Үкімет қадамдары және Қазақстанда түсіріліп жатқан фильмдер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

44618_html_m5bd2ed93

Қарағанды қаласы

Химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Қазақстан Республикасының қоғамы

Тақырыпша: Мәдени өрлеу

“Қазақстан кинематографиясының кемшіліктері, және оны шешудің жолдары. ”

(3010 сөз)

Орындаған: Ауез М.

(аты-жөні, қолы)

Жетекші:Аблайханов Б. М.

(аты-жөні, қолы)

Ішкі модератор:Рахимбаева М. В.

(аты-жөні, қолы)

Қарағанды қаласы, 2019

Мазмұны

1. Кіріспе2

2. Негізгі бөлім3

2. 1. Қазақстан киноиндустриясы3

2. 2. Үкімет қадамдары және Қазақстанда түсіріліп жатқан фильмдер. 4

2. 3. Шетелдік тәжірибе5

2. 4. Зерттеу әдісі6

2. 5. Зерттеу нәтижесі6

2. 6. SWOT талдау9

3. Қорытынды10

4. Шешу жолдары11

5. Қоланылған әдебиеттер тізімі13

  1. Кіріспе

Өзектілігі: Мемлекеттің дамуына әсер ететін салалардың бірі - мәдениет. Ол мәдениеттің элементтері елге қандай-да бір табыс әкелуі керек. Мәдениеттің табыс әкеле алар маңызды элементтері өте көп. Мысалға, туризм, ән индустриясы және кинематография және тағыда басқа өнер түрлері жатады. Сауатты түсірілген фильм өндірісінің табысы миллиардтаған АҚШ долларын әкелуі мүмкін. Мысалға, Америка Құрама Штаттарында 2000-жылдан бастап фильмдерден түсетін өнім 9 миллард доллардан асатын болды. Сонымен қатар, мемлекетке экономикалық пайдасынан басқа, фильмдердің көптеген балаларға рухани бастау болатынын ескере отырып белгілі бір мораль немесе рухани құндылықтарды жеткізуге болады.

Алайда, Қазақстан кинематографы соңғы жылдары киносыншылар арасында оң бағаға ие болғанымен, оның қарқынды дамуына әлемдік тәжірибеде табысқа жете алатын тәсілдер қолданбайтындығы себеп болып отыр. Америка Құрама Штаттарында және басқа да Батыс мемлекеттерінде бейнефильм прокатқа шыққанда одан көптеген олжалы болу үшін міндетті түрде фестивальдар мен мейрамдар өткізіледі. Осындай шаралардың бірден-бір мақсаты - ол фильм жұрттың құлақтарының ұшында болуы. Ол өнімнің нарықта сатылуына ықпалын тигізеді. Ал, ол өнімді көремермендерге қалай өткізу керектігіне көңіл аударатындығы ол жеке “өнер түрі” десек болады.

Қазақстанның кино өндірісінде заманауи технологиялар мен жаңа дәуірдің инновациялары жетіспеу мәселесі кездеседі, яғни кадрлардың болмауы. Сонымен қатар, мұқият қарастырылған тематикалық жоспарлардың болмауы мен фильмдердің жанрларында әртүрлілік кездеспеуі де ауқымды табысқа жетуіне тежеу болып отыр. Ал, менің ойымша, ең бастысы - Қазақстанда Кеңес Үкіметінің негізінде жасалған кино индустрия жүйесінің ескіріп, біздің заманымыздың шыңдықтарымен келіспеуі.

Зерттеу мақсаты: қазіргі заманғы қазақ кинематографының мәселелерін талдап, оның қарқынды дамуына кедергі жасап отырған факторларды қарастыра отырып, оның шешу жолдарын анықтау, әрі ұсыну.

Берілген зерттеу жұмысы қажетті әдебиет көздерінен және ғаламтордан ақпарат жинау арқылы; Қазақстанның кинематографысының әлсіз және күшті жақтарын SWOT анализы арқылы жасалынады.

Болжамы: Егер бұл жоба барысында кино индустриясындағы мәселелерінің шешу жолдары анықталса, онда болашақта Қазақстан индустриясының өнімдерінің бірі жауһар тууы әбден мүмкін.

  1. Негізгі бөлімҚазақстан киноиндустриясы

Киноиндустрия дегеніміз фильм жасауда белгілі бір техника, қаражат және тағы да басқа қажетті құрылғылармен қамтамасыз ететін ұйым.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бір ширек ғасырда мемлекеттік кинематографында жаңа және өмірге бейімделген кино құрылды. Қазіргі танда Қазақстанда көптеген шағын киностудиялар және жалғыз үлкен киностудия бар. Қазақфильм 1934 жылы құрылып, қазіргі танда Қазақстанның ең үлкен киностудиясы болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері 2016 жылға дейін Қазақфильм индустриясында шамамен 500 ге жуық фильм түсірілді (117 толық метражды, 66 қысқа метражды, 245 деректі және 67 анимацияланған) . 200 көрініс әлемнің 52 елінің 208 кинофестивальында жүлдеге ие болды [1] . Сонымен қатар, “Көшпенділер” мен “Шал” кинолары Академиялық Жүлдеге (Оскар) қатысып, ал “Көшпенділер” фильмі үшін Карло Силотто тіпті “Алтын Глобус” номинациясына ұсынылған болатын.

Отандық кинолардың прокаттағы кірістері, әрине әлі де американдықпен салыстыруға келмейді, бірақ та соңғы жылдары өсіп келеді және тек кинотеатрлардан табысы 300-400 миллионға жететін болды. Қазақстан тарихында кинотеатрлардан ең үлкен табыс көрген фильм “Брат или брак” 2018 жылы 454 миллион теңгеге жетті (оның 189 миллионы бірінші уик-эндта) . Тізімде фильмдер “Бизнес по казахски” 299, 7 миллион теңге мен “Жаужүрек мың бала” 296, 8 миллион кіріспен екінші орын мен үшінші орынға йе болып отыр. [2]

Киностудиялардың басты картиналары негізгі тақырыбы - қазіргі қазақстандықтардың бойындағы қасиеттер, мемлекеттің тарихи қиындықтардан өтуі және тарихи, әрі мәдени мұраны сақтау. Мысалға, “Жаужүрек мың бала” және “Анаға апарар жол”.

Дегенмен, Қазақстанның кинометографында көптеген мәселелер кездеседі. Біріншіден, мемлекет ішінде қажетті бәсекелестік байқалмайды. Қазақстандағы сәтті деген фильмдердің көбісі “Қазақфильм” арқылы түсіріледі. Қазақстан прокатындағы барлық қазақ фильмдерінің 50% үлесі Қазақфильмге тиесілі және көрермендерің Қазақстан фильмін көргенде 95%-і Қазақфильмге жүгінеді. [3] ”Қазақфильмнің бәрін өз қолына алып алғандықтан, бізде инфрақұрылым мен продюсерлердің ақша табу тәжірибесі дамымайды, сол себепті бұл бизнеске айнала алмайды, - дейді киносыншы Гүлнара Абикеева. - Мұндай жағдайда біздің кинолар отандық нарыққа шыға алмайды, сонда да біз оның әлемдік өніммен бәсекелесуін талап етіп отырмыз. ”. [4] Әрине, кассалық сатылымдарда 112 миллион жинаған “Келинка Сабина” фильмін түсірген Nurtas Production және 68 миллиондық өнімі бар Баян Мақсатқызының “Shine Prodction” компанияларын Қазақфильміне бәсеке құруға әлеуеті бар деуге болады. Бірақ оларға фильм түсіру амалдарында өзгерістер енгізу керек болады, себебі “Nurtas Production” және “Shine Production” киностудия емес продюссерлік орта болып келеді.

Сонымен қатар, Қазақстанда барлығымен мойындалатын бәсекелестігі жоғары фестиваль жоқ: жыл сайынғы өтетін Astana кинофестивальда жылдық еңбектері үшін жарыс өткізілмей, тек жас кинематографистерге дамытуға бағытталғанын атайды. Жас мамандарды қолдаған әрқашан оң қадам, алайда өздерінің маңсабында әртіс болсын, режиссер, продюссер болсын ең лауазымды жүлдеге таласуға құлшынысы болуы адал бәсекелстікке әкеледі.

Үшіншіден, отандық фильмнің дамуына мемлекет тарапынан көмектер жеткіліксіз. Айғақтай дәлел ретінде ең үлкен кинокомпания Қазақфильм киностудиясы 100% мемлекетке тиесілі болып тұрып, оның өзі қаражатқа зәрулігін айтуға болады. Киностудияның қазіргі таңдағы қаражаты “Қазақстан” ұлттық телеарнасымен салыстырғанда бес есе кем. Қаражаттың жетіспеушілігі фильм түсірудегі материалды-техниканың әлсіздігіне әкеліп отыр. Нәтижесінде кинопрокаттың барлық рекордтарын бұза алатын блокбастерлер түсірілмей, тек қарапайым қиын өмір сипаттайтын фильмдер немесе комедиялармен ғана шектеледі. Отандық кинематографты дамыту үшін Қазақфильмнің өзіне бірнеше есе қаржыны ұлғайту керек болса, шағын бизнеспен бастағандарға бұл тіптен ауыр тиеді.

Төртіншіден, қандай да бір кино көрермендердің сұранысына немесе өзекті тақырыптарға қарап түсірілмейді. Осыған кино түсірудегі тематикалық жоспарлардың болмауы да жатады. 2007 жылы 800 мың $ қаражтпен жасалған “Рэкетир”, 1, 2 миллион $ табыс көрген болатын, алайда осындай жетістікке жеткен соң, оның жалғасы неліктен 8 жылдан соң шыққаны белгісіз. [5] Сонымен қатар, фильмдердің танымалдылығын арттыру үшін жарнамалық өрлеулер орын алмайды. Меломан компаниясының директоры Вадим Голенко көрермендерді кино шығуының алдында биллборд, трейлер және клиптармен таныстырылулар жүргізіп, алымдардың өсуіне ықпал ететінін айтты. [4] Сауатты бизнес модельінің жоқтығы мен бюрократия көптігі киностудияға табыстан жаңа деңгейде фильм түсріуне мүмкіндік бермейді.

  1. Үкімет қадамдары және Қазақстанда түсіріліп жатқан фильмдер.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда кино мәселесін шешуде алғашқы немесе керекті деп табылатын қадамдар жасалып жатыр. Жақында ғана, 2018 жылдың желтоқсан айында, Қазақстан Парламент Сенаты "Кинематография туралы" заң жобасын мақұлдап, Қазақстанда ұлттық киноны қолдау орталығы ашылуына жол берді. Қолдау орталығы ұлттық фильмдердің киножобаларын мемлекеттік қаржыландыру, сондай-ақ кинематография саласында субсидиялар төлеу жөніндегі бірыңғай оператор болады. Заң жобасы қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді жүйелендіруді және есепке алуды қамтамасыз ететін фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылады.

Соңғы жылдары үкіметімізде екі үлкен заңнамалық акт қабылданды - бұл "фильмге прокаттау куәлігін беру" және фильмдерді қазақ тіліне міндетті түрде дубляждау. [6]

Сонымен бірге, Астанада жаңа киностудия құрылмақ. "Астанафильм" жаңа киностудиясы елордада жұмысын бастайды және Алматыда "Қазақфильм" студиясының аумағында еркін экономикалық аймақ ұйымдастырылмақ екендігі жарияланды. [7]

Ал 2016-жылы Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан кинематографының өзекті мәселелері туралы француз киноэксперттерімен дөңгелек үстел болған еді. Мәдениет және спорт минстрлігінің айтуынша іс-шара “Қазақстан-2050” стратегиясының аясында өтті және іс-шараға әйгілі француз киноэспкреті Жоэль Шапрон қатысты. Кештің барысында Жоэль Шапрон мен Присилла Жессати егжей-тегжейлеп киноның ұлттық және қоғам деңгейінде қалыптасуы, киноны қаржыландыру жүйесі және кинофикация аспектілері жазылған кітаптарын таныстырды. . “Француз киносын қаржыландыру принциптері мен механизмдері” мен “Француз кинотеатры - толық ғасырлы аншлаг” кітаптары ТМД елдерінің мамандарына бағытталған.

ҚазҰӨУ бас директорының айтуы бойынша дөңгелек үстелінде айтылған жобаның негізгі жоспары ол “Қазақфильм” студиясының базасында толық циклді кинофабрика құру, мемлекетті фильм фондын құру және кинематография ұйымдастырудағы мамандандырылған экономикалық зона құру. [8]

Сонымен қатар, 2018 жылы ұсынылған “Кинематография” туралы заң жобасын мәжіліс мақұлдады. Заң жобаның аясында ұлттық киноны қажыландыру жүйесіне жаңа модел еңгізілмек. Берілген заң жоба АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Канада, Корей және т. б. елдердің тәжірибелері мен заң жүйесін зерттей отырылып құралған. Заң жобаның құрамдас бөліктерінің біреуінше коммерциялық емес акционерлік қоғам формасында ұлттық киноны қолдау. Қаржыландырудың жаңа моделі бойынша әлеуметті маңызды фильмдер 100% қаржыландырып, біріккен өнідірістегі фильмдерді қаржыландыруда шегі болады. Сонымен қатар, өндіріс, прокат, фильмнің жылжытылуын бақылау үшін, сәтті және сәтсіз жобаларды анықтау үшін фильмдердің прокатын есептейтін біріңғай ақпараттық жүйе құрылмақ. [9]

Қазақстанда қазіргі таңда көптеген фильмдер түсіріліп жатыр. Әдеттегідей комедияларға өте толы: Nurtas Production “Әкім” фильмін түсірмек болса, “Брат или Брак 2” премьерасы өзін көп күттірмейді. Сонымен қатар, тарихи өнімдерде шығарылмақ. Олардың қатарына “Қазақ Хандығы. Алтын тақ”, “Томирис” және Қасым Хан туралы туындылар кіріп отыр. Осы аталып өткен фильмдердің ішінен ерекшеленетін бірнеше өнімдер бар: біріншіден, “Рэкетир”, “Жаужүрек Мың Бала” және “Анаға апарар жол” туындыларымен мойындалған Ақан Сатаев “Боксер” жобасын қолға алып отыр. Бұл фильм Олимпиада жүлдегері Серік Сапиев туралы және отандық кинематографиядағы спорт тақырыбындағы алғаш ірі жоба болайын деп тұр. Ал, “Айка” фильмімен Оскар жүлдесіне номинант болған Гүлнар Сарсенова “Нартай” фильмінің түсірілімін басқарды. [10]

  1. Шетелдік тәжірибе

АҚШ киноиндустриясы кем дегенде 1920-шы жылдардан бастап шығарылатын фильмдер мен кассалық алымдар саны бойынша әлемдегі ең ірі болып қана қоймай, сонымен қатар әлемдік кинематографтың мазмұны мен технологиясына, кинопроцесстің экономикалық және мәдени аспектілеріне айқындаушы әсер етеді. Қазіргі таңда Америка Құрама Штаттарында жоғары деңгейдегеі бәсекелестік орын алып тұр және 6 мэйджор, яғни үлкен студиялық бірліктер бірінен бірі қалмас үшін әрқашан жұмыс істеп, адамдарды өз киноларына тартудың түрлі тәсілдерін қарастырады. Мысалға, интернет арқылы фильм көрсететін стрим жүйесінендегі алымдардан кем қалмас үшін 6 компанияның екеуі Disney+ және WarnerMedia қосымшаларын 2019 жылдың күзінде жарыққа шығарады. [11] [12] Сонымен қатар, аталмыш “Үлкен Алтыдай” табысты болмаса да, олармен тікелей бәсекелесетін үш-төрт компаниялар бар (DreamWorks, Lionsgate және The Weinstein Company) . Мысалы, Lionsgate компаниясы түсірген “Hunger Games” фильмдері 300 миллион АҚШ долларынан астам табыс көрді. Жоғары деңгейдегі бәсекелестік тоқыраудаың алдын алады. [13]

Екіншіден, АҚШ-та жыл сайын халықаралық Comic Con фестивалі өтеді. Бұл көрменің тақырыпшалары комикстерден басқа телесериалдар, қорқыныш әдебиеті, аниме, манга, ойыншықтар, коллекциялық карточкалық ойындар, бейне ойындар, фэнтези және веб-комикстер сияқты поп-мәдениеттің басқа да элементтерін қамтиды. Бұл фестиваль және кинопремия сияқты мейрамдар тек әртістер мен режиссерлердің мансаптық мақсатын ғана құрмай, көрермендердің ортасында қызығушылық тудырады. Осындай тектегі шаралардың біріне Франциядағы “Канн Фестивалі” жатады. [14]

Сондай-ақ, Францияда кадрлардың жетіспеушілік мәселесін шешу үшін, мамандар өткен жылда 500 сағаттан көп жұмыс жасап, ал осы жылы ешкім жұмысқа алмаса мемлекет орталық жалақыны төлеу арқылы көмек көрсететсе, Ресейде кинотеатрларға отандық фильмдер уақытынан ұзағырақ сатылым тұру үшін оларға жеңілдіктер жасалады. [4] 500 сағаттан көп жұмыс жасаған шеберлер индустрия саласынан кетіп қалмауы керек, себебі жаңа жұмыскерлерді табу одан да үлкен шығынға әкеледі.

Қазақстанда фантастика жанрындағы фильмдер мүлдем түсірілмейді. Алайда, ХХІ ғасырда кинофантастика киноның ең танымал және қаржылай еғ пайдалы жанрларының бірі. "Аватар", "Жұлдызды соғыстар " және "Юра кезеңінің әлемі" сияқты фантастикалық фильмдер тарихтағы ең кассалық блокбастерлердің қатарына жатады. [15]

  1. Зерттеу әдісі

Кино көрудегі немес кинотеатрға барушыларды жастық топтарымен бөлгенде аудиторияның ядросын 15-24 жастағы жас адамадар құрайды. Берілген зерттеу жұмысында кинематографияның басты аудиториясы, әрі сыншылары жастар болғандықтан онлайн сауаланамның сілтемесі жастар шоғырланған әлеуметтік желіде таратылған. Қазақстан киносының мәселелері мен шешу жолдарын табу үшін көпшіліктің ойын білу керек еді, сол себепті сандық мәні маңыздырақ сауалнама жүргізілді.

  1. Зерттеу нәтижесі

Сауалнаманың сұрақтарының жауаптары арқылы талдасақ,

94, 1% адам киноның дамуын маңызды көрсе, қалған 5, 6%-і одан көрі Қазақстанның басқа мәселелеріне көңіл бөліп, маңызды емес деп санайтынын білдірді.

Алайда, Қазақстан фильмдерін маңызды деп санайтын адамдарға қарағанда оны көретін адамдар саны азырақ болды. Тек қана 22, 2 %-і ғана отандық фильмдерін үнемі шетелдік фильмдермен араластырып көріп отырса, 72, 2 %-і арасында лайықтысын ғана көреді. Қалған 5, 6 %-і мүлдем көрмейміз деді.

Қазақстан фильмінің көрермендері бойынша үштен екі бөлігі Қазақстан фильмдерінің мәселелері көп деп мойындаса, үштен бірі Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері қарастырсақ, жетістіктеріміз жоғары деңгейде деп санайды.

Мәселелердің ең бастысын, 61, 1 % жинаған, прокатта шығарылатын фильмдердің тақырыбы мен алатын тематикасының тым тарылығын атап өтті. Ал жоғары деңгейлі мамандардың болмауына, орынды бәсекелестік орнамай және бюрократияның кесірінен тек есептеме жасайтын фильмдердің көптігіне 38, 9 % адам жауап берген. Кірістердің табысы жоғары бюджетті фильм түсіруге қаражаты жетпейді деп 33, 3%адам санаса, 27, 8%-і мемелекет тарапынан жеңілдіктер таба алмай отыр деп санайды.

66, 7% сұхбат алынған адамдар әлемге әйгілі және де көп әртістер үшін мансабында ең маңызды жүлдеге ұмтылыс тудыратын “Оскарды” Қазақстанда аналогын қажет екендігімен келіссе, 33, 3% шетелден кезекті көшірілген жүлде деп ұнатпайды.

55, 6% адам Қазақстан киносында тек қана ауыл менен тойлардың ғана тақырыбын қозғай бермей, блокбастерлер түсірілуін қарастыруымыз керек дейді. Ал, 50%-і болса киностудиялардың жекешеленіп, олардың өз атағына жұмыс жасағаны керекті бәсеке мен прогресс көзі болатындығына сенеді. 44, 4 % адам шетелдерінің тәжірибесін өзіміздің елімізге беймідей алсақ, 33, 3%-і мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасаса Қазақстан киноидустрияларының мәселелерінен құтылуына маңызды фактор болады деп санайды. Ал, сауалнама алынғандардың ішінде 16, 7%-і Қазақстан-2050 стратегиясының аясында мемлекеттің мәдениетіне, ішінде кино индустриясыда бар, үлес қосатын іс-шаралар жасау керек дейді.

Қазақстанның кемшіліктер уақыт оздырмай түзесе, сауалнамаға қатысушылардың 72, 2% 5-10 жылдың ішінде шетелдік прокаттарға ене бастауының мүмкіндіктері бар деп ойлайды, ал 27, 8% ондай 50-100 жылда да бола көрмес дейді.

Негізінен, сауалнаманың қорытындысынан кино саласының мәдениеттің және мемлекеттің дамуында үлкен рөл ойнайтындығы мойындалады, алайда ол фильмдер тіпті отанымыздың өзінде сұранысқа ие болмай отыр. Алайда, егер де белгілі бір кемшіліктерінен айырылса, оның прокаттардағы түсімі дереу өсіп, өз потенциалына жете алады деген оймен басым бөлігі (72, 2%) келіседі.

  1. SWOT талдау

S-күшті жақтары

  • Қазақстанның фильмдері академиялық жүлденің жартылай финалына және халықаралық байқауларда жүлдегер болуы кинематографияның деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді.
  • Сонымен қатар, бірқатар фильмдер прокаттардан немесе олардың танымалдылығна байланысы оларды ақшалы етіп, табыс өсетін болды.
  • Француз әйгілі киноэксперті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдеріне мамандандырылған Францияның тәжірибесінің негізінде туындысын шығарған болатын. Оның кітабы Мәдениеті және Спорт министрлігінің қатысуымен өткен болатын. Сонымен бірге, бірқатар алдыңғы қатарлы елдердің жүйесінің негізінде “Кинематография” туралы заң жобасын мәжіліс мақұлдады. Заң жобаның аясында ұлттық киноны қаржыландыру жүйесіне жаңа модел еңгізілмек. Үшіншіден, мемлекеттік фильм фондын құру және кинематография ұйымдастырудағы мамандандырылған экономикалық зона құрылу жоспарының болуы.
  • Қазақстан кинематографында дәстүрлі емес өзгерістер орын алып жатыр. Ақан Сатаев комедия мен тарихи кинолардан басқа, спорт туралы ірі жобаны қолға алып, “Боксер” филмі түсірілмек.
  • Мемлекет тарапынан бүгінгі күндерге дейін жасалып жатқан заң жобалары үкімет басшылары киноның мәдениетке әсері мол екендігіне келісіп, саланың дамуының жақтасы екендігін көрсетеді.

W-әлсіз жақтары

  • Қазіргі уақытта “Nurtas Production” мен ”Shine Production” жеке кәсіпкерлік фильмдерінің көрермендері өсіп, прокатта алымдары өсіп жатса да, Қазақфильмге деген бәсекеге қабілетті фильм түсіре алар киноиндутсриялар жоқ.
  • Барлық критиктермен танлыған Astana кинофестивалі тек жас мамандарды дамуға көңіл бөлсе, жылдық көрсеткіштерді қорытындылай алатын жүлделер де киноәлемде жетіспейді.
  • Мемлекет тарапынан жасалып жатқан шағын көмек жетпей, “Қазақфильмнен” бастап қаржы жетіспеу мәселесі байқалады. Ең үлкен кинокомпанияның қаржысы Қазақстан телеарнасына 5 есе болуы жас киноидустриялардың дамуына жол мүмкіндік жоқ екенін көрсетеді. Сонымен қатар, шет елдермен салыстырғанда мемлекет киноның дамуына көмек әлі аз болып келеді. Ол өз кезегінде ірі жобаларды бастауға тежеу болып тұр.
  • Осыған қоса, мемлекетте бюрократия мен есептілік жүйе болғаны жағдайды ушықтырады: нарықтағы өтпелі өнімдер зерттелмей, фильмдердің тақырыптары көрермендердің сұранысынан тумайды.
  • Қазақстандық фильмдер мемлекет бойынша кинотеатралрда прокаттың 5% ғана құрайды, ал әрбір мемлкеттерге отандық фильмдердің нормасы 15% құрауы қажет. Кинематографияны дамуына кадрлардың, техниканың, мамандардың жетіспеуі тежеу болып тұр. Сонымен қатар, әдетте биллборд, жарнама, трейлер, клиптер арқылы алымдардың өсуіне ықпал ететін жүйе емес, ыңғайсыз және сауатсыз бизнес моделіннің кесірінен киностудияөнімдерінен толыққанды табыс көтере алмай отыр.

O-мүмкіндіктер

  • Академиялық жүлдеде жартылай финалға жеткен фильм оның финалына жете немесе оны жеңу әбджен мүмкін. “Оскар” сыйын ұтқан Қазақстан киносының беделін дереу өсіреді. Одан басқа көптегене халықаралық жүйелерді жеңе беруге мүмкіндігі бар фильмдер жыл сайын түсірілуі күтіледі.
  • Сонымен қатар, Францияның негізінде ТМД елдеріне бейміделген жүйе сол елде сияқты Қазақстандада киноиндустрияның қаржысы өсіруі мүмкін.
  • Қаржының өсуі ол қажетті техникаларын өсіріп блокбастерлер түсіруге жол ашады.
  • “Боксер” филмі көрермендердің көңілінен шықса, Қазақстан киносының дамуына жаңа вектор әкелуі мүмкін.
  • Қазіргі таңда фильмдердің алымынан олжалы болып отырған қаражатты сауатты пайдаланса, болашақта үлкен бюджетті фильм түсіруге мүмкіндік болады.

T- қауіп-қатерлері

  • Кадрладры дайындау өте қиын жұмыс, ол саланың жұмыскерлердың шыңдалған болуын қажет етеді. Сол себепті, қазіргі мамандардың жетіспеуі болашақта кадрлық дефицитқа әкелуі мүмкін.
  • Қайталана беретін тематиканың тізесі шығып, жаңа тақырыпшаларға көшкенде дереу көше алмай, бірнеше жылдық табыстарынан айырылу және отандық киноның ұлттық прокатта үлесінің 5%-тен өспеу қауіпі бар.
  • Сонымен қатар, қазіргі орнаған бизнес моделінің перспективаны жойып, монополияны өсіруі мүмкін. Ол болса өз кезегінде үлкен компаниямен шағын киностудиялардың арасындағы қаражаттық айырмашылығының тым ұлғаюына әкеледі.
  1. Қорытынды
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
Қазақ киносындағы ана бейнесіне тарихи шолу
Дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты
Қазақстан кино өнерінің соқтықпалы-соқпалы қиын кезеңдері
ВВС деректі фильмдерінің құрылымына сараптамалық талдау жасау
Кинотеатрлар мен прокат салалары
Отандық телеарналардағы сериалдар көрсетілімі телеканалдар телесериалдар
Электронды бақ және мәдени хабарлар
1917-1920 ж.ж Кеңес мемлекетіндегі мәдени құрылыс
Қазақ киносындағы әлеуметтік мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz