Бір металл пен екі қышқылдан түзілген тұздар - аралас тұздар
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы
Орындаған: Жусупова Д.Б
химиялық талдау және сараптама 1 курс
Тексерген: Мадиева Л.К
Атырау қаласы 2020 жыл
Жоспар:
1.Кіріспе
2,Бейорганикалық заттардың жіктелуі
3.Оксидтер. Олардың жіктелуі
4.Қышқылдар. Негіздер. Тұздар
5. Комплексті қосылыстар
6.Қорытынды
7.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Барлық заттар жай және күрделі болып бөлінеді. Жай заттар бір ғана элементтерден тұрады, ал күрделі заттардың құрамына екі немесе одан да көп элементтер кіреді. Жай заттар екі түрлі: металдар және бейметалдар. Металдарда ерекше өздеріне тән металдық жылтыры болады, тапталғыш, иілімді, жылу мен электрөткізгіштіктері жақсы. Бөлме жағдайында барлық металдар (сынаптан басқасы) қатты күйінде кездеседі. Бейметалдарда металдарға тән жылтыры болмайды, олар үгілгіш, жылумен электрөткізгіштіктері нашар. Кейбіреулері кәдімгі жағдайда газ тәріздес болып келеді. Күрделі заттар органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып бөлінеді. Бейорганикалық химия периодтық жүйедегі барлық элементтер химиясын қамтиды. Органикалық қосылыстардың қасиеттері бейорганикалық қосылыстардан ерекше, ал элементорганикалық қосылыстар аралық орын алады.
2.Бейорганикалық заттар құрамына сәйкес (екіэлементтік, немесе бинарлык, қосылыстар мен көпэлементтік қосылыстар: оттекті, азотты т.б) және осы заттардың химиялық реакцияда орындайтын функциясына, яғни химиялық қасиеттеріне сәйкес (қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану т.б) әртүрлі кластарға жіктеледі.
Бинарлы қосылыстарға кез-келген екі түрлі элементтен тұратын қосылыстар жатады. Мысалы, азот пен оттегінің бинарлық қосылыстары: N2О, NO, N2O3, NO2, N2O5; мыс пен күкірттің бинарлық қосылыстары: Cu2S, CuS, CuS2. Бинарлық қосылыстардың формулаларында металдар бейметалдан бұрын көрсетіледі: SnCl2, Al3N. Егер бинарлық қосылыс екі бейметалдан түзілген болса, онда бірінші орынға келесі тізбекте солға қарай орналасқан элемент символы жазылады: B, Si, C, As, P, H, Te, Se, S, I, Br, Cl, N, O, F. Мысалы, CBr4, H2O, SF6. Егер бинарлық қосылыс екі металдан тұратын болса, онда бірінші үлкен периодтың басында орналасқан металл көрсетіледі. Ал егер екі металл да бір топта орналасқан болса, онда бірінші реттік нөмірі үлкен элемент көрсетіледі. Мысалы, Cu Zn, AuCu3.
Бинарлық қосылыстар бейметалл типіне сәйкес әртүрлі кластарға жіктеледі, ал қалған бинарлық қосылыстар металдар арасындағы қосылыстарға - интерметаллидтерге жатады.
Олардың атаулары бейметалдардың латынша атауының түбіріне ид жұрнағын жалғау арқылы түзіледі. Терісэлектрлік төмен элемент әртүрлі тотығу күйінде кездесетін болса, онда оның атауынан кейін жақшада тотығу дәрежесі көрсетіледі. Мысалы, Cu2O -- мыс (I) оксиді, CuO -- мыс (II) оксиді, СО көміртек (II) оксиді, СО2 - көміртек (IV) оксиді. Тотығу дәрежесінің орнына грек сандары көмегімен құрамы көрсетіледі: СО - көміртек монооксиді, СО2 - көміртек диоксиді, Fe3O4 - темір тетраоксиді. Кейбір бинарлық қосылыстар үшін дәстүрлі атаулары сақталады: H2O -- су, NH3 -- аммиак.
3. Табиғатта оксидтер өте кең таралған. Олардың көбімен адамдар күнделікті өмірдің өзінде өте жиі кездестіріп отырады. Оксидтер ғаламшарымыздағы тепе -- теңдікті сақтауда өте үлкен рөл атқарады. Кейбір оксидтерге тоқтала отырсақ:
CO2 , көміртек диоксиді(IV), көмірқышықыл газы табиғатта көптеп таралған қосылыс. Қазіргі кезде оны газдалған сусындар дайындауда, оның жануды қолдамау қасиетіне байланысты өрт сөндіргіштер жасауда қолданады. Барлық органикалық қосылыстардың жану реакциясының өнімдерінің бірі -- көміртек оксиді (IV). Адамдар мен жануарлар да тыныс алу мезетінде сыртқы ортаға CO2 бөліп шығарады. Адамзат үшін маңызды өсімдіктердің фотосинтез реакциясы сол көміртек оксиді арқылы жүзеге асады. H2O, сутек оксиді немесе су. Адам өміріне ең қажетті қосылыс. Жердегі барлық үрдістерді реттейді, өмір тудырады, тірі ағзалардың массаларының үлкен үлесін құрайды және өндірісте көптеп қолданылады.
N2O -- Азот оксиді(I) немесе күлдіргіш газ. Ғасырлар бойы медицинада анестетик ретінде қолданылған. Сонымен қатар автокөліктердегі моторлардың жұмысын нығайту және жақсарту үшін қолданылады.
Бинарлық қосылыстардың ішінде кең тарағандары - оксидтер. Функционалдық белгілеріне сәйкес оксидтер тұзтүзетін және тұзтүзбейтін деп бөлінеді. Тұзтүзетін оксидтер негіздік, қышқылдық және амфотерлік болып жіктеледі.
Қышқылдармен (немесе қышқылдық оксидтермен) әрекеттесіп, тұзтүзетін оксидтер негіздік деп аталады. Суды қосып алып (тікелей немесе жанама), негіздік оксидтер негіздерді түзеді. Мысалы, кальций оксиді СаО сумен әрекеттесіп, кальций гидроксидіне Са(ОН)2 айналады:
СаО +Н2О--Са(ОН)2.
Магний оксиді МgO- негіздік оксид. Ол суда нашар ериді, бірақ оған негіз-магний гидроксиді Mg (OH)2 сәйкес келеді.
Негіздермен (немесе негіздік оксидтермен ) әрекеттесіп, тұзтүзетін оксидтер қышқылдық деп аталады. Суды қосып алып (тікелей немесе жанама), қышқылдық оксидтер қышқылға айналады. Мысалы, күкірт (VI) оксиді SO3 сумен әрекеттесіп, күкірт қышқылын H2SO4 түзеді:
SO3 + H2O = H2SO4
Кремний диоксиді SiO2 қышқылдық оксид. Ол сумен тікелей әрекеттеспейді, бірақ оған кремний қышқылы H2SiO3 сәйкес келеді Қышқылдық оксидтерді алудың бір әдісі -- сәйкес қышқылды сусыздандыру. Сондықтан қышқылдық оксидтерді ангидридтер деп атайды.
Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесіп, тұзтүзетін оксидтер амфотерлік деп аталады. Ондай оксидтерге мысалы, Al2O3, ZnO, PbO, Cr2O3 жатады.
Тұзтүзбейтін оксидтер қышқылмен де, негізбен де әрекеттескенде, тұз түзілмейді. Мысалы, азот (I) оксиді N2O, азот (II) оксиді NO.
Элементтердің оттегімен тағы да бір қосылыстары белгілі, олар құрамы бойынша оксидтер класына, ал құрылысы мен қасиеттері бойынша тұздарға жатады. Ондай заттардың мысалы ретінде металдар пероксидтерін айтуға болады. Мысалы, барий пероксиді BaO2, натрий пероксиді Na2O2. Табиғаты бойынша металдар пероксидтері әлсіз қышқылдың сутегі пероксидінің H2O2 - тұздары болып табылады.
4.Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына қышқылдар, негіздер және тұздар жатады.
Электролиттік диссоциациялану теориясы тарапынан қышқылдар ерітінділерде сутек ионын бөліп диссоциацияланатын заттар. Қышқылдар мен негіздердің протондық теориясы тұрғысынан қышқылдар сутегі ионын беруге қабілеті бар заттар, яғни протондар донорлары. Қышқылдарға тән химиялық қасиеттері -- олардың негіздермен әрекеттесіп, тұзтүзу қабілеттері, мысалы:
H2SO4 + 2NaOH = Na2SO4 + 2H2O
2 HNO3 + FeO = Fe(NO3)2 + H2O
2 HCl + ZnO = ZnCl2 + H2O
Қышқылдар күштеріне, негіздіктеріне және қышқылдың құрамында оттегі болуы мен болмауына сәйкес жіктеледі. Күштері бойынша қышқылдар күшті және әлсіз болып бөлінеді. Маңызды күшті қышқылдар -- азот қышқылы HNO3, күкірт қышқылы H2SO4 және тұз қышқылы HCl. Оттегінің болуына сәйкес оттекті қышқылдар (HNO3, H3PO4) мен оттексіз қышқылдарды (HCl, H2S) айырады.
Негізділігі бойынша, яғни қышқыл молекуласы құрамындағы сутек атомының санына сәйкес қышқылдар бірнегізді (HCl, HNO3), екінегізді (H2S, H2SO4), үшнегізді (H3PO4, H3BO3) т.б. болады.
Оттексіз қышқылдардың атаулары қышқыл түзетін элементтің атауына сутек жұрнағын қосу арқылы беріледі: HCl -- хлорсутек, H2S -- күкіртсутек. Оттекті қышқылдардың атаулары элемент атауына қышқылы сөзін қосу арқылы пайда болады. Егер элементтің тотығу дәрежесі ең жоғары болса келесідей аталады: мысалы, H2SO4- күкірт қышқылы, HNO3 -- азот қышқылы.
Элементтің тотығу дәрежелері төмендеген сайын олардың атаулары келесі тәртіпте жүреді:
HClO3- хлорлы қышқыл, HClO2- хлорлау қышқыл, HOCI- хлорлылау қышқыл.
Электролиттік диссоциациялану теориясы тарапынан негіздер ерітінділерінде гидроксид-иондарды бөлу арқылы диссоциацияланатын заттар. Негіздердің маңызды химиялық қасиеттері - қышқылдармен (қышқылдық және амфотерлік оксидтермен) әрекеттесіп, тұзтүзу қабілеттері, мысалы:
KOH + HCl = KCl + H2O
Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3 + H2O
2 NaOH + ZnO = Na2ZnO2 + H2O
Қышқылдар мен негіздердің протондық теориясы тұрғысынан негіздер сутек иондарын қосып алуға қабілеті бар заттар, яғни протондар акцепторлары. Мысалы: аммиак - сутек протонын қосып алып, аммоний -- ионын NH4+ түзеді. Негіздер тәрізді аммиак қышқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді:
2 NH3 + H2SO4 = (NH4)2SO4
Қосып алатын протондар санына сәйкес бірқышқылдық негіздерді (LiOH, KOH, NaOH) және екіқышқылдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz