Топырақ кескінінің түрлері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «География және табиғатты қорғау»
Кафедрасы «Кадастр және жерге орналастыру»
СӨЖ
Тақырыбы: Топырақ кескіні және оны топырақ кескінін құру жұмыстары
Орындаған:Туменбай Бексұлтан Равшанұлы
Тексерген:Бисенбаева Саним Бегимовна
Мазмұны:
1. Топырақ горизонттары және оның сипаттамасы
2. Топырақ кескінінің түрлері
3. Топырақ және оның горизонттарының қалыңдығы
4. Топырақ горизонттарының құрылымы
5. Топырақ кескінің жасау жұмыстары
Қорытынды
1. Топырақтану ғылымының негізін қалаған орыстың дарында табиғаттанушы ғалымы В. В. Докучаев болды. Ол 1846-1903 жыл аралығында өмір сүрді. Докучаевқа дейін топырақ тек агрономия мен геологияның бір саласы ретінде ғана зерттеліп келген болатын. Ал енді топырақтарға келер болсақ. Қара топырақтың пайда болуы жайлы алғашқы дұрыс болжам жасаған ұлы ғалымдардың бірі М. В. Ломоносов болған. Оның «Жер туралы» атты кітабында айтып өткен болатын « Қара топырақтың пайда болуы минералды емес, табиғи екі патшалықтан өсімдіктер мен жануарлардан пайда болғанын барлықтарымыз мойындаймыз», -деп жазған болатын.
2. Жалпы топырақтың кескініне келетін болсақ, топырақ қазғандағы тік қабаттары топырақтың пішіні деп аталады. В. В. Докучаев топырақты үш қабатқа бөлген. А-қара шірікті, В-өтпелі, С-топырақ түзуші аналық тау жыныс қабаты. Олардың әрқасысыда тағы бірнеше бөліктерге бөлінеді. Топырақтың түсіне келетін болсақ, топырақ түсі ол морфологиялық көріністерінің ішіндегі ең негізгі бөлігі. Негізгі топырақ аттарының өзі де, топырақтың түсіне қарай қойылған. Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін құрамдарға тоқталсақ:
1. Гумус заттары жатады. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түстер береді.
2. Марганец және темір тотықтары. Олар топыраққа қызыл, сары, сия түстер береді.
3. Әк, каолинит, кремний қосылыстары, алюминий гидроксиді, суғы тез ерігіш тұздар хлоридтер және сульфаттар. Олардың түстері- ақ.
4. Темірдің шала тотықтары жатады. Олар көкшіл, сұр және сия түсті болып келеді.
Топыраққа морфологиялық сипаттама беріп, механикалық құрамын анықтайды. Топырақ бос кеуекте көп орын алады. Кеуектің көлемі әртүрлә болып келеді. Топырақтың механикалық құрамының ауылшаруашылықта және басқа мақсатта да маңызы өте зор. Топырақтың қалыптасуы мен дамуы бірнеше кезеңнен өтеді. Жас топырақтар тау жыныстарының немесе шөгінділердің ағуы нәтижесінде пайда болады. Бұнда алғашқы өсімдіктер:шөптер, мүктер. Бұның нәтижиесәнде жетілген топырақ қалыптасады. Қасиеттері климатқа және іргелі тау жыныстарына тәуелді. Топырақ саласының жақсы сақталып қалуы үшін, барлық құрамдас бөліктеріндегі зат алмасу процестерін білу қажет. Топырақта әртүрлі ағзалар бар-балдырлар, бактериялар, құрттар және тағы басқа көптеген ағзалар. Ал енді топырақ ластағыштарға келетін болсақ, оларға металлдар, радиоктивті элементтер, қосындылар. Топырақ түрлері:сазды топырақ, құмайт топырақ, шым тезекті топырақ. Сазды топырақ-су бұзылып кетуіне қарсы келе алатын топырақ. Жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады. Құмайт топырақ-ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ:тым ылғалды және құрғақ жерлерде жолға себуге пайдаланады. Шым тезекті топырақ-ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды. Топырақ- жер бетінің құнарлы қабаты.
3. Топырақтың пайда болуының өзіне тән процесінің бірі ол-пішін түзуі, былайшаай айтқанда топырақ морфологиясының қалыптасуы . Осы арқылы топырақтар өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды біз топырақтың құрылымымен шатастырып алмауымыз қажет. Морфологиялық құрылым ол топырақтың сыртқы пішіні. Морфологиялық тік қазылған шұңқырларды пайдалана отырып зерттейді. Бұл әдісті ең алғаш рет В. В. Докучаев қолданған болатын, ол тіпті қазіргі кезге дейін топырақтанудың негізгі әдісі болып отыр. Ол әдіс былай жүзеге асады: ең бірінші шұңқырды қазып алып, оның бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп қараған кезде топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады. Топырақтың әр қабатының өзіне тән сыртқы пішінмен сипатталады. Осы қабаттың түріне қарап, топырақтың түзілу процессі туралы көп мәліметтер айтуға болады. Әр түрлі топырақ элементтері де осы арқылы бір-бірінен ажыратылады. Топырақтың морфологиялық сипаттамаларына:топырақтың құрылымы, түсі, тығыздығы, әр түрлі қосылыстарының бар немесе жоғы, механикалық құрамы, әрекеті тағы басқалары жатады. Топырақтың құрылымы деген оның әр түрлі үлкенді кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Ал топырақтың нығыздылығы-борпылдақ қуысты немесе тығыз болу қасиеті, бұл көрсеткіш топырақтың жұмсақтығымен тығыздығын және құрылым бөліктерінің арасындағы қуыстар дәрежесін білдіреді. Топырақ қуыстары негізінен ауа мен судың, жылудың жылжуына ықпал етеді. Негізінен топырақтың нығыздылығы:топырақтың құрылымына, механикалық құрамына, органикалық және минералдық бөлшектердің мөлшеріне байланысты. Ал нығыздылық болса мынандай топтарға бөлінеді:
1. Өте тығыз біртұтас топырақ. Топырақ көбінесе сортаң және карбонатты жерлерде кездеседі. Механикалық құрамы ауыр, құрғақ, суды өткізбейтін болып келеді. Ал агрономиялық тұрғыдан алар болсақ, бұл топырақтар жыртуға жарамайды.
2. Келесі тығыз топырақ, ол жердің жыртылған қабатынан төмен орналасқан . Механикалық құрамы ауыр балшықты жерлерде сортаңдау болып келеді. Бұның агротехникалық жағдайын келер болсақ: ауыл шаруашылығына пайдалануға болады.
3. Ал тығыздау топырақ жердің иллювиальды қабатында кездеседі. Жұмсақтығы соншалық, мұндай топыраққа күректі күш жұмсамай ақ батыруға болады.
4. Топырақтың үстінгі қабаты ол борпылдақ қабат болады. Өйткені органикалық заттардың мол болуына байланысты, құрылымы түйіртпекті, арасынан ауа, су өтетін кеуектер көп болады. Сол үшін мұндай құнарлы топырақты, мәдени өсімдіктер жақсы өседі.
5. Ендігі кезекте бос жылжымалы топырақ, құмдақ және құмды жерлерде болады. Ауыл шаруашылығына пайдалану үшін арнайы агротехникалық шараларды қолдануды қажет етеді.
Топырақтағы қосылыстардан әртүрлі жаңа қосылыстарды байқауға болады. Олардың түстерінен топырақтың жалпы түстерінен айырмашылығы айқын көрінеді. Олар химиялық және биологиялық жолмен пайда болуына байланысты екіге бөлінеді. Топырақтың жалпы құнарлығының негізгі міндеті ол өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ету. Топырақтың органикалық құрамына гумус немесе қарашірік жатады. Ал минералдық құрамы :құм, балшық, ауа, су және кейбір тұздар. Топырақта бейорганикалық және органикалық заттар әркелкі мөлшерде болады. Сондықтан топырақтарды:қаратопырақ, құмды, балшықты, күлгін, қызылқоңыр, сорттаң және тағы да басқа түрлерге бөледі. Ал топырақтағы қатты әрі түрлі көлемдегі минералдық бөлшектердің: құмның балшықтың, тұнба, тастардың, шаңның ара қатынасы. Топырақ бөлшектері :түйірлі, ұсақтүйіршікті, құрылымсыз болып бөлінеді.
4. Топырақ эрозиясы -желіну деген мағынаны білдіреді. Оның негізгі себептері :егістік даласын өңдеу, суару кезінде кеткен қателіктер. Механикалық эрозияға келетін болсақ:егін жинау кезіндегі топырақтың техникамен тапталып, шаң болып ұшуында. Сонымен қатар мал жайылымын тиімсіз пайдалануда. Тағы бір топырақ эрозиясының түріне су эрозиясы жатады. Ол еріген қар да сонымен қатар жаңбыр суы ағатын беткейлерде қалыптасады. Келесі эрозияның түрі ол жел эрозиясы . Ол кез келген топырақтың типінде кездеседі. Желдің қатты күші арқылы, жер бетіндегі өсімдіктерді ұшырып алып кету арқылы эрозияға ұшыратады. Әдетте ормансыз, шөлейтті, шөл яғни ашық аландарда жиі болады. Оның басым болу себебы жер бедерінің көлбеу болуында. Біз эрозияларды айттық және оның қалай пайда болатынына тоқталған болатынбыз, ал енді келесі кезекте оның алдын алу жолдарына келетін болсақ:
1. Ең бірінші біз, егіс шетіне сонымен қатар тау беткейлеріне ағаш, бұталар отырғызу қажет.
2. Беткейді көлденең жырту қажет.
3. Эрозия болуы мүмкін жерлерді алдын ала жабынмен жабуымыз қажет.
4. Тағы бір ойланатын нәрсе ол -су. Міндетті түрде суды үнемдеп жұмсау қажет.
5. Құм шетіне бұталар өсіріп, суландыру қажет.
6. Мал жайылымдарын тиімді пайдалану қажет.
Негізі біз топырақ және оның құрылысы маңызын өтіп жатқаннан кейін. Біз міндетті түрде оның проблемасымен күресе алуымыз қажет деп ойлаймын.
Топырақ ол өсімдіктердің тез өсуіне жағдай жасайтын қабат. Топырақтың органикалық қалдықтарының ыдырау нәтижиесінде топырақтың қарашірік қабаты пайда болады. Ал енді қарашірік не екеніне тоқтала кетсек. Қарашірік дегеніміз жалпы өсімдік, жәндік сонымен қатар микроағзалардың органикалық қалдықтары. Топырақ өзінің жер бедеріне географиялық орнына қарай бөлінеді. Топырақтың таралуы климаттық жағдайлармен тығыз байланысты. Топырақтардың ішіндегі ең құнарлысы ол -қара топырақ. Қарашірік қабаты бір метрге дейін жетеді. Көбінесе қоңыржай белдеулеріндегі далаларда шөп астында түзіледі. Даланың топырағы қарашірікке бай. Қара қоңыр топырақтың құнарлығы аздау болады. Ал ормандарда қарашірігі аз күлгін топырақ түзіледі. Сұр қоңыр топырақтың құнарлылығы мүлдем аз болады. Шымтезек деген полярлық аймақта әрі қысқа, әрі салқын болатын аймақтарда жаз айларында өсімдік қалдықтары шіріп үлгерме қалып шымтезекке айналып кетеді. Өсімдіктер топырақтан нәр алған сайын өзінің құнарлылығын жоғалта бастайды, топырақ өте баяу түзіледі. Қалыңдығы бір сантиметр түзілуі үшін ұзақ уақыт керек, сонымен бірге жел мен су жыл сайын егістік жерлердің бір пайызын бүлдіреді. Топырақтың құнарлығын арттырып қорғау адам баласының, яғни біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы орайда біз мелиорация деген терминға тоқталамыз. Жалпы мелиорация дегеніміз - топырақтың құнарлылығын арттыруға шаруашылық және техникалық ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Мелиорацияның бірнеше түрі бар: құрғату немесе жерді суландыру, химиялық-минералдық тыңайтқыштар енгізу, биологиялық -топыраққа тірі ағзалар енгізу . Мелиорация шаралары ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін пайдалану арқылы, өсімдіктің өсіп өнуіне қолайлы жағдай жасау үшін жасалады.
Топырақтың кескінінің құрылысы ол тік кескінде кезектесіп орналасқан қабаттар. Топырақ кескіні ерекшелігіне байланысты бірнеше типтерге бөлінеді.
1. Қарапайым-топырақ құрылуының алғашқы сатыларында қалыптасады, топырақтың беткі қабаттарында өтеді. Қалыңдығы бірнеше сантиметр, кескін қабаттарға әлсіз жіктелген.
2. Толық жетілмеген-құлама беткейлерде қалыптасады. Қалыңдығы бірнеше сантиметр, көбіне таулы жерлерде болады.
3. Кәдімгі кескін-топырақ кескінінде генетикалық қабаттары толық және жақсы дамыған топырақ кескінің кең тараған түрі.
4. Әлсіз жіктелген кескін- минералдары аз топырақтарда қалыптасады, тез бұзылады. Кескін қабаттарға нашар бөлінген.
5. Бұзылған кескін- жел немесе су эрозиясына, жерді жыртқанына әр дәрежеде шалдыққан топырақтар.
6. Қалдықты кескін-күрделі әр түрлі көмілген қабаттар кездеседі. Олар алдынғы топырақ құралу үдерістерінде пайда болып, кейіннен көміліп үстіне жаңа топырақ кескіні пайда болған.
7. Көп мүшелі кескін-топырақ түзілуші жыныстары көбіне жүз сантиметр тереңдікке дейін кездескенде қалыптасады.
8. Полициклді кескін-шөгілу жағдайында қалыптасқан топырақтарға сай кескін. Оларға жайылма топырақтар кескіні жатады.
9. Аударылған кескін-топырақ қабаттары жасанды түрде жоғарығы шығарылып, жоғарыдағы қабаттар астыға түседі.
10. Мозайка тәрізді кескін-қабаттардың қабысуынан пайда болған кескін. Осыдан басқа, топырақ кескіндері заттарды тарату ерекшеліктеріне қарай жіктеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz