Бақытжан Бисәліұлының кеңестік кезеңдегі қоғамдық - саяси қызметі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

№43 жалпы білім беретін мектеп

Жақсылық Гүлжайна Ермаханбетқызы

9 «А» сыныбы

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Б. Қаратаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі

Жетекші мұғалімі: Тлеубаева А. Б. №43 ЖББ мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Алматы, 2018 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 1-2

Негізгі бөлім

  1. Б. Қаратаевтың өскен ортасы, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуы . . . 3-11
  2. Б. Қаратаев-II Мемлекеттік Дума депутаты . . . 12-18
  3. Б. Қаратаев -отырықшылыққа көшуді насихаттаушы, Орал қаласында жарық көрген «Қазақстан» газетінің басты редакторы. Бақытжан Бисәліұлының кеңестік кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметі . . . 19-26

Қорытынды . . . 27-28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2017 жылдың 16 сәуірінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс» -деп атап көрсетеді. [1. ]

Төл тарихымызда XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін күреске толы кезең. Өйткені, Ресей үкіметінің қол астында болып, патша мен оның шенеуніктерінің езгісі мен тепкісін көрген қазақ халқы басқа бұратана халықтармен қатар өз азаттығы үшін күреске шықты. Бұл кезде қазақ қоғамында ұлттың еңсесін көтеріп, патша саясатына ашық түрде қарсы шыққан қазақ интеллигенциясының қатары қалыптаса бастаған болатын. Осы зиялы топ қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, ұлт-азаттық жолындағы күресте көш бастаушы болды. Қазақ интеллигенттерінің бұрыннан алдына қойған мақсаттарының бірі- жер мәселесі еді. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты. Осы кезеңде қазақ мүддесі үшін күрес жүргізген нар тұлғалы тұлғалардың бірі, II Мемлекеттік Думаның депутаты - Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев болды.

Жеке тұлғалар тарихы ешқашан халқынан бөлінген емес, керісінше ұлтымыздың әйгілі қайраткерлерін тану арқылы тұтастай еліміздің тарихы жазылады. Сондықтан бүгінгі қазақ тарихнамасына ғасыр басында қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін шешуге тырысқан Бақытжан Қаратаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеу ғылыми жобаның зерттеу обьектісі болуға лайықты, Қазақстан тарих ғылымындағы өзекті мәселердің бірі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің саясатына қарсы мақсаттағы азаттық қозғалыстар мен көкейкесті мәселелерді шешуде жол сілтеп, жол көрсеткен Бақытжан Қаратаевтың саяси мақсатын Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов еңбектері айқындайды. Сонымен қатар, 1923 жылы Орынборда жазылып, 1995 жылы профессор Ә. Тәкенов пен архивист-ғалым Б. Байғалиев, жас ғалым Г. Жүгенбаеваның құрастыруымен жарық көрген Телжан Шонанұлының “Жер тағдыры - ел тағдыры” еңбегінде қазақ жерін талан-таражға салып, қоныстандыру саясатын жүргізіп келген патша үкіметінің заңсыз әрекеттері батыл әшкерелеген. [ 2 ]

Кеңестік кезеңдегі әміршіл-әкімшіл жүйенің салдарынан көптеген зерттеушілер Бақытжан Қаратаевты бай- феодалдар мүддесінің қорғаушысы ретінде танып, таптық көзқарастың шырмауына маталған пікірден алшақ кете алмады. Ғылыми тұрғыда әділетті баға беруге цензорлық тосқауылдар қойылды. Мысалы, танымал, ірі тарихшымыз Е. Бекмахановтың 1957 жылы жарық көрген еңбегінде Бақытжан Қаратаевтың есімі тікелей аталмаса да, II Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының бәрі “Ұлтшыл көзқарастағы қазақ зиялыларының өкілдері және бай феодалдардың мүддесін қорғаудағылар”-деп бағаланған еді. [3. 317 б]

80 жылдары Бақытжан Қаратаевтың II Мемлекеттік Думада сөйлеген сөздеріне ғылыми тұрғыда талдау жасаған академик С. З. Зиманов [4. 55-75б] пен Бақытжан Қаратаевтың мол мұрасына біршама көңіл бөлген М. Ш. Ысмағұлов болды. [5. ]

Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алашорда тарихын қайта қарап, ақиқат тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік берді. Қазақ интеллигенциясы тарихын, олардың ұлттық ерекшеліктері мен өзіндік қадір-қасиетін анықтауда жаңа тарихи таныммен күрделі зерттеулер басылып шықты. Бұған М. Қозыбаевтың (Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992) [6. ], К. Нұрпейісовтің (Алаш һәм Алашорда А., 1995) [7], М. Қойгелдиевтің (Алаш қозғалысы. А., 1995) [8], Б. Қойшыбаевтың (Бақытжан Қаратаев. А., 1993), [9], ғалым Ө. Озғанбайдың монографиясында Мемлекеттік Дума мәселесін, оған қазақтардың қатысу барысын қарастырады. [10]

Ғылыми жобаның деректік негізі. Тақырыптың деректік негізіне келсек, Бақытжан Қаратаевтың II Мемлекеттік Думадағы қызметі туралы II Мемлекеттік Думаның стенографиялық есептерінен толық мәліметтер алуға болады [11], [12]

Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеті. Ғылыми жобаны жазудағы басты мақсат- Б. Қаратаевтың өмірбаянын зерттеп, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми айналымға енген тың деректер негізінде тарихи шындық тұрғысынан талдауға алу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер койылды:

- Б. Қаратаевтың өскен және білім алған ортасы, оның қоғамдық көзқарасына әсер еткен жағдайларды;

- Б. Қаратаевтың II Мемлекеттік Думадағы депутаттық қызметін;

- Белсенді публицист-журналист ретінде Бақытжан Бисәліұлының 1911-1914 жылдардағы “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газетіндегі атқарған қоғамдық-саяси қызметі мен ағартушылық жұмысын осы уақытқа дейін жарияланған деректік материалдар негізінде талдауға алу көзделінді.

Ғылыми жобаның жаңалығы. Ғылыми жұмысты жазу барысында Б. Қаратаевтың өмірі мен ІІ Мемлекеттік Дума депутаты ретіндегі қызметі тарихи деректер негізінде сипатталды. Б. Қаратаевтың «Айқап» журналы «Орал» газетінде өзекті мәселелерді қозғаған журналист ретінде, ұлттық бейресми басылымдардың бірі- «Қазақстан» газетінің шығуына үлес қосқан ағартушы, қазақ халқынан шыққан тұңғыш заңгер ретінде сипатталды.

Ғылыми жобаның құрылымы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Б. Қаратаевтың өскен ортасы, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуы

Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев - қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың бірі. Туған халқын құлдық бұғаудан құтқару мақсатында патша үкіметімен ымырасыз күрес жүргізген көрнекті қоғам қайраткері, алғашқы қазақ заңгері болған Бақытжан Қаратаевтың есімі 20 жылдай бойы Ресей мен қазақ баспасөзі беттерінен түспей, қаламы “Айқап”, “Қазақстан”, “Орал” сияқты т. б. көптеген басылымдардың бағыт-бағдарына үлкен әсерін тигізген еді. Терең публицистикалық мақалалары болса қазақ қоғамының көкейкесті мәселелеріне арналып, Ресей мұсылмандарының назарын аударған-ды. Өткір сынды, ашын жазылған мақалалары халықты азаттық пен бостандық идеяларына баулумен қатар, қазақ халқының рухани өсіп, шыңдалуына да өлшеусіз үлес қосты.

Бақытжан Қаратаевтың табиғатынан ұшқыр ойы, отты жүрек дара тұлғасы, асқан білімділігі, халықтың жарқын болашағы үшін әр салада атқарған қызметі мен заңдылықтарды басқару процесін ауадай қажетті талап ретінде енгізу мәселесін көтеруі-оны даланың дарынды перзенттеріне жатқызады. Энциклопедиялық білім иесі, ірі гуманист, реформатор, публицист, ағартушы демократ, қазақ қоғамының демократиялық жолмен дамуын көксеген қайраткер сонымен қатар, қарама-қайшылықтар мен аумалы-төкпелі өзгерістерге толы өз заманының да ұлы еді.

Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев - Орал облысының Қаратөбе аумағының Ақбақай ауылында 1860 жылы мамырдың 10 жұлдызында Дәулетжан сұлтанның шаңырағында дүниеге келген. Жарық дүниеге енді есік ашқан кішкене Бақытжанды үлкен әкесі Бисәлі Қаратайұлы бауырына басқан екен. Бақытжан Қаратаев сұлтан тұқымы әулетінен тарайды және Кіші Жүздің ханы Әбілхайыр ханның шөбересі болып келеді. Оның атасы Қаратайдың анасы Ырысқа тоқталар болсақ, ол 1771 жылы тарихтағы “қалмақ көшу” немесе “шаңды жорық” кезінде қазақтардың қалмақтармен шайқасында қолға түсіп, Нұралы ханның күңі болған. Өз шежіресінде Бақытжан Қаратаев: “ Нұралы хан осы күңге үйленіп, одан: Есім, Қаратай, Орман, Шотқара және Елтай атты бес бала көреді. Ел арасында оларды “бес қалмақ” деп атап кеткен”, -деп көрсетеді. . [13. 22б] Одан тараған Нұралы ұлдарының бесеуі де мүмкіндігінше орыс отарлауына ашық қарсылық танытты. Солардың ішінде 1805-1815 жылдары патша әкімшілігіне қарсы табанды күрес жүргізген - Қаратай Нұралыұлы еді.

Бақытжанның әкесі Бейсәлі ауқатты адам болған және өзінің сұлтан тұқымынан шыққандығына қарамастан өте қарапайым, жағымды мінездерімен жұртшылыққа сыйлы адам болған. Қайсыбір адамды болмасын біліміне, ақыл-ойына қарап баға беріп отырған. [17. 69б]

Бақытжан Бисәліұлының тәрбиелік болмысы бала жастан ел арасындағы ғасырлар бойғы көшпелі өмір салты мен кең даланың әдет-ғұрпы ықпалында қалыптасады. Әбілхайыр ханның шөбересі, атасы Қаратайдың тәрбиесінде болып, қазақ дәстүрі бойынша оның есімін өзінің тегі етіп алады. Жасынан зерек болып өскен жас сұлтан алғаш ауыл мектебінен сауат ашады. Білімге деген ынтасын байқаған әкесі оны Орынбор қаласының азаматтық гимназиясына оқуға береді. Бақытжан Қаратаев гимназияны ойдағыдай аяқтап, тәртібі “өте жақсы” деген дәрежемен аяқтап шығады. Өз біліміне сенген Бақытжан Қаратаев Ресей империясының астанасы Санкт-Петербургте, университет қабырғасында білім алуды көксейді. Оның мұндай жауапты шешім қабылдауына Орынбор қаласының өзі дәріс алған гимназиясындағы Нева жағалауынан арнайы жолдамамен немесе саяси қуғынға ұшырап, қудаланып келген озық-ойлы, демократиялық бағыт ұстанған орыс зиялылары зор ықпал етті. Олардың бірсыпырасы гимназияда тек ғана бағдарлама бойынша оқытылатын пән көлемінде дәріс беріп ғана қоймай, сонымен қатар оқулық шеңберінен шығып, гимназистерге сабақ арасында оларға саясаттан, дүниежүзілік азаттық қозғалысынан, Санкт-Петербургте болып жатқан саяси жағдайлардан мәліметтер беріп отырды. Кеудесінде сәулесі бар зерделі шәкірттер, әрине, олардың бәрін саналарына сіңіріп отырды. [14. 69б]

“Ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы сан жағынан көп болған жоқ”- дейді М. Қойгелдиев. Оның себебі түсінікті де. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищелер болмаса, арнайы оқу орындары ашылған емес. Түрлі мекемелерде, әкімшілік орындарда қызмет жасаған қазақ мамандары негізінен Ресейлік оқу орындарынан білім алды. Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше қараңғылыққа ұстау оған пайдалырақ көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінен бастап қазақ даласында азын-аулақ ашыла бастаған орыс-қазақ мектептері мен гимназиялары жергілікті жұртты “Мұхаммед дінін уағыздаушы моллалардың зиянды ықпалынан” сақтау үшін және сонымен бірге “далада орыс ықпалын” жүргізу үшін керек болды.

Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына да бөлуге мәжбүр болған. Мұндай шараға ол жыл өткен сайын өсе түскен басқару жүйесінің ұлттық кадрларға мұқтажын қанағаттандыру үшін барды. Осы мақсатта генерал-губернаторлықтар кеңсесі жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген қаржыға сүйеніп, қазақ жастары Мәскеу, Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалаларда түрлі мамандықтар бойынша білім алды. Ресей империясына ғана емес, бүкіл Еуропа мәдениеті мен ғылымында өзіне лайық орны бар бұл оқу орнында өткен ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде (1917 жылға дейін) 20 жуық қазақ студенті оқып, жоғары білім дипломын иеленді. Олардың қатарында Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Барлыбек Сыртанов, Жаһанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқаев, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков сияқты XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси өміріне белсене араласқан қайраткерлер болды. [8. 88б]

Сол кезеңдегі қазақ жастары үшін нағыз білім шаңырағына айналған орта Петербург университеті еді. Орынбордағы азаматтық гимназиядан рухани нәр алған Бақытжан Қаратаев 1886 жылы қазан айының 7 жұлдызында Санкт-Петербургке келіп, университеттің заң факультетіне түседі. Сол жылы Бақытжан Қаратаевпен бірге Ресей империясының астанасына білім іздеп Жетісудан Барлыбек Сыртанов, қырғыздан Абдолла Теміров, Көкшетаудан Мәмбетәлі Сердалин сияқты жастар да келген еді. [14. 69б] Университетінің қабырғасында қазақ жастары бір-бірімен тығыз, туысқандық қатынаста болуымен қатар, Санкт-Петербургтің қайнаған саяси, рухани өмірі мен мәдениетінің тыныс-тіршілігімен де жан-жақты танысып, бойларына сіңіреді. Ресей империясының түпкір-түпкірінен келген басқа жастар сияқты қазақ жігіттері де сол мүдделеріне сай “Жерлестер ұйымын” құрады.

80 жылдары Санкт-Петербургтың барлық жоғарғы оқу орындарында “Жерлестер” деп аталатын астыртын ұйымдар кең қанат жайған болатын. Олардың құрылуының негізгі себебі-бір өлкеден, бір топырақтан шыққан студенттердің қоян-қолтық араласуы және бір-біріне қамқор болуы еді. Алғашында “Жерлестер” ұйымының мүшелерінің мақсаты бір ұлттан немесе бір өлкеден келген мұқтаж студенттерге көмек көрсету болды. Бірақ, бұл ұйымдардың өсіп-жетілуі барысында алдарына қойған мақсаттары саясатқа ұштасып отырды. Бірте-бірте “Жерлестер” үйірмелері ұлғая келе көп студенттерді қамтыған “Жерлестер одағына” айналып отырды. Олардың арнайы уставтары, мүшелік жарналары болды. 80 жылдары бір ғана Санкт-Петербургте студенттер арасында 20 жуық “Жерлестер” үйірмелері болған және олардың мүшелігіне 1500-ге тарта студенттер кірген. Атап айтсақ, студенттердің Сібір, Поволжье, Кубань, Дон, Грузия, Армения сияқты “Жерлестер” үйірмелері мен одақтары тұрақты түрде қалыптасты.

Бақытжан Қаратаев Барлыбек Сыртанов, Абдолла Теміров, Мәмбетәлі Сердалин және шығыстану факультетінде бұлардан бұрын келіп дәріс алып жүрген Бақтыгерей Құлманов сияқты жігіттермен “Жерлестер” үйірмесін құрады. Қазақ жастары үйірмеге мүше болған студенттерге қаражатпен көмектесу, ауырған жағдайда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешіп қоймай, сонымен қатар, оның жиылыстарында революциялық мазмұндағы прокламацияларды оқып талқылау, теңсіздік пен әділетсіздік, қазақ даласында мәдени-ағартушылық ісін тарату туралы пікірлер жиі айтылып тұрды.

“Землячество как бы собирали и сортировали материал, и не только для себя, но и для дальнейших, более широких политических организации”, - деп атап көрсетті сол кездегі оқиғалардың куәгері. [15. 25б]

Бақытжан Қаратаев - өзінің университеттік әріптестерімен бірге жалпы саяси ағымның алғы шебінде болып, отарлық саясаттың езгісінен тепкі көрген қазақ халқының ауыр жағдайларына назар аударады. Қазақ жастарымен бірге ол, тек қана дүниежүзіне әйгілі университеттің білімімен шектеліп қалмай, мүмкіндігінше барлық азаттық, демократиялық озық ойлы идеяларды бойына сіңіреді [ 16. 26б ]

Патша өкіметі әр уақытта студенттік ортаны ерекше бақылауды көзден таса қылмады. 1886 жылы Ресейдің барлық университеттерінде 1884 жылы бекітілген жаңа Устав енгізіледі. Жаңа Уставтың талаптары студенттер мен оқытушы-профессорларға қатал тәртіптер енгізіп, университетте дәстүрлі болып жалғасып келе жатқан демократиялық дәстүрлер қыспаққа алынды. Жаңа Устав студенттердің ұйымдар мен үйірмелер құруларына, ақшалай қор ұйымдастыруға, тіпті, жиылып концерт қоюларына тыйым салынды. Университет басшылары әрбір студенттен ешқандай қоғамға кірмеуді, студенттік қозғалыс, ұйымдарға қатыспауды талап ететін қолхат алды. Айталық, Бақытжан Қаратаевтың студенттік өзіндік ісіндегі қолхаттың сипаты мынандай: “1887 г. сентября 29 дня, я ниже подписавшиеся, даю сию подписку в том, что во время своего пребывания в числе студентов или слушателей Императорского Санкт-Петербургского университета, обязуюсь не только не принадлежать ни к какому тайному сообществу, но даже без разрешения на то, в каждом отдельным случае, ближайшего начальства, не вступать и в дозволенные законом общества, а так же не участвовать ни в каком денежном сборе; в случае же нарушения мною сего обещания, подвергаюсь немедленному удалению из заведения и лишаюсь всякого права на внесение мною, в пользу недозволенного сбора, деньги.

Студент 3 семестра юридического факультета султан Бахиджан Бисалиевич Каратаев”. [14. 71б]

Бекітілген тәртіптерге қарсылық білдірген студенттерге Устав бойынша сөгіс жариялау, 24 сағаттан 4 аптаға дейін карцерге қамау, университеттен уақытша куу және оқудан шығару сияқты жазаларды қолдану іс жүзіне асырылды. Студенттердің қайсыбір қалаған жеріне бару үшін университет инспекциясынан міндетті түрде рұқсат куәлігін алу заңдастырылды және оны полицияның талабы бойынша көрсетуге міндетті болды. Сонымен қатар, университетті тәмамдағаннан кейін де қызметке орналасу үшін университет басшыларының “сенімді” деген куәлік қағазын барлық жерде талап етіп отырған. Мұндай әрекеттер адам құқығын аяққа таптаудың айқын көрінісі болуымен қатар, патша өкіметінің жантүршігерлік саясатының полициялық сипатын анық көрсеткендей еді.

Бірақ зерек жігіт терең білімімен университет профессорларының ілтипатына бөленген еді. Осындай саясаттың ызғарынан Бақытжан Қаратаев сүрінбей өтіп, 1860 жылы университетті “ИСПУ. 1890. Қаратаев. ” деп жазылған алтын медальмен (II степень) аяқтап шығады. Ол туралы “Дала уәлаятының газеті” былай деп жазды: “Император хазіретінің есіміне ашылған Петербург қаласындағы университет курсын екінші дәрежелі дипломмен үздік аяқтаған Торғай облысы, Іле оязы, Бурта елінің сұлтаны Бақытжан Қаратай ұлы Юстиция министрлігінің қарауына кіргізіліп, департаменттік басқару сенатындағы екінші мекемесіне қызметке қалдырылды”[14. 71б]

Байқап қарасақ, Бақытжан Қаратаевтың біліміне, оның туа біткен дарынды тұлғасына патша өкіметінің чиновниктері назар аударып, оны Санкт-Петербургте қызметке қалдырған. Ондағы басты мақсаттары оның біліміне, жеке басын отарлық саясатты жүргізуге пайдалану болған. Бірақ Ресей астанасында үлкен қызмет атқара жүріп, Бақытжан Қаратаев “халықтар түрмесі” атанған Ресейдің шет аймақтарында жүргізіп отырған отарлық саясаты, зорлық-зомбылығымен, жерді талан-таражға салып жатқан әрекеттерімен ымыраға келе қоймайды. Бұл мәселелер хақында патша чиновниктерімен айтысқа түсіп, өз пікірін батыл түрде ортаға салып, терең білімін көрсете біледі. Әрине, патша өкіметіне Бақытжан Қаратаевтың мұндай “батырлық” іс-әрекеттері жаға қоймайды. Оларға аймақтағы өз ұлтының құқығын қорғап, мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын қайраткер қажетсіз еді. Демек, одан тез арада құтылудың амалын ойластырған патша чиновниктері оны арнайы тағайындаумен Санкт-Петербургтен алысырақ аймаққа - Грузияның Кутаиси қаласына тергеу жүргізу қызметіне ығыстырып тастайды. Өйткені, 1891 жылы патша үкіметі қазақ даласын басқарудың жаңа Далалық Ережесін даярлап жатқан еді. Сондықтан да олар үшін әкімшілік Сенатында көзі ашық қазақтың жүргені қауіпті болып көрінсе керек. [9. 178б]

Грузия жерінде Бақытжан Қаратаев 1897 жылға дейін тергеу жұмысында болып, тау халықтарының тұрмыс-тіршілігімен жақсы танысады. Ержүрек, қайсар, елдің жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, достық қатынасын нығайтады. Табиғатынан дарынды, ойына келген пікірін тіке айтатын Бақытжан Бисәліұлы тау халықтарының арасында да үлкен абырой мен беделге ие болып “князь” атанды. Жеті жылдай Қазақстаннан тыс жүрген Бақытжан Қаратаев 1897 жылы өзінің кіндік кескен Орал топырағына оралады. [10. 222б] Өз мамандығы бойынша, халық құқығын сақтау мақсатында, адвокат болып орналасады. Патша чиновниктерінің қазақ даласында жергілікті халыққа қарсы жүргізіліп отырған озбырлық саясатына, адамдық құқықтарын аяққа таптаған әрекеттеріне қарсы үн көтереді. Ел ішіндегі дау-жанжалдарды әділдікпен шешіп, жұртшылықтың ризашылығына бөленіп, үлкен саяси беделге ие болады. Қарапайым халық мүддесін патша өкіметі чиновниктерінің заңсыз әрекеттерінен қорғап, орнатылған тәртіпке наразылық білдірген Бақытжан Қаратаев енді “сенімсіз” адам ретінде таныла бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық - саяси қызметі
Б.Қаратаевтың өмірбаянын толық қамтып баяндап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін зерттеу
Бақытжан Бисәліұлы жаңа шыққан Айқап журналы туралы Айқаптың 1911 санындағы Тұла бойым тұңғышым атты мақаласында
Бақытжан Қаратаев және патша үкіметінің жер саясаты
Ресей жоғары оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі (хіх ғ. аяғы – хх ғ. 20-30жж.)
Алаш қозғалысы жайында
Алғашқы қазақ заңгері
Бақытжан Қаратаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстары
Бақытжан Қаратевтың қоғамдық-саяси қызметі
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz