Басмашылар қозғалысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Тақырыбы: Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж
Орындаған: Серікбай Жазерке Рахатқызы
Тобы: М-15
Тексерген: Ақпанбет Нұргүл Нұрланқызы

2020-2021ж
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2-3
I. Қазақстандағы аштық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5
II. Басмашылар қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-7
III. Тұтас Түркістан идеясы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1. Түркістан мемлекеттілігі идеясының іске асырылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. Кеңес өкіметі және Түркістанның тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Жеңіліс табуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
IV.Ұлтшыл күрескерлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-12
V. Т. Рысқұлов және М. Сұлтанғалиев, Әнуар Паша және А.З. Валидов ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
VI. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Кіріспе
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Түркістанның және түрік халықтарының сонау орта ғасырлардың өзінде-ақ Еуразия құрлығындағы тарихи үдерістерде елеулі рөл атқаруы болса, екіншісі Түркістанның әуелі Ресей империясының, одан кейін Кеңес Одағының құрамында тәуелділік жағдайда болуына байланысты түріктер тарихының толық зерттелмеуі немесе бұрмалануы деп айтуға болады. Батыс Түркістанды жаулап алуымен Ресей империясы өзінің Еуразия құрлығындағы позицияларын елеулі түрде нығайтты, сондықтан Түркіс-таннан айырылу оның экономикалық дамуына ғана емес, геосаяси мақсат-тарына да ауыр соққы болар еді. Сондықтан Ресей патшалық үкіметі Түркістаннан айыры-лып қалмауға барлық күшін салды. Сол кезден бастап Ресей империясындағы түрік халықтарының азаттық күресі басталды. Ресей империясының қоластын-дағы Түркістан жері Кеңес Одағы кезінде бірнеше жеке кеңестік республика-ларға жіктелді, алайда олар түріктердің тәуелсіз мемлекеті болған жоқ, сондық-тан тәуелсіздік жолындағы күрес жалғаса берді. ХХ ғасырда бұл күрес өзіндік идеологиясы мен теоретиктері, бағдарламалары мен жетекшілері бар саяси күреске айналды. Бұл күрес әлемдік тарихтағы ұлт-азаттық қозғалысы деп аталған ірі тарихи үдерістің қатарынан өз орнын алуға тиісті.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін нарықтық экономика мен либералдық демокоратияға өту кезеңінде тұрған Қазақстан үшін ғасырлар бойы жалғыз ғана тәуелсіз түрік мемлекеті болып келген Түркиямен қарым-қатынас жасау айрықша маңызды болды. Түрік елдерінің әртүрлі саладағы ынтымақтастығының айрықша маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің Тарих толқынында деген еңбегінде былайша атап өткен болатын: Тарихтың алға қойып отырған өктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық тәсілдермен бірігу проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-тұрмай іздестіруді міндеттейді Осылайша қазақ халқы өзінің әуелі Ресей империясының, одан кейін Кеңес Одағының құрамында болған кезеңдерде жоғалтып алуға сәл ғана қалған түріктік тегін қайта тауып, болашақ даму бағдарын анықтауға мүмкіндік алған еді.
Басмашылар қозғалысы (1918 -- 1930) -- Түркістан өлкесі халықтарының Кеңес өкіметі өктемдігіне қарсы жүргізген азаттық күресі. Басмашылар қозғалысы кеңестер билігінің жалпыадамзаттық құндылықтарға таптық, партиялық мүддені қарсы қою саясатының терең дағдарысқа ұшырағандығының, соның салдарынан империяның басқа аймақтарын қамтыған ішкі азаматтық қақтығыстың Түркістан өлкесіне жеткендігінің көрінісі болды. Кеңес өкіметінің 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясын қарулы күшпен құлатуын, сондай-ақ, Түркістанда дәстүрлі қалыптасқан қоғамдық қатынастар мен тәртіпті рев. шаралар арқылы түбегейлі қайта құру жолындағы алғашқы қадамын жергілікті халық жаңа отаршыл мақсатты көздеген әрекет ретінде қабылдады.
Түркияда Рысқұлов есімі Мирсаид Сұлтанғалиев, Нариман Нариманов және Мұстафа Сұпхимен бірге аталады. Бұлар сенімді коммунист бола тұра, түркі дүниесімен ынтымақтастық туған халықтарының тағдырына оң әсер етеді, жақсылық әкеледі деген ойдың жетегінде болды. Коммунизмді шығыс халықтарын империализм бұғауынан құтқарудың бірден-бір тиімді жолы ретінде таңдаған М.Сұлтанғалиевтің пікірінше, түркі елдерінде өндіріс дамымағандықтан, жұмысшы табы қалыптаспаған. Сол себепті түркі елдерінде езілген жұмысшы табы жоқ, бірақ езілген түркі халықтары бар.
Әнуар паша-( 23.11.1881, Стамбул - 4.8.1922, қазіргі Тәжікстан) .Түркістан өлкесіндегі басмашылар қозғалысы жетекшілерімен байланыс орнатып, 1921 ж. 4 қазанда Бұхараға келді. Сол кезден бастап Душанбе маңындағы басмашылар қозғалысына жетекшілік етті. Әнуар пашаның қол астында 50 мыңға жуық адамнан тұратын қарулы жасақ болды. Бұхар әмірінің орынбасары, мұсылман әскерлерінің қолбасшысы деген лауазымды иемденді. Кеңес өкіметінен Түркістанды тәуелсіз ел ретінде тануды талап етіп 1922 ж. мамырда Мәскеуге хат жолдады.
Зәки Уәлиди Тоған, Ахмед Заки Валиди Туган (10.12.1890, Башқортостан, бұрынғы Уфа губ., Стерлитамак уезі - 26.7.1970, Түркия, Стамбул) 1920 жылы Түркістан өлкесіне қоныс аударды. Мұнда Энвер Пашамен бірге басмашылар қозғалысына көмектесті. Энвер Паша қаза тапқаннан кейін, 1923 жылы наурызда Иранға өтіп кетті. Осы жылы сәуірде Ауғанстанда, қыркүйекте Үндістанда болып, желтоқсанда Парижге қоныс аударды.

Қазақстандағы аштық
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады. Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. Ашаршылық, -- делінді үндеуде, -- тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары.[1]. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген әскери коммунизм саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді. Осыдан кейін біз әр болысқа бір-бір адамнан жібердік. Олар болыстық атқару комитеттерінің жандарынан комиссиялар ұйымдастыруы, көмек ретінде, кімде қанша мал, қанша астық, қанша ақша бар, соның тізімін жасауы тиіс болды; осы тізімдер болыстық атқару комитеттерінің бекітуіне жатқызылды.Тарғын уезіндегі ашаршылықпен күрес жөніндегі төтенше комиссия Жәнібек кентінде орналасты. Кеңес аппаратының және партияның уездік органдарының барлық қызметкерлері дерлік ашаршылықпен күресті ұйымдастыру үшін шалғай ауылдарға жіберілді. Уезд орталығында ашыққандарға арналған 8 тегін тамақтандыру пункті жұмыс істеді, солармен іргелес қараусыз қалғандар үшін жатақхана ұйымдастырылды.1922 жылы КазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық күш-жігері ашаршылықпен күреске бағытталды. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия мен жергілікті кеңес органдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына қарай 777 192 адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды.
1922 жылдың соңына қарай босқындар туған өлкелеріне орала бастады. Оларды қарсы алу мен орналастыру жұмыстары жергілікті кеңестерге жүктелді. Мұндай жұмыстың ауырлығы мен қиындығы ашаршылықпен күресу жөніндегі жұмыстан кем түскен жоқ. Босқындарды қарсы алатын, оларды ауылдарға, кенттерге, қалаларға және басқа елді мекендерге орналастыру жұмысын ұйымдастыратын арнаулы комиссиялар құрылды. Кеңес үкіметі оралғандарға арнап әлеуметтік жеңілдіктер көздеді. Өз мекеніне қайтуға тілек білдіргендер үшін жолақысына 40 000 сом бөлінді. Осыған қоса, ішінде пеші бар жүк поездарымен еліне қайтқандарға жолақысының 50%-ын төлеуге рұқсат етілді. 1922 жылғы 1 тамыздан бастап оралғандарды салықтың барлық түрінен босату көзделді. 1921 -- 1923 жылдардағы ашаршылықтан зардап шеккендер мен азық-түлікке өте зәру губерниялардың тұрғындарына да осындай жеңілдіктер қарастырылды. Күйзелген шаруашылықтарға мемлекет тарапынан өндірістік көмек көрсетілді, ал малы жоқ, орташа ғана астық жинаған шаруашылықтар азық-түлік салығының 50%-ынан босатылды, сондай-ақ 1921-1922 жылдарға берілген несиені төлеу мерзімі ұзартылды, бірыңғай мемлекеттік салық төлемі бойынша жеңілдіктер жасалды. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Кеңесінің 1923 жылғы 20 маусымдағы декретімен сол жылдың 1 тамызынан бастап ашаршылықпен және оның салдарымен күрес жөніндегі комиссиялар таратылды. Олардың міндеттері енді ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі арнайы ұйымдастырылған комитетке жүктелді. Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін сондай комитет КазОАК-нің жанынан да ұйымдастырылды

Басмашылар көтерілісі
Басмашылар қозғалысы (1918 -- 1930) -- Түркістан өлкесі халықтарының Кеңес өкіметі өктемдігіне қарсы жүргізген азаттық күресі.
Басмашылар қозғалысы кеңестер билігінің жалпыадамзаттық құндылықтарға таптық, партиялық мүддені қарсы қою саясатының терең дағдарысқа ұшырағандығының, соның салдарынан империяның басқа аймақтарын қамтыған ішкі азаматтық қақтығыстың Түркістан өлкесіне жеткендігінің көрінісі болды. Кеңес өкіметінің 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясын қарулы күшпен құлатуын, сондай-ақ, Түркістанда дәстүрлі қалыптасқан қоғамдық қатынастар мен тәртіпті рев. шаралар арқылы түбегейлі қайта құру жолындағы алғашқы қадамын жергілікті халық жаңа отаршыл мақсатты көздеген әрекет ретінде қабылдады. Мұндай қалыптасқан жағдай Басмашылар қозғалысының шығуына алып келді. Кеңестік тарихнама бұл қоғамдық құбылысты қарабайырландырып, Басмашылар қозғалысы шетелдік интервенциялық орталықтардың қолдауымен ішкі феодалдық және діни күштердің Кеңес өкіметіне қарсы таптық күресі болды деген бір жақты тұжырым жасады. Басмашылар Қозғалысының құрамы тек феодалдық топтар мен дін басыларынан ғана тұрған жоқ, оның иіріміне жеке қожалығы мен дәстүрлі тіршілігінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылып қалудан үрейленген орта шаруалар мен қарапайым диқандар да тартылды.[1] Олардың ортақ идеологиясы өз Отанын, меншігін, дәстүрлі өмір салтын жаңа мазмұндағы отаршыл өзгерістерден, зорлықшыл шаралардан құтқару, сақтау болды. Түркістан өлкесінде жергілікті халық өкілдерінің қолына қару алып, кеңестік билікке қарсы шығуы алғаш Ферғана облысында бой көрсетті. Онда 1918 жылы көктемде құрбашы Ергеш, күзден бастап құрбашы Мадаминбек бастаған басмашылар тобы батыл қимылдарға көшті. Тек құрбашы Ергештің қол астында 1800-ге жуық қарулы жасақ болды. 1919 жылға қарай басмашылар тобының саны 150-ге жетті. Ондағы адамдардың саны 60 мыңға жуық болды. Басмашылардың көздеген ортақ мақсаты -- Түркістан өлкесінің тәуелсіздігін қалпына келтіру еді. Қозғалысқа 1917 -- 1918 жылғы жұттан ығысып Ферғана өңіріне келіп, рев. дүрбелеңнен соң сонда қалып қойған орта жүз қазақтары да белсенді түрде ат салысты, Жиделібайсын тұрғындары көтерілісшілерді көлікпен қамтамасыз етті. Басмашыларды қаруландыруға ағылшын үкіметі дипломатиялық тобының басшысы Ф. Бейли, Ташкенттегі Америка консулы Р. Тредуэлл қатысты. Басмашылар кеңестік әскери бөлімшелерге, өнеркәсіп орындарына, темір жол стансаларына, қоймаларға тұтқиылдан тап беру әдісін қолданды. 1919 жылы қыркүйекте Мадаминбек тобы Қырғызстандағы К. Монстров бастаған шаруалар армиясымен бірлескен әрекеттерге көшіп, Ош пен Жалалабад қалаларын басып алды, Әндіжан мен Ферғана қалаларына қауіп төндірді. 1919 жылы қазанда Қытай шекарасы маңында құрбашылар құрылтайы өтіп, онда Ферғана үкіметін құру туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге құрылтайда басмашылар тобы ұйымдық жағынан жетілдіріліп, Мадаминбек, Ергаш, Шермұхаммедбек, Қалқожа басқаратын ірі 4 топқа бөлінді. Құрылтайдың шешімі бойынша ақ гвардияшыл орыс офицерлері әскери іске тартылатын болды. 1920 жылдың басында М.В. Фрунзе басқарған Түркістан майданына орталықтан ірі қарулы күштер тартылып, Басмашылар қозғалысына ауыр соққылар берілді. Ферғана атқыштар дивизиясының командирі Ф.Д. Карпов телеграф арқылы М.В. Фрунзеге "Ферғанадағы соғыс тонаушы басбұзарлармен емес, Кеңес билігіне қарсы жергілікті жұрттың көтерілісі ретінде етек алуда" деп мәлімдеді. 1921 жылы тек Ферғана өңірінде ғана 200-ден астам басмашылар тобы күрес жүргізді. Қызыл әскерлер соққысы кезінде көптеген қыстақтар мен егістік алқаптар талқандалды. Осылайша Басмашылар қозғалысы Ферғана өңірінде біртіндеп әлсірей түсті. 1921 жылы Бұхараға Түркияның бұрынғы соғыс министрі Энвер паша келді. Ол ислам дініндегі барлық халықтарды біріктіріп, Орта Азияда мұсылман мемлекетін құру жөнінде ұран тастады. Энвер паша Ферғана өңірінен шегінген бытыраңқы басмашылар тобынан 16 мың адамнан тұратын армия құрап, 1922 жылы көктемде Бұхар Халық Кеңес Республикасының едәуір бөлігін басып алды. Бұхар жерінде өріс алған Басмашылар қозғалысына Зәки Уәлиди Тоған да ат салысты. Ол қазақ ұлт-азаттық қозғалысы тарапынан қолдау болады деп үміттенді. Ә. Бөкейханов бастаған алаш қайраткерлері Х. Болғанбаев, Ғ. Бірімжанов, қырғыз Ы. Жанұзақовтың басмашылармен байланыс орнатпақ болған ниеті нәтижесіз болды. Бұрынғы Бұхар, Хиуа хандықтары жерінде Ибрагимбек пен Жунаид хан жетекшілік еткен Басмашылар қозғалысы өрістеді, 1922 жылы жазда Энвер паша қызыл әскерлермен шайқас кезінде қаза тапты. 1922 жылы Жунаид ханның, 1926 жылы Ибрагимбектің басмашылар тобына соққы берілді. Басмашылар қозғалысы жетекшілерінің көпшілігі өз тобымен Ауғанстан, Иран, Қытай жеріне өтіп кетті. Олар 1930 жылға дейін Кеңес үкіметімен күресін жалғастыра берді. Басмашылар қозғалысымен күрес Түркістан өлкесінің шаруашылығына үлкен зиянын тигізді, бітпес шайқасқа түскен екі жақтан да үлкен адам шығынына алып келді. 1929 -- 1931 жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыруға қарсы болып өткен халық көтерілістері Басмашылар қозғалысымен іштей байланысы бар, сабақтас құбылыстар болатын.

Тұтас Түркістан идеясы
19 ғасыр соңына таман дүниеге келген түрікшілдік идеясы Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін империя құрамында болған түркі тілдес халықтар тарапынан кең қолдауға ие болғаны тарихтан мәлім. Ал Орталық Азияда, түркі дүниесінің орталығы саналатын Түркістан жерінде біртұтас мемлекет құру идеясы алдыңғы қатарға шыққан еді. Түркістан идеясының негізін қалаушылар Орталық Азияда біртұтас күшті мемлекет құру арқылы түркі дүниесінің нығаюына үлес қосуды мақсат етті. бір-бірімен тығыз байланысты екі фактордан туады: оның біріншісі - Түркістанның және түрік халықтарының сонау орта ғасырлардың өзінде-ақ Еуразия құрлығындағы тарихи үдерістерде елеулі рөл атқаруы болса, екіншісі Түркістанның әуелі Ресей империясының, одан кейін Кеңес Одағының құрамында тәуелділік жағдайда болуына байланысты түріктер тарихының толық зерттелмеуі немесе бұрмалануы деп айтуға болады. Батыс Түркістанды жаулап алуымен Ресей империясы өзінің Еуразия құрлығындағы позицияларын елеулі түрде нығайтты, сондықтан Түркіс-таннан айырылу оның экономикалық дамуына ғана емес, геосаяси мақсат-тарына да ауыр соққы болар еді. Сондықтан Ресей патшалық үкіметі Түркістаннан айыры-лып қалмауға барлық күшін салды. Сол кезден бастап Ресей империясындағы түрік халықтарының азаттық күресі басталды. Ресей империясының қоластын-дағы Түркістан жері Кеңес Одағы кезінде бірнеше жеке кеңестік республика-ларға жіктелді, алайда олар түріктердің тәуелсіз мемлекеті болған жоқ, сондық-тан тәуелсіздік жолындағы күрес жалғаса берді. ХХ ғасырда бұл күрес өзіндік идеологиясы мен теоретиктері, бағдарламалары мен жетекшілері бар саяси күреске айналды. Бұл күрес әлемдік тарихтағы ұлт-азаттық қозғалысы деп аталған ірі тарихи үдерістің қатарынан өз орнын алуға тиісті.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін нарықтық экономика мен либералдық демокоратияға өту кезеңінде тұрған Қазақстан үшін ғасырлар бойы жалғыз ғана тәуелсіз түрік мемлекеті болып келген Түркиямен қарым-қатынас жасау айрықша маңызды болды. Түрік елдерінің әртүрлі саладағы ынтымақтастығының айрықша маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің Тарих толқынында деген еңбегінде былайша атап өткен болатын: Тарихтың алға қойып отырған өктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық тәсілдермен бірігу проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-тұрмай іздестіруді міндеттейді Осылайша қазақ халқы өзінің әуелі Ресей империясының, одан кейін Кеңес Одағының құрамында болған кезеңдерде жоғалтып алуға сәл ғана қалған түріктік тегін қайта тауып, болашақ даму бағдарын анықтауға мүмкіндік алған еді.

Ұлтшыл күрескерлер
Түркістан ұлттық автономия - сы боль - шевиктік билік тарапы - нан күштеп құлатылғаннан кейін, тәуелсіздік идея - - - - сының төңі - рігіне топтасқан ұлттық ұйым - дар бұл кезеңде негізінен үш ба - ғыт - - та күрес жүргізді: Кеңес өкі - метіне қарсы қарулы көтеріліс ұйым - дастыру, үкімет аппараттары мен партия қатарында жасырын күрес жүргізу және ұлттық майданның ауқымын кеңейту. Бұл туралы Мұстафа Шоқай: ...Дұшпанға қарсы қарулы күресті партия, үкімет ап - паратта - ры ішіндегі күрес - термен байланыстыру - керек. ...Мемлекеттің іштей бірік - кен күштерін өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында Ресейге қар - сы күресіп жатқан басқа да халық - тардың күресуімен үй - лес - тіру лазым. Тығырықтан шы - ғудың бұдан басқа жолы жоқ. Тек осы - лай еткенде ғана бостандыққа жету мүмкін болады, деп жазған еді.
Заки Валидидің естеліктеріне сүйе - нер болсақ, құрамына Түр - кістан, Баш - құртстан, Бұхара, Хиуа өлкелік партия комитеті мү - шелерін тартуды көздеген және Шығыс социалист партиясы деп аталған бұл жасырын ұйымға баш - құрт Зәки Валиди, татар Илияс Алкин, Мир - саид Сұлтанғалиев, өзбек Низам Хожаев, қазақ Ахмет Байтұрсын пен Тұрар Рысқұлов мүше болған еді. Олар әуелгіде партия ретінде жасақталып, Ко - минтерннің құрамына енуге әре - кет жасағанымен, Компартия бұл партияның құрылуына тү - бе - гейлі қарсы болғандықтан, жа - сырын ұйым ретінде жұ - мы - сын жалғастыра берді. Түр - кістан тарихының білгірі, про - фессор А.Беннигсен 1920 жыл - - - - дың көктемінде Мирсаид Сұл - тан - ғалиев, Зәки Валиди, Тұрар Рыс - құлов және т.б. көр - некті тұл - - ғалар - дың жасырын ұйым құрып, Ке - ңес өкіметіне қар - сы астыртын күрес жүр - гіз - генін жазады. Ав - тордың айтуынша, бұл жасырын топ үш бағытта жұмыс жүр - гізген еді: Партия қатарында, үкі - мет аппараттарында басшылық қыз - меттерде бола жүріп, тәжірибе жи - нақ - тау; жаңа кадрлар даярлау мақ - - - сатында оқу ордалары мен бі - лім ошақтарын қолға алу; Бас - машы - лық қозғалысы сияқты кеңес өкі - метіне қарсы ұлттық топтармен бай - ланыс орнатып, ұлттық мемлекет құрудың алғы - шарттарын даяр - лау.Қалай болған күнде Тұрар Рысқұлов - тың жасырын топтың мүшесі болғаны анық. Расында, Түркістанның тұтастығы мен тәуелсіздігі үшін Орталық партия комитетіне қарсы аянбай кү - рескен Тұрардың уақыт өте келе жасырын ұлт - тық ұйым - дармен байланыса отырып, ұлт- - азаттық майданның рухани діңгегіне айналғанын аңғару қиын - ға соқпаса керек. Профессор А.Беннигсеннің сөзімен айтқанда, коммунистік партия қатарына өткенімен Тұрар Рысқұлов өмір бойы ұлтшыл болып қалған еді. Ал бұл екі идеяның бір арнада тоғыспайтыны айдан анық болса керек.
Түркістан автономиясы не - бәрі екі айдай өмір сүріп, 1918 жылдың ақпан айын - да большевиктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер туралы
Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісінің ерекшеліктері
Түркістан өлкесі - кеңес билігі тұсында (1918-1925 жж.)
Отандық тарих ғылымында Зәки Уәлиди Тоғанның мұраларына түркі халықтары тарихының дерек көзі ретінде қарауды қолға алған дұрыс
Түркістан өлкесіндегі кеңес билігіне қарсы қарулы қозғалыс (1918-1924 жылдар)
Өзбекстан, Өзбекстан Республикасы
Тұрар жасырын ұйымға мүше болған ба
Өзбекстан Республикасының құрылымы
Экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасы
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
Пәндер