Мұстафа Шоқай қоғамдық саяси қызметі. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Мұстафа Шоқай қоғамдық саяси қызметі.
Мамандығы: Электроэнергетика 5B071800
Орындаған: Сарсенов Дамир Тобы : ЭЭК 20-9
Тексерген: Профессор Бақдәулет Тұрбекұлы Берлібаев
_____________ ______________ _____ ______________2020_
Алматы, 2020
Кіріспе
Қазақстанның тəуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттық, жалпыадамзаттық жəне демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді. Елімізде əлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық реформалардың іске асырылуы мəдени-рухани өмірімізге жаңа сипат, тың мазмұн берді. Сондай түбірлі өзгерістер тарих ғылымының əлеуметтік қызметіне де ықпал жасады. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев тарих дегеніміз өткеннің ғана сабағы емес, ол едəуір дəрежеде болашақтың да көрінісі, қазақ тарихы фактілердің өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор дəйектеуші жəне дəлелдеуші күш деп атап көрсеткен болатын. Бұл тұжырым еліміздің алдында тұрған қоғамдық сананың жаңару үрдісіндегі тарих ғылымының кешенді міндеттерін айқындайды.
Тəуелсіздік жылдары отандық тарих ғылымының мазмұны тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тəуелсіздік идеологиясының əдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түрлі жұмыстар атқарылды. Дегенмен, мемлекеттік маңыз алған осы бағытта əлі де терең ғылыми талдау жасап, концептуалдық тұрғыда қайта қарауға тиісті мəселелер мен тақырыптар жеткілікті.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларын ойландырған мəселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін оқу, өнер -- білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы, дербес мемлекет құру еді. Бұл тіпті бүгінде, яғни ғасыр басында, күн тəртібінен түсе қойған жоқ, тіптен ең зəру мəселеге айналып отыр. Осы орайда кезінде тəуелсіздігіміз үшін күрескен, сондықтан да кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, қуғынына ұшыраған, саяси жүйе есімдерін кейінгі ұрпақ санасынан біржола ығыстыруға күш салған тұлғалардың тарихына қайта оралуы қажет.
Сондай ірі саяси қайраткер, халқына қалтқысыз қызмет еткен алыптар тобының көрнекті өкілі, қазақ, тұтас түрік елінің тəуелсіздігі жолында күрес майданына шыққан Мұстафа Шоқайдың (1890 - 1941) алатын орны ерекше. Мұстафа Шоқай тəрізді тұлғаның атқарған қызметіне дұрыс баға беру, ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағының рухани жəне саяси тұрғыдан ұлттық рухта тəрбиелеуі үшін аса қажет.
Бұған қосымша осы уақытқа дейін жазылған Отандық тарихнамада, жеке тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің қызметі өз дəрежесінде баяндалады деп айтуға əлі ерте. Ал XX ғ. 20 - 30 жж. күрделі тарихи оқиғаларға белсенді түрде тікелей араласып, терең із қалдырған Мұстафа Шоқай сияқты ірі саяси қайраткерлердің қызметі мен туған халқының тəуелсіздігі үшін күресін жан-жақты талдау арқылы отандық тарихымызға одан əрі түсінуге терең жол ашпақшы.
Кеңестік дəуірде Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы бірқатар сауалдарға ғылыми дəлелденген жауап іздеу мүмкін болмай келді. Қазақстан тəуелсіздік алған кезеңнен бері қайраткердің азаттық күрес жолындағы сіңірген еңбегіне əділ баға беру мүмкіндігі туып отыр. Осы орайда Мұстафа Шоқайдың өткен өмір жолы, қоғамдық-саяси көзқарастарына, күрескер ретінде қалыптасу кезеңдеріне қатысты өзімнің ой-пікірімді ортаға салуды жөн көрдім.
Негізгі бөлім.
Мұстафа Шоқай - Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Мұстафа Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) уезінде 1890 жылы желтоқсанның 25 - де дүниеге келді.
Мұстафа сауатын ауылда ашады да, оқуды Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде оқудан бастайды. Кейін 1902 жылы гимназияға (Ташкентке) түсіп, оны 8 жылдан кейін өте жақсы деген бағамен бітіреді.
1917 жылы Түркiстан мұсылмандары басшыларының бiрi, Уақытша үкiметтiң түркiстандық комитетiнiң және Құрылтай жиналысының мүшесi. 1918 жылдың қаңтар айында орнап, ақпан айында қарулы күшпен талқандалған Түркiстан автономиясы ("Қоқан автономиясы") Үкiметiн басқарған. Түркiстан құрылтай жиналысын шақыру жөнiндегi Комитетті басқарған. "Әрбiр халықтың ұлт және егемен мемлекет ретiнде танылу құқығын қорғау", "бұрынғы Ресей аумағындағы жаңа мемлекеттiк құрылымдарды реакциялық, большевиктiк режимдерге қарсы күрес негiзiнде" экономикалық, саяси және дипломатиялық жолмен бiрiктiру үшiн күреседi.
Ол "Жаңа Түркiстан" (Стамбұл, 1927-1931) журналының негiзiн қалаушы, "Жас Түркiстан" (Берлин, 1929-1939) журналының редакторы болады. Сонымен бiрге Түркiстан ұлттық бiрлестiгi (ТҰБ) Орталық комитетiнiң мүшесi, 1929 жылдан бастап оның жетекшiсi, Кавказ, Украина және Түркiстан халықтарын ұлттық қорғау органы -- "Прометей" (Париж, 1926-1938) журналы редакциялық алқасының мүшесi. 1928 жылы Варшавада Польшаның Бас штабы мен Сыртқы iстер министрлiгiнiң Шығыс бөлiмi эмигранттардың барлық топтарын бiрiктiру және КСРО-ға қарсы пайдалану туралы Ю.Пильсудскийдiң алға қойған мiндеттерiне байланысты құрылған "Прометей" (Ресейдiң езгiсiндегi халықтар лигасы) халықаралық ұйымының мүшесi.
Мұстафа Шоқайдың өмір жолында маңызды кезең -- балалық шағы мен Ташкент гимназиясы, Петербург қаласында оқыған жылдары екендігін атап көрсету қажет. Қайраткердің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өскен ортасы үлкен əсер етті.
Тегі -- Орта жүздегі қыпшақ, əкесі Шоқай дəулетті, мəдениетті, білімді, елге танымал, беделді адам болған. Ол баласы Мұстафаны əуелі отбасында білімге өзі ұмтылдырған.
Мұстафаның әкесі Шоқай он екі жыл болыс болып, ел басқарып, би атанса, атасы Торғай − 30 жылдай билік басында болған датқа.Ал нағашылары Хиуа хандығын орыстардан қорғауда ерекше көзге түскен әйгілі әскербасылар болған. Мұстафа Шоқай жазу-сызуды өз анасынан жасы беске толмай жатып үйренген.
Шоқайдың, оның әкесі Торғайдың суреттерінің патша үкіметінің арнайы тапсырмасымен дайындалған фотоальбомға кіруі бұл әулеттің, Сыр өңірінен тысқары жерлерге де мәлім екенін айғақтайды. Осындай өзіндік мәдениеті, салт-дәстүрі жеткілікті әулеттің шаңырағында дүниеге келген Мұстафа шынайы қазақ тәрбиесін жеткілікті көре алды.
Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде бастауыш білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік бітіріп шығады және алтын медальға ұсынылады. Бірақ генерал Самсонов алтын медальды орыс баласы Зепреметовке жазады. Ал Зепреметев алтын медальды Мұстафаға берілуі тиіс деп, өзі күміс медальді алған. Бұл оқиға Мұстафаның қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізді. Мұстафа Шоқай дүниеге келген Түркістан өңірі XX ғ. басында орыс отаршылдығының барынша қыспағын көріп отырған еді. Бұл жергілікті халықтың шаруашылық, əлеуметтік, саяси жағдайынан көрінді. Бұндай əділетсіздікке халықтың қарсылық көрсететіндей күш-қауқары болмады. Осының бəрін жасынан көріп-сезінуі қайраткердің ұлтшылдық, түрікшілдік, азаттық идеяларының қалыптасуына негіз болды. Бұған дəлел 1929 ж. шыға бастаған Жас Түркістанның бірінші санында ол былай дейді: Атамекеніміз отаршылардың тепкісінде жатқанда ішкі саясаттың мəселелері екінші планға ығысады. Атамекенді құтқару жолындағы күрес бірінші планға шығып, маңдай алды міндетімізге айналады. Біздің ұлтшылдығымыз Түркістанда ұлттық өкіметтің үстемдігінен басқа ешбір күшті мойындамау негізінде құрылған, бізге түрі де, мазмұны да ұлттық мемлекет қажет.Қазақтың ғана емес, барша түркі халқының азаттығы оның өмірлік арман-мұраты болды.
Шоқайтанушы, тарих ғылымдарының докторы, Абдуақап Қараның көрсетуінше, Ташкентте лицейде оқып жүргенде Түркістанның түрлі аймақтарынан келген əділетсіздікке ұшырағандардың шағымын біліп, құқығын қорғау үшін Мұстафа Шоқай оларға аудармашы болып көмектескен. Осылайша ол Түркістан губерниясы əкімдері мен жергілікті халық арасындағы негізгі проблемалармен етене танысқан. Осыған байланысты Түркістан генерал-губернаторы Самсоновпен бірнеше мəрте кездескен. Демек, М. Шоқайдың саяси өмірге араласуы осы кезеңнен басталады деуге толық негіз бар.
Аталған кезеңде қайраткердің рухани салада өсіп кемелденуіне башқұрт ұлтының атақты ғалымы, фольклорист Əбубəкір Диваевты, немістекті атақты ғалым, шығыстанушы В. Радловтың ықпалы болғанын айту керек. Мəселен, 1937 ж. жазылған өзінің Радлов хақында деген мақаласында В.Радловпен 1910 жылдан таныстығын, оның орысшылдығын жəне сол орысты жеккөретіндігін, түріктанушы ретінде түрік халқына деген көзқарастары туралы өз пікірлерін білдірген.
Генерал Самсонов бұратана халықтардың балалары лауазымды қызмет етуге білім алатын Ресейдегі жоғары оқу орындарына түсуіне қарсы болған. Соған қарамастан, Мұстафа Шоқай емтихан тапсырып, 1910 ж. Петербург университетінің заң факультетінің студенті болып қабылданады. Міне, осы кезден оның қоғамдық-саяси қызметінің жаңа бір белесі басталады деуге болады. Осы кезде ол елден келген жерлестерінің түрлі арыз-шағымдарын орыс тіліне аударып, түрлі сұрақтарын шешіп берген.
Генерал Самсонов бұратана халықтардың балалары лауазымды қызмет етуге білім алатын Ресейдегі жоғары оқу орындарына түсуіне қарсы болған. Соған қарамастан, Мұстафа Шоқай емтихан тапсырып, 1910 ж. Петербург университетінің заң факультетінің студенті болып қабылданады. Міне, осы кезден оның қоғамдық-саяси қызметінің жаңа бір белесі басталады деуге болады. Осы кезде ол елден келген жерлестерінің түрлі арыз-шағымдарын орыс тіліне аударып, түрлі сұрақтарын шешіп берген. Осылайша болашақ заңгер, саясаткер ретінде мол тəжірибе жинақтап, 1917 ж. Петербург университетін үздік бітіріп шығады.
Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. Балқан соғысына байланысты 1912 жылы Санкт-Петербордағы қазақ, татар, өзбек, башқұрт және әзірбайжан студент-жастары арасында Түркияны қолдау қозғалысы өріс алған кезде оның арасында Мұстафа Шоқай да болады.
Ол 1915 жылы түркі-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысына іріткі салу мақсатында орталық билік орындары құрған Сират-ул-мустақим (Тура жол) партиясына алғаш қарсылық танытқандар қатарында болып, студент жастар тобымен бірлесе отырып, зиялы қауым өкілдеріне Сират-ул-мустақим партиясын қолдамау жөнінде үндеу тастады. Бұл үндеу сол кезде татар тілінде жарық көріп тұрған Сөз газетінде жарияланды.
Мұстафа Шоқайдың ұлт-азаттық қозғалыс басшысы, саясаткер ретінде қалыптасуына белгілі дəрежеде ықпал еткен тұлғаларға тоқтала кетсек, Алаш қозғалысының көсемі Əлихан Бөкейхан оған студент кезінен əсер еткен, оның ұсынысымен Ресей Мемлекеттік думасы Мұсылман фракциясы хатшылығы қызметін атқарған.
Ол кейін өзінің Жас Түркістан журналында жариялаған бір мақаласында Əлихан Бөкейхан бізге ұдайы Түркістан мəселесін жете түсіну үшін қазақтың жер-су мəселесін толық білу керек деп ескертетін-ді деп жазған. Бұдан кейін де олардың тағдырлары жиі тоғысып, М. Шоқай эмиграцияға кеткенге дейін саяси өмірде қатар қызмет еткен. Біздіңше, оларды бір бастаудан аққан қос өзенге теңеуге болады, ал ол бастаудың басында азаттық идеясы тұрды. Сонымен қатар башқұрт халқының қайраткері, досы Зəки Уəлидиді де айту қажет.
М. Шоқайдың рухани кемелденуіне М. Сералин басқарған Айқап журналы, Алаш партиясының ресми баспасөз органы болған Қазақ газеті басқа да басылымдар да ықпал жасаған.
Жоғарыда айтылғандай,1916 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарды. Түркістандағы көтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік Дума Ташкентке арнайы комиссия аттандырғанда, оның құрамында депутаттар А.Керенский, Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері Ш.Мұхамедияров пен Мұстафа Шоқай болды.
Жергілікті халықтың жағдайымен терең танысу мақсатында Мұстафа Шоқай Ташкентпен ғана шектелмей, Самарқанд пен Әндіжанда болып, жергілікті жағдаймен танысты. Петроградқа оралғаннан кейін өзі жинаған материалдар негізінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде билік орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы Мемлекеттік Думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеме мәтінін әзірледі.
Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясының нəтижесінде монархияның құлатылуы, Уақытша үкіметтің құрылуын Мұстафа Шоқай өзінің досы, башқұрт қайраткері Зəки Уалидимен бірге үлкен үмітпен қарсы алады. Монархияның құлауы, билік басына төңкерісшіл демократтардың келуі қазақ зиялыларының саяси белсенділігін күшейтті.Қалыптасқан саяси ахуал Ресей империясында ұлттық езгінің тауқыметін тартқан түркі-мұсылман халықтарының бостандыққа жетуіне мүмкіндіктер туғызады деп үміттенді. Бостандықтың, азаттықтың күні туды деп бағалаған Əлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқайлар Керенский басқарған Уақытша үкіметтің Түркістанды басқаратын Арнайы комитетін құруына қол жеткізді. Жергілікті жерлердегі Уақытша үкіметтің комиссарлары ретінде қызмет етті. Бірақ бұл үкіметтің өмірі қысқа болды. Алайда оның Ресей құрамындағы Түркістан автономиясын құру идеясын Петроград жұмысшы жəне солдат депутаттарының Кеңесін басқарып отырған Н. Чхеидзе сепaратистік пиғыл ретінде бағалайды .Мұстафаның негізгі мақсаты Ресей жерінде тұратын күллі түркі ұрпақтарын біріктіріп Үлкен Түркістан одағын құру болды, сондықтан да ол 1916 ж. Түркістан бірлестігі деп аталатын құпия ұйым ашты. Орыстардың жойқын қысымының күшіне қарсы тұру қамымен мұсылман саяси ұйымдар ассоциациясы (үлкен жамиғаты) мен Мұсылмандар кеңесі (Шура-И-Ислами), сондай-ақ қазақ ұлттық Алаш партиясы бəрі күш біріктіре келе, 1917 ж. наурызда Ташкентте Түркістан мұсылмандарының конгресін шақырып, онда орталық комитет сайлап, мұсылман орталығын құрды. Орталыққа Мұстафа Шоқай басшылық жасады. Ол кеңестік Ресейдің түркі халықтарын одан əрі орыстандыру саясатына үзілді-кесілді қарсы шықты.
1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ші съезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды. Бірлік туы газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болды. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне төрағалық етті. I жалпықазақ съезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартып, қарашаның 15-22-інде өткен кеңестердің III съезі қабылдаған өлкедегі барлық билік еуропалық нәсіл өкілдерінен кұралған Түркістан Халық комиссарлар кеңесіне көшеді деген қаулысын Мұстафа Шоқай нағыз әділетсіздік деп бағалады. Ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің қырына алуына байланысты Мұстафа Шоқай жетекшілік еткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі Ташкенттен Қоқанға көшіп, онда өлке мұсылмандарының төтенше съезін тез арада өткізу ісін қолға алды.
Кеңес үкіметінің жариялаған ұлттардың өзін-өзі билеуі туралы декларациясына сүйенген Түркістанның жергілікті халықтарының өкілдері өзінің IV Құрылтайына жиналып 28 қарашада Түркістан автономиясының 12 мүшеден тұратын Уақытша Үкіметін құрады. Бас министр болып М. Тынышбаев, ол отставкаға кеткеннен кейін (бұған дейін сыртқы істер министрі болған) М. Шоқай бекітілді. Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және жаңа Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болды. Съезде Уақытша Кеңестің бірінші кезектегі міндеттері белгіленеді. Олардың арасында:
қысқы мерзім ішінде Түркістан Құрылтай жиналысын шақыру, тұрғындарды азық-түлікпен жəне ең қажетті заттармен қамтамасыз етудің шараларын қолға алу,Түркістан автономиясының қаржы қорын жасақтауға кірісу, халықтық милиция жасақтап, өлкені мекендеген ұлттардың құқықтарын қорғаудың барлық шараларын қолдану қажеттілігі көрсетілген.
Адмирал А.В.Колчак Комучты жойғаннан кейiн Грузия Республикасына барып, онда Түркiстан құрылтай жиналысын шақыру жөнiндегi Комитеттi басқарған. "Әрбiр халықтың ұлт және егемен мемлекет ретiнде танылу құқығын қорғау", "бұрынғы Ресей аумағындағы жаңа мемлекеттiк құрылымдарды реакциялық, большевиктiк режимдерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz