатады ( құрамындағы көміртек мөлшері 0,4 %-ға дейін болаттар қолданылады); мысалы қысыммен, балқығыштығымен және кесумен өңделуі. Тағы да айта кететін болсақ, құрамындағы аз көміртекті болаттарда кесумен қатар өңделеді.
Қоспалардың әсер етуі.
1.Тұрақты қоспалар кремний, марганец, күкірт, фосфор. Марганец пен кремний болат балқу процесінде қышқылсыздандыру мақсатында енгізіледі, олар технологиялық қоспалар болып табылады. Марганец құрамы 0,5...0,8 %-дан аспайды. Марганец беріктілікті арттырады, пластикалықты төмендетпейді, күкірттің әсерінен пайда болған болаттың морт сынғыштығын азайтады. Күкіртпен марганец сульфидін MnS түзіп, темір сульфидінің FeS құрамын азайтады. Марганец сульфидтері бөлек қоспалар ретінде орналасады, олар деформацияланып прокатканың барлық ұзындығы бойына созылымды болып келеді. Кремний құрамы 0,35...0,4 %-дан аспайды. Кремний, металды газсыздандырып, құйманың тығыздығын арттырады. Кремний феррит құрамында балқып, болаттың беріктілігін арттырады, сонымен қатар аққыштық шегі де артады. Бірақ кейбір кездерде пластикалығының төмендеуі байқалады, бұл болаттың ұзаруын төмендетеды. Фосфордың болат құрамындағы үлесі 0,025...0,045 % құрайды. Фосфор феритте еріп, кристалдық торды тоздырады да аққыштық шегі мен беріктілік шегін арттырады, бірақ пластикалығы мен тұтқырлығын азайтады. Фосфор құрамының әрбір 0,01 % өсуі морт сынғыштық шегін 20...25°С арттыра түседі. Фосфор ликвацияға бейімділік қасиетіне ие, сондықтан да құйма ортасында орналасқан аймақтарда тым төмендетілген тұтқырлыққа ие. Кейбір болаттар үшін фосфор құрамын 0,10...0,15 % дейін арттыруға болады, себебі бұл кезде кесумен өңдеуге оңай. Болаттың құрамындағы күкірттің үлесі 0,025..0,06 % құрайды.
Күкірт - зиянды қоспа, болатқа шойын арқылы түседі. Темірмен әректтескенде химиялық қосылыс - күкірт сульфидін түзеді FeS. Темірмен қосылып жеңіл қорытпалы эвтектика түзеді, қайнау температурасы 988°С. Қыздырғанда не темірді соққанда эвтектика балқиды, дәндер арасындағы байланыс үзіледі. Эвтектика орналасқан жерлерінің деформациялануы кезінде жарықшалар мен тесіктер пайда болуы мүмкін, сондықтан жоғары температурадағы дайындаманың бұзылуы байқалады. Красноломкость - жоғары температурада мортсынғыш пайда болады.Күкірт механикалық қасиеті төмендетеді, әсіресе соққы тұтқырлықты және пластикалылықты, сонымен қатар төзімділік шегін. Ол сонымен қатар пісуді төмендетіп және де коррозиялық күйін төмендетеді.
2. Жасырын қоспалар - газдар ( азот, оттегі, сутегі) - темірге балқу кезінде түзеді. Азот және оттегі болаттың құрамында сынғыш күйде, яғни металл емес күйде болып келеді: қышқылдар ( FeO, SiO2, Al2O3) нитриттер ( Fe2N) қатты ерітінді түрінде немесе бос күйде, дефекттарда жайғасады (аковиндер, жарықтарда). Дайындама енгізу (азот N4, оттегі О) төменгі температурада мортсынғыштік (хладноломкость) табалдырығын жоғарлатып, мортсынғыштың бұзылуына қарсы тұрады. Болатта балқытылған сутегі өте зиянды болады, нәтижесінде болат сынғыш болып келеді. Ол катанды дайындама және поковтың түзілуіне алып келіп соқтырады.
Флокендер - овальді немесе дөңгелек формадағы жұқа жарық, дақ түрінде келуі мүмкін - күміс
түсті жапалақ.
Өндірісте металды флокенмен қолдануға болмайды, сварка кезінде салқын жарықтар
тұрақты металда пайда болады. Егер сутегі жоғары қабатта орналасса, онда ол 150...180 градуста жойылады, вакуумда жақсырақ ~ 10~,, 10~ ммрт.ст.. Жасырын қоспаны жою үшін вакуумды қолданады.
3. Арнайы қоспалар - берілген қасиет алу үшін металға арнайы енгізіледі. Қоспаларды легірленген элементтер дейміз, ал болат - легирленген болат.
Болат қорыту өндірісі.
Болат қорыту өндірісі, Қарағанды металлургия комбинатының болат табак прокаттау цехтарын металмен қамтамасыз етеді. Мартен және конвертер цехтары бар. Мартен цехы алғашқы балқыманы 1964 жылы 10 қаңтарда берді (1970 жылға дейін Қарағанды металлургия зауытының мартен цехы). Цехта 2 пеш бар, әрқайсысының шегіңдісі 650 т. №1 домна пештерінде қорытылған шойыннан және металл сынықтарынан болат балқытылады, олардың арақатынасы тиісінше 65% және 85%. Коспалары: әктас, боксит, әк. Негізгі өнімі -- прокат алу үшін болат құймалар. Пештердін барлық элементгері магнезитті, хромды магнезитті және шамотты отқа тәзімді заттармен беттелген. Отынды жағу үшін қажетті ауа регенеттерде 1000-1200 С градусқа дейін қыздырылады. Балқыма өнімі арнаулы ленталы ойық арқылы сыйымдылығы 320 т. болат құйғыш шөмішке құйылады. Шығару барысында тотықсызданып, шындалады. Факел мен ваннада болат балқуын тездету үшін техн. жағынан таза өттегі пайдаланылады; басты күмбездері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марганец және физикалық құрамы. Марганецтің қосылыстары
АМС - Алюмосиликомарганец қорытпасы
Кендердің сапалық сипаттамасы
Суды темірден тазарту
Темекі өсімдігін модель есебінде IN VITRO және IN VIVO микроэлементтерді жағдайында өсіргенде қолдану технологиясы және оның экологиялық маңызы
Пеш электр жабдықтары
Болатта кездесетін қоспалар
Ормандар типологиясы
Марганец және оның қосылыстары тақырыбын интегративті әдіспен оқыту
Болаттардың түрлері, бөлінуі
Пәндер