Борышқор кәсіпорынның қаржылық жағдайы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қосымша №1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

«Корпорацияның банкрот болу ықтималдылығын талдау және оның алдын алу шаралары»

3-курс студенті

Аденбек Аида

МАМАНДЫҒЫ «Қаржы»

ЖЕТЕКШІСІ

Зұлпухар Айғаным

АЛМАТЫ, 2020

Қосымша №2

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1. КОРПОРАЦИЯНЫҢ БАНКРОТ БОЛУЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК . . . 5 1. 1. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау . . . 5 1. 2. Кәсіпорын қызметінің тоқтауын (банкротқа ұшырау) талдау . . . 7 1. 3. Банкротқа ұшыраудың негізгі факторлары . . . 9

2. БАНКРОТҚА ҰШЫРАУ ЫҚТИМАЛДЫЛЫҒЫ («РАХАТ» АҚ МЫСАЛЫНДА) . . . 11 2. 1. «Рахат»АҚ-ның қаржылық жағдайын кешенді талдау . . . 11 2. 2. «Рахат» АҚ-ның банкротқа ұшырау ықтималдылығын талдау . . . 13

3. БАНКРОТҚА ҰШЫРАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ . . . 17 3. 1. Кәсіпорынның банкротқа ұшырауының алдын алу . . . 17

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 21 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24 ҚОСЫМША . . . 25

КІРІСПЕ

Қазақтан экономикасына басқарудың нарықтық принциптерін енгізу кәсіпорындарға өздерінің өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін дербес жоспарлауға мүмкіндік берді. Алайда, еркін нарық экономикалық еркіндікпен қатар, елдің экономикалық өміріне көптеген қиындықтар әкелді.

Кез-келген коммерциялық қызметтің мақсаты-табыс алу арқылы меншік иелерінің әл-ауқатын арттыру. Сонымен қатар, кез - келген коммерциялық қызмет тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты, сондықтан өндірістік қызметтің кез-келген кезеңі-шикізатты сатып алудан бастап дайын өнімді сатуға дейін қаржылық қиындықтардың көзі бола алады. Тәуекел мен кірістіліктің байланысы кәсіпкерлік қызметтің табиғатын түсіну үшін түбегейлі маңызды. Кәсіпорынның қызметіне тартылған барлық қаржы ресурстарының иелері осы ресурстарды ұсына отырып, белгілі бір табысқа сүйенеді. Егер кәсіпорынның қызметі жеткілікті тиімді болса, алынған пайда несие берушілерді де, иелерін де қанағаттандыру үшін жеткілікті. Егер бұл мақсаттар үшін пайда жеткіліксіз болса, компания банкроттыққа ұшырайды.

Бұл дамыған нарықтық экономика жағдайында табиғи және орынды болып көрінеді және банкроттықтың жолға қойылған тетігі мен рәсімін жасауды және оның жұмыс істеуін көздейді.

Кәсіпорындардың қаржылық төлем қабілетсіздігі құбылысы кез-келген елдің экономикасында қатынастардың нарықтық бағдары бар, бұл отандық кәсіпорындар үшін жаңа емес. Қазіргі уақытта Қазақстанда кәсіпорындардың дәрменсіздігі (банкроттығы) мәселесі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін бақылайтын әртүрлі мемлекеттік органдар үшін де, кәсіпорынның өзін басқару үшін де өте өзекті болып табылады. Бүгінгі таңда әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында көптеген кәсіпорындардың өмір сүру мәселесі тұр. Бұл жағдайдың себебі шаруашылық жүргізуші субъектілердің төлем қабілеттілігінің төмендеуі болып табылады, нәтижесінде кәсіпорындар банкроттыққа ұшырайды.

Курстық жұмыстың мақсаты-дәрменсіздіктің (банкроттықтың) теориялық негіздерін ашу, төлемге қабілетсіз кәсіпорынды талдаудың қолданыстағы әдістерін қарастыру, "Рахат" АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау, кәсіпорынды қаржылық сауықтыру бойынша практикалық ұсыныстар беру.

Жұмыстың мақсаты мынадай міндеттерді шешуді көздейді: оқу және ғылыми әдебиеттерді зерделеу; қарастырылған әдістемелердің бірі бойынша "Рахат" АҚ қаржысына талдау жасау; талдау нәтижелерін қорытындылау және қорытынды жасау.

Жұмыста жұмыс істеп тұрған "Рахат" АҚ кәсіпорнының бухгалтерлік есеп деректері пайдаланылды. «Рахат» АҚ-ында 4500-ге жуық адам еңбек етеді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі өндіріс орнында шоғырланған.

Өндірістің жан-жақтылық сипаты, ауқымдылығы және какао дәндерін қайта өңдейтін жеке желінің болуы, отандық өндірушілермен салыстырғанда, кәсіпорында кондитерлік өнімдердің алуан түрін шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Рахат» АҚ-ының өнім қоржыны 14 топқа бөлінетін, 400-ден аса атауға ие, алуан түрлі кондитерлік өнімдермен толыққан.

«Рахат» АҚ - сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетіндер үшін арнайы өнім шығаруды игерген, еліміздегі жалғыз кондитерлік кәсіпорын. Бұл топқа құнары аз, қанттың орнын табиғи шикізат толтыратын шоколад, кәмпит, печенье мен вафля сияқты бірнеше өнім түрлері кіреді. «Рахат» АҚ Қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілердің арасында шоколад өнімдерінің алуан түрін шығаруда басымдық танытуымен ерекшеленеді.

Кәсіпорында сапаны бақылаудың бірыңғай жауапкершілігі мен кешенді жүйесіне негізделген сапаны бақылаудың ішкі жүйесі құрылып, жүзеге асырылуда.

Курстық жұмыстың мақсатына тоқталатын болсақ, дәрістерде алған білімімді қалыптастыра отырып кәсібіммен танысу. Және де ұйымның нақты тәжірибелік қызметімен танысатын боламын, бұл маған мамандықты жақсы басқаруға мүмкіндік береді.

Тиімді корпоративтік басқару бәсекеге қабілеттілікті, инвестициялық тартымдылықты арттырудың және компанияны капиталдандырудың өсуінің шешуші факторларының бірі болып табылады. "Рахат" АҚ-дағы корпоративтік басқару акционерлердің құқықтарын қорғауға және басқа кредиторлармен, контрагенттермен, қызметкерлермен, еншілес және тәуелді кәсіпорындармен өзара қарым-қатынастардың теңгерімді жүйесін құруға негізделеді.

"Рахат" АҚ-ның өзінің дивидендтік саясатын кәсіпорын мен акционерлердің мүдделерінің теңгеріміне, инвестициялық тартымдылық пен капиталдандыруды арттыруға, Қазақстандағы қолданыстағы заңнамасында, компанияның жарғысында және ішкі құжаттарда көзделген акционерлердің құқықтарын құрметтеуге және қатаң сақтауға негіздейді.

1. КОРПОРАЦИЯНЫҢ БАНКРОТ БОЛУЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау

Банкроттықтың ықтималдығын қаржылық талдау арқылы бағалауға болады. Кәсіпорынның банкроттығын болжау кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын алдын-ала ойластыруға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қаржылық жағдайды болжау - перспективалық талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың бұл түрі кәсіпорынның экономикалық қызметінің қаржылық нәтижелерін зерттеу негізінде олардың болашақтағы мүмкін мәндерін анықтап, стратегиялық басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілікті болашақ туралы ақпаратпен қамтамасыз етуі керек. [8, 22 б. ]

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:

  1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
  • экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
  • инфляцияның аса жоғары деңгейі;
  • фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
  1. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
  • банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
  • жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
  • өндіріс көлемінің төмендеуі;
  • ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
  • ақталмаған жоғары шығындар;
  • өнімнің төменгі рентабельділігі;
  • өндіріс циклінің өте көлемді болуы;

Қазіргі экономика ғылымның өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:

а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;

ә) формаланған және формаланбаған белгіліердің жүйесін қолдану;

б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;

в) қаржылық ағымның құйылуын талдау.

1977 жылы Э. Альтман банкроттықты 5 жылға 70% дәлдікпен болжауға мүмкіндік беретін жеті факторлы модель жасады. Бұл модель келесі көрсеткіштерді қамтиды:

1) активтердің рентабельділігі;

2) пайда динамикасы;

3) кредиттер бойынша пайыздарды жабу коэффициенті;

4) кумулятивтік құны;

5) ағымдағы өтімділік коэффициенті;

6) автономия коэффициенті;

7) жиынтық активтер. [3, 110 б. ]

Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э. Альтман ұсынған Z модельдері.

Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі бойынша банкроттық ықтималдығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэфиценті (K N O ) немесе ағымдағы өтімділік (K ТΛ ), яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін сипаттайтын коэффициенттікке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуелдік коэфицентіне байланысты болып табылады. Эмпирикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер коэфиценттердің салмақты мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал егер Z мәні оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.

Америка тәжірибесінде мынандай коэфицнттердің салмақты мәндері қолданылады:

  • жабу немесе ағымдағы өтімділік (Кmn) көрсеткіші үшін:

(K Π ) -(-1, 0736) ;

  • баланстың пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының көрсеткіші үшін:

(K 3 ) -(+0, 0579) ;

  • тұрақты шама -(0, 03877) .

Бұдан Z есебінің формуласы мынандай болады:

Z=-0, 3877+K•(-1, 0736) +K•0, 0579.

Мұнда:

K тл - Ағымдағы өтімділік коэффициенті = Ағымдағы активтер / Ағымдағы міндеттемелер

K 3 - Қаржылық тәуелділік коэффициенті = Заемдық қаражаттар / көздерінің жалпы көлемі

Z=0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдығы 50№-ға тең. Егер Z<0 болса, онда төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z>0 болса, онда банкроттық ықтималдығы 50%-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді.

Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттың жетіспеушілігі қиындық туғызады. [11, 58 б. ]

1. 2. Кәсіпорын қызметінің тоқтауын (банкротқа ұшырау) талдау

Өндірістік, шаруашылықтық, коммерциалық және басқа да қызмет түрлерін бастарда ең алдымен тәуекел қажет. Бұл, біріншіден. Екіншіден, қызмет барысында экономикалық дамуды, тиісінше, есеп айырысуды, жұмыстың түпкі қорытындыларьш бағалау үшін тиісті көрсеткіштерді (индикаторларды) таңдап алу қажет.

Көрсеткіштер;

  • индивидаулды (жекелеген) ;
  • топтық;
  • жалпы болып бөлінеді.

Талдау мақсаттарына байланысты көрсеткіштердің:

  • абсалютті
  • салыстырмалы;
  • орташа шама нысандары қолданылады. Әрбір нақты экономикалық көрсеткіштің "сапалық анықтылыққа" ие болуы шарт, егер онда екі жақты анықтылық болса, онда ол обьективті көрсеткіш болып табылмайды.

Көрсеткіш - бұл да белгі (нышан), яғни белгілі бір міндеттердің орындалу деңгейін, кызметтер мен құбылыстардың сандық және сапалық жағын сипаттайды.

Нарықты қатынастар талабына байланысты барлық көрсеткіштерді:

  • бағалық;
  • шығындық деп топтастыруға болады. Бағалық көрсеткіштер осы немесе басқа да қызметтің нәтижелі даму деңгейінің мүмкіндіктерін немесе мақсатқа жетуін сипаттайды.

Шығындық көрсеткіштер - әр түрлі қызметтерді жүзеге асыруда шығын деңгейіне әсер ететін көрсеткішт Практикада бағалық көрсеткіштер кең түрде қолданылады. [2, 9 б. ]

Мәселен:

  • атылған өнімнің жалпы көлемі;
  • жиынтық пайда;
  • шартты таза пайда;
  • шартты таза өнім;
  • несиені жәке қарыз проценттерін төлегеннен кейінгі пайда;
  • салықтарды төлегеннен кейінгі пайда;
  • барлық қосымша төлемдерді өтегеннен кейінгі пайда;
  • өндірісті дамытуда жаңа капитал салымдарын жүзеге асырудан келтірілген соңғы өтімділік;
  • дивиденттерді төлегеннен кейінгі пайда. [6, 32 б. ]

Тауар сатудың жалпы келемі. Сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің құнын былайша анықтайды:

0 = Р х N

- тауар сатудың жалпы көлемі, тг; Р - тауар бірліктерінің бағасы, тг; N - сатылеан тауардың саны, дана.

Банкроттық - борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі. Борышқордың мүлкін басқару сот қаулысы бойынша несие берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Ерікті банкроттық несие берушілердің сотқа арыздануына байланысты пайда болады. Банкроттық туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолданылу мерзімі біткен облигацияларды сатып алуға қабшетін корпорациялардың бұрыңғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіне, қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгертуіне рұқсат етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау және қарызды төлеу уақытын ұзарту мүмкіндігі беріледі. Шығынды (пайда келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемлекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп ондай кәсіпорын жоспарлы-шығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынының орны мемлекеттік дотация (жәрдемақы) есебінен толтырылады. [7, 201 б. ]

1. 3. Банкротқа ұшыраудың негізгі факторлары

Банкротқа ұшыраушылық әр алуан қоғамдық институттар, партия және басқа да түрлі қозғалыс мүшелері арасында әр түрлі пікір таласын туғызуды. Олардың бірқатары экономикалық реформа кезіндегі тоқырау жолдарында кездескен қиыншылықтарды желеу қылып, банкроттық процедураның пайдасын жоққа шығаруға тырысады.

Кәсіпорын қызметінің табыстары мен сәтсіздіктері:

  • сыртқы, бұларға кәсіпорын әсер ете алмайды;
  • ішкі, бұлар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастыру жұмыстарын жүргізудегі қабілеттеріне байланысты факторларға тікелей байланысты.

Кәсіпорын қызметіне әсер ететін сыртқы факторларға мыналар жатады:

  • халық қажеттілігінің өлшемі мен құрылымы;
  • халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі, яғни оның сатып алу қабілеттілігі;
  • саяси тұрақтылық және ішкі саясаттағы бағыттар;
  • ғылым мен техниканың тауар өндіру процесі мен оның бісекеге қабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;
  • мәдениет деңгейі, яғни тұтыну нормасы мен дағдылары.
  • халықаралық бәсеке, мәселен, шетел фирмалары бір кездерде арзан еңбектің есебімен жеңіске жетсе, ал басқалары - жетілген технология негізінде.

Кәсіпорын басшылары өз мекемелерінің қаржылық жағдайына:

ел экономикасының даму барысы;

  • инфляция;
  • кенеттен жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
  • мемлекеттік реттеу жұмыстарындағы келеңсіздіктер;
  • мемлекеттік тапсырыстың күрт төмендеп кетуінің де әсер ететінін үнемі ескеріп отырулары қажет. [13, 109 б. ]

Кәсіпорынның дамуын анықтайтын және оның қызметінің нәтижелі болуының ішкі факторлары мынадай:

  • кәсіпорынның негізгі мақсаты;
  • оның қызметінің негізгі прициптері;
  • ресурстар және оны пайдалану;
  • маркетинг қызметін пайдаланудың деңгейі және оның сапасы.

Ішкі факторлардың маңызы жөнінде мынаны айтуға болады. Мәселен, американдық кәсіпорындардың 90%-ға дейінгісінің жұмыстарындағы сәтсіздік, міне, осы:

  • тәжірибесіз менеджерлерге;
  • істі жете білмейтін басшылыққа;
  • олардың кәсіпорын жұмысын өзгертіп отыруына сәкес ұйымдастыра алмағандықтарына байланысты екенін, елде жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткен.

Кәсіпорын дағдарысының бұдан басқа да ішкі себептері бар:

  • жұмысты нарық талабына сай ұйымдастыра алмағандық;
  • өндірілген тауардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеп кетуі;
  • тауарлы өнім түр-түрінің дер кезінде жаңартылмауы;
  • штаттың өсуі;
  • қымбат бағалы технология, құрал және басқа да еңбек заттарын шектен тыс пайдалану;
  • кадрлардың біліктілігі, т. б.

Негізгі факторлар

ішкі

сыртқы

Ғылым мен техниканы дамыту

Мәдени жағдай

Демография

Саяси тұрақтылық

Ифляция

Қаржы, несие салық саясаты

Борышқор кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Халық табысының деңгейі

Маркетинг және өнімді ұтымды сатуды ұйымдастыру

Кәсіпорынның мақсаты мен қызмет принциптері

Шығынның деңгейі

Өндірістік әлеует

Басқару әлеуеті

Кәсіпорынның дамуындағы үлесімсіздік

Еңбекті ынталандыру

1-сурет. Дағдарыстық жағдайлардың және банкротқа ұшыраудың негізгі факторлары

Ескерту: http://s010. radikal. ru/i313/1509/40/a3fdcfa3f2ef. jpg дереккөзі негізінде құрастырылған.

2. БАНКРОТҚА ҰШЫРАУ ЫҚТИМАЛДЫЛЫҒЫ («РАХАТ» АҚ МЫСАЛЫНДА)

2. 1. «Рахат»АҚ-ның қаржылық жағдайын кешенді талдау

Бухгалтерлік есебін талдау: Материалдық емес активтерді тануды тоқтатудан болған пайда немесе залал активтің істен шығуынан таза түсім мен активтің баланстық құны арасындағы айырма ретінде өлшенеді және осы активті тану тоқтатылған сәтте жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте танылады.

Трендті талдау: Кондитерлік өнімдер нарығының трендтері туралы айта келе, Федоров мырза тұтынушылардың фабриканың плиталы шоколад санатына деген қызығушылығының артқанын атап өтті. Соңғы бес жылда компания осы нарық үлесінің екі есе артқанын және келешекте өсуді атап өтті-тек соңғы жарты жыл ішінде санат өткен жылдың ұқсас кезеңіне 7% - ға өсті. Рахат желісінде осы өнімді сату өсімі тоннажда 20% - ды және ақшалай мәнде 29% -ды құрады.

Осы жылдың жазында Рахат сөреге жаңа өнім - криспи-салмасы бар плиткалы шоколад шығарды. Бұдан әрі кеуекті шоколад шығаруды жаңарту туралы шешім қабылданды. [8, 56 б. ]

Ұйымның қаржылық көрсеткіштерін қалыптастыру

Ұйым қызметінің қаржылық нәтижелерін қалыптастыратын негізгі көрсеткіштер:

  • өткізуден түскен ақша;
  • көрсетілген қызметтің өзіндік құны;
  • негізгі және басқа да қызмет түрін жүзегет асыруға кеткен шығындар;
  • кірістер
  • рентабельділік.

2018-2019 жылдардағы қаржылық көрсеткіштер 2-суретте көрсетілген.

Мың тг.
2018жыл
2019жыл
Мың тг.: Негізгі құралдар.
2018жыл: 15. 508. 690
2019жыл: 12. 470. 037
Мың тг.: Материалдық емес активтер.
2018жыл: 188. 930
2019жыл: 151. 244
Мың тг.: Ұзақ мерзімді активтер үшін төленген аванстар.
2018жыл: 843. 567
2019жыл: 1. 039. 479
Мың тг.: Қызметкерлерге пайызсыз несиелер
2018жыл: 409
2019жыл: 1. 139
Мың тг.: Түгендеу
2018жыл: 16. 672. 240
2019жыл: 14. 513. 203
Мың тг.: Саудалық дебиторлық берешек.
2018жыл: 1. 030. 216
2019жыл: 858. 516
Мың тг.: Аванстық төлемдер.
2018жыл: 1. 426. 172
2019жыл: 252. 765
Мың тг.: Корпоративтік табыс салығын алдын- ала төлеу.
2018жыл: 126. 387
2019жыл: 342. 754
Мың тг.: Баскада ағымдағы активтер.
2018жыл: 515. 859
2019жыл: 442. 484
Мың тг.: Ақша қаражаттары және олардын баламалары.
2018жыл: 9. 898. 203
2019жыл: 9. 505. 962
Мың тг.: Жалпы активтер
2018жыл: 46. 210. 673
2019жыл: 39. 577. 583
Мың тг.: Жарғылық капитал
2018жыл: 900. 000
2019жыл: 900. 000
Мың тг.: Резервтік капитал
2018жыл: 180. 000
2019жыл: 180. 000
Мың тг.: Валюталық резерв
2018жыл: 381. 572
2019жыл: 256. 661
Мың тг.: Бөлінбеген пайда
2018жыл: 38. 583. 657
2019жыл: 32. 634. 961
Мың тг.: Бас компанияның акционерлеріне арналған капитал
2018жыл: 40. 045. 229
2019жыл: 33. 971. 622
Мың тг.: Жалпы капитал
2018жыл: 40. 045. 286
2019жыл: 33. 971. 687
Мың тг.: Ұзақ мерзімді займдар
2018жыл: 587. 015
2019жыл: 475. 906
Мың тг.: Кейінге қалдырылған салық міндеттемесі
2018жыл: 981. 556
2019жыл: 985. 655
Мың тг.: Болашақ кезеңдердің табысы
2018жыл: 677. 228
2019жыл: 545. 525
Мың тг.: Қызметкерлерге төлемдер бойынша міндеттемелер
2018жыл: 177. 299
2019жыл: 165. 631
Мың тг.: Займдардың ағымдағы бөлігі
2018жыл: 179. 674
2019жыл: 587. 034
Мың тг.: Сауда кредиторлық берешек
2018жыл: 1. 459. 304
2019жыл: 1. 026. 283
Мың тг.: Жалпы міндеттемелер
2018жыл: 6. 165. 387
2019жыл: 5. 605. 896
Мың тг.: Жалпы капитал және міндеттемелер
2018жыл: 46. 210. 673
2019жыл: 39. 577. 583

2-сурет. «Рахат»АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері

Ескерту: https://kase. kz/ru/issuers/RAHT/ дереккөзі негізінде құрастырылған.

Ұйымның бухгалтерлік есебін меңгеру. Ұйымның қаржылық есебін меңгеру

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң принциптерi мен негiзгi сапалық сипаттамалары:

1. Есептеу мен үздiксiздiк бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң және қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерi болып табылады.

2. Түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк және салыстырмалылық қаржылық есептiлiктiң негiзгi сапалық сипаттамалары болып табылады. Актив мынадай өлшемдердің кез келгеніне сəйкес келген жағдайда қысқа мерзімді (айналымды) ретінде жіктеледі:

  • онысату немесе іске асыру ұйғарыладынемесе ол қалыптыоперациялық цикл барысында қолдануға арналған;
  • ол негізінен сауда мақсаттарына арналған;
  • есепті кезеңнен кейін 12 ай ішінде оны сату ұйғарылады; немесе есепті кезеңнен кейін, кем дегенде 12 айға міндеттеме бойынша есептеу үшін айырбастау немесе қолдану рұқсат етілсе - бұл ақша қаражаты немесе ақшалай баламалар.

2. 2. «Рахат» АҚ-ның банкротқа ұшырау ықтималдылығын талдау

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Оңалту және банкроттық" 07. 03. 14 жылғы №176 - V Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы телеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджегтен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. «Банкрот» сөзі - бұл дәрменсіз борышкер немесе күйреуге ұшыраған, белгілі бір нәрсеге дәрменсіз боп шыққан дегенді білдіреді. Банкроттық дамыған және қалыпты жұмыс істейтін нарықтық экономиканың негізгі механизмдерінің бірі. Кәсіпорындарды таратудағы есепке алу мен есеп берудің дамымаған мәселелері мамандардың жұмысына кедергі келтіретін күрделі мәселе бойында қалып отыр. Банкроттық жағдайында кәсіпорында сатуды есепке алу саласындағы зерттеулер қорытындыларына мұқтаждығы бірқатар теориялық және практикалық қағидалардың жариялануының кем дәрежесімен айқындалады. Нарықта көптеген дамыған кәсіпорындарда банкрот болу ықтималдығы жылдан сайын артып келеді. Оның негізгі себебі, қаржы ресурстарын тиімді бақыламай, ұйымның қызметіндегі қателіктердің болуынан пайда болады. Осыған байланысты «Рахат» АҚ-ның банкрот болу ықтималдығын Э. Альтман, У. Бивер және Р. Таффлертің әдістерін пайдаланып, ұйымның жағдайын анықтаймыз. [12, 78 б. ]

Кесте-1. «Рахат» АҚ-ның Э. Альтман моделы бойынша банкрот болу ықтималдығы

коэффициент
2015
2016
2017
2018
2019
коэффициент: Х1
2015: 0, 63
2016: 0, 62
2017: 0, 60
2018: 0, 60
2019: 0, 65
коэффициент: Х2
2015: 0, 82
2016: 0, 84
2017: 0, 80
2018: 0, 80
2019: 0, 82
коэффициент: Х3
2015: 0, 09
2016: 0, 13
2017: 0, 14
2018: 0, 14
2019: 0, 20
коэффициент: Х4
2015: 0, 07
2016: 0, 08
2017: 0, 05
2018: 0, 05
2019: 0, 06
коэффициент: Х5
2015: 1, 57
2016: 1, 67
2017: 1, 25
2018: 1, 25
2019: 1, 43
коэффициент: Z
2015: 3, 81
2016: 4, 08
2017: 3, 58
2018: 3, 58
2019: 4, 07
коэффициент: Банкрот болу ықтималдығы
2015: 0-ге жақын (төмен)
2016: 0-ге жақын (төмен)
2017: 0-ге жақын (төмен)
2018: 0-ге жақын (төмен)
2019: 0-ге жақын (төмен)
коэффициент: Ескерту: https://ppt-online. org/651363 дереккөзінен алынған мәліметтер

Кесте-2. «Рахат» АҚ-ның У. Бивер моделы бойынша банкрот болу ықтималдығы

коэффициент
2015
2016
2017
2018
2019
коэффициент: Бивер коэффициенті
2015: 0, 81
2016: 1, 18
2017: 0, 84
2018: 0, 97
2019: 1, 27
коэффициент: Активтердің рентабельділігі
2015: 6, 28
2016: 9, 75
2017: 10, 69
2018: 12, 45
2019: 15, 57
коэффициент: Қаржы тұтқасы
2015: 0, 12
2016: 0, 11
2017: 0, 16
2018: 0, 16
2019: 0, 15
коэффициент: Меншікті айналым қаражатымен активтерді жабу коэффициенті
2015: -0, 33
2016: -0, 34
2017: 0, 44
2018: 0, 49
2019: 0, 52
коэффициент: Ағымдағы өтімділік коэффициенті
2015: 7, 97
2016: 8, 70
2017: 6, 93
2018: 6, 47
2019: 7, 55
коэффициент: Банкрот болу ықтималдығы
2015: (төмен)
2016: (төмен)
2017: (төмен)
2018: (төмен)
2019: (төмен)
коэффициент: Ескерту: https://ppt-online. org/651363 дереккөзінен алынған мәліметтер

Кесте-3. «Рахат» АҚ-ның Р. Таффлер моделы бойынша банкрот болу ықтималдығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметінің тоқтауы
Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкрот)
Факторинг шарты
Банктердің форфейтингтік операцияларының экономикалық негіздері
Банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің формаларына талдау және олардың несиелік тәуекелдерді азайтудағы маңызы
Жеке кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда
Банктік несиенің қайтарымдылығын камтамасыз ету жолдарын жетілдіру
Кәсіпкерлік қызметтің банкроттықтан сақтандыру жолдары
АЙВЕНГО ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
Банк пайызының ставкасы - пайыздың бағасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz