Ерік түсінігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Журналистика факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы

Орындаған: Тілеуқабыл Аяулым

«Баспасөз және электрондды БАҚ» кафедрасы

101-топ

Тексерген: Жолдасова Манзура Кеңесбекқызы

Алматы 2020

МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім:
  • Ерік түсінігі;
  • Еріктің дамуының жүзеге асырылуы;
  1. Қорытынды.
  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Ерік - адамның физикалық, интелектуалдық және моральдік күшін жинақтаушы жүйесінде - психикалық қысымның ерекше қалпы. Адамның ішкі дүниесін күрделілігімен сыртқы қиындық деңгейіне қарай еріктің көрінілуінің төрт нұсқасын қарастыруға болады. Басқа психикалық әрекеттер сияқты еріктің қызмет атқаруы мидың қызмет етуімен байланысты. Күрделі еріктік әрекеттер келесі этаптардан тұрады:

  1. мақсатты түсіну.
  2. мақсатқа жетудің бірнеше мүмкіндіктерін түсіну.
  3. мотивтер күресі.
  4. бұл мүмкіндіктердің нақтылаушы және жоққа шығарушы мотивтердің пайда болуы.
  5. шешім ретінде біреуін қалылдау.
  6. қабылданған шешімді жүзеге асыру.
  7. қабылданған шешімді жүзеге асырудағы сыртқы бөгеттерден жеңу.

Ерік күші еріктік әрекеттің барша кезеңдерінде қажет, әсіресе оның айқын көрнісі кедергілерді жеңу мен қажетті нәтижеге жетуде көрінеді. Адамның өз құмарлығы мен көрсеқызарлығын бұғаулауы, ақылмен сараланбаған қылықтар жетегіне түспеуі - ерік күшіне байланысты.

Еріктік әрекеттің жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта көрінеді. Мүдделі мақсат - тұлғаның өз іс-әрекетін белгілі бір нәтижеге бағыттай алуы. Осы қасиетке орай адамның басқа да ерік сапаларының мазмұны мен даму деңгейін анықтай аламыз. Мүдделі мақсат өмірлік принциптер мен мұраттарды көздеген стратегиялық немесе жақын арадағы әрекеттерді орындауға бағытталған нақты қызметтік, оперативтік болып бөлінеді.

Ынталылық - мол да жарқын идеяларға, ұшқыр қиялдарға негізделеді. Көпшілік үшін ең қиыны өз енжарлығын жеңу, қалыптасқан іс-әрекет-тәсілін өзгерту. Олар өз бетінше ешбір іске кірсе алмай, тысқы ықпал мен нұсқауларды күтумен болады.

Дербестік - еріктік әрекеттер барысында адамның түрлі себептер жетегіне түспей, өз наным, сеніміне орай іс-әрекетке келу қасиеті.

Іс-әрекеттің сан алуан түрткілерінің ішінен қажетті болғанын таңдау, мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық, жауапкершілік, ержүректілік қасиеттері бой көрсетеді. Ерікті бұл сапалары жылдам, орынды әрі берік шешім қабылдау және оны жүзеге асыруда қажеттті қасиеттер. әриен бұлардың барлығы ішкі толғаныстың, кесіп-пішудің нәтижесінде жүзеге асырылады.

Табандылық - адамның сыртқы және ішкі бөгеттерге төтеп бере алушылық қасиеттері.

Қабылданған шешімнің орындалуы үшін өзіндік бақылау мен өзіндік баға үлкен маңызға ие. Егер адам өз іс-әрекетіне орынды бақылау жүргізе алса ғана, көзделген мақсат жүзеге асырылады. Мақсатқа жету процесінде өзіндік бақылау жоғары мүдделердің қарапайым ниеттерден, жалпы принциптнрдің мезеттік қалау мен құмарлықтардан үстемдігін қамтамасыз етеді.

Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе «тіршілік философиясы» пайда болды. Экзистенцализм ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік мәдеи ортадан бөлек, дерексізденген адам. «Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған» бұл адамның өмірі мағынасыз «қым қиғаш оқиғалар» жиынтығы да, адамның өзі - «пайдасыз құмарлық». Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттылық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж. П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиғына бір-ақ түсіреді.

Қылық иесі - адам қалыптасқан тағылым-талаптарды жоққа шығара отырып, міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады. Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе, онда оның бұл әректі екінші бір, қыр-сырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін парақорлық пен нашақорлықтың бір жағы мәдениеттіліктен шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл қоғамға ерсі болып көрінген қылықтардың өздері де қандай да ұйымдасу негізіне ие, өздеріне сай талап, ережелері, мақтан тұтатын қырлары мен ғұрыптары баршылық.

Бұл тұрғыдан Е. Л. Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психолгиялық болмысының барша деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіліктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұратын үшін жан пидалыққа дейін апарады.

Адамда еріктік қасиеттердің дамуы бірнеше бағыттарда жүзеге асырылады . Бір жағынан - шартсыз психикалық процестердің шарттыға айналуымен түсіндірілсе, екінші жағынан - адамның өзінің әрекет-қылығын басқара алумен, үшінші жақтан - тұлғаның еріктік қасиеттерінің жасақталуымен түсіндіріледі. Бұл процестердің барлығы адамның жеке дамуында (онтогенезде. жүзеге асырылады. Еріктің бұл бағыттарда дамуы өзіндік ерекшеліктермен жүзеге асырылады: яғни еріктік реттелудің механизмдері мен процестері өзіндік өзгерістерге түсіп отырады.

Еріктік қасиеттердің дамуы тікелей мотивациялық және адамгершілік сфераның өрістеуіне тәуелді. Балаларда іс-әрекеттерді реттеуде неғұрлым жоғарымотивтер мен құндылықтардың іске қосылуы, іс-әрекетті басқарушы стимулдардың жоғары деңгейге көтерілуі, әрекет-қылықтардың адамгершілік жақтарын бағалай алу, тани білуге деген қабілетті қалыптастыру өте маңызды. Құрамына еріктік реттелу кіретін әрекет-қылық мотивациясы неғұрлым саналы бола бастайды, әрекет-қылықтың өзі шартты бола бастайды.

Балаларда әрекет-қылықтың еріктік реттелуі олардың интеллектуалдық дамуымен, мотивациялық және тұлғалық рефлексияның пайда болуымен тікелей байланысты. Сондықтан балада еріктік қасиетті қалыптастыру оның жалпы психологиялық дамуын ескерусіз жүзеге асыру мүмкін емес.

Тұлғаның кəсіби қалыптасу мəселесін терең зерттеген отандық психологтардың бірі Т. В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс- əрекеттің орындалу деңгейін кезеңдерді бөлу критерийлері ретінде алды. Ол кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті:

  • кəсіби ниет, (ой) оның пайда болуы мен қалыптасуы;
  • кəсіби білім беру жəне кəсіби іс-əрекетке дайындық;
  • мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру жəне өндірістік ұжымнан өз орнын табу;
  • кəсіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы.
  • Е. А. Климов төмендегідей кəсіби бағдарланған кезеңді ұсынды:
  • Оптация кезеңі (12-17 жас) - кəсіби өмірлік жолын саналы түрде таңдауға дайындық;
  • Кəсіби дайындық кезеңі (15-23 жас) - болашақ кəсіби іс-əрекет икемділігіне үйрену, қажетті білім алу;
  • Кəсіпқойдың даму кезеңі (16-23 жастан бастап зейнеткерлікке дейін) - кəсіби қауымдастықтардағы тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіне кіру жəне іс- əрекет субьектісінің əрі қарай дамуы.

А. К. Маркова кəсіпқойдың қалыптасуында 5 деңгей мен 9 кезеңді бөліп көрсетті:

  • Кəсіпқойлыққа дейін мамандықпен алғаш рет танысу кезеңі;
  • Кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: мамандыққа бейімделу, өзін-өзі таныту жəне шеберлілік түріндегі мамандықты еркін меңгеру;
  • Жоғары кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: шығармашылық түрде мамандықты еркін меңгеру, əр түрлі мамандықтармен шұғылдану, өзін-өзі тұлға ретінде өзіндік шығармашылық болжау жасау;
  • Кəсіпқой емес тұлғаның оқшаулануынан еңбектің кəсіби бүлінген нормалары арқылы орындалуы;
  • Кəсіпқойлықтан кейін кəсіби іс-əрекеттің аяқталуы.

Кəсіби қалыптасу процесіндегі іс-əрекет динамикасын Н. С. Глуханюк зерттеген. Оның айтуынша, кəсіпке дайындық, оған бейімделу, шеберлік т. б. кезеңдерде тұлға іс-əрекеті күрделене жəне кеңейе түседі. Ал, В. Д. Шадриков кəсіби мəнді сапа ретінде іс-əрекет тиімділігіне жəне меңгеру табыстылығына əсер ететін іс-əрекет субъектісінің индивидуалды сапаларын қарастырған.

Н. С. Пряжников кəсіби өзіндік анықталуды зерттей келе, оның келесі түрлерін бөліп қарастырған: нақты еңбек функциясы кезіндегі, нақты еңбек орнындағы, нақты мамандықтағы, нақты кəсіптегі, өмірлік, тұлғалық жəне тұлғаның мəдениеттегі анықталулары.

Л. М. Митина кəсіби іс-əрекет қалыптасуының екі моделін бөліп көрсетті.

Бейімдік (адаптивті) моделі - адам сана-сезімінде кəсіби еңбектің сыртқы жағдайларға тəуелді болу тенденциясы кəсіби міндеттер, ережелер, нормаларды шешу алгоритмдерінің орындалуы түрінде басым болады.

Кəсіби даму моделі - тұлғаның қалыптасқан практика шектерінен шығу, өз іс-əрекетін практикалық қалыптасу затына айналдыру жəне сол арқылы өзінің кəсіби мүмкіндіктерінің шектерін жеңе алу қабілеттіліктерімен сипатталады. Тұлғаны сана атрибуты ретінде қарастыратын болсақ, онда ол өзінің қажеттілігін бойындағы белсенділікпен көрсете алады. Бұл арада тұлға алдындағы құндылық пен сол құндылыққа жету мүмкіндігі орын алуы үшін тұлғаның ішкі рухани қабілеті жұмсалып, оның əрекеті белсенді сипатта болуы керектігін айтып кетсек болады. Əлбетте, белсенділік дара емес əлеумет, ұжым ішінде көрінеді. Сондықтан біз студенттердің де іс-əрекетін қоғамдық іс- əрекеттерден бөлу мүмкін еместігін, олармен қатар кəсіби, педагогикалық жəне т. б. іс-əрекеттердің жүретіні жайлы айтқымыз келеді. Л. С. Выготский бұл мəселені яғни, тұлғаны əлеуметтік орта мен қоғамнан бөліп қарастыру мүмкін еместігін қарастыра келе, психологияда дамудың əлеуметтік жағдайлары деген түсінікті енгізген. Оның айтуынша, тұлғаның дамуы индивидтің мəдени құндылықтарды меңгеруімен ұйғарылады. Адамдық мазмұн жəне мəн адам қатынастары нəтижесінде туындайды, яғни баланың баламен, үлкендермен тікелей əлеуметтік байланысы кезінде туындап, интериоризация арқылы адам санасында дамиды. Сонда бұл жерде адам қоғаммен жəне басқа адамдармен біріккен іс-əрекет жасау арқасында қалыптасады, дамиды жəне өзгереді десек те болады.

Тұлғаны белгілі-бір іс-əрекет тəсіліне дайындық күйлерін реттейтін функциялар өте көп. Осындай функцияларды атқаратындар қатарында өмірлік ұстанымды, қызығушылықтар бағыттылығын, құндылықтық бағдарларды, əлеуметтік бағдарларды, субъективтік қатынастарды, жетекші түрткіні қарастыруға болады. Отандық психологияда индивидпен саналанатын жəне мойындалатын барлық əлеуметтік құндылықтар оның өмірі барысында ассимиляцияланып, даралық құндылықтарға айналатыны жөнінде пікір айтылған.

Адамның кəсіпке бейімделуі басталғанда ол көптеген бейтаныс адамдармен байланысқа түседі. Ол тұлғаны тұрақты қалыптастыратын фактордың ең негізгісі кəсіптік қызмет процесінде, оң мотивация ретінде кəсіптік қажеттілік қалыптасқанда болады дейді. Климовтың ойынша, əрбір кəсіптік топ үшін өз қызметтерінің мəні, құндылықтары бар. Егер таңдалған кəсіп, өмірлік мəн, субъекті бірлессе, онда кəсіптік қызмет мəнді, өмірлік сипатқа тең болады.

Э. Эриксонның айтуынша, жоғары оқу орнына түсу тұлғаның үлкендер рөлін қабылдауымен байланыста болады.

Қорытынды.

Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгіленген мақсатқа жету жолында, ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шатты қ пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.

Сонымен ерік мінез-құлықтың реттегіші ретінде өмір мен іс-әрекет процесінде қалыптасады. Адам өз еркін коллектив ішінде бола отырып және еңбек, оқу, ойынмен шұғылдана жүріп тәрбиелейді. Іс-әрекеттің қай түрінде болсын, қызығу, көтеріңкі жағымды эмоциялық күй туғызатын элеметтер болады. Бірақ еңбек, оқу және тіпті ойынның өзінде бірсарынды, еш қызықсыз, эмоциялық тартымдылығы жоқ, алайда маңызды, қажетті болып саналатын жайттар да аз кездеспейді. Адам белгілі іс-әрекетпен шұғылдана отырып, субъективтік және объективтік қиындықтарды да жеңеді, бастаған істі әрі қарай жалғастырып, аяқтап шығуға өзін-өзі күштеп көндіреді. Нақ осындай жағдайда, мінез-құлықты саналы түрде реттеу қажет болатын қиын шақта адамның еркі нығайып, шынығып отырады. Осыған байланысты мынаны айта кету керек. Жеке адамның ерік-жігерінің жалпы және өзіндік көрсеткіштері болады. Еріктің дамуы мен адамның еріктік қасиеттерінің қалыптасуында ең маңызды орын алатын күнделікті тұрақты еңбек болып есептеледі. Еңбекте жеке адам коллективтің басқа мүшелерімен міндеттік байланыста болады: бұл міндеттерін орындау үшін ол өз мінез-құлқын коллектив алдында тұрған еңбектік міндетке бағындырып отыруға тиісті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана мәселесінің теориялық және әдіснамалық негіздері
Адамның негізгі ерік қасиеттері
Муниципалдық құқық
Мәміле
Ерік - адамның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мақсатқа жетуге бағытталған, саналы түрде жүзеге асатын әрекет
Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы
Мәміле түсінігі
Рим жеке құқындағы міндеттеме және шарт туралы ілім
Мемлекет аппараты, тетігі
Адамның еркі және өзін-өзі реттеу психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz