Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
1-дәріс.
Тақырып: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Жоспар:
1. Саясаттану ғылымының пайда болуының негізгі алғы шарттары;
2 . Саясаттанудың заңдылықтары мен парадигмалары;
3. Саясаттанудың пәні, объектісі және категориялары;
4. Саясаттанудың әдіс-тәсілері және қызметтері;
5. Саясаттану оқу пәні ретінде.
1 Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі саясаттанудын орны. Саясаттану басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебi, бәрiнiң зерттеу обьектiсi ортақ, ол - қоғамдық өмiр. Олар кейбiр ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бiрақ, әрбiр қоғамдық ғылымның өзiндiк зерттеу пәнi бар.
Саясаттану жалпы әдiстемелiк ғылым болып табылатын философиямен тығыз байланысты. Өйткені, философия саяси құбылыстар мен процестердi талдауда дүниетанымдық бағдар болып табылады. Ол жалпы саяси болмысты, саяси оқиға мен құбылыстарды философиялық түсініктермен сараптауға мүмкіндік береді.
Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономика саяси процестердi экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердiң негiзiнде әр түрлi әлеуметтiк топтардың өз мүдделерiн жүзеге асыру үшiн күресiп жатқанына көз жеткiзедi.
Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және iске асыру, ол процестердi мемлекеттiк реттеу қағидаларын ғылыми түрде негiздейдi.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Қоғамдағы қатынастарды, оның ішінде саяси қатынастарды реттеп отыратын құқық болып табылады. Саясаттанудың негізі зерттеу мәселелерінің барлығы да оның құқықтық аспектілермен байланысып жатады, онсыз толық мәнді талдау болмайтындығы да сөзсіз.
Саясаттануға жақын ғылымның бiрi - әлеуметтану. Саясаттану ғылымы қоғамның саяси өмірінің дамуы мен өзгерістерін процесс ретінде қарап, оны зерттеп отыруы қажет.
Ал, әлеуметтану оған қолданбалы зерттеулер жасауға, қоғамдағы оқиға-құбылыстарға дамдық өлшеммен қарауға, бағалау мен сараптауға мүмкіндік береді. Тарих болса жүйелi түрде саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректер жинауға, тарихи-салыстырмалы саяси талдаулар жасауға көмектеседі.
Саясаттану курсының құрылымы мен міндеті. Саясаттың теориясы және әдiснамасы, онда саясаттанудың философиялық-әдiснамалық негiзi, саясат пен билiктiң мәнi мен мазмұны, оның негiзiн салушы белгiлерi, қызметтерi, даму заңдылықтары қарастырылады.
Саяси жүйелер теориясы - саяси жүйенiң мәнiн, құрылымын, қызметiн зерттейдi, оларға салыстырмалы талдау жасайды, сонымен бiрге негiзгi саяси институттарға - мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарға, қатынастарға сипаттама бередi.
Әлеуметтiк-саяси процестердi басқару теориясы қоғамды саяси басқару мен жетекшiлiк жасаудың мақсатын, мiндеттерiн және формасын зерттейдi, саяси шешiм қабылдау мен тарату механизмiн қарастырады.
Саяси iлiмдер тарихы. Саяси iлiмдердiң қалыптасуы мен даму тарихын, кезеңдерiн зерттейдi.
Халықаралық қатынастар теориясы iшкi және сыртқы саясат мәселелерiн, әлемдiк саясатты, халықаралық қатынастың әртүрлi аспектiлерiн т.б. қарастырады.
2 Саясаттану ғылымының, саяси билiктiң қолдануы мен даму үрдiсiн сипаттаушы өзiндiк заңдылықтар жүйесiне ие:
бiрiншi, экономика мен саяси билiк арасындағы қарым-қатынасты анықтаушы, саяси мүдделер мен көзқарастардың, теориялар мен концепциялардың пайда болуы, әрекет етуi мен дамуының саяси-экономикалық заңдылықтары. Мұнда қоғамның экономикалық базисi мен қондырманың элементi ретiнде саяси билiк арасындағы қатынас көрсетiледi;
екiншi, әлеуметтiк саяси заңдылық, яғни қоғамда тұрақтылықты орнату үшiн саяси билiктiң әрекетiне жағдай жасау. Мұндағы негiзгi нәрсе - қоғамдағы әртүрлi әлеуметтiк құрылымдардың мүддесi мен сұраныстарын есепке алу, ол мүдделердi жүйелендiрудiң тиiмдi жолдарын табу, антогонизмдi, шиеленiстi құбылыстарды жою. Бұл заңдылықтар әр саяси жүйеде әртүрлi қолданылады. Мысалы, авторитарлы, тоталитарлы саяси жүйелер билiк пен күштердiң ең жоғарғы деңгейде бiрiгуiне қол жеткiзедi. Демократиялық жүйе оппозицияның ұсыныстарын қабылдап, келiсiм қағидасына арқа сүйейдi;
үшiншi, саяси процестiң әрекет етуi мен дамуы заңдылығы. Ол -
азаматтықтың саясаттағы топтық пен партиялықтан артық болуы;
заңның қоғам мүшелерiнiң барлығынан жоғары тұруы, билiктiң бөлiнуi, мемлекет әрекетiндегi жариялылық, саяси плюрализм;
оппозицияға жағымды қарым-қатынас;
саяси тұрақтылық және ұлттық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуi;
саяси билiк және саяси жаңғыртудың легитимдiлiгi болып табылады.
төртiншi, саяси-психологиялық заңдылық, ол жеке адам мен билiк арасындағы қарым-қатынаста бейнеленедi және жеке адамның саяси әлеуметтендiру процесiн, саяси сезiмді, көңiл-күйдi, құндылықты, сайлаушыларға ықпал ету жолдарын, саяси тұлғалардың жетілуін, олардың билiктi жеңiп алуы мен сақтап қалуын қалыптастырады.
Саясаттанудың негiзгi парадигмалары. Парадигма (гректiң paradeigma - теория, үлгi деген сөзiнен шыққан) - зерттеу барысында үлгi ретiнде алынатын теория.
Саясаттануда парадигма деп саяси өмiрдi зерттеу қисынын бiлдiретiн, қоғамдағы саяси құбылыстарды теориялық пайымдауда негiзгi өлшемi мен қалпын қалыптастыратын басты тұжырымдар жиынтығын айтамыз. Саясаттанудың негiзгi парадигмалары қатарына мыналар жатады: теологиялық, натуралистiк, әлеуметтiк, тиiмдi-сыни.
Теологиялық парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезiнде пайда болды. Ол саясатты, билiктi, мемлекеттiң пайда болуын құдайдың құдiретiмен түсiндiредi.
Натуралистiк парадигма саясатты әлеуметтiк сипаты жоқ табиғи себептермен, мәселен географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшелiктермен байланыстыра түсiндiредi.
Әлеуметтiк парадигма, ол саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтiк факторлар арқылы түсiндiредi. Мәселен, марксизм саясаттың мәнiн экономикалық қатынастардан iздестiрдi, яғни қоғамның әрбiр экономикалық базисi қажеттi қондырманы тудырады деп тұжырымдады.
Тиiмдi-сыни парадигма саясаттың табиғатын, оның өз iшiндегi себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсiндiредi.
Саясаттану объектiсi мен пәні. Саясаттанудың өзi зерттейтiн мәселесi, пәнi бар дербес ғылым. Саясаттану ұғымы гректiң politik және logos деген сөздерiнен шыққан.
Бiрiншiсi мемлекеттiк iс, мемлекеттiк iстi басқару мағынасын бiлдiрсе, екiншiсi, iлiм, ғылым деген мағынаны бiлдiредi. Саясаттану дегеніміз саясат, оның қоғам мен жеке адамның өзара әрекеті туралы ғылым. Демек, саясаттану ғылымы саясат және саяси билiк, қоғамның саяси өмiрiнiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттерi мен саяси үрдiстері, халықаралық саяси қатынас туралы бiртұтас iлiмдердiң жиынтығын құрайды.
Саясаттану обьектiсi - қоғамдағы саяси қатынас болып табылады. Қоғамның саяси қатынасы өзiне билiктiң әрекет ету процесi мен дамуын, бұқараның билiкке қатысуын, сонымен бiрге саяси ықпал ету обьектiсi-экономикалық, әлеуметтiк және рухани мүдделердi қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, саяси қатынастар саласы саяси қызмет обьектiсiнiң барлық саласы. Сондықтан саяси қатынастар басқада ғылымдардың философия, әлеуметтану, құқық және тарихтың зерттеу обьектiсi болады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өзiндiк зерттеу пәнiне ие.
Саясаттанудың танымдық пәнi - саяси билiктiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әдiстерi болып табылады.
Өздiгiнше саясаттану барлық әлеуметтiк құбылыстар мен қағидаларды саяси билiк негiзiнде түсiндiредi. Американ саясаттанушысы Г. Лассуэлл (1902-1978ж.ж.) бiз саясат саласындағы ғылым туралы айтқанда, бiз билiк туралы ғылымды айтамыз - деп жазды.
Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзiндiк ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердiң мәнiн бiлдiретiн ғылыми терминдер, сөз тiркестерi жатады. Мысалы, саясат, саяси билiк, саяси жүйе, саяси тәртiп, саяси партия, саяси мәдениет, саяси әлеуметтендiру, саяси өмiр, егемендiк, саяси қатынастар, қоғамдық ұйымдар, мемлекет, демократия, iшкi саясат, сыртқы саясат және т.б.
3 Саясаттанудың теориялық-әдістемелік негіздері.
1 Әлеуметтiк бағыт, ол әсiресе батыстық саясаттану ғылымында ерекше орын алды. Оның өкiлдерi саясат құбылыстарын қоғамның күрделi әлеуметтiк құрылымы мен процестерi арқылы зерттейдi. Саясаттануда бұл бағыттың қалыптасуына М. Вебер, Э. Дюркгейм үлкен үлес қосты. Осы бағыт iшiнде В. Парето мен Г. Моска элита концепциясын, ал Р. Михельс саяси партия теориясын қалыптастырды.
2 Саясаттанудың екiншi бағыты - институционализм деп аталады. Оның негiзгi өкiлдерi С. Липсет, Ч. Миллс, М. Дюверже т.б. Олардың негiзгi зерттеген мәселелерi - саяси өмiр мен қоғамдық құрылысты ұйымдастыру формалары. Бұл бағыттың негiзгi қолданған ұғымы саяси институт болды.
3 Саясаттың құрылымдық-функционалды концепциясы, оның өкiлдерi - Г. Лассуэлл, Т. Парсонс, Д. Истон, М. Вебер. Олар саясатты, оның инситуттарын қоғамдағы орны мен қызметiне қарай зерттейдi. Д. Истон саяси жүйе теориясын қалыптастырған. Г. Лассуэлл өз еңбектерiнде саяси жүйенiң әрекет етуiндегi бұқаралық коммуникацияның рөлiне көп көңiл бөлдi. Т. Парсонс пiкiрi бойынша жалпы жүйенi тану тек жекелеген жүйешелердi зерттеу арқылы ғана мүмкiн еді.
4 Саяси плюрализм концепциясының негiзгi өкiлдерi - Э. Дюркгейм, М. Дюверже, Р. Дарендорф болып табылады. Олардың негiзгi идеясы: қоғамда таптардың жойылуына және олардың орнына әлеуметтік қабаттардың өзара әрекет пен келiсiмде өмiр сүруiне негізделді.
Мұнда мемлекет бейтарап төреші қызметiн атқаратын болды.
5 Демократия концепциясы, оның негiзiн салушы А. Токвиль. Демократия концепциясы негiзiнде құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, адам құқығы мен бостандығы сияқты iлiмдер қалыптасты.
6 Бюрократия концепциясының дамуына М. Вебер, Р. Мертон, С. Липсет еңбектерi ықпал етті. Олар еңбектерiнде бюрократияның қызметi мен құрылымын жан-жақты зерттеді. Бұл теориядағы маңызды нәрсе бюрократиялық билiктi заңдастыру және демократиямен қарым-қатынасы туралы мәселе болып табылады.
7 Тоталитаризм концепциясы. Тоталитаризм мәселелерi немiс-американ ғалымы Х. Арендт, австро-американ ғалымы Ф. Хайек, орыс ғалымы Н. Бердяев еңбектерiнде жазылды.
4 Саясаттанудың қызметі. Саясаттанудың басқа да қоғамдык ғылымдармен арақатынасы.
Қай ғылым болмасын белгiлi бiр қызметтердi (функцияларды) атқарады. Ал, саясаттану ғылымының қызметтері мыналар:
1 Танымдық қызметi. Саясаттану қоғамдағы оқиғаларды танып-бiлуге, олардың саяси мәнiн түсiнуге және болашақты болжауға мүмкiндiк бередi. Көптеген жылдар бойы Ресей империясы, одан кейiн кеңестiк тоталитарлық тәртiп саясат пен билiк сырын бүгiп келдi, қазiрдiң өзiнде халқымыздың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz