Ақпараттың мәліметтер базасында сақталу режимі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Информациялық технологиялар»
Кафедрасы «Жасанды интеллект және Big Data»
СӨЖ
Тақырыбы:Ақпаратты мәліметтер базасында сақтау әдістері
Орындаған:Басхан Досхан
АиУ 18-11
Тексерген:Абдикаров Рамзат
Алматы 2020ж
Жоспар
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2. 1. Мәліметтер базасы.
2. 2. Мәліметтер базасының жіктелуі.
2. 3. Ақпараттың мәліметтер базасында сақталу режимі.
3. Қорытынды.
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі - ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуреттер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейне файлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметер базасының көмегімен іске асады.
Мәліметтер қоры облысындағы зерттеулер қазіргі уақыттағы ақпараттық жүйелерді дамытуда маңызды роль атқарады. Оның іргелі құрауыштары - деректер, аппараттық қамтамасыз ету, программалық орталар өз мәнін сақтап қалғанымен, оның көлемдері, қуаты, мәліметтер қоры мүмкіндіктерінің спектрі шексіз өсуде. Деректер құрылымының күрделену тенденциясы да бақылану үстінде. Сандар мен мәтіндік жолдар түрінде бейнеленетін ақпараттың қарапайым түрлері өз мәнін жоймастан, бүгінде көптеген мультимедиялық құжаттармен, графикалық образдармен және т. б. күрделі ақпараттық формалармен толықтырылуда.
Компьютерлік техниканың даму сатысының алғашқы сатысында кез келген қолданбалы программа арнаулы мәліметтерді жинақтаумен қатар жүрді, сондықтан оның көлемі үлкен жұмысты жылдам жүргізуге кері әсерін тигізді. 70-жылдарда ЭЕМ-нің жүйелік дамуына байланысты жағдай жақсара бастады. ЭЕМ-да шешілетін есептердің жалпы ортақ мақсаты болды. Бұл мақсатқа жету үшін алғашқы мәліметтерді жинақтап енгізу қажет. Пәндік облыстың дамуы және жұмысқа араласуына байланысты бұл деректер ішкі структурасы анықталмаған өзара байланыстылық қасиеті жоқ қажетсіз ақпараттың жиынын туындатады. Сол алғашқы мәліметтерді сипаттау, сақтау, өңдеудің жалпы ережелеріне сәйкестендіріп жүйелі түрге келтірілген, құрылымы дәр анықталған ақпараттық массив құрса, оны мәліметтер қоры немесе мәліметтер базасы деп атайды. Мәліметтер қоры мәліметтерді ұйымдастыруда сапалы жаңа этап ретінде қабылданды. Мәліметтер қорының технологиясы пайда болғанға дейін әр программада басқа есептерден тәуелсіз тек өзіне ғана қатысты есепті шешуге қажетті элементтерді толассыз енгізу керек еді.
Мәліметтер базасы
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал - тәсілдермен ұқсата біліудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұмдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.
Қарапайым мысал ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қыметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және тағы басқаны атауға болады.
Электронды МБ - сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай - ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты - жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты - жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.
Объект - деп мағлұматтарды мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады.
Атрибут - объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады .
Мәліметтердің басты элементі деп мәліметтердің басқа элементтердің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.
Алғашқы кілт -объектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде ұқсастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы) .
Екінші реттегі кілт - бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайтаналатын атрибут (немесе атрибуттар тобы) . Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады .
Мәліметтер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.
МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация) .
База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылға беру немесе байланыс арналары бойынша беру .
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
- Кестеге бір немесе жазбаны қосу;
- Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
- Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
- Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ - ның тағы бір функциясы - мәліметтерді басқару . мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау;
Мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қорғау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
Мәліметтер базасын жіктеу.
Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша ажыратылады :
Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.
Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МБ -ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.
Осы типтегі МБ жасауға американдық ғалым Е. Кодд елеулі үлес қосты.
Реляциялық МБ - ның жақсы қасиеті - оны қолдаудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі - мәліметтер құрылымының қатаңдығы (ерікті ұзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі ) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі . мұндай МБ - ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін.
Иерархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МБ - да мұндай байланыстар ағаш - сызық жол (графа) түрінлде бейнеленуі мүмкін, мұңда биік шар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана
болуы ықтимал. Егер барлық ықтимал сұрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана, бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салулары қанағаттандырмайды. Аты айтылған кемшілік желілік МБ - дан алып тасталды, онда (тым болмағанда, теориялық жағынан ) “ бәрімен барлық жағынан ” байланыс болуы ықтимал еді . іс - тәжірибе жүзінде мұны іске асыру мүмкін болмағандықтан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.
мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның) оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етіледі .
Кейбір МББЖ туралы мәліметтер келесі кестеде келтірілген.
МБ жіктеу
Ақпараттың мәліметтер базасында сақталу режимі
Мәліметтер базасын басқару жүйесінің екі режимі бар : жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның обьектілерін жасауға арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бұрын дайындалған обьектілер пайдаланылады.
Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді.
Базаны құрушылар базаны нақты мәліметтермен толтырмайды (тапсырыс беруші оларды құпия деп санауына болады және бөгде адамдарға ұсынбайды) . База обьектілерін қалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік толтыру бұған қосылмайды.
Базаны пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады, мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытынды нәтижелік кестелер мен есептер түрін де алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың қызметі - нақты жұмыс парағында қарастырылғандарға ғана, база құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ.
MS Access 2000 МББЖ - мен жұмыс істеу
MS Access 2000 жалпы сипаттамасы қазіргі уақытта MS Access Мәліметтер базасын басқарудың үстемдік программалық жүйелері арасында ең танымалыларының бірі . көпшілікке кең тараған танымалдық себептері мыналар :
1. Әмбебаптағы мен интерфейстің ойланып істелу деңгейі жоғары, өйткені көбінесе әр түрлі біліктіліктегі пайдаланушылардың жұмысына арналған, негіз құраушы режимінен оларды тікелей пайдалану режиміне икемді және жедел көшуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасының объектілерін басқарудың жүйесі іске асқан;
- Microsoft Office құрамына кіретін программалық басқа өнімдермен, сон дай - ақ ole технологиясын қолдайтын кез келген программалық өнімдермен бірігіп - кірігіуі (интеграция) мүмкіндіктерінің терең дамуы ;
- Жасалған жұмыста көрсеткіш құралдардың молдығы.
Мәліметтер базасы объектілері. Кез келген МББЖ-мен жұмыс процесінде мәліметтер базасында файл (немесе файл топтары) жасау басталған жері болып саналады.
Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты терезенің негізгі бөліктері сәйкес келеді. бұлар Таблицалар, Сұрау салулар, Есептер, Парақтар, Макростар мен Модульдер.
Терезе тақырыбы -мәліметтер базасының файл атауы .
Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан басқа үш бұйрықтық кнопкалары бар :
Ашу, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады.
Егер Таблица қосымшасы таңдалса, бұл қосымшаның терезесінде осы МБ-да бар кестелердің тізімі бейнеленеді.
Бар кестені ашу үшін оның атын ерекшелеп, Ашу кнопкасын басу керек.
Жаңа кестедегі МБ - ны іске қосу үшін Құру кнопкасын басу қажет.
Бар кестенің макетін түзеу үшін оның тізімдегі атауын ерекшелеп, Конструктор кнопкасын басу керек.
Кестелер - мәліметтер базасының негізгі объектілері. Біріншіден кестелерде базада бар мәліметтердің барлығы сақталады, екіншіден, кестелер базаның құрылымын (өрістерін, олардың типтерін, қасиеттерін) да сақтайды.
Сұрау салулар - кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылымдар. Сұрау салулардың көмегімен мәліметтерді іріктеу, оларды сұрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты операциялар атқарылады.
Сонымен қатар берілген алгоритм бойынша мәліметтер өзгертуге, жаңа кестелер жасауға, басқа шығу көздерінен алынған мәліметтер кестесін автоматты түрде орындауға, кестелердегі қарапайым есептеулерді және тағы басқа жасауға болады.
Формалар көмегімен базаға жаңа мәліметтер енгізетін немесе бары қаралатын объектілер. Формалар пайдаланушыға толтыруға болатын өрістерді ғана толтыруға арналған құралдар ұсынады.
Сонымен қатар формада бір мезгілде енгізуді автоматтандыру үшін басқарудың арнайы элементтері (есептегіштер, ашылатын тізімдер, ауыстырып қосқыштар, жалаушылар және т. б. ) орналастыруға болады. Формалардың артықшылығы толтырылған бланкілерден мәліметтер енгізу болған кезде, әсіресе, көрнекі көрінеді. Бұл жағдайда графикалық құралдарды форма бланктің ресімделуін қайталанатындай етіп жасайды - бұл терімшінің жұмысын оңайлатады, оның шаршап, қажуын азайтады және баспа қателерін болдырмайды.
Форманың көмегімен мәліметтерді енгізіп қана қоймай, бейнелеуге де
болады. Сұрау салулар да мәліметтерді бейнелейді, бірақ оны нәтижелік кестелер түрінде, дайындаудың ешқандай құралдары болмай - ақ жасайды. Формалардың көмегімен мәліметтерді шығарған кезде дайындаудың арнайы құралдарын қолдануға болады :
Есептер - мәліметтердің ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, қалыптастыру үшін есептелетін өрістер, топтастырулар, іріктеу шарттарымен бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтын сұрау салулар жасалады.
Содан кейін MS Access - тің жалпы ережелері бойынша осындай сұрау салулар негізінде есеп жобаланады, ол мыналарға жол ашады:
- Оқу мен талдауға қолайлы формалармен мәліметтер ұсынуға;
- Қорытынды және орта мәндерді есептеп, жазбаларды топтастыру (бірнеше деңгей бойынша ) ;
- Графикалық объектілерді есепке кіргізу мен басып шығару (мысалы, диаграмма) .
Парақтар - бұлар Access 2000-да жүзеге асқан мәліметтердің арнайы объектілері. Оларды майдалап айтқанда мәліметтерге қол жеткізу парақтары деп атауға болады.
Физикалық жағынан бұл Web-парақта орналастырылған және клиентке сонымен бірге берілетін HTML кодында орындалған ерекше объект. Бұл объект өзінен - өзі мәліметтер базасы болып саналмайды, бірақ серверде қалатын мәліметтер базасымен бірге Web-параққа келуші осы компоненттерді пайдалана отырып, қол жететін парақ өрісіндегі жазбалар базасын қарай алады.
Осылайша, мәліметтерге жету парақтары клиентпен интерфейсті, сервер мен серверде орналасқан мәліметтер базасы арасында интерфейсті жүзеге асырады.
Макростар мен модульдер. Объектілердің бұл категориялары программалау жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды
автоматтандыруға да арналған.
Макростар - макробұйрықтар. Егер базамен қайсыбір операциялар ерекше көп жасалса, бірнеше бұйрықты бір макросқа топтастырып, оны пернелердің ерекшеленген амалымен белгілеудің мәні бар.
Модульдер - Visual Basic тілінде жазылған программалық рәсімдер (процедуралар) . Егер Access стандарттық құралдар тапсырыс берушінің небір шеберлікті талап ететін шарттарын қанағаттандыруға жетпейді, программашы бұл үшін қажетті модульдер жазады.
Кестелермен жұмыс. Кесте құру.
Өріс бағанында өрістердің атауын тересіз. Егер өріс үшін Қол қасиеті белгісі берілмесе, онда өрістің Атауы бір уақытта болашақ кесте бағанының аты болып шығады. Әрбір өріске арналған тип мәліметтер типін таңдаудың ашылатын кнопка-сымен ашылған тізімнен тандалады. Бұл кнопка - басқарудың жасырын әлементі. Ол бланк өрісінде шертуден кейін ғана бейнеленеді.
Бланктің төменгі бөлігінде жоғары бөлікте ерекшеленген өріс қасиеттерінің тізімі болады. Қасиеттердің кейбірі үнсіз келісім бойынша берілген. Өрістердің қасиеттері болуы міндетті емес. Оларды қалау-тілек бойынша баптауға, тіпті қозғамауға да болады.
Енгізілген мәліметтерді жүйе қалай өңдеу керектігіи білуі үшін Ай-күн/уақыт өрісі үшін пішімді міндетті түрде көрсету керек. Мысалы, егер Ай-күннің қысқаша пішімін таңдасақ, жүйе сізден нақ ай-күнді (орыс версиясында - ДД. ММ. ) енгізуді күтеді, ал егер Уақыттың қысқаша пішімін таңдасақ, бұл өрісте СС. ММ (сағаттар мен минуттар) теруге тура келеді.
Мәнге арналған шарт қасиетінің мәні ретінде верификация ережесін, яғни мәліметтерді осы өріске енгізгенде TRUE («Ақиқат») мәнін қабылдауға тиісті логикалық бейнелеуді көрсетуге болады. Мысалы, егер Балл өрісі үшін былайша жазса:
[Балл] >= lAnd [Балл] <= 12
немесе одан да қарапайым: >= lAnd <= 12, жүйе 1-12-ден басқа кез келген мәнді бұл өрісте жаңылыс енгізу деп таниды.
Келесі қасиетте жүйе бетін қате жайлы ерікті хабарды жазуға болады, мысалы: Баллдың бұл мәні болуы мүмкін емес немесе Балл дұрыс емес. Одан әрі, мысалы, егер Балл өрісіңде 14 санын енгізсеңіз, экранға осы хабар түседі.
Міндетгі epic қасиетінде Иә деп көрсетуге болады (бос мәндер болмайды) .
Егер сіздің кестеңіздің алғашқы кілтіне бір өріс кірсе, Өрісті индексациялау қасиетінде ол үшін мынаны таңдайсыз: Иә, тура келу болмайды, сосын Түйінді (кілтті) анықтау (кілтті бейнелеп) кнопкасында құралдар панелінде шертіңіз.
Осылайша кестеңіздің бастапқы кілтін анықтайсыз.
Кесте құрылымын жасау аяқталып, бланк жабылады (мұндайда жүйе кестені сақтауға сұрау береді), сонан соң кестеге атау беріледі, сол сәттен бастап ол Мәліметгер базасындағы негізгі терезеде басқа кестелермен бірге қол жеткізуге боларлықтай жол ашылады. Қажет болған жағдайда оны ашуға болады.
Жасалған кестені Мәліметтер базасы терезесінде оның таңбашасында екі рет қатарынан шертіп ашады. Жаңа кестенің жазбалары жоқ - кесте құрылымын сипаттайтын, бағандардың атаулары ғана бар. Кестелерді мәліметтермен толтыру әдеттегі тәртіппен жүргізіледі. Енгізу меңзері қажетті ұяшыққа тышқан-тетіктің нұсқағышымен қойылады. Келесі ұяшыққа көшу Tab. пернесімен орындалады. Кезекті жазбаға көшу соңғы ұяшықты толтырғаннан кейін орындалады.
Кестенің төменгі бөлігінде Көшу кнопкаларының панелі орналасқан. Басқарудың элементтерін көптеген жазбаларда бар кесте бойынша навигация кезінде қолдану қолайлы.
Кестелерді мәліметтермен толтырғаннан кейін сактап қажеті жоқ - барлығы нақты уақыт режимінде автоматты түрде сақталады. Нақты уақыт режимі біз кестемен жұмыс істеген кезде үздіксіз сақтау болатындығын білдіреді.
Алайда, егер кестемен жұмыс істеген кезде оның макетін редакциялау болып өтеді (мысалы, бағандардың ені өзгереді), МББЖ осы өзгерістерді сақғауды растауды өтінеді.
Егер кестенің (өрістер кұрамын немесе олардың қасиеттерін) өзгерту қажеттігі туындаса, кестені Конструктор режимінде ашу керек. Бұл үшін Мәліметтер базасы терезесінде ерекшелеп, Конструктор кнопкасын шерту керек.
Кестелер арасындағы байланыстарды құру. Мәліметтер базасын басқару жүйесінің негізгі артықшылықтары жекелеген кестелермен жұмыста емес, өзара байланысты кестелердің топ-тарымен атқарылады. МББЖ кестелері арасындағы байланыс¬тарды құру үшін Access Мәліметтер схемасы деп аталатын арнайы терезесі бар.
Мәліметтер схемасы терезесін құралдар панелінің кнопка¬сында шертіп немесе Сервис/Мәліметтер схемасы бұйрығымен ашады.
Егер бұрын кестелер арасында мұндай байланыстар берілген болса, схемаға жаңа кестенің мәліметтерін енгізу үшін мәліметтер схемасында тышқанның оң кнопкасын шертіп, контекетік мәзірде Кесте қосу тармағын тандау керек.
Мәліметтер схемасына байланыстырылуы керек барлық кестелерді енгізе отырып, кестелер өрісі арасындағы байланыс¬тарды құруға кірісуге болады.
Өрістер арасындағы байланыс өріс атауын бір кестеден басқасына өзіне тиісті байланысты өріске апарып қою арқылы орнатылады.
Кестелер арасында пайда болған байланыс әр түрлі кесте өрістерін біріктіретін сызықтар түріндегі Мәліметтер схемасы терезесінде бейнеленеді. Мұндайда кестелердің бірі басты, ал басқасы - байланысты болып саналады. Басты - өзінің негізгі өрісіне байланысты қатысатын кесте (бұл өрістің атауы мәлі-меттер схемасында жартылай қарайтылғаи шрифтпен бейне-ленеді.
Байланыстың екі негізгі белгіленген мақсаты бар. Бірінші -мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету, ал екіншісі - базаға қызмет ету міндеттерін автоматтандыру. Елестетіп көрелік, әрбір клиент бірегей деп саналатын Клиент кестесінде біреу бір клиентке арналған жазуды жояды делік, бірақ мүны Тапсырыстар кестесінде жасайды. Тапсырыстар кестесіне сай аты, адресі жоқ біреу тек абстрактылы код жасап, тапсырыс берген болып шығады. Код бойынша мұның кім болғанын білу мүмкін емес - мәліметтердің тұтастығына нұқсаи келеді.
Мұндай жағдайда база иесі үш тәсілді қолданады: мәліметтердің тұғастығын қорғау үшін мүлдем ештеңе істемеу керек, не болмаса, негізгі өрістерден басты кестелердің мәліметтерін жоюға тыйым салу, не болмаса, рұқсат беру, бірақ сонымен бірге байланысты кестелерді де барабар өндеу керек. Мұны қолдан істеу қиын, сондықтан автоматтандыру құралдары да керек.
Кестелер арасындағы байланыс мыналарға мүмкіндік береді:
- егер бұл өріс пен басқа кестелердің қайсыбір өрістері байланысты болса, не болмаса басты кестенің негізгі өрісіндегі мәліметтерді жою немесе өзгерту мүмкіндігін болдырмау;
- не болмаса, жойылу кезінде (немесе өзгерісте) басты кестенің негізгі өрісінің мәліметтері автоматты түрде (және өте мүқият) байланысты кестелердің тиісті мәліметтері жойылады немесе өзгертіледі.
Байланыс қасиеттерін баптау үшін Мәліметтер схемасы терезесінде екі кестенің өрістерін біріктіретін сызықты ерекше-леп, тышқанның оң жақ кнопкасында шертіп және байланыстың контекстік мәзірін ашу керек, сонан соң онда Байланысты өзгерту тармагын таңдау - Байланысты өзгерту диалогтық терезесі ашылады. Онда байланысқа қатысатын (мұнда оларды өзгертуге де болады) өрістердің атауымен байланысқан кестелердің атауы көрсетіледі, сондай-ақ мәліметтердің тұтастық жағдайын қамтамасыз ету үшін басқарудың элементтері келтірілген.
Жылжытып апарғаннан кейін пайда болатын байланыстың қасиеттерін беруге болатын Байланыстар диалогтық терезсі ашылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz