Машықтану әдістері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кәсіби - шығармашылық факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Денсаулығына байланысты арнайы медициналық топқа өткізілген оқушылардың дене шынықтыру сабағын өткізу. Оқыту дайындық сабағын өткізу
Орындаған:Қазанова Гүлсім Талғатқызы
Қабылдаған: Кубиева Светлана Сарсенбаевна
АҚТӨБЕ-2020
Бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылатын қоршаған ортаның бүлінуі, жасөспірімдер денсаулығының кемшіліктері оқытушының дене шынықтыру сабақтары үдерісін ұйымдастыруына әсер етеді. Осыған байланысты оқу орындарында арнайы медициналық топтар ашылып, денсаулығы төмен оқушылармен жүктемелері жеңілдетілген сабақтар өткізіледі.
Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты денсаулықты нығайту, білімді, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамытумен ерекшеленеді. Мектеп оқыту үдерісінде басшылыққа алынатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дене тәрбиесі курсының арнаулы топ сабақтарына 102 сағат бөлінеді. Бұл сабақтардың ерекшелігі сол, оқушылардың денсаулық жағдайларына сай жеңілдетілген жүктемемен жаттығулар мен спорт түрлері таңдалынып алынады.
Дене шынықтыру тәрбиесінің жүйесі оқушылардың жалпы дамуының негізгі шарты болып табылады. Әсіресе арнаулы медициналық топқа жатқызылатын, денсаулық жағдайында ақаулары бар оқушылармен жұмыс жасаудың маңызы өте зор. Мұндай балаларға көбіне денсаулығын түзеу мен нығайтудың аса тиімді тәсілі ретінде дене шынықтыру мәдениеті қажет. Ұсынылып отырған «6-8 сынып оқушыларының арнайы медициналық тобының дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері» әдістемелік нұсқауының жинақталуы осы жағдайлардан туындады. Бұл әдістемелік жұмыстың өзектілігі - арнаулы медициналық топ оқушыларының дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша қазақ тілінде оқу құралдарының болмауы.
Дене тәрбиесі пәні бойынша мектептерде оқушылардың денсаулығының төмендеуі, сабаққа қатысатын оқушылардың көптеген бөлігінің денсаулығына орай анықтама тапсыруы жиеленіп отыр. Оның себебі жүріс - қимылдарының, дене күштерінің аз дамуы, салауатты өмір салтын сақтамауы, гигиеналық факторлардың ықпалы. Осы орайда мектеп оқушыларының қозғалыс дағдыларын дамытуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға негізделініп отырған бұл әдістемелік құралдың өзектілігі жоғары. Әдістемелік құрал мақсаты: оқушылардың қимыл - қозғалыс жүйесін жандандыру, арнайы қозғалыс жаттығуларын тамыр соғысының жүйелігін есептеу, өз жәй күштеріне бағалау жасайды, ағзаларға жаттығулардың әсер етуін бақылауды үйрету болып табылады. Өтпелі кезеңдегі жастардың денсаулық жағдайы мен тұлға бітімінің дамуы төмендей түсуде, мұның өзі дәрігерлер мен дене тәрбиесі мамандарының алаңдатушылығын тудырады. Осы орайда мақсатты шешу талаптарына сәйкес жастардың денсаулығын жақсарту, дене жаттығуларымен өз бетіншше айналысу бағытында дайындалған әдістемелік құрал осындай өзекті мәселеге арналған, маңызы зор. Екінші әдістемелік құралдың тақырыбы «Дене тәрбиесі сабағында қимыл - қозғалыс, эстафеталық ойындар, көңілді старт және акробатикалық элеметтерін тиімді пайдалану». Ойын әдісі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен педагогикалық тәжірибе берудің құралы екендігі ескеріле отырып, арнайы ұйымдастырылған түрлі ойындардың мазмұны мен өткізілу бағыты ұсынылып отыр. Эстафеталық және қимыл - қозғалыс әрекетке негізделген ойындар дене тәрбиесінің маңызды құралы мен әдісі болып табылады. Көптеген ойындар мен эстафеталық жаттығушылардың қимыл - қозғалысының икемділігін арттыра отырып, үйренген машықтарын тұрмыста оқу барысында, еңбек саласында, тікелей қолдануға мүмкіндік береді. Осы әдіс - тәсілдерді кеңінен қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшекліктеріне сай ойындарды таңдап, әр сыныптан тыс шараларымды, ашық сабақтарымды өткіземін. Осылайша оқушылардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығы артып, тапқырлық, зеректік, жинақылық қабілеттері дамытамын. Бұл әдістемелік жұмыстың өзектілігі ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша қазақ тілінде оқу құралдарының болмауы. Әдістемелік құралдың мазмұны: “Қимыл - қозғалыс және эстафеталық ойындар”(cпорттық ойын-сайыс сабағы), «Тепе - теңдік сақтау және акробатикалық элементтер», «Шынықсаң шымыр боларсың» атты қысқы көңілді старт ойындары. «Денсаулық күні» материалдарын қамтиды. «Дене тәрбиесі сабағында қимыл - қозғалыс, эстафеталық ойындар, көңілді старт және акробатикалық элеметтерін тиімді пайдалану» әдістемелік нұсқауы мектеп дене шынықтыру пәні оқытушылары мен жас мамандарға арналды. Әдістемелік құралдағы ашық сабақтарымды музыкалық әуен арқылы өткіземін және ақпараттық технологияны тиімді пайдаланамын, мақал - мәтел жұмбақ шешу арқылы оқушылардың ой - өрісін дамытамың. Дене тәрбиесі сабағында қимыл - қозғалыс, эстафеталық ойындар, көңілді старт және акробатикалық элементтерін тиімді пайдалану жолдары берілген. Бұл әдістемелік жұмыстың өзектілігі ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша құрастырылған.
Жаттығулардың орындалуын бағалау және сабақтың жалпы тығыздығы туралы ой-пікір.
Жаттығуларды орындау кезінде қан қысымыиың өзгеруіне қарай оқушылардың бұлшық етеріне түскен күш анықталып, бағаланады.
Сабақтың дұрыс ұйымдастырылу қарқыны және жүктеменің дұрыс бөлінуін анықтау үшін бір немесе екі оқушының қан қысымын өлшеу керек.
Қан қысымы сабақтың алдында, /10 сек. Соғуы"Х" Імин. Нәтижесі / дайныдық бөлімінен, жалпы дамыту жаттығуларынан, негізігі қозғалыстардан, қозғалмалы ойындардан кейін және сабақтың соңында көрсеткіштері жазылынып алынады.
Жүктеменің динамикалық көлемін анықтайтын қан тамыр соғуының графикалық кескіні-физиологиялық қисық деп аталады.
Даладағы 2-3 мин, жүгірістен кеин жүректің соғу қысымы 140-150 ретке дейін көтеріледі, бұл көрсеткіш бастапқы 90-100 рет соғудың 40-60 ретке тең.
Сабақтың негізгі бөлімінде, орташа жылдамдықтағы жүгірісте және қозғалмалы ойындар кезінде жүректің соғуы 140-180 ретке дейін көтерілсе, жүректің соғуы жалпы дамыту жаттығулар мен негізгі қозғалыстар кезінде 135-150 рет шамасында болады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде жүректің соғуы 130-120 ретке дейін түседі.
Сөйтіп жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде жүрек соғуы 35-45 % болса, негізгі жаттығуларды орындағанда 50-60% дейін көтеріледі, ал сабақтың қорытынды бөлімінде 20-30 % дейін төмендейді.
Сөйтіп сабақта жүректің соғуы орта есеппен 140-160 рет шамасында болуы керек.
Жүрек соғуы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 5 мин, уақытта бастапқы қалыпқа келеді.
Дене тәрбиесі мұғаліміне қажетті құжаттар:
-бұйрықтар журналы;
І-ХІ сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағының бағдарламасы;
-арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың бағдарламасы;
-мектеп оқушылары дене тәрбиесінің ережесі;
-әдістемелік оқу құралдары;
-дене тәрбиесі пәніне қажетті күнделікті шығатын баспа материалдары;
-оқыту жоспары мен жылдық сабақ кестесі;
-спорт үйірме жұмыстарының журналы;
-уақытша дене тәрбиесі сабағынан босатылған және денсаулығына байланысты арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың тізімі;
-БЖСМ -де спортпен шұғылданатын оқушылардың тізімі;
-қауіпсіздікті сақтау туралы;
-оқушыларды қауіпсіздікті сақтау ережесін өткендігі туралы қол қойған журналы;
-мектеп спартакиадасының ережесі;
-спорт шараларын ұйымдастыратын белсенді оқушылардың тізімі;
-3 жылға статистикалық есеп баяндамасы;
-денсаулық күнін өткізудің жоспары .
Ж. С. =10/15*100%=66, 66
Ж. С. =11/15*100%=73, 33
Ж. С. =13/15*100%=86, 66
Ж. С. =15/15*100%=100
Ж. С. =20/15*100%=133, 33
Ж. С. =19/15*100%=126, 66
Ж. С. =16/15*100%=106, 66
Ж. С. =19/15*100%126, 66
Ж. С=22/15*100%=146, 66
Ж. С. =25/15*100%=166, 66
Ж. С. =20/15*100%=133, 33
Ж. С. =18/15*100%=120
Ж. С. =16/15*100%=106, 66
Ж. С. =15/15*100%=100
Ж. С. =11/15*100%=73, 33
Орта жүрек соғысы:
250/15=(16м) 16х6= 96
Орта ж. с. =96(1м)
Сабақ құрылымында оқушының жүктеме алуын есепке алу методикасы жүрек соғысын есептеу. Оқушылардың жалпы және арнайы дайындықтарының байланысы. Жаттығу үрдісінің үзілмей жалғасып отыруы. Жаттығу жүктемесінің біртіндеп өсуі мен оның ең жоғары шеңберін анықтаудың байланысы. Жүктеме динамикасының бір келкі емес толық болуы. Жаттығу үрдісіндегі циклдық және толқын тәріздік қағидалары. Спорттық қалыпқа тұрудағы негізгі әдістемелердің негіздері. Хаттама түзу, есепке алу, қорытынды шығару әдістерін оқыту.
2. 2. Оқушылардың жалпы және арнайы дайындықтарының байланысы.
Оқушылардың дайындық деңгейін аныңтау.
Тест ағылшын тілінде "Анықтау, бақылау, зерттеу"- деген мағана береді.
Оқушылардың даму деңгейін анықтау үшін және дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру мақсатында олардың "даму деңгейін анықтау"/тест/ жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың шынығуы деңгейін анықтау үшін жылына 2 рет 30-30 м жүгіру, орында тұрып ұзындыққа және биіктікке секіру, кермеде тартылу /ұлдар/, доп лақтыру, арқанға өрмелеу, шалқадан жатып денені көтеру /қыздар/, т. б. бақылау мөлшерінің нәтижесін қабылдау жұмысы жүргізіліп, арнайы дәптерге жазылады. Бұл нәтижелер жыл сайын ісінің қаншалықты өскені немесе кемігені анықталып, ата-аналар жиналысында және мұғалімдер кеңесінде талқыланады.
Мектепте әскерге дейінгі жасөспірімдерге дене шынығу дайындығына, көп көңіл аударылады. Бұл жұмыстың ойдағыдай жүргізілуіне барлық мектеп қызметкерлері, ата-аналар және әскери комиссиариаттар бірлесіп қадағалайды.
Оқушылардың дене шынығу дайындығын жақсарту мақсатында ІХ-ХІ сынып оқушыларының дене тәрбиесі бағдарламасынан сынақ қабылдау жұмысы енгізіледі.
Үйрету мен машықтандыруға мұғалім дене тәрбиесінде қолданылатьш мынадай жалпы дидактикалық қағидаларды басшылыққа алады: үйретудегі саналылық, белсенділік, көрнекілік, реттілік жөне жүйелілік, тиянақты меңгеру және үйретуге жеке тұрғыдан келу (жеке жұмыс жүргізу) . Дене жаттығуларына үйретуде саналылық окушының үйрету мен машықтану процесін түсінуінен, үйрету мен машықтанудың барлық кезеңдерінің маңызы мен мәнін тани білуінен көрінеді. Біз байқағанымыздай, әрбір жаттығу бас ми қабатының қатысуымен өтеді. Оқушылар санасына осы не басқа әдістің техникасының маңызды екенін оқушылардың санасына жеткізу қажет.
Үйрету мен машықтану процесіне оқушының саналы түрде қызығушылығын ояту арқылы қол жеткізуге болады, Белсенділік оқушы тарапынан білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеруге ұмтылысынан байқалады. Үйретудің көрнекілігі мұғалімнің жаттығуды үлгі түрінде көрсетуі, жаттығу техникасын немесе тактикалық әдісті бақылай және қорытындылай білуі негізінде жүзеге асырылады. Үйретудегі реттілік пен жүйелілік таныс жаттығулардан таныс емеске, қарапайым жаттығулардан күрделі жаттығуларға біртіндеп ауысудан тұрады. Осы ауысулар барлық уақытта оқушылар орындауға болатындай жаттығу-ларға көбірек күш салуды талап етеді. Жүйелілік бағдарламалардан, сабақтар мақсатының мазмұнынан, күрделірек, : бірақ оқушылардан талап етуге болатындай спорттық жұмыстардың жүйесін көрсететін сабақтарды, машықтану мен жарыстарды дәл ұйымдастырудан көрінеді. Меңгерудің тиянақтылығына (орнықтылығына) жаттығуды меңгерудегі оқушының саналы түрдегі жұмысымен, жаттығуды қайталау санымен, белсенділігімен, тексеруді пайдалана білуімен, жетістіктерді бағалай білуімен және жарыс әдістерімен қол жеткізуге болады.
Үйрету мен машықтануға жеке тұрғыдан келу әрбір оқушының жеке ерекшелігін, жас және жыныс ерекшелігін, денсаулық жағдайын, дене даярлығын, оқушы мінез-құлқының ерекшелігін есепке алудан тұрады. Осы тұрғыдан келу үйрету тиімділігін арттырады. Оқыту мен машықтануды жоспарлау.
Мектеп ұжымындағы секциялардың оқу-спорт жұмыстарының бағдарламалары жыл бойы жұмыс жүргізуді қарастырады. Онда машықтанудың дайындық, негізгі және өтпелі кезеңдері де қарастырылған.
Дайындық кезеңінің міндеттері: оқушының жан-жақты дене дайындығы бойынша жұмыс, таңдап алған спорт түрі бойынша техниканы үйрену. Президент сынамаларының нормативтерін тапсыру, біртіндеп өсетін карқындылық пен жүктеме арқылы оқушыны сабаққа тарту, өмір мен спортқа қажетті ерікті, табандылықты, тәртіпті, ұжымшылдық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Негізгі кезеңнің міндеттері: машықтанушылардың жан-жақты дене дайындығы мен моральдық ерік қасиеттерін қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, сол спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгеруді жетілдіру. Машықтану сабақтарының қарқындылығын арттыру жарыстарға даярлану және оған қатысу, Президент сынамаларын тапсыру. Негізгі кезеңнен кейін 1-2 ай демалу мәселесі қарастырылады.
Өтпелі кезеңнің міндеттері: денеге түскен ауырлықты (жүктемені) біртіндеп азайту, жан-жақты дене дайындығы бойынша жұмыс, спорттың техникасын жетілдіру, Президент сынамаларын тапсыру.
Кей жағдайда нақты өтпелі кезең болмайды да: секция бүкіл жыл бойы жұмыс жүргізбейді, маусымның аякқалуына байланысты жаттығу жұмыстары кейбір секцияларда тоқтатылады (шаңғы, коньки, хоккей жазда ойналмайды, жеңіл атлетика, жүзу қыста өткізілмейді) . Кейбір мектептерде, мысалы, шаңғы спорты көктемде жеңіл атлетикалық секцияға ауысады, ал конькимен сырғанау велосипед спорты секциясына, хоккей футболға және т. б. ауысады. Сөйтіп, өтпелі кезең жоқ болады да, жыл ішінде екі дайындық, екі негізгі кезең қалады. Оқушыларға артық күш түсетін қауіпті болдырмау үшін бұл ретте спорттың бір түрін жетекші, ал екінші түрін қосалқы деп есептеу ұсынылады. Спорттың осы қосалқы түрінде оқушылар алдына спорттың негізгі түріндей күш-қуат жұмсауды талап ететін міндеттер қойылмайды.
Машықтану әдістері. Спорттық әдебиеттерде мектеп дене тәрбиесі секцияларында спорттың жекелеген түрлері бойынша қолдануға тиісті әдістер әзірленген.
Мысалы, жеңіл атлетикада жүгіруге үйрету мен машықтану кездерінде қайталанып отыратын ауыспалы және аралық әдістер қолданылады.
Қайталанып отыратын әдіс барлық қашықтықты спринтерлік (шапшаң) жүгіруден немесе орта жөне алыс қашықтыққа жүгіруде оның жеке бөліктерін белгілеген шапшаңдықпен жүгіруден көрінеді. Жүгірулер арасында демалыс беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz