1905 жылғы Қарқаралы петициясы
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: 1905 жылғы Қарқаралы петициясы
Орындаған: Қасымбек А.Қ.
Тексерген: Ахантаева А.Ж.
Алматы қаласы, 2020-2021 ж.
1905 жылғы Қарқаралы петициясы
XX ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлық отарлық шет аймағы болды.Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: тілінен, дінінен, ділінен айыру бағытында қатігездікпен ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған Қазағым менің, елім менің атты мақаласында былай деп ашына жазған еді:
... Ең алдымен қазақ халқы - Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек емес нәрселерге жұмсалады... Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға, біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселесіне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды .
Қазақ ауылын басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-әкімшілік аппаратымен біте қайнасып бай-шонжарлар өкілдерінің қолында болды.
Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуал, негізінен, аграрлық, ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді. Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталады.
Жұмысшы табының қалыптасуы басталады, жаңа әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар пайда болып, қалаларда майда кәсіпкерлер шоғыры дүниеге келеді. Қазақтар арасынан шыққан зиялылардың іс әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрды. Олар қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың бастауында тұрды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенттерінің басым көпшілігі тек қана бір кәсіби мамандықтың тізгінін ұстаумен шектелмей, әмбебап мамандар ретінде қызмет етті: олар оқу-ағарту ісімен де, қазақ тілінде басылымдар (кітаптар, газеттер, журнал) шығару қам-қарекетімен де, жан-жақты шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. XX ғасыр басында тек ағартушылық іс-әрекетімен шектелмеді, өздерінің дүниетанымының қалыптасуы барысында Ресей империясында болып жатқан ірі қоғамдық саяси оқиғалардың, саяси партиялардың және ұйымдардың пайда болуының куәсі және қатысушылары да болды.
Осылардың барлығына ортақ қасиет, ортақ ерекшелік олардың қазақ қауымының саяси сұраныстарына мүмкіндігінше толық жауап беруге атсалысуы еді.
Қазақстанға саяси-азаттық қозғалыстардың алғашқы ұрығын жер аударылып келген орыс революционерлері - социал-демократтар әкелді. Олар тыйым салынған әдебиеттерді,үкіметке қарсы ұрандар таратып, саяси ұйымдар құрды.
Солардың ішінде Қарқаралыда қоныс тепкен орыс демократтарына келсек, олар жергілікті халық арасында революциялық идеяларды таратты. Негізгі мақсаттарын іріктеп бөліп, қазақ интеллигенциясының сана-сезіміне әсер ете бастады. Мысалы, 1884 жылы Қарқаралыға саяси жер ауып келген Анна Сабурова, Александр Никвист, Александр Григорьев, 1890-1903 жылдары келген Ермолай Савин, Петр Лимарев, Осип Браун, Иван Гусев, Николай Беляев, т.б, Рессейде және басқа шетелдерде жүріп жатқан тап күресі жайлы жаңалықтарды үнемі ауыз екі жеткізіп отырды . Толық емес мәліметтерге қарағанда 1868-1910 жылдары Қарқаралыға 120 адам жер аударылып келген. Олар жергілікті интеллигенция өкілдері мен оқушы жастарды, жұмысшыларды саяси үйірмелерге тартып, байланыс жасап тұрды. Үйірме мүшелері Омбыда, Қызылжарда басылып шығатын үнпарақтарды көшіріп, көбейтіп, таратып отырды.
Дала өлкесінде Семей, Өскемен, Павлодар, Ақмола, Қарқаралы, Көкпекті қалалары саяси жер аударылып келгендердің мекеніне айналды.
Халық қозғалысының кең түрде таралуына түрткі болған жағдай 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы еді. Бұл жерде айта кететін бір жай, халықтың шашыранды көтерілістерін туындап келе жатқан ұлттық интеллигенция біріктіруге ұмтылды. Өзінің саны жағынан аздығы мен әртектілігіне қарамастан өлкедегі ұлт-азаттық қозғалысты басқарды.
Семей облысының ұлттық интеллигенциясының идеялық-саяси іс әрекетінің тоғысқан жері Қарқаралы уезі болды. Дәл осы жерде олардың жаңа тарихи кезеңде қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресінің жетекшілері ретінде қалыптасуы мен бұрынғы көшпенді малшыларға саяси күрестің әліппесін, саяси құқықтары мен еркіндігіне қол жеткізудің түрлері мен тәсілдерін үйретуі өткен еді. Бұған куә Қарқаралыда әрекет еткен Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, Мұхаммед - Мақсұт Хамидуллин - Бекметовтің, т.б. қызметі.
Семей губернаторының Дала генерал - губернаторына жазған хатына XX ғасыр басындағы Қарқаралы жағдайында Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, А.Байтұрсыновтың қызметі өкіметке қарсы саяси сипатта болды деп жазуы кездейсоқ емес. Ол бұл үшеуін бір топқа біріктіріп, ...айқын залалды мақсат тұтқан, оның негізінде қазақ бұқарасына үкіметке қарсы наразылық сеуіп, әкімшілікке деген дұшпандылыққа бейімдеуге ұмтылған бірыңғай пікірдегі ұйым деп те көрсетуге тырысты. Осы жерде билеуші жүйе ұлттық интеллигенцияға қарсы жазалау шаралары арқылы халықтың бас көтеруін болдырғысы келмесе, екінші жағынан, оларды іс жүзінде пәрменді саяси күш деп мойындауға мәжбүр болды.
Ұлттық шеткі аймақ халықтарының күресінің бір түрі петициялық қозғалыс болды, сол арқылы өкіметке экономикалық, саяси, діни сипаттағы талаптар қойылатын. Петициядағы маңызды орын қазақ халқына сайлау құқығын беру туралы мәселелерге беріледі.
Бүкілелдік наразылықтың қазақ қоғамына бұрын тән емес петиция түрінде көрінуіне түрткі болған тұңғыш россиялық революция болғанда, ал оны жазған азаматтық қозғалыстың басына келген жаңа әлеуметтік күш - ұлт-азаттық интеллигенция өкілдері еді.
Ресейде 1905 жылы бірінші орыс революциясы басталып, жұмысшы- шаруалардың бас көтеруі қызып жатқан кездерде қазақ халқы да елдің тұрмыс-тіршілігіне, ауыр жағдайына, жүргізіліп отырған қоныстандыру саясатының озбырлығына, жердің талан-таражға салынып бара жатқандығына ашық наразылықтарын білдіріп, патша өкіметіне бірнеше арыз, шағым жазған еді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы - Семей облысындағы Қарқаралы, Семей, Павлодар уезі қазақтарының Петербургке жіберген петициясы. Шындығында бұл жалғыз ғана петиция емес. Белгілі ғалым З.Тайшыбайдың анықтауы бойынша өзінше бөлек, дербес мазмұндағы бірнеше құжат. Олар жеке-жеке: Ресей Императорына, Министрлер Кеңесінің төрағасына, ішкі істер министріне жолданған. Петицияны дайындап, халық өкілдеріне қол қойғызғандарының ішінде Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, К.Тоғысов, А.Аяғанов болған. Құжаттар 25-26 маусым күндері жасалған.
Қоянды жәрмеңкесінен жазылып, Ресей патшалығының атына жіберілген петицияның қазақша мәтіні мынандай:
Ұлы мәртебелі император ағзамға.
Министр А.Булыгиннің жасаған жобасын қолдап, Омбыда генерал Сухатин бастаған атқамінерлер қазақтарды Земский соборға қатыстырмау жөнінде шешім алыпты. Мұндай жетесіз шешім Қыр өлкесінің негізгі халқы болып табылған қазақтардың тіршілік ерекшеліктерінен және халық ретіндегі еркімен үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
Қытайдан Ауғанстанға дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатқан қазақтар өзінің бүкіл тағдыры мен өмірлік мүдделерін мемлекеттің тағдырымен байланысты деп санайды және өзін басқа халықтарымен тең праволы деп есептейді. Сіздің, патша ағзамға, халық сеніміне ие болған, лайықты адамдарды мемлекет билігіне қатыстырмақ ниетіңізді білуші едік. Демек, алты миллион қазақ халқын ерекше құқықсыз, заңсыз тобырға жатқызып қою - қарапайым ғана әділдік пен ақиқатқа қиянат емес пе?
Біздің мал шаруашылығымен айналысатынымыз рас, мал бағып көшіп жүргеніміз де рас. Бірақ, кейбір ұлықтар ойлағандай дала кезіп, жөн-жосықсыз қаңғып жүрмейміз. Осы үшін ғана мемлекет билігіне сайлану сияқты аса маңызды саяси құқықтан айырылуымызды қалай түсінеміз?!
Мал шаруашылығымен айналысты деп қазақты сайлау правосынан айырасыз, ал сауда істейтін, диқан, балықшы және басқа кәсіп иелерінің сайлау правосы барын қалай түсінеміз? Шынында Ресей империясының халықтары білімі мен мәдениеті жағынан әрқилы, солардың ішінде қазақтар алдыңғы орында емес екені рас, бірақ, ең соңында да қалып отырған жоқ. Қазақтардың қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді орыс мұжықтарынан кем түсінетінін кім дәлелдеген екен? Оның бер жағында қазақтардан гөрі мемлекет билігіне көбірек араласуға мүмкіндік алған отырықшы бұратана елдерден біздің қай жеріміз кем? Қазақтардың мүддесін кім қорғайды? Олардың мұң-мұқтажын кім біледі, халықтың өзі сайлаған өкілдері болмаса, сол халықтың қажетін өтеудің жолдарын кім көрсетеді?
Алдияр, мынаған сеніңіз: біз, қазақтар осынау үлкен жұмысқа дайындығымыз басқалардан кем деп есептемейміз. Бірақ, бізді танығысы келмейтіндер көп, бізді төмен санайды, бюрократтар, ұлықтар бізге кеуде көтеріп, кемсіте қарайды, біз бұдан көп қорлық көріп жүрміз.
Қалай дегенде де бізді әлдекімдердің танығысы келмейтініне жауапты емеспіз.
Жоғарыдағыларды айта келіп, патша ағзам, Сізден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz