Сөздіктің алғы сөзінен үзінді



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Диуани лұғат-ат-түрік сөздігіндегі әдет - ғұрып, салт - дәстүрлердің қазіргі өмірмен сабақтастығы

Орындаған: Тілеубек Ақниет
Тексерген: Абиыр Қарлығаш

2020-2021 оқу жылы

Махмұд Қашқаридың әйгілі Диуани лұғат ат-түрік, яғни Түркі сөздерінің жинағы атты еңбегінде қамтылған дүниелер- бүгінгі қазақ әдеби шығармаларына біршама жақын. Тарихи бұл байланыс жинақтағы әрбір жәдігерден аңғарылады.

Махмұд Қашқари- әйгілі Диуани лұғат ат-түрік, яғни Түркі сөздерінің жинағы атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні - Махмуд ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед Қашқари.

Дерек көздерге сүйене отырып, ғұламаның туған жері туралы ғалымдар түрлі пікірлер айтады. Мысалы филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовтың жазуынша: ...ғалым орта ғасырдағы мәдениет орталықтарының бірі болған Баласағұн шаһарында туылған. Ал Қазақ энциклопедиясына сүйенер болсақ, туған мекені : ... қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл маңайындағы ( кей деректе Шу бойындағы ) Барысхан қаласы.

Ал ғұламаның толық атына Қашқари есімінің тіркеле айтылуына оның бабасының бір кездері Қашқардан көшіп келгені себеп болған деген тұжырым айтады ғалымдар.

Түркологтар Қашқаридің туған және мәңгілік жайына қайтқан уақыты жөнінде де түрліше болжамдар білдіруде. Мысалы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтің Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері атты Ғылым баспасынан 1973 жылы жарық көрген еңбегінде: ...оның Диуани лұғат ат-түрік кітабын 1068 жылы жаза бастағаны, алдыңғы екі томын 1072 жылы, үшінші томын 1074 жылы жазып бітіргені мәлім. Аутор осы соңғы кітабының аяғында Бұл кітап мені өмірімнің ақырына алып келді, деп жазған. Осы мәліметтерге қарағанда, Махмұд Қашқари он бірінші ғасырдың басында туып, аяғына таман қайтыс болған сияқты, деген ғылыми болжам айтылған.

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ

Аутор Сөздікте қамтылған әрбір тарауды бастамас бұрын әуелі Жаратушыдан медет тілеп, Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын, деп мінажатпен кірісетін болған. Ал кезекті тарауға нүкте қойылар тұста, Алла-Тағаланың көмегімен тағы бір ісінің соңына келіп жеткеніне шүкіршілік айтып отырған екен.

Осы кітабы туралы Қашқаридың өзі: Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді. Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санамда әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа Түркі сөздерінің жинағы деп ат қойдым. Жинақты сегіз бөлімге топтастырдым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым. Түркі халықтарының бәйіт-жырлары мен мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым, - деп жазған екен.

Айтса айтқандай, Сөздіктің ұлы ауторы түркі халықтары тарихындағы өзінің осынау алғашқы лингвистикалық еңбегінде әртүрлі ұлыстар тілдерін өзара салыстыра қатар зерттеу тәсілін қолданған. Демек, салыстырмалы әдісті қолдану барысында түркі тілдері тарихи диалектологясының негізін қалап кеткен екен.

Ал Қазақ энциклопедиясында аталған Түркі сөздерінің жинағына: Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері Диуани лұғат ат түрікте нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бірқатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барысхан, Тараз, Баласағұн, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады- деп жоғары баға берілген.

Ғалымның география саласына сіңірген еңбегі де- ересен. Мәселен, Қашқаридың дөңгелек карта деп аталатын туындысы тарихта ең ежелгі түркі картасы ретінде белгілі. Мұнда ол түркі халықтарының мекендеген, көп таралған аймақтарын белгілеп, шартты шекараларын көрсетеді.

КӨСЕМ СӨЗДІҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

Жоғарыда айтқанымыздай үш томнан, сегіз кітаптан тұратын бұл Сөздік еңбекте, ғалымдардың дәлелдеуінше, 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген екен.

Ал, ғалым Келімбетовтың зерттеулеріне қарағанда, бұл сөздікте орта ғасырдағы түркі тектес ұлыстарға бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға ғана қатысты диалект сөздер қамтылған көрінеді.

Айта кету керек, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтің Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері атты еңбегінде жазуынша, Сөздікте 238 өлең-жыр, 270 шақты мақал-мәтел келтірілген.

Көптеген өлең-жырлардың өте ерте заманда, тіпті алғашқы қауымдық кезеңде дүниеге келгенін аңғару қиын еместігін түркологтар баса айтуда.

Енді шығармадағы мақал-мәтелдерден біраз мысал келтіріп көрелік:

Батыр майданда, ғалым әңгімеде сыналар,

Күздің келетіні жаздан-ақ белгілі,

Әдептің басы-тіл,

Бақыт белгісі-білім мен ақыл,

Арыстан қартайса, тышқан інін күзетер,

Құс қанатымен, ер атымен,

Көрікті тоның өзіңе болсын, шырын асың өзгеге болсын,

Кісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік сана және прагматика
Махмұт Қашқари
Ауызша және жазбаша аудармада грамматикалық және лексикалық тәсілдер
Қаңлы атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер
Қазақ терминографиясының тарихындағы Алаш кезеңі
Сөздіктің элементтері мен параметрлері және тарихи сөздіктер
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Қазақ халқының ақиық ақыны - Олжас Сүлейменовтың өмірі және қоғамдық - саяси қызметі
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Наурыз сөзінің этимологиялық негіздері
Пәндер