Басқарудың аралас құрылымдарындағы функционалды басқару және штабтық қызмет



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СОӨЖ
Мамандық: Ақпараттық жүйелер
Топ:Ис 1906
Пән : Бизнес 1

Тақырыбы: Ұйымдардың негізгі түрлеріне және олардың айырмашылықтарына шолу.

Орындаған: Абуов Н.А.
Тексерген: Байшоланова К.С.

2020-2021 жыл
Мазмұны:
I.Ұйым туралы түсінік.
II.Ұйымның түрлері және оның құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Ұйым және сыртқы орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Ұйымдағы еңбек бөлінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Менеджер- басқарудағы негізгі фигура ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

I.Ұйым туралы түсінік.
Ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе күрделі ұйымдарға қатысты қолданылады.өзара байланысты ерекше максаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ. Бұл - іскерлік кәсіпорындар, мектептер, ауруханалар, шіркеулер, түрмелер, армия, саяси партиялар, кәсіподактар, т.б. Ерте ме, кеш пе қандай болмасын ұйым басшысы ұйым құру проблемасымен кездеседі. Адамдар топтық әрекеттесудің артықшылықтарын түсінгеннен бері бұл мәселені шешуге әрдайым зейін аударып отырады. Басшылар ұйым құрылымын жобалау үшін белгілі бір теориялық негіздерге сүйенулері қажет. Ұйымдастыру процесс ретінде қарастырылады және бұл -процесс көмегімен жұмыстар мен өкілеттіктер ұғылымы жасалады. Бұл процесс кезінде түрлі құрылымдардың салыстырмалы артықшылықтарын бағалай отырып шешім қабылданады. Ол бір ретті немесе бірте-бірте дамуы мүмкін, онымен бір басшы немесе басшылар тобы шұғылдануы мүмкін.Құрылым ұйым ішіндегі әр түрлі жұмыстар арасындағы біршама белгіленген арабайланыс қатарына жатады. Тұрақты арабайланыстар шешімдер қабылдау процесінің нәтижесі болып табылады, ал соңғысы мынаны түсіндіреді: 1. Бөлімнің жалпы тапсырмасы тізбектелген ұсақ жұмыстарға бөлінеді және оның әрқайсысын орындау үшін бөлім қызметкерлері маманданады. 2. Жұмыстардың жеке түрлерін қайтадан қиыстырып топты құруды рационалдау үшін топтастырады; бөлімдерге бөлудің мәні осында жатыр. 3. Бір бастық алдында есеп беретін топтың шамасы анықталуы тиіс, бұл жерде әңгіме бақылау мәселесі туралы туады. 4. Өкілеттіктер жұмыстар немесе жұмыс топтары арасында үлестіріледі. Бұл жерде өкілеттіктерді табыстау туралы мәселе шешіледі. Осы төрт мәселені шешудің нәтижесі боп ұйым құрылымы табылады. Ұйымның тиімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар дәл анықталып, бірыңғай бөлімдер және бақылаудың тағылған салалары мен орталықтанған өкілеттері анық болуы тиіс. Ұйым құрылымын құрастыру принциптерін бірінші ұсынған автор -- ол А.Файоль болды. Ол 14 принципті ұсынды, алайда басқа да көптеген принциптер қолдануға болатынын атап өткен. Сонымен, ұйымдастыру басқару функциясы ретінде кәсіпорынның құрылымын құру процесі болып табылады, бұл құрылым адамдарға бірігіп тиімді қызмет етіп мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Мұнда ұйымдастырудың екі аспектісін атап өту қажет. Бірінші және ең маңызды аспект -- жоғары және төменгі деңгейлерді байланыстырып, тапсырмаларды үлестіріп және үйлестіруін қамтуға мүмкіндік туғызатын өкілеттіктер, өзара қатынасы. Екінші және ең белгілі аспект -- ұйымды мақсаттар мен стратегияларға сәйкес бөлімшелерге бөлу. Өкілет туралы түсінік ұйымның басқару иерархиясында белгілі бір қызмет орынға тән заңды құқықтарды қолдану идеясымен тығыз байланысты. Өкілеттер дегеніміз ұйымның ресурстарын қолдануда және оның кейбір қызметкерлерін белгілі бір тапсырма орындауға бағыттауға берілген шектелген құқығы болыл табылады. Өкілет адамға емес, оның қызмет орнына беріледі. Адам жұмыс орнын ауыстырғанда ол бұрынғы қызмет орнына тән өкілеттіктерін жоғалтып жаңаларын қабылдайды. Алайда қызмет орында адам болмағанынша өкілетті табыстау мүмкін емес болғандықтан, әдетте өкілеттерді адамға байланысты айтады.Өкілеттікті аудару процесінің екі концепциясы бар. Классикалық концепция бойынша өкілеттер ұйымның жоғары деңгейінен төменге беріледі. Екінші концепция бойынша, егер бағынышты адам өз жетекшісінен өкілетті қабылдамаса, онда өкілеттікті табыстау орын тепкен жоқ деп айтамыз.Басшы өкілеттері олардың рангтарына байланысты түрлі болады, ұйым басқарудың жоғарғы деңгейлеріне қарай олар кеңейе түседі. Бірақ ең жоғарғы басқарманың да өкілеттіктері шектеулі болады, өйткені фирма жүргізілетін саясат, қызмет орын нұсқалары, заңдылық дәстүр т.б. оған шектейтін әсерін тигізеді.Сонымен қатар, өкілеттік пен билік арасындағы айырмашылықты айқындау өте маңызды. Өкілет белгілі бір қызмет орындағы адам бір іске құқығы бар екенін анықтайды. Билік болса ол істі шын мәнісінде жасай алатынын анықтайды. Өмірде адам еш өкілетке ие болмай, үлкен билік иесі болуы мүмкін. Табыстау (делегирование) дегеніміз -- белгілі бір адамға тапсырма мен өкілеттер беріледі де, ол адам оны орындауға жауапты болады. Табыстау маңыздылығы ұйымның мақсатына жету үшін орындауға тиіс тапсырмаларды қызметкерлер арасында тарату құралы болуында жатыр. М.П. Фоллет бойынша басқару мәні жұмысты басқаларға істетуде жатыр. Демек, табыстау дегеніміз -- адамды басқарушыға айналдыратын акт. Жауапуершілік -- берілген тапсырмаларды орындауға міндеттеме алу және олардың қанағаттандырарлықтай орындалуына жауап беру. Ескеретін жай, басқарушы белгілі бір тапсырманы орындауға міндетті болмаса да, ол жұмыстың қанағаттанарлық аяқталуына жауапты болады. Жауапкершілік басқа біреуге табысталынбайды. Басшыларға еңбек ақының жоғары төленуі оған жүктелген жауапкершілік көлемімен байланысты.Басшы ұйымның мақсатына жету және даму үшін өкілеттерді автоматты түрде тарата алмайды. Ол үшін басқару құрылымы жайлы түсінік болуы керек.

2.1 Ұйым және сыртқы орта
Ұйымның сыртқы ортасы ұйымның ішіндегі қабылданатын шешімдерден немесе ұйым қызметінің нәтижелерін тұтынушысы болып табылатын топтар. Сыртқы ортаға ұйымнан тыс бола отырып, оған маңызды әсер ететiннiң бәрі жатады. Ұйымға жүйелі баппен қарау оны сыртқы ортамен байланыстыратын кірістер мен шығыстарды айқындауды талап етеді Ол үшін сыртқы ортаның жүйелі әсер ететін маңызды компоненттерін айқындау қажет. Ұйымға әсет ететін факторларды екі топқа бөлуге болады:
тура әсер ету факторлары және жанама әсер ету факторлары.
Тура әсер ету факторларға: жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекешілер, заң және мемлекеттік пен қоғамдық органдар жатады.
Жанама әсет ету факторларына: саяси, экономикалық, әлеуметтік - мәдени, ғылыми - техникалық, табиғи, халықаралық және т.б. факторлар жатады. Экономиканы түбегейлі өзгерту заманында ұйым дамуының стратегиялық беталысын анықтайтын экономикалық және саяси факторлар үлкен роль атқарады. Нарықты экономика құру басты міндет болғандықтан сыртқы ортамен өзара қатынасын, іс әрекетін құруда ұйымның шешуші ролін атап өткеніміз жөн. Ұйымның сыртқы ортасына байланысты міндеттер:
· Ұйым ашық жүйе ретінде сыртқы ортаға ресурстар, кадрлар, энергия, тұтынушылар мен жабдықтаушылар бойынша тәуелді болғандықтан, менеджерлерге ұйымнан тыс факторлар қозғалысын ескеру қажет;
· Менеджерлерге ұйымына әсер ететін айналадағы факторларды анықтап алуы және сыртқы ықпалға бейімділік амалдары мен әдістерін таңдай алу керек;
· Ұйым өміршеңдігі үшін және тиімділігін сақтау үшін ортаға бейімделуге мәжбүр.
Сыртқы ортаның маңызды сипаты - факторлардың өзара байланыстылығы. Кез келген бір фактордың өзгеруі қалғандарының өзгеуіне әкеп соғуы, олардың өзара байланыстығын көрсетеді.
Сыртқы ортаның келесі бір сипаты оның қозғалымдығы, яғни ұйым айналасындағы болатын өзгерістер жылдамдығы. Сыртқы ортаның қозғалымдығына, ең алдымен ғылым және техника жетістіктері ең күшті әсер етеді.
Соңғы бір сипаты - оның анықсыздығы. Анықсыздық дегеніміз қоршаған ортанын информация саны мен оның сенімділігінің функциясы ретінде қарауға болады. Ұйымның сыртқы орта жайлы информациясы неғұрлым аз және дәлдігі төмен болса, соғұрлым сыртқы орта анықсыздығы жоғары және неғұрлым сыртқы орта анық емес, соғұрлым тиімді дұрыс шешім қабылдау қиын
Барлық аталған сыртқы орта сипаттамалары тура және жанама әсер ету факторларын бейнелеуге қатысады.

2.2 Ұйымдағы еңбек бөлінісі
Басқару құрылымы жайлы көпшілікке танылған анықтама жоқ. Құрылым категория ретінде процесс, құбылыс, жүйенің ішкі құрылысын бейнелейді. Басқару саласында құрылым басқару субъектісінің ішкі құрылысын немесе басқарушы жүйенің ішкі құрылысын бейнелейді.Басқару құрылымы дегеніміз басқарушы шешім қабылдау және орындау үшін еңбекті бөлу формасы. Демек ұйымның басқару құрылымы ең алдымен еңбек бөлінісі мен мамандануына негізделеді. Басқарушы еңбектің мамандалуы, бір жағынан функциялардың ұсақталуына әкеп соғады, басқару жұмысының біртектілігін жоғарылатып, белгілі-бір салада білімді тереңдету және еңбек біліктілігін жоғарылатуға негіз құрады. Ал мұның бәрі ең ақырында, ұйымда жеке функцияның тиімді орындалуын өсіреді. Екінші жағынан, басқару аппаратындағы мамандану олардың бөлімдері арасында байланыс санын көбейтеді, мұның салдарынан іс-әрекеттің жеке түрлерінің үйлесуі мен сабақтасуы қиындай түседі. Сонымен қатар, өкілеттер мен жауапкершіліктердің ұсақталуы ұйым басшысының жігерлігі бөлініп бәсеңдеуіне әкеліп соғуы ықтимал. Сонымен, басқарушылық мүмкіндіктер, әсіресе жеке маманданған жұмыстарды үйлестіруде, ұйым ішінде шектеулі болады, ал бұл өз алдына ұйым көлемін шектейді. Бұл мәселені ұқсас жұмыстар мен оларды орындаушыларды бірге топтастыра отырып, яғни оларды нақтылы жекелендіріп шешуге болады.Басқарудың әр төменгі сатысындағы ұйым мүшелері өзінен жоғары деңгейдегі басшыға тікелей бағынышты болады. Линиялық құрылымда әр қызметкер тек бір басшыға бағынып оның алдында есеп береді, демек жоғары жүйемен тек сол арқылы байланысты болады. Осылай басқару аппаратында бағыну және жауапкершілік иерархиясы пайда болады, бұл нағыз линиялық құрылым жағдайында ұйымдастыру қатынастарының бірде-бір және басым типі болып табылады.Басқару жүйесінде осы құрылым түрі орын тепкенде дара басшылық принципі ең жоғары дәрежеде сақталынады, өйткені бір адам өз қолында ортақ мақсатты операциялардың жиынтығын басқаруды шоғырландырады; басқарушылық бірлігі де сақталады -- орындалуға міндетті әмірлерді бағыныштылар тек бір бастықтан алады.Басқарудың таза функционалды құрылымы әрбір функционалды басшы өз қызмет бабына байланысты мәселелері бойынша барлық басқарушылық құқықтарына ие болады. Бірақ бұл жерде басқару бірлігі принципі бұзылады, өйткені әр өндіріс звеносына әр түрлі басшылардан көптеген бұйрық түседі.Басқару аппаратының функционалды мамандануы оның тиімділігін әжептәуір жоғарылатады. Басқарудың барлық функцияларын орындайтын универсалды басшылардың орнына өз саласында түсінігі бар, штаты бар және тапсырылған қызмет участогі үшін жауап беретін мамандар аппараты пайда болады.Басқару бөлімшелерін құруда, жаңа қызмет орындарын енгізуімен және т.с.с. басқару құрылымын жетілдірудің ірі мәселелерін шешуде ресми ұйымдастырушылық факторлардың ролі әжептәуір өседі. Бұл жерде бөлімдер туралы ереже жиынтығында, функциялар және операцияларды орындау бойынша арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыстарды бөлу принципі
Ұйымды басқарудағы өкілеттілік ұғымы
Кәсіпорынның басқару құрылымы
Еңбек қызметін ұйымдастыру жайлы
Басқару құрылымы туралы жалпы түсінік
Кәсіпорын - шаруашылық жүргізу объектісі
Кәсіпорын - нарықтық экономиканың субъектісі ретінде
Басқарудың сызықты құрылымы
Ұйымдастырушылық құрылымдар
Ұйымдастырушылық құрылымды пайдаланудағы қазіргі тенденциялар
Пәндер