Қазақстан Республикасындағы жоғары мектеп педагогикасының құрылымы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жоғары мектеп педагогикасының құрылымы

Орындаған: Досайбек Әйгерім

Қабылдаған: Оралбекова Алия

Шымкент 2020

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы білім беру жүйесі қоғам дамуында өте маңызды. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әртүрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан қазіргі білім беру жүйесін дамыту үдерісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технологияларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленетінін мойындауға болады. Мұндай даму қоғамды ақпараттандыру технологиясын қарқынды дамыту аясында жүзеге асырылып отыр.

Жоғары оқу орнының басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау.

Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Бүгінгі күнгі педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері - әлемдік білім беру кеңестігіне сай бейімдеп білім алу, кәсіби қалыптастырудың саласын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту оқытудың әдістері мен ұйымдастырудың түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибиелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру.

Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті-әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктерімен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет», - деген болатын. Жоғары білім беру жүйесі жеке тұлғаны дамытуға, оның әлеуметтік мәні бар мұраттарын қалыптастыруға, қоғамның кәсіби біліктілігі жоғары мамандарға деген сұранысын өтеуге бейімделген теңдессіз қоғамдық институт болып табылады.

Жоғарғы білім берудің ғаламдық нарқында бәсекелестікті жоғарылату мақсатымен әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны - Назарбаев университеті ашылды. 2013 жылынан бастап барлық аймақтарда Назарбаев - интеллектуалдық мектептер ашылды.

Ресейде сапалы негізгі білім беру жүйесі қызметін жаппай жалпы білім беру, лицей, мектеп-зертхана, мектеп-интернаттар( дарынды және дамудан тыс қалған балалар үшін) атқарады.

Білім беру жүйесінің құрылымын мынадай жүйелерге бөліп қарастыруға болады;

- Түрлі деңгейлердегі басқару жүйесі және координациясы (мектеп директорлары, білім берудің аймақтық органдары, ЖОО ректораты, министрлік және т. б)

- қаржылай және материалды - техникалық қамтамасыз ету жүйесі (капиталды құрылыс және жаңа оқу құралдарынмен қамтамасыз ету) .

- білім берудің ғылыми негіздегі қызметінің жүзеге асуына жауап беретін жүйе ( кафедра, әдістемелік бірлестік және т. б)

- кадрлар даярлау және олардың біліктілігін көтеру жүйесі (педагогикалық колледж, факультеттер және ЖОО, педагогикалық, қабілеттілікті көтеру орталықтары және т. б. )

-оқу-тәрбиелеумен айналысатын жүйе ( білім беру үрдісі және оның тікелей түрдегі жаңаруы - оқу сыныптары, зертхана, кәітапхана, және т. б) .

- әлеуметтік - тұрмыстық қамтамасыз ету жүйесі рекреация ( мекеме ішіндегі реакривті аймақтар, профилакториялар және т. б) .

- әлеуметтік - мәдени даму жүйесі ( балалық және жасөспірімдік шығармашылық орталығы, студенттік клуб, оқудан тыс жұмыстағы бөлім және т. б) .

- қоғамдық ( ресми және т. б) бірлестік білім беру жүйесінің дамуына қатысатын ( профсоюз) студенттік одақ, ата-аналар комитеті және т, б) .

Егер осы айтылған жүйенің бәрі қарқынды жұмыс істесе, білім беру саласының деңгейін біршама биікке көтеруге болады.

Білім беру жүйесіндегі қатынастық құрылым білім беру мекмелерін көрсетеді. Бірақ, олар өз кезегінде бірнеше негіздермен құрылымдасады.

- білім беру дайындығының деңгейі бойынша ( мектепке дейін, бастауыш, орта, жоғары, дипломнан кейінгі және т. б)

- білім алу жетістіктерін құжаттандыру және стандартизациялау сипаттамасы бойынша

- жеке меншік формасы бойынша ( жеке меншік, мемлекеттік, мунипципиалды, қоғамдық бірлестік)

- білім беру үрдісіні ұйымының формасы бойынша ( күндізгі, сырттай, дистанциондық)

Міне сондықтан, мекемелердің әлеуметтік типологиясы объективті түрде білім беру жүйесінің құрылымының маңызды элементі болып табылады. Осындай парадигма, нормалар арқылы білім беру кез келген азаматтың білімді толықтай игеруіне көмек болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы еңбекке тәрбиелеу
ПӘНДІ ОҚЫТУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ФОРМАЛАРЫ жайлы
Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері
Кәсіби қарым - қатынас мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz