Музыкалық əуен құрайтын басқыштар гармониясы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «Тарих, этнология және археология»
Кафедрасы: «Дүние жүзі тарихы, тарихнама, деректану»
Мамандығы: «Мұрағаттану, құжаттану, құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету»
СӨЖ
Тақырыбы: «Әл-Фарабидің « Ғылымдар классификациясы» атты еңбегін талдау».
Орындаған: Наурызбекова Назым
Тексерген: Раисов Қазыбек
Алматы
2020 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе . . . 3
Әл- Фарабидің еңбектері.
II. Негізгі бөлім: . . . 4
« Ғылымдардың классификациясы» еңбегіне талдау.
III. Қорытынды . . . 6
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 7
Ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі, ойшыл, математик, лингвист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фараби философия саласы бойынша өз заманындағы теңдесі жоқ тұлға саналды. Әл-Фараби - өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиланың айтуына қарағанда, Әбу Насыр Аристотельдің «Метафизикасын», «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан. Осындай ыждағаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Оның фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғылымдарының, әсіресе, Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Әбу Насыр Аристотельдің «Категория», «Бірінші және екінші Аналитика» сияқты фәлсафалық және логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған. Сондай-ақ, өзі де «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Ғылымдар классификациясы» сияқты т. б. көптеген трактаттар туындатқан.
«Ғылымдар классификациясы туралы» трактатында Әл-Фараби өз заманында белгілі болған ғылымдардың бәріне шолу жасайды. Бұл - лингвистика немесе тіл туралы ғылым, логика, музыка, математика, физика, метафизика, азаматтық ғылым, юриспруденция және дін ілімі. Ұлы ойшыл əл-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегінде басқа ғылым салаларына қарағанда, музыка ілімі туралы негізгі ойлары айқын көрінеді.
Бұл еңбегінде әл-Фараби музыка теориясын үлкен бес салаға бөледі.
1. Музыка туралы ілімнің негізгі зерттеу объектісі, тəсілдері.
2. Музыка туралы ілімнің негіздері, тондардың өзара байланысы мен қатынасы.
3. Музыка теориясының негіздерін, зерттеу тəсілдерін қолдана білу (тəжірибе)
4. Тондардың негізін құрайтын музыкалық ырғақтар табиғаты.
5. Музыкалық əуен, оны шығару жолдары (композиция) .
«Ғылымдар классификациясы» еңбегінің бірінші тарауы- «Музыка өнеріне кіріспе». Бұл бөлім екі тараудан құралады. Оның алғашқысында «музыка» атауы, оның этимологиясы мен семантикалық негіздері, музыка ілімінің сан алуан мəселелері əуенінің шығу тегі, оны шығару, орындау, сондай-ақ музыкалық теориясы туралы ұғымдар болады. Фараби жалпы музыка жайлы пікірлер айта отырып, музыка əуенімен оның қоғамдық қызметі туралы тоқтала келіп адамды лəззатқа бөлейтін əуен, эмоциялық əсер тудыратын əуен жəне əдеби текспен (өлшем) байланысты əуен деп үшке бөледі. Бұл кітаптың екінші бөлімінде, адам құлағына жағымды əуендер, дыбыстың табиғи сезілуі, гармония жəне үндестік, музыкалық тондардың əр түрлі ерекшеліктері сөз болады. Мұнда дыбыстардың табиғи ерекшеліктері музыкалық əуендері кемелдендірудің жолдары мен принциптері, музыка теориясына байланысты көптеген құнды теориялық мағлұматтар келтіріледі. Тағы бір көңіл бөлетін жай əл-Фараби музыка мен поэзия арасындағы табиғи бірлікті мойындайды. Мұның өзі Фарабидің əндердің синкреттік сипатынан хабардар болғандығын дəлелдесе керек. Бұл біздер үшін өте құнды деректердің бірі болмақ. Яғни біздер Фарабидің поэзия өнерімен де шұғылдағандығы туралы мəлімет аламыз. «Музыка өнерінің негіздері»-деп аталатын екінші тарау да екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте оның физикалық анықтамасы, дыбыс шығаратын денелер, жоғары жəне төмен дыбыстардың себептері, музыкалық интервальдар - қос октава, кварта, тон, үндестік жəне диссонанс қатынастары үлкен, орта кіші интервалдар жасаудың тəсілдерін, теориялық негіздерін көрсетеді. Тараудың екінші бөлімінде Фараби квартадан немесе аралықта пайда болатын интервалдар туралы теориялық мəселелерді қозғайды.
Трактаттың үшінші бөлімі - «Музыкалық аспаптар»-тарауы да екі бөліктен тұрады. Алғашқысы- «кең таралған музыкалық аспаптардағы тондардың қалыптасу жолдары». Мұнда Фараби, ең алымен, уд аспабының құрылысы, ашық пернелері, оған орындаушы саусақтарының орналасуы, төрт ішекті уд, соның бойында жасалатын интервалдардың арақатынасы, дыбыс қатары, жағымды тондар. Уд аспабын күйге келтірудің қарапайым жəне күрделі түрлері, оларды қолданудың тəсілдерін қарастырады. Тараудың екінші бөлігі тамбур аспабының ерекшеліктеріне арналған. Бағдат тамбуры, тұрақты жəне айналымы пернелер, əр түрлі аккордтар жайында айтылады. Содан соң Фараби Хорасан тамбурына тоқталады. Оның да сан алуан нəзік ерекшеліктеріне үңіліп, теориялық мəселелерін сөз етеді.
Кітаптың соңғы тарауы -«Музыкалық композиция» деп аталады. Соңғы тарау да екі бөліктен тұрады. 1-ші бөлікте мелодияның анықтамасы, толық жəне толық емес топтар, топтардың кестелері, үндестік жəне диссонанс, эволюция, ырғақ негізгі ырғақ, соғулар, қосылушы ырғақтар, арабтардың дəстүрлі ырғақтары, мелодиялар шығару сөз болады. Екінші бөлігінде, дауыс мелодиялары, адам дауысы, фонема жəне фризалар, сөздің мелодияға бейімделуі, бос жəне толтырылған тондар, бос жəне толтырылған топтарды айту, аралас айту, қосылушы жəне ажыратушы айтыстың түрлері, дауыс мелодияларын шығарып (композиция) айтудың басталуы мен соңы мелодияның тиімділігі (əсері), мелодиялары əшекейлеу жəне олардың адам сезіміне қатысы жайлы айтылады. Бұл тұста да біздер əл-Фарабидің поэзиядан хабары бар екенін жақсы аңғарамыз. Себебі, əл-Фарабидің поэзия жəне əдебиет теориясымен айналысқан, зерттелген ғылыми еңбектері жайлы мағлұматтар өте аз. əл-Фарабидің бірнеше музыкалық дыбыстардың бір мезгілде алынуы туралы теориясы да көңіл аударарлықтай: «Өзара кемел байланысқа түскен ноталарды, аккорд, туыстық үндестік (гармония) деп айтамыз» деген жерлері бүгінгі музыкалық теориялармен анықтамалармен үндесіп жатыр. Əбу-Насыр əл-Фараби музыкалық дыбыстардың үндестігі жайлы ойларын дамыта, айта келіп, олардың санын оңға жеткізеді:
1. Композицияға қосылып оны көркемдей түсетін немесе мəнін төмендететін гармония.
2. Уақыт гармониясы немесе ырғақ мəселесі.
3. Белгілі бір əуен құрайтын ноталарды топтастыру гармониясы.
4. Музыкалық əуен құрайтын басқыштарды топтастыру гармониясы.
5. Белгілі бір музыкалық əуен құру үшін ноталардың өзара алмасуының ерекше гармониясы.
6. Бір тектес үндес ноталарды қосу гармониясы.
7. Музыкалық əуен құрайтын басқыштар гармониясы.
8. Интервалдар гармониясы.
9. Əр түрлі тональдықтар негізінде алынатын құрылысы, ортақ гармониялар.
10. Ноталардың биіктігі мен төмендігі жəйлі гармония. Әл-Фараби жазғандай ол ежелгі ойшылдардың музыка жайындағы еңбектерін мұқият оқып шыққан және зерттеген. Ежелгі авторлар музыканы зерттеуге көптеген шығармаларын арнағаны белгілі болған. Олар Аристотельдің, Евклидтің, Клеонидтің, Герестағы Никомахтың, Птолемейдің, Аристид Квинтилианың, Гауденцияның т. б. музыкалық-теориялық трактаттары. Пифагор замандасы Гермиондық Ласа алғашқы музыка туралы арнайы шығарманың авторы саналады. Музыка хақындағы шығармалардың молшылығы оған тәрбие мен білім беру жүйесінде қаншалықты үлкен мән берілгендігін білдіреді. Грекиядағы музыкалық білім беру жүйесі тіпті VІ ғ. бастап дәстүрлі болып, сауат ашу дәрістерімен бірге тұрады. Бұл беталыс ежелгі ойшылдардың мұрасында тұрақтылыққа айналады және тұлғаны тәрбиелеуге қатысты мәселелерде бірге айтылып, адам жанын тәрбиелеуге болысатын ғылымдардың қатарына кіреді. Музыканың математикалық түсіндірілуінің негізін салушылардың қатарынан Аристотель өзінің білімді жүйелеу мен реттеуге икемділігіне қарамастан бізге арнайы музыканы қамтитындай ешбір еңбегін қалдырмаған. Біз оның шығармаларында дәл әрі терең бірақ шашыранқы музыка жайындағы пайымдарды кездестіреміз. Аристотельдің музыка жайында айтып, жалпы тұрғыдан сөйлеген сөзін былай қорытындыласа болады: бірінші, Аристотель ғылымдарды өзінше теориялық және практикалық деп бөлген және музыканы теориялық өнер мен практикалық ісәрекет ретінде зерттейді; екіншіден, ол музыканы болмыс ұстанымдарын ашатын пәндерге қатысты ғылым сияқты талдайды. Өйткені ол мәдени, білімді және жоғарғы әдепті адамды тәрбиелеудегі музыканың мазмұны мен рөлін зерттейді, үшіншіден, Аристотель музыкалық қабылдаудың ерекшелігін талдайды. Сондықтан ол адамды тәрбиелеу жүйесіне қосылған пәнге айналған. Музыка ізгілікке алып барады, ол адам жанының адамгершілік жағынан әсер етеді. Адам өмірін саналы еткен, оның жан құштарлығын ретке келтірген философия сияқты музыка да жетістікке еліктіретін сенімділікпен жетеді деп санайды Аристотель. Ислам мәдениеті музыка жайындағы ежелгі антикалық түсініктерді қабылдап, өзінің дамуындағы бастапқы кезеңдермен ұқсастық табады. Әл-Кинди ислам орта ғасыр мәдениетінде алғаш болып музыканың сфералар және бастапқы элементермен үйлесімдік байланысы жайында айтады және музыка адамның рухани қасиеттеріне әсер ететінін сөз қылады. Оның еңбектерінде музыкалық өнермен байланысты деңгейдегі түрлі құбылыстар өз көрністерін тапқан. Мысалы, уд аспабының төрт ішегі алғашқы төрт элементке, жылдың төрт мезгіліне, желдің төрт бағытына, адам денесіндегі төрт «сөлге», адам өміріндегі төрт өмір жасына т. б. сәйкес келді. Жеті үннің әрбіріне жеті планета, удтың негізгі құрлымды он екі бөлігіне - зодиактың он екі белгісі сәйкес келген. Бұл мәселе Әл-Фарабидің түсінігінде, әлем иерархиясының барлық сатысын және осы сатылар арасындағы байланыстың сипатын білу дегенді білдіреді.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz