Жолдаудағы білім берудің бейнесі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстандағы жоғары білім беру құрылымы
Орындаған: Нарходжаева Гавхар
Тобы: 1703-10
Қабылдаған: Оралбекова Алия
Шымкент,2020
Жоспар
1. Қазақстандағы білім жүйесінің даму деңгейі
2. Жолдаудағы білім берудің бейнесі.
3. Қазақстан-2050 Стратегиясындағы білім.
4. Қорытынды
Қазақстандағы білім жүйесінің даму деңгейі
ҚР Конституциясына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында мемлекеттік кепілдіктер берілетіні анық жазылған. Дамыған елдердің тәжірибесіне қарап, білім беру мен денсаулық сақтау, ғылымды дамыту, спорт, жұмыспен қамтуға бағытталған реформалар мен инвестицияның нәтижесінде ұлт өмірін сапалы қылуға, постиндустриалды қоғам талаптарына жауап беретін интеллектуалды қоғам орнатуға, табысты жастарды тәрбиелеуге болатынына көз жеткіземіз. Мемлекеттің әр қадамы нәтижелі болу үшін тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болуы керек.
1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты. Мамандардың пікірінше, Қазақстанда жоғары білім беру саласын реформалау 1995 жылдан бастап қарқынды жүрді.
Жалпы, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім беру жүйесін келесі кезеңдерге бөліп қарастырамыз:
:: 1.1991-1994 жж. - жоғары білімнің заңнамалық және нормативтік- құқықтық базасының қалыптасуы;
:: 2. 1995-1998 жж. - жоғары білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңарту;
:: 3. 1999-2004 жж. - білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру;
:: 4. 2005-2010 жж. - 2015 жылға дейінгі Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы негізінде нарықтық экономикаға жоғары білім беру жүйесін бейімдеу;
:: 5. 2011 жж. қазіргі уақытқа дейін - жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделін қалыптастыру.
Білім беру саласында жүргізілген реформаға сәйкес, 90-шы жылдары бірқатар өзгерістерге қол жетті: білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; мемлекеттік емес оқу орындарына рұқсат беріліп, басқа мемлекет азаматтарына ҚР азаматымен тең дәрежеде білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен тегін оқу гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен мобильділік бойынша оқуға мүмкіндік берілді; ЖОО жоғары білімді шыңдауға мүмкіндік беретін негізгі әлеуметтік орын ретінде дербестікке ие болды.
1997 жылы Қазақстанда жаңа әлеуметтік стратегияның құрылуына негіз болған ұлттық жобалар дайындалды. Бұл бағдарламалар адами капиталды дамыту, оның білімі, денсаулығы, игілігіне қатысты сұрақтардың шешімін табуымен маңызды. Білім сапасын көтеруге байланысты елімізде 2005 жылға дейін Ауыл мектебі атты мемлекеттік бағдарлама жүргізілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты еліміздегі ауылдық мектептерді белгілі бағыттар бойынша дамыту болды. Көптеген аймақта мектептер жетіспегендіктен, жауапты министрлік ауыл мектептерін білікті мамандармен қамтуды қолға алды. Осы шаралар Білім мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалғасын тапты.
Мемлекеттің білім беру саясатын дамытудың ұзақмерзімді құжаты - 2004 жылы қабылданған ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы болды. Тұжырымдама - білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат.
Тұжырымдама ҚР Конституциясына, Білім туралы ҚР Заңына, Ғылым туралы Заңға, Қазақстан-2030 Стратегиясына, Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына, Білім мемлекеттік бағдарламасына, Балалардың құқықтары туралы конвенцияға және т.б отандық және халықаралық маңызды құжаттарға сәйкес әзірленді.
Білім беруге байланысты қабылданған құжаттар экономикалық, қоғамдық жаңғыртудың барлық қажеттіліктеріне жауап береді және білім жүйесіне деген халықаралық талапты ескереді. Қазақстандық жүйенің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халықаралық стандарттық білім беру бағдарламасының (1997 ж.) классификация өлшемдеріне сәйкес келтірілген.
Білім туралы жаңа заңның 8-ші бабына сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жоғары білім саласын халықаралық дәрежеге көтеру Қазақстанның халықаралық аренада бәсекеге қабілетті мемлекет болуына тікелей ықпал етеді. Оны жүзеге асыру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда көптілді білім беру жүйесі енгізілуде. 2012-2013 оқу жылында Қазақстанның 35 мектебінде көптілді оқыту жүйесін енгізу қолға алынды, сонымен қатар, 1 сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету жобасын қолға алынды. Республикада новаторлық әдістемелер, орта мектептерде үш тілде сабақ берудің жаңа стандарттары сынақтан өткізілуде.
Қазақстанның Болон процесіне жедел кіруі нәтижесінде еліміз үш деңгейлі моделге енді: бакалавриат-магистратура- PhD докторантура. Қазіргі күні 42 жоғары оқу орны еуропалық агенттіктердің сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитінен өтіп үлгерді. Докторлық және магистратуралық бағдарламалары үшін кластерлі бастамалар негізінде озық мамандықтардың тізімі анықталды. Бұл құжаттар мемлекет саясатының білім саласындағы негізгі міндеттерін айқындады.
Қазақстанда өткізілетін әлеуметтік-экономикалық реформалар нәтижесінде, жоғарғы оқу орындарын қоса алғанда, соңғы жылдары алға қойылған келесі міндеттерді атап өтуге болады:
1. жоғарғы білім жүйесін демократияландыру және басқарудың бір орталықтан жүргізілмеуі;.
2. жоғарғы оқу орындарының құрылымы мен жүйесін әртараптандыру;
3. жаңа заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны құру;
4. жоғары білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттарын қалыптастыру.
Жалпы, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер келесі жағдайлар орындалса: үкіметтің білім беру саясатында орнатқан барлық бағдарламалары білім беру жүйесінің аясында жинақталған әлем тәжірибесінің мүмкіндігіне негізделіп жасалуы қажет. Ұлттық білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісін кешуде. Сондықтан, көптеген мемлекеттер үшін, әсіресе, Орталық Азия үшін, өзінің білім беру жүйесін өзгертуде дұрыс бағыт таңдау мәселесі тұр. Жаңа заманның негізгі үрдістері білім беру саясатына да ықпалын тигізе бастады. Білім беру жүйесі әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының біріне айналуда, себебі, жаңа әлемде мемлекеттің экономикалық жетістіктері білім беру жүйесімен, азаматтардың білімділігімен, мамандардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.
Жолдаудағы білім берудің бейнесі
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында ұзақмерзімді стратегия арқылы білім реформасын жүзеге асыруға болады. Сол мақсатта ҚР білім беру жүйесі белгілі даму сатыларынан өтіп келеді. Оған ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдаулары негіз болуда. Атап айтқанда, Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында білім беру мәселесі төртінші ұзақмерзімді басымдықта көрсетілді. Басымдық атауында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты деп көрсетілгенімен, құжаттың аталған бөлігінде азаматтардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын сақтау мәселесіне мән берілген.Атап айтқанда, тәуелсіздік жарияланған алғашқы жылдардағы өршіп тұрған нашақорлық пен наркобизнес, темекі мен алкогольді тұтыну мәселені ерекше көңіл аударылған. Білім беру мәселесі кейінгі бағдарламаларда тарқатылып айтылды.
Соңғы жылдардағы құжаттарға көңіл аударатын болсақ, 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму Жолдауының Жаңа әлеуметтік саясат тармағында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы - 29 пайызға дейін артатыны айтылды. Сонымен қоса 2017 жылдан Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім бағдарламасы басталатыны жарияланды.
Бұл Жолдауда негізінен дағдарысқа қарсы күрес, қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясаты, жаңа инвестициялық саясатқа ден қойылған.
2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік Жолдауында үш тілдік оқыту, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz