Нұрлы көш бағдарламасының тарихи негізін зерттеу
Астана медицина Университеі
БӨЖ
Такырып:"Нұрлы көш" бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы
Орындаған:Базарбек А
Тексерген:Омарова Б
Группа:106 жалпы медицина
Астана 2020
Тақырып:"Нұрлы көш" бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Нұрлы көш бағдарламасы
2 Нұрлы көш" бағдарламасының тарихи негізін зерттеу
3 Нұрлы көш бағдарламасы бойынша 3 жыл
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Нұрлы көш бағдарламасы
Мемлекет басшысының биылғы халыққа арнаған Жолдауы елімізде жүзеге асқан маңызды мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетуімен де ерекшеленеді. Осы Жолдаудың тағы бір ерекше тұсы - әлеуметтік бағытты негіздейді.
Жолдауда Тәуелсіз елдің дамуына тән барлық мәселе қамтылды. Осы жолдауында Биыл - біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылды - ғы - на қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күн - ге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Естеріңізде болар, 1997 жылғы ха - лық - қа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады делінгендігін атап өтті. Сонымен қатар Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық. Осы жылдары шет елдерден 800 мың - нан астам отандасымыз келіп, ха - лық саны бір жарым миллионға артты деп мемлекеттің тәуелсіз жылдардағы демографиялық жетістік белестерін атап өтті. Елбасы еліміздегі демографиялық мәселеге де мән беріп отандастарымызды шетелден атамекенге жи - наған әлемдегі үш елдің бірі болдық деп бағалады. Жолдаудың соңғы бөлігінде Табыстардың артуы - өмірдің жаңа сапасы деп атап, онда өзекті мәселе болған еліміздің президенті тәуелсіздік жылдарындағы табыстарымыз мен атқарар істеріміздің маңызыды болғандығына байланысты биылғы жолдауда тәуелсіздік жылдарына арнайы мән беріп, ұлттық мереке ретінде атап өтіп, 2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жарияланды. Жолдауда Елбасы мерейлі белестердегі еліміздегі атқарылған істерді қорытындылады. Сонымен қатар Елбасы Алдымызда атқарылар қыруар істер бар деп атап өтті. Осы тұрғыда Қазақстан тарихы ғылымында тәуелсіздік алғаннан кейінгі әрбір жылдар мен кезеңдерге арнайы зерттеулер жүргізу және оны жас ұрпақ санасына бойлату тарихшы ғалымдар алдында тұрған міндеттердің бірі екендігін айқындады. Өйткені ел тәуесліздігін алу мен оны қалыптастыру мемлекетіміз үшін үлкен жауапкершілікті сәттердің бірі болды. Мұндай мәселенің бірі көші - қон үрдісі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап дүниежүзлік көші-қон үрдістерінің белсенді қатысушысына айналды. 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы 706 мыңнан астам этникалық қазақты қабылдады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон процестерін реттеу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне жатады. ТМД елдері шеңберіндегі негізгі көші-қон ағыны Ресей, Украина және Орта Азия елдерімен; алыс шет елдердің арасында - Германиямен байланысты болып отыр. ТМД елдерімен (Ресей Федерациясын, Беларусь Республикасы мен Украинаны қоспағанда) оң көші-қон сальдосы сақталды. Көші қон шығыны Ресей Федерациясымен 1999 - 2007 жылдар арасында - 3 есеге; Белоруссиямен - 6 есеге, Украинамен - 7 есеге төмендеді. Алайда 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда, көші-қонның оң сальдосы үш еседен астам (11 мың адам) кеміген. Керісінше көшіп кету көбейген - 42,4 мың адам Қазақстаннан шетелге кеткен. Бұл ретте көшіп кетушілердің негізгі бөлігі (71%) - еңбек жасындағы адамдар; көшіп келу азайған - Қазақстанға 53,4 мың адам келген, бұл алдыңғы жылғы деңгейден 20,0%-ға төмен. Негізгі шығу елдері: Өзбекстан (көшіп-қонушылардың 47 %), Ресей (20 % астам) және Қытай (11%) [2].
1993 жылдан бастап этникалық көшіп-қонушылардың қоныс аударуы көшіп келу квотасын белгілеумен реттеледі. Соңғы жылдары (2005 -2008 жылдар) оралмандардың көшіп келу квотасы жыл сайын 15 мың отбасын құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2009 жылдан бастап оралмандардың көшіп келу квотасы жылына 20 мың отбасына дейін көбейді. Мемлекет оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп келеді.
2008 жылы біржолғы жәрдемақыны, тұрғын үй алуға берілетін қаражатты, жол ақысы және жүк тасымалдау шығыстарының өтеміне берілетін қаржыны ескергенде, орта есеппен 5 адамнан тұратын әрбір отбасына 833 мың теңге қаражат бөлінеді. Елімізде 14 оралмандарды уақытша орналастыру орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) жұмыс істейді.
2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары жұмыс істей бастады. Ақтау қаласында үлгі бейімдеу орталығының құрылысы басталды. Орталықтарда іске асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша консультация беруді, мемлекеттік тілді, оралманның қалауы бойынша - орыс тілін оқытуды, кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды көздейді. Оралмандардың барлығының медициналық қызметке, білім алуына және әлеуметтік қамсыздандырылуына қол жетімділігі қамтамасыз етілген; олар жұмыспен қамтуда жәрдемдесу шаралары қолданылатын нысаналы топтардың біріне жатады. Еңбек жасындағы оралмандардың 66 % астамы өндірістің түрлі салаларында жұмыспен қамтылған; әрбір төртіншісі ауыл шаруашылығымен айналысады. Оралмандарға көмек көрсету үшін облыстық әкімдіктердің жанынан Оралмандар кеңесі құрылған, олар оралмандардың жаңа өмір жағдайындағы проблемаларын зерттеумен және шешумен айналысады. "Оралман" дерекқоры құрылып жетілдірілуде, ол кейіннен әлеуметтік саланың бірыңғай ақпараттық жүйесіне кіріктірілетін болады, бұл этникалық көшіп келушілерге әлеуметтік қызметтердің толық тізбесін жедел көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта республикада этникалық көшіп келушілердің тұрғын үй мәселесін шешу жөніндегі жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында Өзбекстан Республикасынан шамамен 2 мың этникалық көшіп келушілер отбасын көшіру жөніндегі жоба іске асырылуда. Қоныс аударушылардың өздерін құрылысқа тарту және жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланудың негізінде, олардың бірыңғайласып тұруын ұйымдастыру үшін 2 мың коттедждің құрылысы жүріп жатыр. Алматы қаласында 185 үйді тұрғызу жөніндегі "Байбесік" жобасы іске асырылды; Астана қаласының Сарыарқа ауданында "Нұрбесік" шағын ауданы құрылысының жобасы әзірленді.
Жергілікті еңбек нарықтарындағы білікті кадрлардың тапшылығы жағдайында шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан экономикасы қажеттіліктерін қамтамасыз етудің қажетті шартына айналды. 2007 жылы қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарда 104 елден 58,8 мың шетелдік маманның еңбегі пайдаланылды. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін әкелуге арналған квотаны белгілейді және оның сақталуын бақылайды, шетелдік мамандарды кейіннен жергілікті кадрлармен ауыстыру саясатын жүргізеді. 2008 жылы республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға республиканың экономикалық белсенді халқына шаққанда 1,6 пайыз мөлшерінде квота белгіленген болатын. Жоғары білікті мамандарды басым тарту мақсатында жаңа Квота ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz