Топырақ тіршілік ортасының органикалық топтары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті «География және табиғатты қорғау»

Кафедрасы «Кадастр және жерге орналастыру»

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы топырақтану ғылымының дамуы және топырақ зерттеулері

Орындаған:Туменбай Бексұлтан Равшанұлы

Тексерген:Бисенбаева Саним Бегимовна

Мазмұны

1. Топырақтанудың көне замандардан қазірге кезге дейінгі дамуы.

2. Топырақ тіршілік ортасының органикалық топтары.

3. Топырақ құнарлығы

4. Қорытынды

1. Топырақ-табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ.

Топырақтану-топырақ жамылғысын зерттейтін ғылымы-жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи екенін анықтады.

Топырақ туралы алғашқы білімнің дами бастауы өте ерте заманнан, жер бетінде адамдардың егіншілікпен шұғылдана бастаған уақытымен сәйкес басталып, одан кейін егіншілік туралы білімнің әрі қарай дами түсуімен байланысты болып отырды. Бірақ ертеде көптеген уақыт бойы адамдар топырақ туралы тек қана жекелеген мағлұматтар жинап, оның қасиеттеріне бақылау ғана жүргізіп отырды.

Алғашқы топырақ туралы білімнің жүйеге келтіріп сипатталуы біздің дәуірге дейінгі VII ғасырымен біздің дәуірдің III ғасыры аралығында Грек-Рим цивилизациясы кезінде басталды. Осы кезеңде топырақ туралы көптеген мағлұматтар жиналып гректің, Римнің ғұлама, ойшыл философтарының трактаттарында баяндалады. Әр жер ауданында дамыған топырақтардың ерекшеліктері туралы, оларды түрлі егіншілік жүйесінде пайдалану жөнінде ой толғап, топырақты топтарға жіктеудің алғашқы талпынысы жасалды. Әсіресе Рим ойшылдары Катонның, Варроннның, Вергилийдің және Колумелланың еңбектері -кең қауымға белгілі болды. Солардың ішінде Колумелланың жазған дүние жүзіндегі бірінші ауыл шаруашылық энциклопедиясы-« Ауыл шаруашылығы туралы трактат»атты еңбегінде ол топырақтың құнарлылығы жөнінде, оны топтарға жіктеу, топырақты өңдеп - баптау, тыңайту мәселелері хақында мол мағлұмат берді.

Топырақтанудың дамуына неміс ғалымы Н. А. Кюльбельдің «Топырақтың құнарлылығы туралы кітабы»-1740 ж, француз оқымыстысы А. Тюргоның топырақтың құнарлығының кемуі туралы ілімі-1766ж, швед ғалымы Н. Валериустың топырақтың қарашіріндісін зерттеп, өсімдіктердің қарашіріндімен қоректену ілімін-1761ж, жазуы және Германияда Ф. Ахардттың шымтезектен сілтілермен шайуы арқылы қарашірінді ерітіндісін алып, оны күкірт қышқылымен тұндырып алуы -1786 ж. еңбектері үлес қосты. Еуропа егіншілігінде 19 шы ғасырда капиталистік өндірістік қатынастардың дамуы кезінде топырақтанудың агрогеологиялық және агромеденихимиялық бағыттары қалыптасып дамыған кезеңі болды. Осы кезеңде түрлі ғалымдар өз еңбегін сіңірген болатын олар: М. Г. Вольнидің, А. Д. Теердің, Г. Дэвидтің, М. Г. Павловтың, Я. Берцелиустың, Ю. Либихтың, Ж. Б. Буссенгоның агрохимия ғылымының негізін қалаған еңбектері жарық көрді.

Жалпы топырақтану ол -топырақтарды:олардың генезисін, даму тарихын, құрамы мен қасиеттерін, географиялық таралуын сондай - ақ топырақты оңтайлы пайдалану мен оның құнарлылығын арттырудың жолдарын зерттейтін ғылымның бір саласы. Топырақтың негізгі қасиеті-құнарлығы. Табиғыттың жоғарғы туындысы-адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арқылы өз мұқтажына пайдалануында. Өсімдіктер құнарлы топырақ жүйесі арқылы тамырларымен қоректік заттарды алып, суды бойына сіңіріп жапырақтарына түскен күн сәулесі мен ауадағы көмір қышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне өте мол органикалық минералдарды жинайды және едәуір энергияны шоғырландырады.

2. Топырақ-тіршілік ортасы . Топырақ-құрлықтың беткі қабаты . Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ қабатын педосфера (грекше подос -аяқ) қабығы деп атайды. Топырақ ішіндегі саңлаударды газдар қоспасы және су ерітінділері толтырып тұрады. Тірі организммен құрылым, дамуы да тағыз байланысты ортаның бірі. Жалпы топырақ ол-борпылдақ саңлаулары мол, құрылымды болып келеді. Беткі қабатында ораникалық заттарды ыдыратушы ұсақ ағзалар тіршілік етеді. Топырақ құрамы жағынан үш қабаттан тұрады. Олар бір бірінен морфологиялық және химиялық құрамына қарай айырма жасайды. Бірінші қабаты перегнойлы аккумалятивті-шөгінді шірінді бай қабат. Бұл қабатта пайда болған органикалық заттардың біразы судың шаюымен төменгі қабатқа өтеді. Ал екінші қабаты ол шайылу горизонты-мұнда жоғарға қабаттан шайылып келген заттар жиналады. Бұл қабаттағы топырақтың құрамынада әртүрлі болып келеді. Сазды күлгін, аллюмини мен темір тотықтары араласқан, қарашірікті болады. Сондықтан да беткі қабатқа қарағанда қаттылау әрі тығыздау болады. Үшінші қабатқа келетін болсақ-топырақ пайда болған ең негізгі қабат яғни аналық жыныс. Петербургте басылып шыққан «орыстың қара топырағы»1883 жылы шыққан еңбекте топырақтың толық анықтамасы, оның қасиеттері туралы түсінік. Топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты. Бірінші-бастапқы аналық жыныстар, екіншіден-ауа райы, үшіншіден-жер бедері, төртіншіден-уақыт, бесіншіден-өсімдік жануар. Жалпы топырақ түрлері : сазды топырақ, құмайт топырақ, шым тезекті топырақ. Сазды топырақ дегеніміз-құламаларда тұрақты және су бұзып кетуіне қарсы келе алатын топырақ, жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады. Ал құмайт топырақ ол-ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ: құрғақ және тым ылғалды жерлерге жолға себуге пайдаланады. Шымтезекті топырақ:ылғалылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды. Жалпы топырақта тіршілік ететін ағзалардың экологиялық топтары:мезофуна, микрофауна, макрофауна. Мезофауна-недәуір ірілеу ағзалар жиынтығы, негізінен буынаяқтылар т. б басқалары жатады. Макрофауна-2-20мм. -ге дейінгі көлемдегі жәндіктер . Оларға құрттар, қырықаяқтар, жәндіктер, шаянтәрізділер жатады . Микрофауна-топырақтағы өте ұсақ ағзалар оларға: қарапайымдылар, колораткалар, тихоходтар мен нематодтар және басқалары жатады. Ол жәндіктер үшін топырақ- микросу тоған жүйесі. Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары үш экологиялық топқа бөлінеді. Олар:геобионттар, геофиллер, геоксендер . Геобионттар - топырақта тіршілік ететін организмдер. Даму циклдары топырақта жүреді. Оған жауын құрттары жатады. Геофиллер - тіршілік циклының бір фазасы міндетті түрде топырақта ететін организмдер. Бұған шегірткелер мен қоңыздар жатады. Геоксендер - топырақты уақыта және қорғаныс ретінде пайдаланатын организмдер . Оларға : тарақандар, кемірушілер, інде тіршілік ететін сүтқоректі организмдер жатады. Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінің көзіне айналды.

3. Топырақ құнарлылығы-топырақтың өсімдіктер дүниесін қажетті қоректік заттармен және сумен, ал тамыр жүйесін оттекпен, жылумен және қолайлы физикалық химиялық ортамен қамтамасыз ету қасиеті. Бұл топырақтың ең басты қасиетінің бірі. Топырақ құнарлылығы биоценоздың жалпы өнімділігі дақылдарының түсім мөлшерін анықтайды. Топырақ құнарлылығы табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Табиғи топырақтың құнарлылығы топырақ түзілу процесінде пайда болған топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығы. Қарашірінді қабатының қалыңдығына және қарашірінді құрамына, қоректңк элементтердің жеткілікті болуына, сонымен қатар процестің қарқындылығына тәуелді. Ал жасанды топырақ құнарлылығы сол табиғи құнарлықты арттыру мақсатында қолдан жасалған көптеген әрекеттердің нәтижиесінде өңдеп, тыңайтқыштар қолданып, дақылдарды егіп өсіріп, мелиорация және тағы басқа алынады және егілген ауыл шаруашылық дақылдарының түсім мөлшеріне қарай бағаланады. Егер топырақты қорғап және оны дұрыс пайдалана білсе, құнарлылығы артады. Табиғи құнарлылығы төмен, егіншілікке жарамсыз топырақтарды адам қолымен жақсартып, егіншілікке қарқынды пайдалану арқылы жоғарғы өнім беретін алқаптарға айналдыруға болады. Жалпы табиғи құнарлылықтың қосындысы экономикалық немесе тиімділік құнарлылық деп аталады. Ғасырлар бойы адамзат қоғамы негізінен табиғи құнарлылықты пайдаланып, азды көпті өнімін қанағат тұтып келді. Ертеде ұзық жылдар бойы егіншіліктің үш танапты жүйесі орын алып, тың жатқан жерлерді жыртып, үш жылдай қатарынан егіс еккен. Ол жерлерден табиғи құнарлылығы арқасында өнім алып, кейінгі жылдары өнім азая бастаған кезде егістікті басқа жерлерге ауыстырып егу тәжірбиесі өріс алып келеді. Бұл егіншіліктің көшпелі жүйесі деп те аталады. Дегенмен ғылыми техникалық прогрестің даму нәтижесінде жерді үнемі дұрыс пайдаланған жағдайда, еш уақытты жарамсыз болып, істен шығып қалмайтыны белгілі еді. Керісінше жылдан - жылға жақсара түседі. Топырақ құнарлылығының мынандай катеогриялары болды:1. табиғи құнарлылық, 2. жасанды немесе эффективті, 3. экономикалық. Табиғи құнарлылық табиғи күйіндегі ешқандай әрекетін қажет етпейтін құнарлылық. Ал жасанды құнарлылық негізінде адам әрекетінің нәтижиесінде жасалған құнарлылық. Экономикалық құнарлылық - жерден алынған өнімді бағалау. Топырақтың топтарын қасиеттерге ажыратуға болады: 1. Физикалық қасиеттері:оның суға төзгіш құрылымы, ауа өткізгіштігі, ылғалды жақсы сіңіреді, оны ұстап тұруға болатын, физикалық-механикалық қасиеттер жатады. 2. Топырақтың химиялық және физико-химиялық қасиеттері: қара шіріндінің молдығы, өсімдіктерге сіңімді азот, фосфор неғұрлым жеткілікті болуы. Зиянды суғы еритін тұздардың неғұрлым аз болуы немесе болмауы жатады. 3. Топырақтың биологиялық қасиеттеріне: микробиологиялық белсенділіктің жоғарылығы негізінен бактериялардың басым, қатар ауадан азот жинаушы микроорганизмдердің топырақ құрылымына оны қопсытуға әсер ететін төменгі сатылы жәндіктердің болуы. 4. Өсімдіктердің өсіп-өнуі мезгілінде гидротермикалық режимнің болуы, яғни өсімдіктерді қажетті ылғал мен жылумен қамтамасыз ету. Топырақ құнарына олардың химиялық құрамы да әсер етеді. Мысал алатын болсақ, шөлді аудандар топырағында мөлшерден артық суғы еритін тұздар қосындысы жиі кездеседі. Оларды сумен шайып, артық тұздарды бұл топырақтардан кетірмейінше, жерлерден жақсы өнім алынбайды. Сонымен қатар кейбір топырақтардың сіңіру комплекстері натрий катионына қаныққан топырақ ортасының реакциясы сілтілі, физикалық қасиеттері өте нашар, ылғалы жоқ кезде қатып, ылғал болғанда батпаққа айналып құнарсыз болады. Керісінше, кейбір топырақтардың сіңіру комплексі, сіңірілген сутегі, біршама алюминий катионына қаныққан, олардың топырақ ортасының реакциясы қышқыл болып көптеген мәдени өсімдіктер үшін құнарсыз болады. Осы жағдайларды қолдан жақсартпайынша, бұл топырақтардан жақсы өнімдер алу мүмкін емес. Сондықтан осындай топырақтар кездесетін аймақтар, олардың тұзын шайын немесе топырақ орталарының реакцияларын химиялық мелиорациялау яғни гипетеу, әктендіру арқылы жақсарту шаралары әлемде көптеп жүргізілуде. Топырақтанудың бұл саласын топырақты мелиорациялау деп, онымен шұғылданатын ғылым мелиоритивтік топырақтану деп аталады. Сонымен жалпы топырақ құнарын тиімді пайдалану, оны арттыру жолдары жалпы ауылшаруашылық ғылымдар жетістіктеріне агрохимия, агрономия, сонымен қатар топырақтану ғылымының салаларына тиесілі. Бұл мәселелердің қоғамның дамуымен маңызы арта түспек, Табиғи қорлардың барлық саласында, жер қорларының және оны тиімді пайдалану сияқтты мәселелер көптеген елдердің ата заңдары мен табиғи жіне барлық салаларын қорғау туралы арнайы заңдарында қарастырған. Республикамыздың табиғатын қорғап, оның экологиялық жағдайын жақсарту, жер қорларын пайдалну туралы андайы заңдар қабылданған. Жер шарының топырақ жамылғысы әртүрлі. Тіпті, кеңістікте топырақ түзу әртүрлі болып келеді. Қазақстанның топырақ жамылғысы әр түрлі әрі күрделі болып келеді. Топырақ жамылғысы зоналар ьойынша таралады. Топырақ жалпы үш зонаға бөлінеді: қара топырақты зона, қара қоңыр топырақты зона, қоңыр сұр қоңыр топырақты зона. Қара топырақты зонаға келетін болсақ, солтүстікте тараған. Қара топырақты зонаның өзі үшке бөлінеді :сілтісізденген қара топырақ. Келес, оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы жалпы дала зонасы. Республиканың солтүстігін орманды дала белдемі алып жатыр. Топырақты үнемі баптап, оның құнарлылығын арттыру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық факторлар, факторлардың организмге әсері
Экологияны оқытудың теориялық негіздері
Негізгі тіршілік орталары
Құрлық тіршілік ортасы
Жалпы экология
Өсімдіктің экологиялық топтары
Аутэкология. Организм және қоршаған орта
Балдырлардың формалары жіп тәрізді және талломды
Шардара су қоймасының маңызы
Организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz