Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Семестрлік жұмыстың мұқабасын бейнелеудің үлгісі

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып:

Мамандығы

Орындаған Тобы
(Аты-жөні)

Тексерген
(Аты-жөні, атағы, қызметі)

_ 2020 ж.

(бағасы) (қолы)

Алматы, 2020
Кіріспе

Семестірлік жұмыста ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс орталық езгіге қарсы Ресейдегі түркі жəне өзге де мұсылман халықтарын тұтас бір майданға біріктіру жолында өзіндік діни, ұлттық, мəдени жəне саяси талаптады көтерген демократиялық сипаттағы күрес болып табылатындығын, бұл қозғалыстың негізін құрайтын түрікшілдік пен исламшылдық қорғанушылар идеологиясы болатындығын қарастырамыз.Мұсылмандық қозғалыс Ресей империясының қол астында ұлттық езгіні бастан кешірген халықтың, соның ішінде қазақ халқының да азаттық жолындағы күрес тарихында өзіндік із қалдырған.Алайда ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс мəселесінің əлі күнге дейін ақиқаты айтылмай келеді. Себебі, тоталитарлық идеологияның үстемділігі тұсында тарихымыздың бүтіндей бір кезеңдері, құбылыстары, соның ішінде Ресей империясын шарпыған ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс мəселесі де əдейі бұрмаланып, реакциялық, кертартпа, мəнсіз оқиғалар тізбегі ретінде көрсетіліп, объективті тұрғыдан зерттеуден тыс қалды.Қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында бүкіл Ресейді қамтыған мұсылмандық қозғалысқа қазақ зиялылары да атсалысқан болатын. Мұсылмандық қозғалыстың ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде алар орны, жалпы осы қозғалыстың пайда болу негіздері, мақсат-міндеттері және оған атсалушы азаматтардың сол мақсат-міндеттерді іске асыру жолындағы қызметі арнайы зерттеуді қажет етеді.Бүкілресейлік Мұсылмандардың Бірінші Съезі, 1905 жылы 15 тамызда Төменгі Новгород қаласында өтті. Съезд 20 ғасырдың басында жалпыресейлік мұсылмандық қозғалыстың өріс алған кезінде, 1905 жылы 8 ақпанда Санкт-Петербург қаласында өткен мұсылмандар мәжілісінің шешімімен шақырылды. Оған Түркістан өлкесінен, Сібір өңірінен, Қазақстаннан,Кавказдан, Қырымнан 150-ге жуық делегат қатысты. Съезде Ресей мұсылмандары өмірінің өзекті мәселелері талқыланды. Жергілікті өкімет орындарының рұқсат етпеуіне байланысты, Ресей мұсылмандарының тұңғыш съезі жасырын түрде, Ока өз-мен жолаушылар тасымалдайтын "Густав Струве" кемесінде өткізілді. И. Гаспринскийдің төрағалығымен өткізілген бұл съезде делегаттар патша өкіметінің отаршылдық саясатын, мұсылман халықтарының құқылары жылдан-жылға шектеліп келе жатқандығын сынға алды. Олар бұдан былай Ресей азаматтарының тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамай тең құқықта болуын талап еткен шешім қабылдады.

\Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы
Бүкілресейлік Мұсылмандардың Бірінші Съезі, 1905 жылы 15 тамызда Төменгі Новгород қаласында өтті. Съезд 20 ғасырдың басында жалпыресейлік мұсылмандық қозғалыстың өріс алған кезінде, 1905 жылы 8 ақпанда Санкт-Петербург қаласында өткен мұсылмандар мәжілісінің шешімімен шақырылды. Оған Түркістан өлкесінен, Сібір өңірінен, Қазақстаннан,Кавказдан, Қырымнан 150-ге жуық делегат қатысты. Съезде Ресей мұсылмандары өмірінің өзекті мәселелері талқыланды. Жергілікті өкімет орындарының рұқсат етпеуіне байланысты, Ресей мұсылмандарының тұңғыш съезі жасырын түрде, Ока өз-мен жолаушылар тасымалдайтын "Густав Струве" кемесінде өткізілді. И. Гаспринскийдің төрағалығымен өткізілген бұл съезде делегаттар патша өкіметінің отаршылдық саясатын, мұсылман халықтарының құқылары жылдан-жылға шектеліп келе жатқандығын сынға алды. Олар бұдан былай Ресей азаматтарының тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамай тең құқықта болуын талап еткен шешім қабылдады. Делегаттар Ресей мұсылмандарын өзара байланыстырып, іс-әрекеттерін бір ізге түсіріп отыратын саяси ұйымның құрылуын қажет деп тапты. Бұл ұйымның бағдарламасы мен жарғысын әзірлеу мұсылмандық қозғалыстың жетекшілері А.Топчибашев пен А. Ибрагимовке жүктелді. Съезде 5 тармақтан тұратын қарар шығарылды. Онда мұсылмандар отаршыл жүйемен күресте орыс және басқа да халықтардың демократиялық күштерімен бірлесіп әрекет етуінің қажеттігі аталып көрсетілді. Делегаттар бұл съезді Ресей мұсылмандарының өміріндегі тарихи оқиға деп бағалап, жыл сайын тамыздың 15-і күні мұсылман елді мекендерінде аталып өтілетін болсын деген қаулы қабылдады.
Жаңа заманда басталған империалистік елдердің шикізат алу көзі мен товар өткізу рыногы ретіндегі отар елдерге деген қызығушылығы, Түркістанды да ірі мемлекеттердің бәсекелестік күрес аренасына айналдырмай қоймады. ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында аяқталған ірі державалар арасындағы әлемді бөлісу процесі, әлемдік өркениеттің үлкен бір бөлігін құраған Тұран елі - Түркістан өлкесін де отар елге айналдырып тынды. 1863-1864 жылдары полковник Черняевтің жасақтарының жасаған әскери қимылдары нәтижесінде тұтастай Түркістанның, сонымен бірге қазақтың Ұлы жүзінің Ресейге қосылуы аяқталды.Орыс үкіметінің Қазақстан мен Орта Азияда жүргізген отарлау саясатының империяның басқа отарлық аймақтарымен (мысалы, Польша, Балтық теңізінің жағалауы, Закавказье) салыстырғанда айтарлықтай ерекшелігі болды. Бұл ерекшелік - мұндағы саясаттың толық отаршылдық орнату сипатында болғаны. Бұл өлкеде Сібір, Қырым, Еділ өңірі сияқты тұрғындарын толық орыстандыру мақсаты көзделді.
Ресей патшалығының өз отар аймақтарында халықты орыстандыру, шоқындыру ісінде қолданған тәсілдері екі бағытта жүргізіліп, саяси және идеологиялық жолмен өрбіді. Халықтың рухани өміріне шабуыл жасауда күш қолданудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігіне және бастысы оның қарсыласу қозғалысын туғызатынына осы уақытқа дейінгі тәжірибесінен көз жеткізген отаршыл үкімет, қазақ даласында және Түркістан өлкесінде шоқындыру, орыстандыру әрекеттерін жүзеге асыруда екінші жолды, миссионерлік жолды басты бағыт етіп алды. Миссионерлер қазақ халқын орыстандыруда жергілікті халықтың рухани тамырының тірегі болып табылатын мұсылмандық мектептерді, медреселерді жауып, орнына аралас қазақ-орыс мектептерін ашуға үлкен күш салды.
Зерттеулер орыс отарлауына дейін Түркістанда білім берудің негізгі түрі дәстүрлі мектептер мен медреселер болғандығын көрсетеді. Отарлақ әкімшілік жергілікті халықты орыстандыру үшін ең алдымен халық ағарту мекемелерінің қызметін барынша шектеп, сол арқылы ұлттық мәдениеттің негізін шайқалтуды міндет етіп қойды. Ресей патшалығының отарлауына дейін жергілікті халықтың сауаттылық деңгейі жоғары болған. Зерттеулер ХХ ғасырдың басында өлкеде 5892 мектеп пен 353 медресе болғандығын мәлімдейді.
Осы жерде көңіл аударарлық жәйт - бұл білім беру орындарының басым бөлігі заңнан тыс, яғни орыс отаршыл үкіметінің рұқсатынсыз ашылғандар еді. Оны тарихшы К.Рысбайдың мына зерттеулерінен байқауға болады. ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы білімнің дамуы туралы жаза келе, ғалым: 1913 жылы кең-байтақ қазақ даласында не бары 157 орыс-қазақ мектебі бар еді, олардың көпшілігінде оқушылар саны 50-ден аспайтын. Оның есесіне, жер-жерде бастауыш діни оқу орындары заңсыз (нұсқау бойынша отарлық өкімет орындарының жазбаша рұқсаты талап етілетін) жұмыс істеді. Олардың саны дәл есептеуге келмейтін, өкіметтен жасырылатын. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Сырдария облысының Шымкент оязындағы бір ғана Түркістан учаскесінде мыңнан астам осындай мектеп болған, - деп жазады.

Түркістан өлкесінде жергілікті халықты ұлттық ерекшеліктерінен, тілі мен дінен айыра отырып, сол арқылы қазақтарды этностық тұрғыдан ыдыратып жіберуге тырысқан патша әкімшілігі 1868 жылы өлкеде ислам діні қызметкерлерінің құқықтарын шектейтін Уақытша ереже қабылдайды. Ол бойынша сұраусыз мешіт салуға, жаңа медреселер ашуға тыйым салынады. Керісінше, осы Ережеге Қазақстанда христиан дінін таратуға бағытталған бірнеше тармақ енгізіледі. Христиан дініне кіріп, қандай да болсын бір селолық қоғамға жазылған қазақтарға жеңілдік беріледі. Христиан дініне кіргендігі үшін қазақ өлтірілсе, оның ісі әскери сотта қаралады. Исламға қарсы күрес барысында Түркістан генерал-губернаторы Духовскийдің 1899 жылғы баяндамасында: Мемлекетте шешілуін күтіп тұрған шаралардың алдыңғы сапында мұсылмандық мәселесі тұрғандығын және мемлекеттік организмге жабысқан осы індетке қарсы күрес қажеттігін атап көрсетілді. Тіпті ол Ислам - біздің дінімізге ғана емес, бүкіл мәдениетімізге жау кодекс деп түсіндіреді. Империя шеңберіндегі мұсылмандықтың ошағын жою үшін Түркістан өлкесі ерекше назарға алынып, біртұтас халқының діни өмірі әскери-азаматтық бақылауға алынды.
Орыстандыру, шоқындыру іс-шараларын жүргізуде мынандай бағытта жұмыстар жүргізілді: казак-орыс қоныстарына шіркеу, мінәжат үйлерін салып, оған жергілікті халықты тарту; шіркеу жанынан приходтық мектептер ашып, онда жергілікті халық балаларын оқыту; жергілікті тұрғындар арасында христиандық ілім негіздерін насихаттау; орыс мектептерінде оқитын жергілікті халық балаларына христиан ілімі пәнінен дәріс беру.
Өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының саяси және рухани өміріне жасалған отарлық шабуыл жергілікті халықтың отарлыққа қарсы бірігуіне алып келетін жағдайларды қалыптастырды. Олар патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы күреске бірігіп шықты. Ал Ислам діні бұл күрестің идеологиялық туына айналды. Бұл күрес тарихқа мұсылмандық қозғалыс деген атпен енді. Этнографиялық құрамы күрделі Түркістан халқын патша үкіметінің отарлаушы саясатына қарсы біріктірген бірден-бір күш - мұсылманшылдық болды.
Мұсылмандардың жағдайы, оның отаршыл үкімет тарапынан көріп отырған қысымшылықтары, соның ішінде діни істері жөнінде көріп отырған қысымшылықтары империя мұсылмандарының ХХ ғасыр басында Бүкілресейлік дәрежеде өткізген бірнеше съездерінде талқыланды. Мысалы, 1914 жылы маусымда Ресей Мемлекеттік Думасы Мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде мұсылман халықтарының рухани істерін ретке келтіру мәселесі талқыға түседі. Съезде қазақтар орталық орыс өкіметінен қазақтардың мүфтилік мәселесін шешуді өтініп жеделхат жолдады. Съезде қазақтар арасындағы рухани істер жөнінде баяндама жасаған Б.Қаратаев: қазақтар бұрын Орынбор мүфтилігіне қарайтын, өткен ғасырдың 60-шы жылдары үкімет орындары оларды Орынбор мүфтилігінен шығарып тастағанда, қазақтар енді православиеге өтеді деп үміттенді. Сондықтан әр болысқа бір мешіттен артық мешіт салуға рұқсат бермеді. Алайда қазақтар бір мешіттің орнына ондаған мешіттер салып, жасырын әрекет етті дей отырып, қазақтарды ендігі жерде Орынбор мүфтилігіне қайта қосу керектігін айтқан.
Мұсылмандық қозғалыстың саяси күш, саяси қозғалыс ретінде тарихта қалдырған ең ірі жетістіктері - Бүкілресейлік мұсылман съездерін өткізу болды. Империялық державаның түкпір-түкпірінен мұсылман өкілдерінің басын қосқан бұл жиылыстарда империя шеңберіндегі мұсылман халықтарына ұлттық немесе мәдени автономия беру, олардың тіл, дін, мәдениет салаларында Ресей азаматтарымен тең құқықта болуы, жергілікті езілген халыққа саяси бостандықтар әперу, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу сияқты ауқымды және ұлт тағдырындағы маңызды мәселелер көтерілді. ХХ ғасыр басындағы Ресей империясы көлеміндегі мұсылмандық қозғалыс тарихында жалпыресейлік алты бірдей мұсылман съездері өткізіліпті. Олардың алғашқы үшеуі - 1905-1907 жылдар аралығында, төртіншісі - 1914 жылы және бесіншісі - 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде, алтыншысы - осы жылы 21-31 шілде аралығында Қазан қаласында өткізіледі. Алғашқы үшеуіне 1905 жылғы Бірінші орыс революциясы ықпал етсе, соңғыларына патшаны тақтан құлатқан ақпан төңкерісінің ықпалы болғандығын жоққа шығара алмаймыз.
Мұсылман халықтары бас қосқан бірінші бүкілресейлік мұсылмандар съезі 1905 жылы Нижний Новгород қаласында өтеді. Үкімет орындарының рұқсат бермеуіне байланысты, бұл алғашқы съезді жасырын түрде қала маңындағы Ока өзенінде, Густав Струве кемесінде өткізуге тура келеді. Татар, әзербайжан, қазақ және тағы басқа мұсылман халықтарының өкілдері қастысқан съезге И.Гаспринский төрағалық етеді. Съезд әзербайжан халқының өкілі А.Топчибашевтың: Уа, дінге берік бауырлар. Осы күн есімізден мәңгі шықпас. Бұл күн бұдан соң да Ресей мұсылмандарының жыл сайынғы ұлттық мейрамдарының бірі болатынына шүбә келтірмеймін. Біз тегіміз, дініміз, тағдырымыз бір түрік балаларымыз... деген тебіреністі сөздерімен ашылды.

Съезде делегаттар діни, мәдени, саяси талаптарын империяның шет аймақтарындағы езілген мұсылман халықтарының құқықтары тұрғысынан тұжырымдайды. Ресей империясының мұсылмандары жалпы мемлекеттік мүддеге сай, сондай-ақ Ресей өмірі жағдайында бүгін және болашақта бірігіп қимыл жасауы үшін бір саяси парияға бірігуі керек деген қаулы қабылданады. Осы съезде мұсылман партиясы (Иттифақ-ул-муслимин - Ресей мұсылмандары одағы) бағдарламасының жобасы мен 23 тармақтан тұратын жарғысы қабылданады. Онда 16 қалада, оның ішінде Омбыда, Оралда, Орынборда, Семейде, Верныйда, Перовскіде Қызылжарда, Ташкентте партияның бөлімшелері ашылатыны көрсетіледі.
Ресей империясы мұсылмандарының басын қосқан Ресей мұсылмандары одағының бағдарламасын қабылдауда 1906 жылы тамыздың 16-сы мен 21-і аралығында, Нижний Новгород қаласында 800 ге жуық делегаттың қатысуымен өткен үшінші жалпыресейлік мұсылман съезінің тарихи маңызы зор болды. 72 тармақтан тұратын бағдарламалық құжат дәл осы съезде қабылданды. Съезд делегаттары оқу мәселесі бойынша 33 тармақтан тұратын қарар қабылдады. Онда мұсылман балалар үшін барлық елді мекендерде бастауыш және орта мектептер ашу, оқуды араб графикасы негізінде ана тілінде жүргізу мәселелері қарастырылды. Мұсылмандар бірлігін арттыра түсу мақсатында съезд ортақ түркі тілі барлық мектептерде оқытылсын деген шешім қабылдады. Делегаттар барлық мүфтилер сайлансын; қазақ облыстарының діни істері Орынбор мүфтилігіне тапсырылсын; Түркістанда өз алдына жеке мүфтилік ашылсын деген қорытындыға келді. Халық ағарту мәселесінде, ана тілінде сабақ жүргізетін бастауыш мектептерін ашу, орыс тілін орыс мектептерде тек қосымша пән ретінде оқыту, бастауыш мектептерді үкімет тарапынан қаржыландыру сияқты мәселелер көтерілді.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі демократиялық өзгерістер кезеңінде Түркістан өлкесінде жергілікті мұсылман халқының мүддесін қорғайтын мұсылмандық қоғамдық-саяси ұйымдар құрылды. Олардың ішінде қоғамдық-саяси өмірге ықпалы жөнінен ең бірінші орында прогрессивті Шуро-и-ислам ұйымы тұрды. Бұл ұйым ХІХ ғасырдың екінші жартысында татар интеллигенциясы арасында, негізінен ұлттық мектептерді реформалау, оны бұрынғы діни-схоластикалық щеңберден шығарып, зайырлы пәндермен толықтыру, осылайша мұсылман жастарының көзін ашып, қоғамдық -- саяси санасын ояту арқылы өркениетті елдер қатарына қосуды мақсат еткен жәдитшілдік қозғалыстан бастау алды. Ұйым мүшелері монархиялық билік жойылып, жаңа өзгерістерден үміт күткен осы бір тарихи кезеңде өлкенің мұсылман жұртшылығының осы уақытқа дейін қордаланған күрмеуі қиын мәселелерін шешуге тырысып, осы жолда өлкелік мұсылман құрылтайларын өткізді. Бұл жиындарда Ресейдің болашақтағы мемлекеттік құрылысы және ондағы Түркістанның саяси статусы, Түркістанды жайлаған аштық мәселесі, дін, оқу-ағарту, жаңа құрылып жатқан билік органдарына жергілікті халықты тарту деңгейін көтеру сияқты маңызды мәселелерді қарастырды.

1917 жылғы Петерборда болған екінші төңкеріс Ақпан төңкерісі сыйлаған демократиялық өзгерістерді, ең басты болашақта өзімізді-өзіміз басқарсақ деген үмітті жоққа шығару қаупін тудырды. Большевиктік төңкерісті Түркістанның азаттық күрес жетекшілері мойындамады. Сондықтан да М.Шоқай бастаған азаттық жолындағы күрескерлер 1917 жылы қарашада өлкеде большевиктік үкіметке альтернатива болатын екінші өкіметті - Түркістан автономиясын жариялады.

Жергілікті мұсылман халқының мақсат-мүддесін қорғауға ұмтылған бұл жаңа мемлекеттік құрылым 1918 жылдың көктемінде өлкеде орныққан большевиктік күштердің қарулы шабуылының нәтижесінде құлатылды. Оның жетекшілері, үкімет мүшелері қуғындалып, М.Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.

Осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын өлке халқының ұлттық ерекшеліктерін, тілі мен дінін сақтап қалу, мемлекеттік дербестікке қол жеткізу, сол арқылы қазақ жерін отарлаушы күштердің меншігіне өтіп кетуден және жас ұрпақты ұлттық негізден қол үзіп, орыстанып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысы жайында
Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы туралы
Түркістан және Алаш автономияларының әлсіреуі
Алғашқы жалпықазақ съездері және олардың саяси мазмұны.
Түркістан және Алаш автономияларының мақсаты, мәні, күйреуі
Бірінші орыс революциясы
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
Алашорданың құрылуы
Бірінші орыс революциясының қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси өмірге әсері және Қарқаралы петициясы
Пәндер