Университетке студенттің қатынасының этикалық негіздері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

Тақырып: Университет оқытушысының этикалық Кодексі.

Мамандығы: Автоматтандыру және басқару

Орындаған: Туркбенбаев Тұрлан Топ: АУк 20-3

Тексерген: ст. преп. Рабиға Танирбергенова

« » 2020_ж.

(бағасы) (қолы)

Алматы, 2020

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. ЖОО оқытушысының кәсіби этикасының принциптері: объективтілік, әділдік, толеранттылық, студенттер мен әріптестерінің құқықтары мен арнамысын құрметтеу, пікірлерінің тәуелсіздігі.

2. Сөйлеу, сөзжарыстыру, пікірталас мәдениеті.

3. Оқытушы мен студенттің іскерлік қарым-қатынасының жаңа технологиялары.

III Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Олардың 167-сі азаматтық оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғарғы оқу орны боп табылады. Бұл университеттерде 542 мың студент білім алады. Ал оларға бірнеше мың мұғалімдер білім береді және олардың өзара қарым - қатынасын біліп, сақтау үшін бірнеше кодекстер, этикалық нормалар қабылданған.

Мен, Алматы университетінің студенті, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға жасалынған ұмтылысқа негізделіп, таңдаған болашақ кәсібімнің жоғары қоғамдық маңыздылығын түсініп, жаңа буынын құруға менің қатыстылығымды саналы ұғынып, тәжірибелік қызметте жоғары білікті кәсіпқойларға қажетті, тұрақты құзыреттіліктерді иелену ниетіне негізделіп, бізге туған университетіме сүйіспеншілік және құрмет сезімін бере білген алдыңғы қатардағы студенттердің дәстүрлерін қолдап, жалпы мойындалған моральдық нормалар мен құндылықтарды басшылыққа алып, осы арқылы Алматы университетінің студенттері мен магистранттарының осы Этикалық кодексін (бұдан әрі - Кодекс) қабылдаймыз және оның ережелерін қадағалауға міндеттелеміз.

Кодекстің негізгі мақсаты - жұмысшылар, оқытушылар мен студенттердің ішкі корпоративтік өмірінің деңгейін көтеру мен жүріс - тұрыс стандарттарын анықтап, бекіту болып табылады. Ал кодекстің міндеті - Университеттің негізгі міндетін шешуге жәрдемдесу, яғни білім алатын студенттердің жеке басының үйлесімді және жан - жақты дамуы негізінде жоғарғы кәсіби және білікті мамандарды даярлау.

Жалпы бұл кодекс 7 тараудан тұрады. Олар:

Тарау 1. Жалпы ережелер

Тарау 2. Университетте білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

Тарау 3. Оқу кезіндегі мінез-құлықтың этикалық ережелері

Тарау 4. Алматы университетінің тұлға аралық қатынастар этикасы

Тарау 5. Университетке студенттің қатынасының этикалық негіздері

Тарау 6. Этикалық кодексті орындамағандығы үшін жауапкершілік

Тарау 7. Қорытынды ережелер

Сонымен бұл кодекстердің тарауларына, оқытушы мен студенттің этикалық нормаларына тоқталсақ.

Негізгі бөлім

1) ЖОО оқытушысының кәсіби этикасының принциптері: объективтілік, әділдік, толеранттылық, студенттер мен әріптестерінің құқықтары мен арнамысын құрметтеу, пікірлерінің тәуелсіздігі.

Қоғамдағы жоғары білім рөлінің өсуіне байланысты жоғары білім мәселелері философтар мен социологтардың, педагогтар мен психологтардың жұмыстарында зерттелуде, жекелей алғанда білім социологиясының негізгі теориясын қалаушы Дюркгейм “адамзат потенциалын дамыту адамзат қабілетін физикалық еңбекке қолданудан мәдени және интеллектуалды потенциалды дамытуға қолдануға көшуде” деп білімнің қоғам үшін маңыздылығын көрсеткен.

Жалпы білім - бұл өзара байланысқан үш үрдістің бірлігі. Біріншісі - тәрбие, яғни қоғамда қалыптасқан құндылықтарды индивидтің игеруі. Екіншісі, оқу процесі, яғни индивидтің өз таңдаған құндылықтарды игеруге көмектесетін білімді, қабілетті, дағдыларды игеруі. Үшіншісі - құндылықтарды игерумен байланысты құқықтар мен міндеттерді меңгерумен байланысты әлеуметтену процесі.

Осылардың негізінде білімді қоғамның құндылықты, қабілетті, білімді бір адамнан немесе топтан басқасына беруі негіз болатын ресми үрдіс ретінде анықтауға болады. Осындай үрдісті жүзеге асыратын, индивидтердің қоғамдағы өз орнын табуына, яғни құндылықтарды игеріп, жоғары кәсіби білім алуына үлесін тигізетін бірден-бір тұлға ЖОО оқытушысы десе болады.

Социологияда, соның ішінде білім социологиясында ЖОО оқытушыларының өзіндік мақсаттары мен міндеттері бар, ғылыми ізденіс пен педагогикалық іс-әрекетті бірге алып жүрген, жас ұрпаққа кәсіби білім беру мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіби топ ретінде қарастырады. Өйткені профессорлық-оқытушылар құрамы “әртүрлі кәсіби, білікті, лауазымдық шағын топтардан тұратын, еңбек мәні мен мазмұнымен, өндірістік практикалық іс-әрекеттермен байланысты зерттеулер саласымен, рөлімен және рухани мәдениет дамуымен маңызды ерекшеленетін қиын, іштей дифференциалданған адамдардың әлеуметтік тобын” білдіреді. Көптеген социологтар оқытушыларды бірінші кезекте, қоғам өмірінде үлкен рөл атқаратын және оның рухани потенциалын қалыптастыратын, интеллигенцияның өкілдері ретінде және “интеллектуалды еңбекпен айналысатын және интеллигенттілікке ие адамдардың ерекше әлеуметтік тобы” ретінде қарастырады. Ең алдымен, оқытушылар интеллигенцияның құрамды мәнді бөлігі болғандықтан, жалпы интеллигенция тобының ерекшеліктерін, кәсіби қызметтерін, басқа топтармен байланысын қарастыратын қазіргі концепцияларды қарастыру маңызды болып табылады. Жалпы интеллигенция қоғамның басқа әлеуметтік қабатынан ақыл-ой еңбегінің сапалы мазмұнымен және функциональды ерекшеліктерімен, әлеуметтік рөлімен ерекшеленетіні белгілі.

Интеллигенцияның әлеуметтік табиғаты оның ерекше орны қоғам құрылымында ой еңбегінің масштабының кеңеюінен, материалдық өндірісте, ғылымда, басқаруда және тағы басқа интеллектуалды іс-әрекет мәнінің өсуінен көрінеді және жүзеге асады. Соған сәйкес оқытушылар интеллигенцияның басқа қабаттарынан ой еңбегінің мазмұнымен және функциональды мәнімен, әлеуметтік рөлімен ерекшеленеді. Олардың жұмысы жас ұрпақты кәсіби маман болуға даярлаумен бірге, ғылыми ізденісті жүзеге асырумен айрықшаланады.

Кеңес кезеңінде интеллигенция қауымы ерекше бағаланып, оқытушылар - бұл арнайы педагогикалық дайындығы бар, ақыл-ой, еңбегімен айналысатын, білім саласында қызмет атқаратын интеллигенцияның әлеуметтік кәсіби тобы педагогикалық интеллигенцияға жатқызылған және педагогикалық интеллигенцияға жоғары және орта оқу орындары оқытушылары, оқыту мен тәрбиелеу саласындағы ғалым-мамандар, яғни өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеумен кәсіби айналысатындардың барлығы кіреді деп көрсеткен. Оқытушының ең алдымен ЖОО-дағы атқаратын қызметі кәсіби білім беру болғандықтан бұл топқа жатқызылуы шартты сияқты.

Қазақстанның әлеуметтік құрылымында М. С. Әженов интеллигенцияның топтарына ЖОО оқытушыларын көрсетеді. Бұл топ интеллигенция ішінде, бір жағынан мұғалімдерге жақын, өйткені оның негізгі қызметі болып жас ұрпаққа білім беру табылады. Екінші жағынан ЖОО оқытушылары ғалымдардың әлеуметтік-кәсіби тобына жақын, себебі ЖОО-ның оқытушыларының маңызды қызметінің бірі ғылымды бұдан ары дамыту болып табылады. Әрине, ЖООның оқытушысының үшінші қызметі бар - ол студенттерді тәрбилеу.

Мұғалім ретінде олар тұрақталған жалпыға танымал білімді берсе, ғалым ретінде осы білімдерге қоса қазіргі өмірге сай білімдермен толықтырып отыруға міндетті. Оқытушының бұл екі қызметі негізгі болып табылады, бірақ бір - бірімен онша сәйкес келе бермейді. Оқытушылардың негізгі жұмыс күні сабақ берумен, оған дайындалумен, әдістеме жасаумен өтеді. Әрбір жыл сайын оқытушыларға әкімшілік тарапынан оқу жүктемесі міндеттелінеді. Оны орындамаса арнайы шаралар қолданылады.

Сонымен оқытушының негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қарулардырып қана қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениеттің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік жасау болып табылады. Студентті тек болашақ маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, шығармашылық тұлға келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ал болашақ мамандарды осы айтылғандарға сәйкес дайындау, оның болашақ кәсіби құзыреттілігіне сәйкес білім беруден бастау алады және осы оқытушының студентке білім беріп, оның тұлға болып қалыптасу үшін бірнеше этикалық кодекстер қабылданған. Оларға:

  • оқытушы студенттердің білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болады, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелейді;
  • оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында шыншылдық танытады;
  • оқытушы - ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.
  • оқытушы өз іс-әрекетімен студенттерге еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді.
  • оқытушы білімгерлер мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі.
  • адам мен азаматтың абыройы мен намысын оның шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дін қатынасына, сеніміне, тұратын жеріне не басқа да жағдайларға тәуелсіз құрметтеуге;
  • жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан ұлттарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге;
  • сыпайы және әдепті болуға;
  • ЖОО мүлкіне ұқыпты қарауға;
  • қызметтік немесе оқу міндеттерін орындау кезінде киім киюде іскерлік стильді ұстануға, сыртқы келбеті көрнекі болуына;
  • ЖОО миссиясын және білім беру саясатын ұстануға;
  • ЖОО Жарғысы мен Ішкі еңбек ережелерін сақтауға;
  • қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауға, жұмыста оң нәтижелерге жетуге;
  • өздігінен білім алумен айналысу, біліктілігін арттыруға;
  • жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
  • қызметтік ақпаратты пайдақорлық пен басқа да жеке мақсаттарға қолданылуына жол бермеуге;
  • іске деген өз қатынасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда тұрақты және моральдық-психологиялық жағдай жасауға әсер етуге;
  • кадрларды жерлестік және тамыр-таныстық белгілері бойынша іріктеу жағдайларына жол бермеуге;
  • әріптестер тарапынан қызметтік тәртіп қағидаларын бұзу жағдайларына жол бермеуге;
  • іскерлік және жалпы мәдениетті сақтау, адамгершілік-этикалық қасиеттердің жоғары деңгейін: сыпайылылық, әдептілік, төзімділік, биязылық пен құрмет, адалдық, табандылық, әділеттілік, ибадаттылық, коммуникабельдік, сабырлық, мейірімділік, қатынасу дарындылығын көрсетуге;
  • басшылыққа оқу және қоғамдық қызмет мәселелері, сонымен қатар, егер жалпы тәртіп қағидаларына қарама-қайшы болмаса, жеке сипаттағы мәселелер жөнінде белгіленген тәртіпте жүгінуге;
  • міндеттерді және бағынушы қызметкерлер өкілеттіліктерінің көлемін олардың лауазымдарына сәйкес нақты анықтау, бағынушы қызметкерлерге орындай алмайтын бұйрық бермеу және олардың қызметтік міндеттер шеңберінен тыс тапсырмаларды атқаруларын талап етпеуге;
  • бағынушы қызметкерлерге не болмаса студенттерге қатысты негізсіз айыптарды, дөрекілікті, адами абыройын кемсітуді, жөнсіздікті болдырмауға міндетті.

Яғни оқытушы студенттердің бәріне бірдей қарап, олардың құқықтарына құрметтпен қарауға тиіс. Бұл ереже өзінің әріптестеріне де қатысты болып табылады. Оқытушы толерантты болып, студенттерге әділ қарап, әділ бағалап, пікірлердің тәуелсіздігін сақтау керек.

2) Сөйлеу, сөзжарыстыру, пікірталас мәдениеті.

Тіл - жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз - бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.

Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы - сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас - адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т. б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.

Ойдың тілі - сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.

Сөйлеу - адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн «ақыл-ойдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз» деп тауып айтқан.

Тіл дедік, сөйлеу дедік, ал енді сөйлеу әдебі дегеніміз не?

Сөйлеу әдебі - Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т. б. түрлерді атауға болады.

Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам - қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі. «Тіл барлық заттар мен құбылыстарды, т. б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адами сыпайылықты да айқын көрсетеді».

Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде сирек сақталады. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады.

Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын сөйлеу сапаларын әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.

Студент тілінде болатын кемшіліктердің себептері:

1. Ортаның әсері;

а) студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді

ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл)

2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы) ;

3. Жекелеген студент тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т. б. )

«Сөйлей білу - өнер». Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.

Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны.

Әлеуметтік мәртебе ағыл. social status - құқықтарын, міндеттерін және мінез-құлықтың өзара алмасу кезегін (оның ішінде Тіл практикасы да) қамтитын, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жеке адамның орны, жағдайы.

Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектінен тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің өз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т. б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т. б. Бір адам әртүрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің балалары үшін - әке, ал өзінің анасы үшін ол - ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін - тұрғылықты жерімен айқындалады. Бұдан да басқа нұсқалары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді. Тағы да бір үлкен ерекшелік - тұлғаның сөйлеу әдебімен байланысты. Яғни, тұлғаның тілі, сөзі, сөйлеу әдебі оның әлеуметтік мәртебесін анықтауда үлкен рөл атқарады.

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы - тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.

Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.

Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі - белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез - құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл - жазу арқылы бнлгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік - жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.

Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.

Сөз дұрыстығы қәзіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады.

Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл - ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық - адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

Қазіргі қоғамжағы бісекелестікке бейім адамды тәрбиелеудің өзегі саналатын тілдесім әрекет студенттің жеке тұлға ретіндегі әр түрлі қабілеттерінің жетілуінің басты факторы болып табылады. Медиетті сөйлей алатын адам бүгінгі бәсекелі заманда, қоғамда өз оныны таба білетінін, жұртпен бірлесіп жұмыс істей алатын, жеке тұлға ретінде көпшілікті игі істерге жұмылдыратынына көз жекізе алады. Мұнда жеке тұлғаның қарым - қатынас мәдениетіне, көпшілік ортасында өзін - өзі ұстау әдебіне, пікірталас түріне лайықты сөйлеуге, көркем тәсілдер мен бейнелі сөз орамдарын дұрыс қолдана білуіне назар аударылады.

Қазіргі өзгермелі дүние жағдайында адамдармен тіл табыса жұмыс істеуге төселдіретін, қоғамдағы бәсекелестікке бейім адамның тәрбиелеудің өзегі саналатын қатысымдық әрекет - студенттің жеке тұлға ретіндегі әр түрлі қабілеттерінің жетілуінің басты факторы. Мұнда студенттің қарым - қатынас мәдениетіне, көпшілік ортасында өзін - өзі ұстау әдебіне, сөйлеу мәнеріне, этикеттік орамдарды дұрыс қолдана біліп дағдыландыруға назар аударылады.

Кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты әр тұлғаның жеке пікірі болады. Ал ол ойды жеткізе алатындар бар, жеткізе алмайтындар бар. Ол үшін пікірталас мәдениетін меңгеру маңызды рөл атқарады. Жаңа заманның талабы да.

Пікірталас мәдениетін меңгеру жаңа заман талабы. Демократиялық қоғам пікірталастың өрістеуінің басты негізі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері
Академиялық адалдық принциптері
Мектепке дейінгі білім
оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістерінің бірі -талқылау
Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Құндылықтардың жіктелуі
Мейіргер қызметкерлерімен өзара әрекеттесетін халықаралық ұйымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz