Топырақты қалыптастырушы факторлар


Орындаған: Кашкеев Болат, Досымова Айгерим, Ильмуратов Манат.
Топырақ эрозиясы.
Жоспар:
- Кіріспе
- Топырақты қалыптастырушы факторлар
- Топырақтың негізгі типтері
- Топырақ эрозиясы
- Топырақтың антропогендік ластану және адам ағзасына әсері.
Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ. Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңтүстіктегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 - 1600 шм, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 шм-ға жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы географиялық белдемдiлiк заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы алқаптарында - тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады.
Қазақстан аумағында егін шаруашылығына жарамсыз немесе жарамдылығы төмен топырақ кең дамыған. Мысалы құмды массивтер 27 млн га, тұзды топырақтар - сортаң мен сорлар 20 млн га жерді алып жатыр. Қазақстанның топырақ жамылғысының айрықша экологиялық қасиеті оның кешенділігі, яғни шағын ауданда топырақтың көп түрінің кезектесіп кездесуі. Топырақтың кешенділігі климаттың құрғақшылығына, жер бедерінің біркелкі болмауына, геологиялық құрылысы мен топырақ қалыптастырушы жыныстардың алақұлалығына байланысты. Қазақстан топырақтарының жарамсыз экологиялық қасиеттері мыналар: кешенділігі, эрозияға бейімділігі, тұздылығы, табиғи құнарлылығының төмендігі. Бұған себеп табиғи факторлар (табиғи шөлдену үрдісі), оның ішінде құмдақты-саздақты механикалық құрамымен бірге шаруашылықта тиімсіз пайдаланылуы.
- Топырақ қалыптастырушы факторлар
1. Су
2. Ауа
3. Жылу
4. Тірі ағзалар
5. Тау жыныстарының үгілуі
6. Өсімдік
7. Геологиялық уақыт
8. Жер бедері.
Топырақтүзуші факторлар туралы ілім, В. В. Докучаевтың өзі айтқандай, топырақтану ғылымының негізгі тірегі. Топырақты топырақтүзуші факторлардан тыс зерттеу бұрыс тұжырымдарға әкелуі мүмкін.
- Топырақтың негізгі типтері.
Топырақ жер бедерінің пішініне, географиялық орнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, қара топырақты зона, қара қоңыр топырақты зона, қоңыр, сұр қоңыр топырақты зоналар. Жер бетінде топырақ түрлерінің таралуы климат жағдайларымен тығыз байланысты. Өсімдік сияқты топырақ жамылғысы да экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді. Тауларда биіктік белдеулерге сәйкес таралады. Ең құнарлы топырақ - қара топырақ. Ондағы қарашірік қабатының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Топырақтың бұл түрі қоңыржай белдеулердегі далаларда шөп астында түзіледі. Даланың топырағы қарашірікке бай. Қара қоңыр топырақтың қара топыраққа қарағанда құнарлығы аздау болады. Қылқанды және аралас жапырақты ормандарда қарашірігі аз күлгін топырақ түзіледі. Сұр қоңыр топырақтың құнарлығы мүлдем аз болады.
- “Эрозия” термині латынның erodere- бұзу деген сөзінен алынған.
Желдің немесе судың (жаңбыр мен қар сулары) күшімен бұзылып басқа бір алыс не жақын жерге шөгуі. Эрозия кезіңде топырақтын майда, құнарлы бөлігі сумен шайылып, желмен ұшып кетеді де, оның құнарлығы кемиді. Табиғатта 2, 5см ғана қарашірік қабаты түзілу үшін 300-ден 1000 жылға дейін уақыт керек. Осыдан-ақ топырақты қорғаудың, танапта эрозия болмауын ойластырудың өте қажет екені көрініп тұр.
Топырақ эрозиясы негізінен екі топ фактордың әсерінен пацда болды:
- Табиғи факторлар;
- Адамдардың шарушылық іс әрекеті ( антропогендік фактор) .
Табиғи факторларға климат, жер бедері, топырақ жағдайы және өсімдіктер жымылғысы жатады. Климаттан топырақ эрозиясын тудыратын ең басты фактор-жел. Оның әсерінен негізінен жел эрозиясы пайда болды. Жел эрозиясының пайда болуы, әсіресе желдің шапшандығына тығыз байланысты. П. С. Захаровтың деректері бойынша, егер жердің беткі қабатынан 10 см биіктіктегі желдің жылдамдығы секундына 8-12м болғанда эрозия пайда бола бастайды, ал ол жылдамдығы 12-15м/с болса эрозия процесі күшейіп, желдің жылдамдығы 16-25м/сек-қа жеткенде күшті эрозияға әкеп соқтырады.
Келесі фактор- топырақ жағдайы, әсіресе, оның түйіршіктерінің мөлшері. Егер топырақ түйіршіктерінің мөлшері 0, 05-0, 15мм аралығында болса, эрозия жер бетінен 15см биіктікте желдің жылдамдығы 3, 5-4м/с болғанда пайда бола бастайды, топырақ түйіршігінің мөлшері 1мм болса, онда эрозия тудыру үшін желдің әлгі биіктіктегі шашандығы 9, 6м/с ал 1, 5мм болғанда -11, 1 м/с болуы керек. Эрозиясының пайда болуы тек қана топырақ түйіршіктерінің мөлшерімен шектелмейді, ол топырақтың гранулометриялық құрамына тікелей байланысты. Мысалы, құмды топырақтарда жел эрозиясы пайда болуы үшін жер бетінен 15 см биіктіктегі желдің күші қара-қызыл қоныр топырақтарда 3-4 м/с, ал жеңіл саздақ топырақтарда 5, 0м/с болуы керек.
Топырақ эрозориясы ауыл-шаруашылық өндірісіне орасаң зиян келтіреді. Біріншіден, эрозиясының әсерінен топырақтың беткі қабаты желмен ұщып немесе сумен шайылып кетеді, сондықтан шаруашылықтар жердің құнарлы қабатынан, онымен бірге қоректік заттардан айырылады. Екіншіден, эрозиясының салдарынан дәнді масақты дақылдардың өсімдігін желмен ұшқан топырақ түйіршіктері құртып жібереді, яғни егістік жойылады. Үшіншіден, эрозия құнарлы егістік жерлерді жарамсыз қылып, оларды не айналымнан шығарып тастауға мәжбүр етеді немесе басқа түрге көшіруге тура келеді. Мысалы, 1962-1964 жылдарда Павлодар облысының шаруашылықтары 850 мың гектар егістікті шабындыққа, жайылымға және басқа түрлерге айналдыруға мәжбүр болды.
Осының бәрі өнімнің кемуіне әкеліп соғады, кей жағдайда егістіктің көшкін топырақ басып қалады да, одаг ешқандай өнім алынбайды.
Эрозияның алдын алу жолдары:
- Егістік шетіне, тау беткейлеріне ағаш, бұталар отырғызу
- Беткейді көлденең жырту
- Эрозия болуы ықтимал жерлерді арнайы жабынмен жабу, террасалау
- Суды үнемдеп пайдалану
- Сусымалы топырақ шетіне бұталар өсіру, суландыру
- Мал жайылымдарын тиімді пайдалану.
- Антропогендік фактор (грек. anthropos - адам, genos - тегі, пайда болуы, лат. factor - іс-әрекет) - адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Антропогендік әсердің бір салдары -- топырақ жамылғысынын қарқынды ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда. Республикада 22млрд т. аса өндіріс және тұтыну қалдықтары жиналған. Пайдалы кен орындарын барлау кезінде өндірілетін минералдық шикізаттың 3-5% көлемін құрайтын 1-2 басым компонент ғана пайдаланылатыны мәлім, қалған масса қалдықтар түрінде жиақталады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz