Кеңес өкіметіне қарсы саяси күштері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы


№1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметі

Мамандығы: ЭлектроЭнергетика

Орындаған: Рамазанов Дарын Асланұлы
Тобы: ЭЭк 20-12
(Аты-жөні)
Тексерген: т.ғ.д., Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры: Берлібаев Б.Т
(Аты-жөні, атағы, қызметі.)
________________ ____________________
_________ 2020ж
(бағасы) (қолы)

Алматы 2020

Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметі
Жоспар:
1) Кіріспе
2) Ахмет Байтұрсыновтың саяси қызметі
3) 1918-1919 жылдардағы билікке қарсы саяси күштері
4) Қазақтың ақыны
5) Қорытынды
6) Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тұтас буынның төлбасы кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі , ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағыда 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.
Ахметтің өмірбаянында көрсетуінше: мешін жылы, 1872 жылы туған. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үш жасында жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық-зорлыққа шыдамай, 1855 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яколевтің басын жарып жібереді. Мұның арты-дүние-мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищиде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусыынан бастап мұғалім болады:Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды.
ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси жағдай күрделене түсті. Бір жағынан патшалы Ресейдің отаршылдық саясаты күшейсе, екінші жағынан, жергілікті ұлықтардың озбырлығы да отқа май құя түскендей болды. Осы кезде бір топ қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев ұлт-азаттық қозғалыстың көш басшылары болып, халқын күрес жолына бастады.
Осы үркердей топтың ішінде Ахмет Байтұрсыновтың азаттық жолындағы күресте атқарған қызметі айрықша. Оның бүкіл саналы ғұмыры туған халқының бақытты болашағы үшін қызмет етуге арналған. Қазақ тарихындағы осы ұлы тұлғаның қоғамдық-саяси қызметі мен мемлекет қайраткері ретіндегі еңбегіне талдау жасап, бүгінгі күүнің көзқарасымен баға беру, құнды жақтарын көрсету тақырыптың маңыздылығын арттыра түседі.
А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялыларының патшалық дәуірдегі және Кеңес өкіметі тұсындағы атқарған қызметіне ұзақ жылдар бойы зерттеушілер тарапынан қате А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялыларының патшалық дәуірдегі және Кеңес өкіметі тұсындағы атқарған қызметіне ұзақ жылдар бойы зерттеушілер тарапынан қате пайымдау мен сыңаржақ тұжырым негізінде баға берілді. Тек 1988 жылы 4 қараша күні ақталғаннан кейін А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметін зерттеу және оған объективти тарихи тұрғыдан баға беру мақсатында ізденістер жүргізіліп, маңызды еңбектер жариялана бастады. Бүгінгі таңда А.Байтұрсыновтың саяси-ағартушылық қызметін зерттеу маңызды әрі қажет дүние.
Сондықтан, ХХ ғасырдың І-ші ширегіндегі мәдени-ағарту және саяси мәселелер жөніндегі зерттеулерді салыстыра талдау жасау арқылы, осы саладағы Ахмет Байтұрсыновтың саяси және ағартушылық қызметін жаңа демократиялық тұрғыдан ашып көрсету тақырыптың өзектілігі болып тұр.
Тақырыпты өзекті ететін тағы бір мәселе, ол А.Байтұрсыновтың саяси және ағартушылық қызметін жаңа демократиялық тұрғыдан ашып көрсету тақырыбымның өзектілігі болып тұр.
А.Байтұрсыновтың ақпан революциясынан кейін құрылған "Алаш" партиясында қызмет ету кезінде партияның бағдарламасын құруы. Бұл аталған партияның құрылудағы мақсаты мен міндетін және қазақ халқына деген қажеттілігін айқындап береді.
Сонымен бірге Кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында қазақ мемлекет қайраткерлері мен зиялыларын қоғамнан алыстату мақсатымен "халық жауы" ретінде құрту саясатын А.Байтұрсыновтың өмірбаяны мен саяси қызметі арқылы ұғынуға үлкен мүмкіншілік туып отыр.
Тарихнама. Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасырдың басында-ақ халыққа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік, ақындық, журналистік қызметі мен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ел игілігіне айналған асыл мұра қалдырған .
Осыған қарамастан оның ардақты есімі мен сан қырлы еңбегі жөнінде 20-80 жылдар аралығында сөз сөйлеу мүмкін болмады. Себеп оның сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жалған жаламен "халық жауы" аталып, атылып кеткені еді. Тек 50 жылдан астам уақыттан кейін Республика прокурорының наразылық білдіруі бойынша Қазақ КСР Жоғары соты М.Жұмабаевты, А.Байтұрсыновты және Ж.Аймауытовты олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқтығына орай, қайтыс болғаннан кейін толық ақтады.
Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің комиссиясы жеке адамға табыну кезінде жазықсыз жазаға ұшыраған және социалистік заңдылықты бұрмалаудың құрбаны болған А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық және әдеби қызметі жөніндегі тарихи шындықты толық көлемінде қалпына келтіру қажет деп санайды.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым, қоғам қайраткері ретіндегі өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектері негізінен, оның туғанына 50 жыл толу меретойы тұсында жарияланған. "Ақжол" газетінің 1923 жылғы 4-ақпан күні жарияланған нөмірінде Мұхтар Әуезов А.Байтұрсыновтың атқарған еңбектеріне әділ баға берген.
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тарихындағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамның бірі-Сәкен Сейфуллин. Ол "Еңбекші Қазақ" газетінің 1923 жылдың 30 қаңтар күнгі санында "Ахмет Байтұрсынов елуге толды" атты арнайы мақаласын жариялады, онда: "Ахмет Байтұрсынов-қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арам құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кісі, өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жақтаған, патша заманында жалғыз - -ақ Ахмет Байтұрсынов еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернаторда, сотта күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды"- деп жаза келіп, "Қырық мысал", "Маса" кітаптарын, "Қазақ" газетіне редакторлық еткен еңбектерін, Алаш кезеңін, артынан Компартияға кіргенін түгел шолып айтады да мынадай тұжырым жасайды: "Қалай болса да жазушысы азғана, әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай... Елуге келген Ақанды шын көңілден құттықтап, өмірінің ұзақ болуын тілеймін"
Бұдан кейінгі уақыттарда, сталинизм қылышынан қан тамған зұлмат жылдарда, репресиялар басталған кезде "байтал түгіл бас қайғы" дейтін күндер туды. Ол шақта Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін, оның тарихтағы орнын көрсетпек түгіл, атын атауды өзі-қылмыс, азамат басын жұтатын, абақтыға апарар жолға айналды.
Қазақстанда осы қиын кездің өзінде де түркі танушылар тарпынан оқта-текте ол туралы бірең-сараң пікірлер айтылып қалып жүрді. Соның ішінде академик А.Н.Кононовтың Мәскеуде 1974 жылы шыққан "Отандық түркологтардың библиографиялық сөздігі" кітабында А.Байтұрсыновтың өмір жолы, әлеуметтік-қоғамдық қызметі, басты еңбектері нақты айтылып, ол "араб алфавиті негізінде жеткізілген синтаксисі, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазды" деп тарихи тұрғыдан әділ көрсетілді.
Ахмет Байтұрсынов жөніндегі көптеген газет-журналдарда әртүрлі мақалалар басылған. Атап айтқанда, "Жұлдыз" журналының 1989 жылғы 6-нөмірінде Ғалым Ахмедовтың "Ахаңның өмір кезеңдері" атты мақаласында өзінің Орынборда оқып жүргенде көрген, ескі жазба, архивтерде кездестірген, А.Байтұрсыновтың замандастарынан естіген кейбір жұртшылық біле бермейтін жайларды баяндап өткен.
Мұнда Байтұрсыновтың өмір жолын, көрген қиындықтарын, "Қазақ" газетінде редакторлық еткен жылдарын, 24 әріптен тұратын қазақ алфавитін жасап шығарып, жазуымызды жеңілдеткені жөнінде айтылады. Сонымен кейбір жайттарды терістейді, яғни Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойында ешқандай да шіріген жұмыртқа лақтырып А.Байтұрсыновты сахнадан қумағанын, тіпті көрермен қауым өздерінің шын ықылас ниеттерін білдірген мерейтой болғанын дәлелдейді.
Сонымен бірге "Қазақстан коммунисі" журналының 1991 жылғы 1-санында "Қазақ" газеті жайында мақала басылған.
А.Байтұрсынов жайлы көптеген мақалалар 1998 жылы, яғни 125 жасқа толған кезінде басылды. Мәселен "Ақиқат" журналының осы жылғы 3-нөмірінен 12-нөміріне дейін "Қазақ" газетінің көптеген материалдары басылып шықты.
Мақсаты, міндеті: Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты аяулы да ардақты азамат Ахмет Байтұрсыновтың саяси және ағартушылық қызметін ғылыми түрде саралап, зерделеу. Бұл мақсатпен мынадай міндеттер туындайды:
-Ахмет Байтұрсыновтың "Алаш" партиясы мен Алашорда өкіметін құру жолындағы саяси қызметін талдау;
-Кеңес өкіметі тұсындағы саяси қызметіне баға беру;
-ХХ ғасыр басындағы ұлт және жер мәселесі, оқу-ағарту ісі, мемлекеттік құрылыс туралы келелі ойлар қозғап, ұран көтерген "Қазақ" газеті және ондағы Ахмет Байтұрсыновтың еңбегіне баға беру;
-Қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтар авторы ретінде Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметін саралап,зерделеу;
-Халық ағарту комиссары ретінде атқарған қызметіне баға беру.
Қазақстанды Ресейге қосылуының аяқталуы отаршылдық саясаттың күшеюіне үлкен жол ашты. Ресейде капитализмнің басқа аумақтарға ұмтылуына мүмкіндік туды. Аймақтарды отарлау орыс тарихының реформаға дейінгі жағдайына қарағанда, капиталистік кезеңінде кеңінен жүргізіле басталды.
Ресей капитализмнің отаны ретінде Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, жергілікті шикізаттар саласы дамыды. Бұлар тау-кен өндірушісі және кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл шаруашылық, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп. Тау-кен өнеркәсібі кеңіді. Алтайды және Орталық Қазақстанда дамыды. Онда түсті металлдар мен көмір кен орындары игеріле бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің жоспарлы дамуы болған жоқ. Кен орындары және кәсіпкерлерге сатылды, олар 20 жылдан пайдаланып кен қоры азайысымен, ол кен орындарын тастап кетті. ХІХ ғасырдың аяғында Алтайда А.Демидовтың зауыттарымен кеніштері пайда болды, ол қайтыс болғаннан кейін кен құрамында күмістің табылуына байланысты "Кабинеттің(патша әулетінің) меншігіне өтті. Бұл өнеркәсіп орындарында басыбайлы шаруалардың еңбегі пайдаланылды, артта қалған техника қолданылды. 1897 жылы Зырянда байыту фабрикасын салу, неғұрлым жетілген өндіріс техникамен технологиясын қолданды.
Орталық Қазақстанда көмір және түсті металдар кен орындарын пайдалану неғұрлым табысты болды. Оларға ХІХ ғасырдың 30 жылдарда орыс кәсіптік капиталы назар аударған болатын, бұған мұнда патша әулетінің монополиясының болуы да ықпал етті.
1834 жылы Көпес С.И.Попов Қарқаралы уезінде Богословск күміс-қорғасын және басқа да бай кен орындарын игере бастады. 1939 жылы ол қорғасын мен күміс балқытуға арналған Благодатно-Степнавоский зауытын, ал 1849 жылы Александровск(Баянауыл) зауытын салды. Жиырма жылдан сәл астам уақыт пайдаланғаннан кейін екі зауытта өз жұмысын тоқтатты. С.И.Поповтың мұрагері 1858-1859 жылдары Новониколевск күміс-қорғасын(Богословск кен орнын негізінде) салды. ХІХ ғасырдың 40 жылдары көпестер И.Ушаков, А.Рязанов, Н.Зотов жергілікті байлардан Қарағанды көмір кенішін, Успенск мыс кеніші бар алқабын, Жезқазған мен Спаск-Вознесенск кенді аудандарын арзанға сатып алып, мыс өндірумен айналысты. С.А.Попов( С.А.Поповтың немересі) 1887-1888 жылдары Қарқаралыға жақын жерде Косьмо-Демьянск, Балқаш көлінің жағалауына жақын жерде Степановск зауыттарының негізін қалады. Бұл өнеркәсіп орындарының бәрін кәсіпкерлер жергілікті қаражаттары мен тәжірибесі болмай, өндіріс техникасы төмен және білікті жұмысшылары жоқ жағдайда салып пайдаланды. Олардың иелерінің көпшілігі оңай пайда тауып кетті де, ақыр аяғында күйзеліске ұшырады.

1918-1919 жылдары Кеңес өкіметіне қарсы саяси күштері. 1918-1919 жылдары Кеңес өкіметіне қарсы саяси күштерімен одақтас болып, Қазақстанда болшевизмге қарсы күресумен шектелмей, бұл күрестің барысында күш салмағы қарсыластар жағына ауа бастаған. 1919 жылдың көктемінде Алаш басшылығының келісімімен Кеңес өкіметі жағына шыққан.В.И.Лениннің ұйғаруымен А.Байтұрсынов 1919 жылы жазда құрылған қазақ өлкесін басқару жөніндегі жоғары кеңестік ұйым Қазақ революциялық мақсаттарға пайдалану үшін күшті тартып алып отырады.Қазақ халқы отарлық езгіні әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, рухани салада да бірдей көтереді. Ә.Бөкейханов төңірегіне топтасқан зиялылар ең алдымен, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов өздерінің әдеби шығармаларының беттерінде демократиялық мәндегі ұлттық тең құқықтылық, халықтың мәдениетін көтеру, отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты әлеуметтік-саяси мәні бар мәселелерді көрсетеді. Бұған А.Байтұрсыновтың "Маса" өлеңі мен М.Дулатовтың "Оян Қазақ" өлеңі дәлел бола алады. Ұлттық мәні бар саяси-әлеуметтік және мәдениеттік мәселелерді көтеріп, шешуде мерзімі баспасөздің атқарар қызметінің маңыздылығын А.Байтұрсынов жақсы түсінді. Сондықтан да ол шын мәніндегі жалпы ұлттық газет шығару ісіне көп күш жұмсады. Ә.Бөкейхановтың бағыт беруімен, А.Байтұрсыновтың басшылығымен, М.Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық би ресми "Қазақ" газеті шыға бастады. Оның бірінші санында жарияланған оқырмандарға арнап А.Байтұрсыновтың газеті "халықтың көзі, құлағы, һәм тілі" деп анықтай келіп, оның "жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап береді.
1918 жылы 2 наурызда Кеңес өкіметі оны жапқанға дейн 265 саны жарық көрді. Алаш редакторлық еткен "Қазақ" газетінің төңірегіне топтасқан білімпаз азаматтар оның беттерінде жарияланған жер, ұлт мәселесі, оқу-ағарту ісі, мемлекеттік құрылыс сияқты маңызды мәселелер жөніндегі мақалалар арқылы, кейде ыммен, кейде ашық айтылған пікірлері арқылы патша өкіметінің орталық саясатын сынап, оған демократиялық мазмұндағы талаптар қоюмен қатар халықтың саяси санасын тәрбиеледі. Міржақыптың "Оян Қазақ" өлеңіндегі, Ахметтің "Маса" өлеңіндегі ұлттық намысты қайрау, халық санасын ояту идеялары "қазақтың" беттерінде нақтыландыра, өткерлендіріле түсті.
Газет 1917 жылы шілдеде дүниеге келген ұлттық демократиялық партияны дайындауда сан қырлы, салиқалы жұмыстар атқарды.Партия Ресейде 1917 жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі елде орын алған саяси хал-ахуал берген мүмкіндіктер жағдайында 1917 жыл 12-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкіл қазақтық съезде құрылды. Бұл партияға " Алаш" деген ат берілді. Партия бағдарламасының жобасын жасауға, Ахаңмен бірге Әлихан Бөкейханов, М.Дулатов, Е.Ғұмарова, Е.Тұрмұханбетов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов қатынасты. Петроградта қазан революциясы жеңіске жетіп, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау процесі жүріп жатқан кезінде А.Байтұрсыновтың белсенді араласуымен дайындалған "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы " Қазақ" газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы санында жарияланды. Социалистік идеялары, оның ішінде большевизм оның ту етіп ұстаған Кеңес өкіметінің саясатын қабылдамаған "Алаш" қайраткерлері дайындаған бұл саяси құжат 10 бабтан тұрады да, онда "Алаш" партиясының мемлекеттік құрылыс, жергілікті бостандық, жер, дін, сот, оқу білім мәселелері жөніндегі мақсат-міндеттері тұжырымдалды. 1919 жылдың тамызында жарияланған "Қазақтар және революция" деген мақаласында былай негіздеді: "Қазақтарға февраль революциясы қаншалықты түсінікті болса, Октябрь Социалистік революциясы соншалықты түсініксіз көрінді".
Екіншісінің түсініксіз болуын оп-оңай ұғындыруға болады: қазақтарда капитализм де, топтық жіктелу де жоқ, тіпті жеке меншіктің өзін басқа халықтардағыдай айдар тағып ажырату қиын: көптеген пайдалану бұйымдары оларға қауымдық дәулет болып саналады. Қазақтардың күнкөріс жағдайына және жеке меншік заттарда белгілі меже болмауына байланысты Қазақ әзірше социалистік қоғамға деген мұқтаждық қажет болмай отыр.
1917 жылы 5-17 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық екінші съезінде қабылдаған 10 мәселенің ішіндегі ең маңыздылары бүкіл қазақ жерлерін біріктіретін Алаш автонмиясын және "Халықтық милиция" атанған Алаш автономиясының қарулы күштерін жасақтау жөнінде қабылданған шешімдер болды. Алаш автономиясы мен Алашорда өкіметінің құрылуын қазан төңкерісі мен большевиктік билік әкелген монархияға қарсы тосқауыл ретінде түсінген А.Байтұрсынов большевиктік үстемдіктің Қазақстандағы алғашқы қадамдарына мынадай баға берді: "Ресейдің орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарға ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық өкімет билігімен қатар жүргізіледі. Егер бұрын патша шенеуніктері аталған адамдар тобы қазақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер коммунистердің тобы жүргізіп отыр". Алашорда Кеңес Өкіметін мойындамай 1919 жылы жазда басталған азамат соғысы жағдайында оған қарсы ашық күреске шыққан күштермен одақтасты. (Сібір өкіметімен, Орал казачествосымен, Орынбор, Колчак басқармасы). 1919 жылғы көктемде Алашорда, бір жағынан колчак өкіметімен байланысты түгелдей үзбей отырып екінші жағынан, Кеңес өкіметімен байланысын жандандыруға мәжбүр болды.
Ахмет Байтұрсынов , алдымен, Қазақстанның далалық өлкесіндегі Кеңес өкіметінің комиссары Ә.Жангелдинмен байланыс орнатып, одан кейін Москваға барып, Ресей Федерациясының ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.Сталинмен келіссөздер жүргізді. Саяси хал-ахуалдың дамуындағ ы осындай өзгерістер келіссөз жүргізу үшін Москавға барған А.Байтұрсыновтың жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осыған қарамастан А.Байтұрсынов большевиктердің Алашордамен байланысқа барып, қазақ халқының тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізу қажеттігін дәлелдеуге көп күш жұмсады.
Кеңес үкіметі Қазақ халқының Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық мемлекетін ұйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылдың шілденің 10 күні В.И.Ленин "Қырғыз өлкесін басқаратын революциялық комитет жөніндегі уақытша ережеге" қол қойды. Казревкомның мүшелігіне алғашында А.Байтұрсынов, С.Пестковский енгізіліп, кейін әр кезде оның құрамында Б.Қаратаев, М.Тұнғаншин, Б.Қаралдин, Т.Седельников, Т.Әлібеков т.б болды. Қазревком төрағасының орынбасары және ішікі істер бөлімінің меңгерушісі болып сайланған А.Байтұрсынов көп кешікпей "Жизнь национальностей" газетінде "Революция және Қазақтар" деген мақала жариялады. Онда басқа мәселелермен қатар Алаш партиясымен Алашорда үкіметі жетекшілерінің саяси көзқарас ерекшеліктерін түсіндіретін тұжырымдар жасады. "Мен,-осы жолдарды жазушы,-деді өз мақаласында: А.Байтұрсынов-патша үкіметі кезінде қазақтың ұлттық саясатын жүргізуді басқарған және патша үкіметіне қарсы күрескен қазақ интелегенттерінің өкіліне Алашордалықтардың торғайлық тобының делегаты ретінде Орталық Советтік Ресейге келіссөз жүргізуге келген мен...
Ресей халықтары құқығы Декларациясына сәйкес қазақ мәселесіне ықыласпен зер салғандықтың куәсі болдым. Колчак билігінен Совет үкіметін ортағырақ көруіміз қате еместігін өз жолдастарыма айтып, оларды тынштандырғым келеді".
А.Байтұрсыновтың Кеңес өкіметі жағына шығуын және оның Қазреволюциясының мүшелігіне тағайындалып қызметін большевиктер саяси науқанға айналдырып жіберді. Белгілі әскер және саяси қызметкер М.Фрунзенің ұсынысымен Ресей коммунистік партиясының мүшелігіне қабылданды. Орынборда шығып тұрған "Известия Киргизского края" атты большевиктік газеттің сол жылы сәуірдің 15 күнгі санында арнай мақала жарияланып, А.Байтұрсынов сияқты аса ірі "қайраткер және әдебиетшінің бейбіт ұлттың либерализмнен Қазан революциясын және Совет өкіметін тануға дейін кезеңдерден өтіп халықаралық коммунизм келуін партияның ірі жеңісі және оның қазақтар арасындағы ықпалының өсуінің жақсы көрінісі"-, деп бағалады. А.Байтұрсынов болса коммунистік партияға бір жылдай ғана мүше болған болатын ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақталған А.Байтұрсыновтың 1929 жылы маусымның 2 күні ОГГТУ тергеушісіне берген жауабында осы жөнінде былай делінген: "Мен, дейді ол,-партиядан 1921 жылғы тазалау барысында енжарлығым үшін шығып қалдым. Менің енжарлығым ғылыми жұмысқа тереңдей берілгендіктен және жалпы алғанда саясатқа аз көңіл аударғандығымнан көрінді".
А.Байтұрсыновтың осы бағыттарда атқарған сан-салалы қызметінің ең маңыздылары оның, біріншіден, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының этникалық территориясының тұтастығы негізінде Кеңестік реформада болса да қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру үшін жүргізген айқасы, екіншіден, Алаш қозғалысының басшылары мен қатардағы мүшелеріне Кеңес өкіметі тарапынан кешірім жасау үшін жүргізген күрес болды.
Қазревкомның 1919 жылы 41, ал 1920 жылы 50 мәжілісі өтті. А.Байтұрсыновтың сол мәжілістерінің басым көпшілігінде баяндамалар жасағанына, жарыс сөздерге қатысқанына, ұсыныстар енгізгендігіне, қабылдайтын шешімдердің жобасын дайындағанына, ал жекелеген мәжілістерге төрағалық жасағандығы көрсетілген. А.Байтұрсынов Қазревкомның мәжілісінде көбінесе, Ресей құрамында құрылуы тиісті Қазақ автономиялы КСР-ң шекараларын анықтауға, оның әкімшілік-территориялық құрылымын қалыптастыруға, жергілікті басқару жүйесін жетекші кадрлармен жасақтауға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде
Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.)
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің Қазақстанға әсері
Азамат соғысы
Алашорда өкіметінің құрылуы және тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі
ХVІІІ ғасырдағы Цин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы
Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісінің ерекшеліктері
Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер
Пәндер