Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық - саяси қызметі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: ____Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі.____
Мамандығы:____ B062 - Электротехника және энергетика _____
Орындаған:___Назымбек Е.Б.___ Тобы:__ЭЭк-20-9__
(Аты-жөні)
Тексерген:__Берлібаев Б.Т. т.ғ.д., Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры.__
(Аты-жөні, атағы, қызметі)

_____________ ______________ _____ ______________2020__ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2020
Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі.
Жоспар:
1)Кіріспе: Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев - қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың бірі.
2)Негізгі бөлім: Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі.
3)Қорытынды.
Дерек көздері мен әдебиеттер.

Кіріспе. Кеңес Одағының күйреуі, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы қоғамдық ғылымдарда назардан тыс қалып келген мәселелердің шешімін табуға, соның ішінде тарих ғылымында бұрын сыңаржақ қаралып келген,идеологиялық себептермен айтыла бермейтін жабық тақырыптарды зерттеп,ғылыми талдаудан өткізу үшін жаңа міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі таңда осы проблемаларды пайымдылықпен зерттеудің нәтижесінде тарихымыздың көмескі беттерінің шындығы ашылып, оларға шынайы баға берудің ғылыми деңгейі жаңа сатыға көтерілді.Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, еліміздің тарихына жаңаша ой-пікірлердің қалыптаса бастаған шағында халқымыздың азаттық жолында қызмет атқарған тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық- саяси қызметі туралы мағлұматтарды ғылыми арнада жүйелеп, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік туды.Халқымыздың шынайы тарихын қалпына келтіру, Қазақстан тұрғындарына тарихи сананы қалыптастырудың мемлекеттттік концепциясында маңызды мәселе ретінде қойылды. "Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан қоғамының қайта жаңғыруы" атты Халық бірлігі және Ұлттық тарих жылына арналған ғылыми сессияда да: "Мыңжылдыққа аяқ басарда бізге өткен-кеткенімізді қайтадан сараптамасқа жағдай жоқ. Өйткені тарихи жадымызды қалпына келтіріп,тағдырымызды қайта таразылау тәуелсіздігіміздің де мән-маңызын тереңірек ұғындыра түседі",- деп көрсетілді.XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін күреске толы кезең. Өйткені, Ресей үкіметінің қол астында болып, патша мен оның шенеуніктерінің езгісі мен тепкісін көрген қазақ халқы басқа бұратана халықтармен қатар өз азаттығы үшін күреске шықты. Бұл кезде қазақ қоғамында ұлттың еңсесін көтеріп, патша саясатына ашық түрде қарсы шыққан қазақ интеллигенциясының қатары қалыптаса бастаған болатын. XIX ғасырдың екіншіжартысы мен XX ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының жаңа легінің пайда болуы азаттық күресін сапалы жаңа сатыға көтеріп, елдің мәдени-рухани өсуіне үлкен жол ашып берді.Осы зиялы топ қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, ұлт-азаттық жолындағы күресте көш бастаушы болды. Қазақ интеллигенттерінің бұрыннан алдына қойған мақсаттарының бірі- жер мәселесі еді. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты. Осы кезеңде қазақ мүддесі үшін күрес жүргізген нар тұлғалы тұлғалардың бірі, II Мемлекеттік Думаның депутаты-Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев болды.Тәуелсіз Қазақстан Республикасы кәсіби парламентінің 10 жылдығына жасаған баяндамасында Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов Думаға сайланған депутаттар туралы айта келіп олардың еңбегін: "... тіпті баршамызға үлгі болар қазақ парламентарийінің алғашқы тарихи келбетін қалыптастырды"- деп жоғары бағалаған еді.
Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев - қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың бірі. Туған халқын құлдық бұғаудан құтқару мақсатында патша үкіметімен ымырасызкүрес жүргізген көрнекті қоғам қайраткері, алғашқы қазақ заңгері болғанБақытжан Қаратаевтың есімі 20 жылдай бойы Ресей мен қазақ баспасөзі беттерінен түспей, қаламы "Айқап", "Қазақстан", "Орал" сияқты т.б. көптеген басылымдардың бағыт-бағдарына үлкен әсерін тигізген еді. Терең публицистикалық мақалалары болса қазақ қоғамының көкейкесті мәселелеріне арналып, Ресей мұсылмандарының назарын аударған-ды. Өткір сынды, ашын жазылған мақалалары халықты азаттық пен бостандық идеяларына баулумен қатар, қазақ халқының рухани өсіп, шыңдалуына да өлшеусіз үлес қосты. Бақытжан Қаратаевтың табиғатынан ұшқыр ойы, отты жүрек дара тұлғасы,асқан білімділігі, халықтың жарқын болашағы үшін әр салада атқарған қызметі мен заңдылықтарды басқару процесін ауадай қажетті талап ретінде енгізу мәселесін көтеруі-оны даланың дарынды перзенттеріне жатқызады.Энциклопедиялық білім иесі, ірі гуманист, реформатор, публицист, ағартушы, демократ, қазақ қоғамының демократиялық жолмен дамуын көксеген қайраткерсонымен қатар, қарама-қайшылықтар мен аумалы-төкпелі өзгерістерге толы өз аманының да ұлы еді.Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев - Орал облысының Қаратөбе аумағының Ақбақай ауылында 1860 жылы мамырдың 10 жұлдызында Дәулетжан сұлтанның шаңырағында дүниеге келген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Б.Б.Қаратаевтың өмірбаяны, қоғамдық-саяси қызметі, көзқарасы және шығармашылық қызметі біртұтас кешенді ғылыми тұрғыдан жеке тақырып ретінде зерттелмегенімен, қазақ тарихына қатысты зерттеулерде белгілі дәрежеде ғылыми айналысқа енді. Олардың құндылығы ғұмырнамалық, әдеби, ғылыми және жалпы танымдық тұрғысынан жазылғандығымен және берілген бағалар өзінің әркелкілігімен ерекшеленеді. Б.Б.Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметін Алаш қозғалысы, оған қатысқан қазақ зиялылары тарихымен тікелей байланыстыра зерттеу қажет. Себебі, ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысқа қазақтың барлық оқыған зиялылары қатысты. Ал, Б.Б.Қаратаев осы кезеңде қалыптасқан қазақтың ұлттық-демократиялық зиялылары көшбасшыларының бірі бола білді. 1913 жылы Ж.Сейдалин: қазақ зиялыларының тарландары - Бақытжан Қаратаев, Әлихан Бөкейханов және Бақыш Құлманов, бұл үшеуі өзі үш рулы ел болса да, Алаш дегенде басы бір жерге қосылса керек. - деп өз пікірін білдірген болатын. Ұлт зиялысы Ж.Сейдалиннің өз заманында айтқан бұл пікірі көп нәрсені аңғартады, әрі Б.Б.Қаратаевтың қызметіне объективті тұрғыда берілген жоғары баға деп есептеуге болады. Б.Б.Қаратаевтың ғұмырнамасын зерттеушілердің қатарында М.Ысмағұловтың есімі ерекше. 1967 жылы Білім және еңбек журналы бетінде Б.Б.Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі жөнінде жариялаған көлемді мақаласында М.Ысмағұлов: Қазақ халқының болашағы, бақыты үшін күрескен абзал азаматтарымыздың бірі - Бақытжан Қаратаев екені сөзсіз.Оның өмірі қазіргі және келешек ұрпаққа өнегелі үлгі боларлық сыр-сипатқа өте бай-деп бағалап, Б.Б.Қаратаев өмірі мен қызметін зерттеуде ғылымға жаңа леп берді. Кешегі заманда М.Ысмағұловтың Б.Б.Қаратаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі жөнінде жазылып, бірақ жарияланбаған қолжазбасы бүгінде ғылыми айналысқа еніп, тұлғаны тануға септігін тигізіп отырғаны анық. М.Ысмағұловпен тұстас Ғ.Сапарғалиевтың 1966 жылы Қазақстандағы патша үкіметінің отарлық саясаты жөніндегі еңбегі жарық көрді. Зерттеуде Б.Б.Қаратаевтың қооғамдық-саяси қызметіне қысқаша тоқталып, оны қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілі және өзінің талаптарымен езілген халықтың мүддесін көздеген қайраткер ретінде бағалады. С.Зиманов та Б.Б.Қаратаевтың Мемлекеттік Думадағы және қазақ баспасөзін шығару жолындағы қоғамдық-саяси қызметтерін объективті бағалап, өз үлесін қосты. Кейін С.Зиманов Қ.Ыдырысовпен бірге жазған еңбегінде де, Б.Б.Қаратаевты Айқап журналы мен Қазақстан газетінің идеологы деп бағалап, ағартушылық қызметіне оң баға берді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси-экономикалық көзқарастарын анықтауға қалам тартқан М.Жақсыалиев, М.Сералин, Ж.Сейдалин және Ғ.Қарашев сынды Б.Б.Қаратаев та қазақ қоғамының ілгері дамуына демократиялық бағыт ұстаған, қазақ халқының әлеуметтік дамуын жақтаған ірі қоғам қайраткері ретінде атап өтеді. Б.Б.Қаратаевтың ІІ Думадағы патша үкіметінің қоныстандыру саясатын әшкерелей сөйлеген сөзі көптеген зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тауып, түрлі пікір айтылды. Кезінде В.И.Ленин 1905-1907 жылдардағы социал-демократтардың аграрлық бағдарламасы жөніндегі еңбегінде Б.Б.Қаратаевтың сөзіне ерекше назар аударып, көзқарасын білдірген болатын. С.Зиманов пен М.Ысмағұлов ІІ Дума отырысында сол кезеңдегі қазақ қоғамындағы ең бір күрделі де, шиеленіскен аграрлық мәселе жөнінде сөйлеген сөзіне ғылыми тұрғыдан талдау жасап, дұрыс бағалануына атсалысты.1985 жылы С.Созақбаевтың Петербург университеті Қазақстанның саяси және құқықтық ой-пікірінің тарихында тақырыбында жазылған кандидаттық диссертациясы қорғалды. Автор Б.Б.Қаратаевты төңкеріске дейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірінің тарихында ерекше орын алатын ағартушы-демократ, ірі қоғам қайраткері ретінде жоғары бағалап, оның студенттік кезеңінен тың мәліметтер жинақтаған.
Семестрлік жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Менің семестрлік жұмысымның басты мақсаты - Б.Б.Қаратаевтың ғұмырының барлық кезеңдерін қоғамдағы саяси-әлеуметтік процестермен байланыстыра отырып, қоғамдық саяси қызметін тың деректерге сүйене отырып, зерттеу.Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер қойылды: 1) Б.Б.Қаратаевтың туып-өскен және білім алған ортасы, оның қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына әсер еткен жағдайларды айқындау;
2) ХХ ғасыр басында Б.Б.Қаратаевтың қоғамдық-саяси өмірге араласуына объективті баға беру мақсатында бірінші орыс революциясы тұсындағы,
Мемлекеттік Думадағы және т.б қызметіне талдау жасау; Ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшыларының бірі ретінде Ресей империясының отарлық саясатын, ұлттық езгіні сынауы және оның қазақ халқының жер, дін, оқу-ағарту мәселелеріне қатысты көзқарасын талдау жасау арқылы ашып көрсету;
3) Б.Б.Қаратаевтың ғылыми-зерттеу және естелік еңбектерін көрсету.

Негізгі бөлім. XX ғасырдың басындағы журналист, заңгер Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі, "Айқап" журналы мен "Қазақстан" "Орал" газеттерінің беттерінде жарияланған қазақ қоғамының келешегі, қазақ шаруаларының тағдыры, жер мәселесіне қатысты көзқарасы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.Жеке тұлғалар тарихы ешқашан халқынан бөлінген емес, керісінше ұлтымыздың әйгілі қайраткерлерін тану арқылы тұтастай еліміздің тарихы жазылады.Сондықтан бүгінгі қазақ тарихнамасына ғасыр басында қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін шешуге тырысқан Бақытжан Қаратаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеу ғылыми зерттеу обьектісі болуға лайықты, тарих ғылымындағы өзекті мәселердің бірі болып табылады.Бақытжан Қаратаевқа арналған зерттеулер біраз болғанмен, оның өмірбаянын ғылыми тұрғыда неғұрлым толық әрі жүйелі тұрғыдан талдауға алған зерттеу еңбектер әлі жазыла қойған жоқ. Бақытжан Қаратаевтың Қазақ төңкерісіне дейінгі кезеңде қалыптасқан көзқарасы туралы әр кезеңде әр түрлі жазылып келді.XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің саясатына қарсы мақсаттағы азаттық қозғалыстар мен көкейкесті мәселелерді шешуде жол сілтеп, жол көрсеткен Бақытжан Қаратаевтың саяси мақсатын Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов еңбектері айқындайды. Сонымен қатар, 1923 жылы Орынборда жазылып, 1995 жылы профессор Ә.Тәкенов пен архивист-ғалым Б.Байғалиев, жас ғалым Г.Жүгенбаеваның құрастыруымен жарық көрген Телжан Шонанұлының "Жер тағдыры - ел тағдыры" еңбегінде қазақ жерін талан-таражға салып, қоныстандыру саясатын жүргізіп келген патша үкіметінің заңсыз әрекеттері батыл әшкерелеген. Ол қазақ жеріндегі отарлауын кезеңдерге бөліп, тигізген зиянын, осының нәтижесінде қазақ - орыс арасында туындаған қақтығыстарды баса көрсетеді.Бірінші орыс революциясынан кейінгі Б.Қаратаевтың көзқарасы туралызерттеуші- ғалым А.Ф. Якунин "Қазақстанда 1905-1907 жж революция" атты еңбегінде 1905-1907 жылдар аралығында Қазақстанда екі түрлі бағыттағы зиялы қауым тобының болғандығын атап өтеді. Ол буржуазияшыл-ұлтшыл бағыттың өзін екіге: "батысшылдар"(Ә.Бөкейханов басқарған), "мұсылмандық" (Б.Қаратаев басқарған) деп екіге бөліп, олардың патша шенеуніктеріне қарсы жүргізген күрес барысын айқындап беруге тырысты.Ұлттық интеллигенция тарихы мен қызметі 20-40 жылдары сол заман ағымымен зерттелгені белгілі. Қазақ интеллигенциясының саяси қызметін шынайы түрде көрсетуге тырысқан ғалымдар Т.Рысқұлов пен С.Асфендияровтар үкімет тарапынан қудалануға түсті. Т.Рысқұлов қазақ интеллигенциясының пайда болуы мен қалыптасуына зор көңіл бөліп, олардың саяси қызметін саралап көрсетуге ұмтылса, ал С.Асфендияров қазақ интеллигенциясының пайда болуын XIX ғасырдың аяғына жатқызып, олардың іс- әрекеттерін дәйекті түрде көрсетуге тырысты.Кеңестік кезеңдегі әміршіл-әкәімшіл жүйенің салдарынан көптеген зерттеушілер Бақытжан Қаратаевты бай- феодалдар мүддесінің қорғаушысы ретінде танып, таптық көзқарастың шырмауына маталған пікірден алшақ кете алмады. Ғылыми тұрғыда әділетті баға беруге цензорлық тосқауылдар қойылды. Мысалы, танымал, ірі тарихшымыз Е.Бекмахановтың 1957 жылы жарық көрген еңбегінде Бақытжан Қаратаевтың есімі тікелей аталмаса да, II Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының бәрі "Ұлтшыл көзқарастағы қазақ зиялыларының өкілдері және бай феодалдардың мүддесін қорғаудағылар"-деп бағаланған еді.Сонымен қатар, Бақытжан Қаратаевтың Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі көзқарастарын зерттеген ғалымдардың бірі - К.Бейсембиев болды. Ол өзінің еңбегінде Бақытжан Қаратаевтың атқарған мен қоғамдық - саяси көзқарастарына коммунистік-тоталитарлық идеология талаптарына тән талдау жасады. Бақытжан Қаратаевтың жар құлағы жастыққа тимей өз халқының саяси құқын, бар байлығы- жерін қорғап, өз елін әлеуметтік дамуға қоса толыққанды мұсылмандылық пен имандылыққа шақырған еңбектерін К.Бейсембиев: "панисламизм мен пантюркизм реакциялық қозғалысының диірменіне су құйды" - деп бағалады.Осындай тұжырымдарды С.Бейсенбаевтың,П.Пахмурныйдың да еңбектерінен аңғаруға болады. Пахмурный Бақытжан Қаратаевтың Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі жан-жақты қызметін жоққа шығарып, оны монархияны жақтаған, бай-феодалдардың сойылын соққан, ұлт азаттық қозғалыс пен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған әрекеттерін еш уақытта жақтамаған мағынада суреттейді: " ... националистическая интеллигенция оказалась не в состоянии возглавить национально-освободительное движение ...Б.Б.Каратаев...будучи членом кадетской партии, оставался сторонником монархии ивсячески это засвидетельствовать"70-жылдары Б.Қаратаевтың және XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының экономикалық көзқарастарын зерттеген М.Жақсалиев болды. Коммунистік идеологияның таптық талаптарынан еркін шыға алмаған зерттеуші қазақ зиялыларының көзқарастарын бағалауда көптеген тосқауылдарға тап болды.Соның салдарынан, мысалы, Бақытжан Қаратаев прогрессивтік-демократиялық бағыт ұстанған, қазақ халқының әлеуметтік прогресін жақтаған ағартушы -демократ және ірі қоғам қайраткері ретінде танылса, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Досмұхамедовтар сияқты қайраткерлер діни-ұлтшыл ағымның өкілдері ретінде сипатталады.80 жылдары Бақытжан Қаратаевтың II Мемлекеттік Думада сөйлеген сөздеріне ғылыми тұрғыда талдау жасаған академик С.З.Зиманов пен Бақытжан Қаратаевтың мол мұрасына біршама көңіл бөлген М.Ш.Ысмағұлов болды.Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алашорда тарихын қайта қарап, ақиқат тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік берді. Қазақ интеллигенциясы тарихын, олардың ұлттық ерекшеліктері мен өзіндік қадір-қасиетін анықтауда жаңа тарихи таныммен күрделі зерттеулер басылып шықты.Бұған М.Қозыбаевтың (Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992), К.Нұрпейісовтің (Алаш һәм Алашорда А., 1995), М.Қойгелдиевтің (Алаш қозғалысы.А.,1995), Д.Аманжолованың (Партия Алаш; история иисториография.Семей., 1993; Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М.,1994, М.Құл-Мұхаметтің (Алаш ардагері Жақып Ақбаев . А., 1996;), С.Өзбекұлының (Барлыбек Сыртанов.А.,1996; Арыстары Алаштың. Тарихи очерктер. А.,1998; ), Б.Қойшыбаевтың (Бақытжан Қаратаев.А.,1993) [19] еңбектері айқын дәлел. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ депутаттарының Ресей Мемлекеттік Думасындағы қызметі, қазақ зиялы қауымының Ресей Мұсылмандық қозғалысына қатынасуы С.Малтусыновтың,С.Смагулованың кандидаттық диссертациясында қаралған. Ғалым Ө.Озғанбайдың докторлық диссертациясы мен сол негізде шыққан монографиясы Мемлекеттік Дума мәселесін, оған қазақтардың қатысу барысын қарастырады. 2006 жылы Б.С.Әбенованың құрастыруымен Бақытжан Қаратаевтың "Обзор материалов из истории колонизации Казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов" атты қолжазбасын басып шығарды.Жұмыстың деректік негізі. Тақырыптың деректік негізіне келсек,Бақытжан Қаратаевтың II Мемлекеттік Думадағы қызметі туралы II Мемлекеттік Думаның стенографиялық есептерінен толық мәліметтер алуға болады,Құжаттар мен материалдар жинақтарында Б.Қаратаевтың Қырғыз (Қазақ) Революциялық Комитетінің құрамындағы қызметі туралы деректер келтіріледі. Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары сол кездегі ұлттық басылымдарды дерек көзі ретінде зерттеп, оның нәтижелерін ғылыми айналымға енгізуде. Мұның жарқын мысалы ретінде Үшкілтай Субханбердинаның "Қазақ", "Алаш","Сарыарқа" атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіші мен Мәмбет Қойгельдиевтің 1994 ж "Қазақ" газетінде жарияланған ұлт зиялыларының мақалаларын атаған жөн.Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивінің (ҚРОМА)1227 қорында Бақытжан Қаратаевтың жеке қоры сақталған. Бұл қорда Бақытжан Қаратаевтың өмірбаяны туралы мәліметтер беретін құжаттар, фотосуреттер,Азамат соғысы жылдарында Орал түрмесінде жазған күнделігі мен кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі туралы мәлімет беретін естелігі сақталған.Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысын жазудағы басты мақсаты- Б.Қаратаевтың өмірбаянын толық қамтып баяндап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми айналымға енген жаңа тың деректер негізінде тарихи шындық тұрғысынан талдауға алу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер койылды:
- Б.Қаратаевтың өскен және білім алған ортасы,оның қоғамдық көзқарасына
әсер еткен жағдайларды;
- Б.Қаратаевтың II Мемлекеттік Думадағы депутаттық қызметін;
- Белсенді публицист-журналист ретінде Бақытжан Бисәліұлының 1911-1914 жылдардағы "Айқап" журналы мен "Қазақстан" газетіндегі атқарған қоғамдық-саяси қызметі мен ағартушылық жұмысын;
- Азамат соғысы жылдарындағы Бақытжан Қаратаевтың өмірі мен сол жылдардағы қоғамдық-саяси қызметін;
- Бақытжан Қаратаевтың кеңестік жүйе тұсындағы Қырғыз (Қазақ) Революциялық Комитетіндегі қызметін;
- Бақытжан Қаратаевтың тарихшы-ғалым ретінде Қазақ тарихын дамытуға қосқан үлесін,осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмаған сондай-ақ, осы уақытқа дейін жарияланған деректік материалдар негізінде талдауға алу көзделінді.
Б.Б.Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметке белсене араласа бастауы 1905 жылдан, яғни бірінші орыс революциясы кезінде ерекше байқалады.1905 жылы 18 ақпан күні патша үкіметінің мемлекетті көркейту және халықтың жағдайын жақсарту мәселелеріне қатысты жеке тұлғалардан немесе ұйымдардан түскен өтініштерді қарау және талқылау ережесін қамтыған қаулы жарияланады. Бұл қаулы қазақ халқына ашық өз талаптарын қойып, мұң-мұқтаждарын жеңілдетуді сұраған петиция жазуға жол ашқан болатын. Б.Б.Қаратаевтың басшылығымен Орал және Торғай облыстарында орталық билік орындарына петиция жазып тапсыру жұмысы қызу жүргізілді.
Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отарлық езгіге,әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық,жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден,өлкенің экономикалық,және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары қатысты.Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекетінен көрінді.Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.Сөйтіп, 1905-1907 жылдарда өткен Қазақстанда жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты жұмысшылардың бірқатар саяси жөне экономикалық толқулары болып өтті. Оларға1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендері мен Успенск руднигіндегі, сондай-ақ , Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқада қалалардың кәсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады.Қазақ жерін талан-таражға салуды тоқтату мәселесін назарынан ешқашан тыс қалдырмаған Бақытжан Бисәліұлы бұл петицияны дайындауға да ат салысты және онда жер мәселесіне байланысты мынандай талаптар қойылды:
"1) Қазақ жерінде бұл күнге дейін қала салып алып, бейбіт өмір сүріп отырған орыстар отыра берсін және олар алған жерге талабымыз жоқ. Бірақ қалған жеріміз қырғыз-қазақ халқының өз пайдасына мәңгі ұрпақ мұрасы ретінде ешкімнің ортағынсыз берілсін, сондай-ақ, бұл жерді қырғыз-қазақ халқы императрица Анна Иоановнаның грамотасына сәйкес ықтиярлы, тығыздық көрмей пайдалансын;
2) Мұнан былай орыс шаруаларына қазақ жерінен жер берілмесін және қазақ жерінен қоныс аудару учаскелері ашылмасын ;
3) Далалық Ереженің 119-136, яғни барлық он жеті баптары негізсіз дептанылып, жойылсын;
4) Қырғыз-қазақ халқының қолына жер мәңгілік өзіңдікі деген құжат берілсін;
І Мемлекеттік Думаны шақыру туралы заң 1905 жылдың желтоқсан айында
патшаның екі манифесінің негізінде шықты. Үлкен атыс-тартыстың нәтижесінде
арнайы мәжілістің шешімі бойынша бұратана елдерден Думаға депутат сайлау
турасында шешім қабылданады. Алғашқы Дума таратылғаннан кейін 1907 жылдың
қаңтар-ақпан айларында ІІ Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлау жүргізілді.
Қазақ халқынан депутаттыққа Орал облысынан Бақытжан Қаратаев, Ақмола
облысынан Шәймерден Қосшығұлов, Торғай облысынан Ахмет Бірімжанов, Семей
облысынан Темірғали Нұрекенов, Жетісу облысынан Мұхамеджан Тынышпаев,
Сырдария облысынан Тілеулі Алдабергенов, Астрахань губерниясынан Бақтыгерей
Құлманов сайланды. ІІ Мемлекеттік Думада өкіметтің жүргізіп отырған
аграрлық және отаршыл саясаты сынға алынады.
1905 жылы түсірілген мына суретте қазақтың сол тұстағы жəне болашақтағы қайраткерлері бейнеленген.Бірінші қатар, ортада Бақытжан Қаратаев ХІХ ғасырдың 80-жылдарының соңында қазақ даласында қоныс аударушыларға жер бөлу саясатының салдарынан қазақтар адам төзгісіз қиындықтарды бастан кешірді. Міне, осындай шиеленісулер отаршылыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстың туындауына əкеп соқтырды. Бұл қоғамдық қозғалыстардың басында сол замандағы көзі ашық, көкірегі ояу Ахмет Байтұрсынов, Əлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Ғұмар Қарашев сынды көптеген зиялының қатарында Бақытжан Қаратаев та бар еді. Қаратаев Бақытжан Бейсəліұлы 1860 жылы Жайық өңірінің Қаратөбе ауданын - дағы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Ол Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1890 жылы оны ІІ дəрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Алған ма - мандығы бойынша Петербургте, Кутаисиде жəне Орынборда бірнеше жыл тергеуші болып істейді. 1897 жылы туған жеріне қайта оралып, Оралда, Қаратөбеде, Жым - питыда адвокат болды. 1907 жылы ІІ Мем - лекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мəселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қор - ғап сөз сөй - леген. 1907-1916 жылдары ағарту - шылық жұмыстармен айналысып, Қазақстан газетін, Айқап журналын шығаруға көмек - теседі. 1918 жылы облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. Сол жылы нау - рызда əскери үкімет бүлік ұйымдастырып, облыстық кеңес мүшелерін (ішінде Қаратаев та бар) тұтқынға алды. 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облревкомының құрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 жылы 24 шілдеде Қаратаев Қазақ əскери ревкомының мүшелігіне тағайындалды. 1920 жы - лы 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңес - тердің Бүкілқазақстандық І съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АССР-інің еңбекшілері құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АССР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің ІІ Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты. Патша өкіметінің жер саясатына қарсылық Қазақ даласына келіп қоныстанушылар саны күрт артып, құнарлы, шұрайлы жерлерінен айырылып жатқан елдің жағдайы қыл ұшына келген еді. Осындай дүрбелеңде ел жер сақтап қалу үшін не істерін білмей сабыла бастады. Сөйтіп, ел тағдыры сынға түскен кезде ұлт зиялыларының көзқарастары қиыспай екіге егін егіп, бау-бақша отырғызып, отырықшы салтқа көшейік, сонда шұрайлы жерлерімізге өзіміз ие болып қаламыз, жақсы өмір сүріп кетеміз дейді. Екіншісі - сан жылдар қалыптасқан ша - руа - шылық, өмір салты - аяқастынан өзгер - те салатын нəрсе емес, ол - өздігінен қа - лып - тасатын табиғи үрдіс, оны өзгерт - кенмен, бəрібір күйреп қалады, ұзаққа бармайды, ақыр аяғында башқұрттар құсап жерді мұжықтарға болмашы бағаға сатып, сып-сидан болып шыға келеміз. Одан да көш - пелісі көшпелі, отырықшысы отырықшы бо - лып қала берсін дейді. Орал қаласында кадеттерді жақтаушы - лар өмір тəжірибесі мол Бақытжан Қара - таевтың төңірегіне топтасты. Осы тарихи кезеңде қазақ саяси элитасының арасында кадеттер партиясына қарай ойысушылықтың байқалуы патша өкіметіне қарсы қуатты оппозициялық күшке айналған осы партия - ның қолдауына сүйеніп, қазақ халқы мүдде - сін қорғаудан туындаған еді. Қазақ кадет - терінің бағдарламасында қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау қажеттігі, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқынын тежеу, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу тағы сол сияқты талап-тілектер айтылған. Қазақ зиялылары патша өкіметінің қа - наушылық саясатына қарсы ашық жəне батыл түрде талаптарын қойып, қазақ елінің барлық мұң-мұқтажын баяндап газет беттерінде мақалалар жазып, патшаға петиция - лар жолдай бастады. Соның бірі - 1905 жылдың жазында Торғай жəне Орал облыстары қазақтарының орталық билік органдарына жолданған петиция. Қазақ жерін талан-таражға салуды тоқтату мəселесін назарынан ешқашан тыс қалдырмаған Бақытжан Бисəліұлы бұл петицияны да - йындауға тікелей атсалысты жəне онда жер мəселесіне байланысты мынандай талаптар қойылды: - қазақ жерінде бұл күнге дейін қала салып алып, бейбіт өмір сүріп отырған орыстар отыра берсін жəне олар алған жерге талабымыз жоқ. Бірақ қалған жеріміз қырғыз-қазақ халқының өз пайдасына мəңгі ұрпақ мұрасы ретінде ешкімнің ортағынсыз берілсін; - мұнан былай орыс шаруаларына қазақ жерінен жер берілмесін жəне қазақ жерінен қоныс аудару учаскелері мұнан былай ашылмасын; - Далалық ереженің барлық 17 бабы негізсіз деп танылып, жойылсын; - қырғыз-қазақ халқының қолына жер мəңгілік өзіңдікі деген құжат берілсін (ҚР ОММ, 1202-қор, 1-тізбе, 37-іс, 123-бет). Петербургке Б.Қаратаев бастап барған делегация петицияны тиісті орындарға тапсырғаннан кейін Орал қаласында Қазақстанның бес облысының өкіл - дері қатысқан съезд болып өтті. Оның деле - гат - тарының қатарында Ə.Бөкейханов, Ж.Сейдалин, М.Дулатов, Б.Сыртанов, Б.Қа - ратаев болды. І Мемлекеттік Думаны шақыру туралы заң 1905 жылдың желтоқсан айында пат - шаның екі манифесінің негізінде шықты. Үлкен атыс-тартыстың нəтижесінде арнайы мəжілістің шешімі бойынша бұра - тана елдерден Думаға депутат сайлау турасын - да шешім қабылданады. Алғашқы Дума таратылғаннан кейін 1907 жылдың қаң - тар-ақпан айларында ІІ Мемлекеттік Дума - ға депутаттар сайлау жүргізілді. Қазақ хал - қынан депутаттыққа Орал облысынан Бақытжан Қаратаев, Ақмола облысынан Шəймерден Қосшығұлов, Торғай облысынан Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан Темірғали Нұрекенов, Жетісу облысынан Мұхамеджан Тынышпаев, Сырдария облысынан Тілеулі Алдабергенов, Астрахань губерниясынан Бақтыгерей Құлманов сайланды. ІІ Мемлекеттік Думада өкіметтің жүр - гізіп отырған аграрлық жəне отаршыл саясаты сынға алынады.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында
қалыптасқан қазақ зиялыларының бірі- Бақытжан Қаратаев болды. Оның алғаш
ауыл мектебінен білім алып, 1886-1890 жылдар аралығында Санкт-Петербург
университетінде білім алуы оның саяси көзқарастарының қалыптасуына үлкен
әсерін тигізді. Алайда, 1891жылы патша әкімшілігінің Сенатына қызметке
тағайындалған Б.Қаратаевты патша чиновниктері Санкт-Петербургтан алысырақ
аймаққа - Грузияның Кутаиси қаласына тергеу жүргізу қызметіне ығыстырып
тастауға тырысты. Өйткені, 1891 жылы патша үкіметі қазақ даласын басқарудың
жаңа Далалық Ережесін даярлап жатқан еді, сондықтан да олар үшін әкімшілік
сенатында көзі ашық қазақтың жүргені қауіпті болып көрінді. Жеті жылдай
Қазақстаннан тыс жүрген Бақытжан Қаратаев 1897 жылы өзінің кіндік кескен
Орал топырағына оралып, өз мамандығы бойынша халық құқығын сақтау
мақсатында, адвокат болып орналасады. Патша чиновниктерінің қазақ даласында
жергілікті халыққа қарсы жүргізіліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақытжан Бисәліұлының кеңестік кезеңдегі қоғамдық - саяси қызметі
Б.Қаратаевтың өмірбаянын толық қамтып баяндап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін зерттеу
Бақытжан Бисәліұлы жаңа шыққан Айқап журналы туралы Айқаптың 1911 санындағы Тұла бойым тұңғышым атты мақаласында
Бақытжан Қаратаев және патша үкіметінің жер саясаты
Бақытжан Қаратаев және Ресей мемлекеттік Думасы
Алғашқы қазақ заңгері
Бақытжан Қаратаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстары
Бақытжан Қаратевтың қоғамдық-саяси қызметі
Бақытжан Қаратаев – алғашқы заңгер, депутат және комиссар
Күн сөнгенше сөнбейміз!
Пәндер