Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автомиясын құрудағы қызметі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№1 СЕМЕСТІРЛІК ЖҰМЫС

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырыбы: Мұстафа Шоқай қоғамдық-саяси қызметі

Мамандығы: Аспап жасау

Орындаған: Мадениет Эльдар Тобы: ПСк-20-2

Тексерген: Сауле Байдильдина Х.

«» 2020__ж

Алматы, 2020

Жоспар

Кіріспе . . . 3
Мұстафа Шоқайдың өскен ортасы, балалық шағы . . . 4
Қайраткер ретінде қалыптасу кезеңі . . . 5. 6
Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автомиясын құрудағы қызметі . . . 6. 9
Мұстафа Шоқайдың Кеңес өкіметімен қарым. қатынасы . . . 10. 12
Өшпес тұлға . . . 13
Қорытынды . . . 14
Пайдаланған әдебиеттер . . . 15

Мұстафа Шоқай қоғамдық-саяси қызметі

Мұстафа Шоқай - қазақ ойшылы, ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері. Ол Ақмешіт қаласында дүниеге келген. Мұстафа бастауыш білімді өзінің ата-анасынан алды, сосын Ташкентте орыс гимназиясын және Петербург университетінің заң факультетін үздік бағамен аяқтады.
1912 жылы түрік-балқан соғысы басталған кезде ол Турцияны қолдау қоғамында белсенді араласты. Мұстафа Шоқай Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының саяси бюросында түрік халықтарының жалғыз өкілі болды. М. Шоқай казактардың 1916 жылғы көтеріліске қатынасқандармен айуандық жазасын тексеру бойынша шешім қабылдауда шешуші роль атқарды. Мұстафа сондай-ақ, Құрылтайда «Түрік халықтарының құқықтарын қорғау» өкілдерінің комиссиясын басқарды.
1917 жылы наурызда М. Шоқай Ташкентте мұсылмандар конгресінде құрылған Мұсылмандар орталығын басқарды. Мұсылмандар орталығы автономия құруға дайындала бастады. 1917 жылғы Қазан революциясын түркістандықтар қуанышпен қарсы алды, бірақ бұл қуаныш ұзақ болмады, себебі Кеңестік билік шешімді түрде Түркістан автономиясына қарсы болды.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанда барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Бүкіл түркістандық конгресі өтті, онда Қоқан автономиясын құру жарияланды. Автономия президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды.

1917 жылдың желтоқсан айында ол «Алашорда» үкіметінің құрамына енді. 1918 жылы қаңтарда қарулы жұмысшы отрядтары мен қызыл гвардияшылар Қоқанды басып алды, М. Шоқай Грузияға кетеді. Онда ол кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсенді көмектесті.
1920 жылы, Қызыл Армия Грузияға кірген кезде М. Шоқай Турцияға көшіп келді, Берлин арқылы Францияға жетеді, сонда тұрақтап қалады. Эмиграцияда жүріп, Түркістан халқының көзін ашу мақсатында журналдар мен газеттердің шығарылымын ұйымдастырды. Стамбулда, Парижде, Берлинде, Лондонда, Варшавада шығарылған осы басылымдарда Орта Азия туралы мақалалар жарияланды. «Новый Туркестан» және «Молодой Туркестан» журналдары Стамбулда, Берлинде жарық көрді.
Ұлы Отан соғысының ең басында М. Шоқай тұтқындалып, Париж түбіндегі Компьен концлагеріне жөнелтіледі. Оны алдымен Германияға, сосын Польшаға және Украинаға алып келеді, онда тұтқындағы түркістандықтармен кездесулер ұйымдастырылды. Лагерьлердің бірінде 1941 жылы 27 желтоқсанда ол қайтыс болады.
Гуманист, демократ, білімі тұтас бір энциклопедияға татитын Мұстафа Шоқай Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі және бай мәдениеті мен тарихының жаршысы, ояну дәуірінің өкілі болды. Ол орыс әдебиетіне жетік, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін жақсы меңгерген адам болды. Ол бүкіл өмірін шындық үшін күреске, Орталық Азия мен Қазақстан халқының абыройы мен ар-намысы үшін арнады, оның жан-жүрегі туған халқымен бір еді.

Қазақстанның тəуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттық, жалпыадамзаттық жəне демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді. Елімізде əлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық реформалардың іске асырылуы мəдени-рухани өмірімізге жаңа сипат, тың мазмұн берді. Сондай түбірлі өзгерістер тарих ғылымының əлеуметтік қызметіне де ықпал жасады. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев «тарих дегеніміз өткеннің ғана сабағы емес, ол едəуір дəрежеде болашақтың да көрінісі», «қазақ тарихы фактілердің өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор дəйектеуші жəне дəлелдеуші күш» [1] деп атап көрсеткен болатын. Бұл тұжырым еліміздің алдында тұрған қоғамдық сананың жаңару үрдісіндегі тарих ғылымының кешенді міндеттерін айқындайды.

Тəуелсіздік жылдары отандық тарих ғылымының мазмұны тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тəуелсіздік идеологиясының əдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түрлі жұмыстар атқарылды. Дегенмен, мемлекеттік маңыз алған осы бағытта əлі де терең ғылыми талдау жасап, концептуалдық тұрғыда қайта қарауға тиісті мəселелер мен тақырыптар жеткілікті.

XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларын ойландырған мəселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін оқу, өнер - білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы, дербес мемлекет құру еді. Бұл тіпті бүгінде, яғни ғасыр басында, күн тəртібінен түсе қойған жоқ, тіптен ең зəру мəселеге айналып отыр. Осы орайда кезінде тəуелсіздігіміз үшін күрескен, сондықтан да кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, қуғынына ұшыраған, саяси жүйе есімдерін кейінгі ұрпақ санасынан біржола ығыстыруға күш салған тұлғалардың тарихымызға қайта оралуы қажет.

Сондай ірі саяси қайраткер, халқына қалтқысыз қызмет еткен «алыптар тобының» көрнекті өкілі, қазақ, тұтас түрік елінің тəуелсіздігі жолында күрес майданына шыққан Мұстафа Шоқайдың (1886- 1941) алатын орны ерекше. Мұстафа Шоқай тəрізді тұлғаның атқарған қызметіне дұрыс баға беру, ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағының рухани жəне саяси тұрғыдан ұлттық рухта тəрбиелеуі үшін аса қажет.

Бұған қосымша осы уақытқа дейін жазылған отандық тарихнамада, жеке тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің қызметі өз дəрежесінде баяндалады деп айтуға əлі ерте. Ал XX ғ. 20-30 жж. күрделі тарихи оқиғаларға белсенді түрде тікелей араласып, терең із қалдырған Мұстафа Шоқай сияқты ірі саяси қайраткерлердің қызметі мен туған халқының тəуелсіздігі үшін күресін жан-жақты талдау арқылы отандық тарихымызға одан əрі түсінуге терең жол ашпақшы. Кеңестік дəуірде Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы бірқатар сауалдарға ғылыми дəлелденген жауап іздеу мүмкін болмай келді. Қазақстан тəуелсіздік алған кезеңнен бері қайраткердің азаттық күрес жолындағы сіңірген еңбегіне əділ баға беру мүмкіндігі туып отыр. Осы орайда біз Мұстафа Шоқайдың өткен өмір жолы, қоғамдық-саяси көзқарастарына, күрескер ретінде қалыптасу кезеңдеріне қатысты өзіндік ой-пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік.

Мұстафа Шоқайдың өмір жолында маңызды кезең - балалық шағы мен Ташкент гимназиясы, Петербург қаласында оқыған жылдары екендігін атап көрсету қажет. Қайраткердің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өскен ортасы үлкен əсер етті. Мұстафа Шоқай Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) уезінде дүниеге келді. Тегі - Орта жүздегі қыпшақ, əкесі Шоқай дəулетті, мəдениетті, білімді, елге танымал, беделді адам болған. Ол баласы Мұстафаны əуелі отбасында білімге өзі ұмтылдырған. Бала Мұстафа сауатын ауылда мұсылманша ашып, кейіннен орыс мектебіне барады. Онан кейін Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 ж. өте үздік бағамен бітіреді жəне алтын медальға ұсынылады. Бірақ генерал Самсонов алтын медальды орыс баласы Зепреметовке жазады. Ал Зепреметев алтын медальды Мұстафаға берілуі тиіс деп, өзі күміс медальді алған. Бұл оқиға Мұстафаның қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізді.

Мұстафа Шоқай дүниеге келген Түркістан өңірі XX ғ. басында орыс отаршылдығының барынша қыспағын көріп отырған еді. Бұл жергілікті халықтың шаруашылық, əлеуметтік, саяси жағдайынан көрінді. Бұндай əділетсіздікке халықтың қарсылық көрсететіндей күш-қауқары болмады. Осының бəрін жасынан көріп-сезінуі қайраткердің ұлтшылдық, түрікшілдік, азаттық идеяларының қалыптасуына негіз болды. Бұған дəлел 1929 ж. шыға бастаған «Жас Түркістанның» бірінші санында ол былай дейді: «Атамекеніміз отаршылардың тепкісінде жатқанда ішкі саясаттың мəселелері екінші планға ығысады. Атамекенді құтқару жолындағы күрес бірінші планға шығып, маңдай алды міндетімізге айналады. Біздің ұлтшылдығымыз Түркістанда ұлттық өкіметтің үстемдігінен басқа ешбір күшті мойындамау негізінде құрылған, бізге түрі де, мазмұны да ұлттық мемлекет қажет». Қазақтың ғана емес, барша түркі халқының азаттығы оның өмірлік арман-мұраты болды.

Шоқайтанушы, тарих ғылымдарының докторы, Абдуақап Қараның көрсетуінше, Ташкентте лицейде оқып жүргенде Түркістанның түрлі аймақтарынан келген əділетсіздікке ұшырағандардың шағымын біліп, құқығын қорғау үшін Мұстафа Шоқай оларға аудармашы болып көмектескен. Осылайша ол Түркістан губерниясы əкімдері мен жергілікті халық арасындағы негізгі проблемалармен етене танысқан. Осыған байланысты Түркістан генерал-губернаторы Самсоновпен бірнеше мəрте кездескен. Демек, М. Шоқайдың саяси өмірге араласуы осы кезеңнен басталады деуге толық негіз бар.

Аталған кезеңде қайраткердің рухани салада өсіп кемелденуіне башқұрт ұлтының атақты ғалымы, фольклорист Əбубəкір Диваевты, немістекті атақты ғалым, шығыстанушы В. Радловтың ықпалы болғанын айту керек. Мəселен, 1937 ж. жазылған өзінің «Радлов хақында» деген мақаласында В. Радловпен 1910 жылдан таныстығын, оның орысшылдығын жəне сол орысты жеккөретіндігін, түріктанушы ретінде түрік халқына деген көзқарастары туралы өз пікірлерін білдірген.

Генерал Самсонов бұратана халықтардың балалары лауазымды қызмет етуге білім алатын Ресейдегі жоғары оқу орындарына түсуіне қарсы болған. Соған қарамастан, Мұстафа Шоқай емтихан тапсырып, 1910 ж. Петербург университетінің заң факультетінің студенті болып қабылданады. Міне, осы кезден оның қоғамдық-саяси қызметінің жаңа бір белесі басталады деуге болады. Осы кезде ол елден келген жерлестерінің түрлі арыз-шағымдарын орыс тіліне аударып, түрлі сұрақтарын шешіп берген. Осылайша болашақ заңгер, саясаткер ретінде мол тəжірибе жинақтап, 1917 ж. Петербург университетін үздік бітіріп шығады. Жалпы, XIX-XX ғ. аяғы - XX ғ. басындағы қазақ қоғамында елеулі рөл атқарған қазақ зиялы қауымының қалыптасуы осы Ресейдің ірі білім орталықтары болған қалаларымен тығыз байланысты. Тарихшы Кеңес Нұрпейісовтың «Алаш Һəм Алашорда» атты еңбегінде XIX ғ. 20 жж. - 1917 ж. дейінгі уақытта Қазан университетінде 30-ға жуық қазақ жастары, ал XIX ғ. соңы - XX ғ. бас кезінде Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқығандығын көрсетеді. Олардың қатарында Б. Қаратаев, Б. Құлманов, Б. Сырттанов, А. Тұрлыбаев, Ə. Бөкейхан, Ж. Досмұхамедов, М. Шоқай, Ж. Ақбаев т. б. бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі
Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру мәселесінің көтерілуі
Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық –саяси қызметі
Алаш арыстары - Мұстафа Шоқай
Шоқай және Түркістан легионы туралы шындық
Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі
Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны
Мұстафа Шоқай қоғамдық - саяси қызметі
Мұстафа Шоқайдың өмір жолы
Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұлғалығын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz