Амангелді Иманов бастаған ұлт - азаттық көтеріліс қысқаша тарихы


Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 СЕМЕСТІРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырыбы: 1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі: тарихи мәні және бүгінгі бағасы.
Мамандығы: Аспап жасау
Орындаған: Сембиев Нурлибек Тобы: ПСк-202
Тексерген: Байдильдина Сауле Хайруллована
«» 20___ж
Алматы, 2020
мазмұны1. Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қысқаша тарихы………3
2. 1916 жылғы ұл-азаттық көтерілістің жалпылама тарихы4
Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қысқаша тарихы1916 жылы қазақстандағы ұл- азаттық көтеріліс отандық тарихта ерекше орвн алады. Аталған көтеріліс еркін сүйгіш қазақ халқының өз тәуелсіздікгі үшін жана аямайтынын көрсетті.
1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі отарлы патша үкіметінің жүргізіп жатқан әлеуметтік және ұлттық езгіге қарсы жауап болатын.
Ресей империясы тарапынан отаршылдық езіп-жаншудың барлық кезеңі ішіндегі қазақ халқының азаттық күресінің шарықтау шегі болды. Үкімет билігі басқарудың институттарын қайта құру, қарулы күштерді ұйымдастыру белсенді саяси күрес санасы оянған халықтың ұлыттық сана сезімінің өсуі, бізге ұлттық азаттық қозғалыс туралы айтуға негіз береді, ол саяси егемендікке жетуді және мемлекеттілікті қалпына келтіруді өзінің мақсаты етіп қойды. Осының бәріне Қазақстандық эконемикалық және саяси өміріндегі белең ала бастаған белгілі бір алғы шарттар септігін тигізді.
Көтерістің басты себебі әлеуметтәк экономикалық қоғамдық саяси және рухани мәдени мәселелерге тікелей байланысты болды. Атап айтқанда олар Қазақстан мен Орта Азия халықтарының жерін отарлаушыларға тартып әперудің тез қарқынмен жалғасуынан, салықтар мен басқада алымдардың шамандан тыс ұлғаюынан қалың бұқараның өмір сүру жағдайының күрт төмендеуіне өз көрінісін тапты.
1916 жылға таман патша үкіметі қазақ халқының 40-50 млн. десятина жақсы жерлерін басып алды. Өздері құнарсыз және шөлейт аудандарға тықсырып, аштыққа дұшар етті. Қазақстанның аумағы толықтай шикі зат базасына айналды. Соғыс қисапсыз шикізатты азық-түлікті, малды тағы басқа материалдық игілікті жалмай берді. Уақыт өткен сайын соғысқа байланысты тонау мен қанау күшейе түсті. Жергілікті халық төлейтін салықтар көлемі 3-4 есе, ал жекеленген жағдайларда 15 есеге дейін көбейді. Сонымен қатар халық күнделікті тұтынатын заттар үздіксіз қымбаттай берді. Мысалы: 1914-1916 жылдар аралығында Жетісу облысында әр түтінге салынатын салық 3 сомнан 8 сегіз сомға өсті. XX ғасырдың басында бір пұт ұнның бағасы 94 тиын болса, 1916 жылы ол 40 сомға дейін өсті. Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарында 1916 жылы бидай ұнының бағасы 1, 5 есе, ал еттің бағасы 2 есеге дейін жоғарылады.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының басым бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, халықты рухани езгігеде түсірді. Оны тілінен, дінінен, ділінен айыру бағытында жымысқылықпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.
Ұлыттық және әлеуметтік езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық пен ашаршылықтың етек жаю - міне осының бәрі халықтың
3
басым көпшілігі тарапынан жаппай нарашылық туғызды.
Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның Орта Азия және ішінара Сібірдің «біратана халықтарының» ер-азаматтарын 19-43 жас аралығында майданның тыл жұмыстарына, қорғаныстарын және әскери қатнас жолдарын салуға, окоптар қазуға тағы сол сияқты «реквиззиция» туралы жарлығы тікелей сылтау болды. Жарлық бойынша тыл жұмыстарына Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде қазақтардан 240 мыңға жуық кісі алу белгіленді. Егер сол кездегі қазақ шаруашылықтарының саны 700 мыңнан сәл асатынын ескеретін болсақ, патша жарлығы тұтастай орындалған жағдайда әрбір үшінші шаруашылық өзінің негізгі еңбек етушісінен айырылады екен. Ал мұндай мөлшерде жұмыс қолы майданның тыл жұмыстарына әкету Қазақстанды ұлттық апатқа ұшыратуы мүмкін еді.
Жарлық Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік жаппай наразылық тудыоды Алихан Бөкейхановтың сөзімен айтсақ «Қалың елдің дариядай толқуы басталды».
Қазақстанның әр аймақтарында стихиялы түрде басталған патша жарлығына қарсы әрекеттер бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласты.
Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды, алайды оның ірі ошақтары алды мен Жетісуда, одан кейін Торғай, Ырғыз өңірлерінде қалыптасты. Көтерілістің негізгі қозғаушы күшінің ұлттық шаруалардың қалың тобы сондай-ақ сол кезде қалыптасу үдерісін бастан кешіп жатқан жұмысшы тобының өкілдері құрады. Соны мен бірге оның азаттық сипатта өрістеуіне оған қазақ халқының басқа әлеуметтік топтарының байлар мен ауқаттылардың және патшаның билік жүйесіндегі төменгі баспалдағының жекеленген өкілдерінің қатысуы әсер етті.
Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, ырғыздар, дүнгендер және жекеленген басқа халықтардың өкілдері қатысқан оңтүстік және солтүстік-шығыс аймақты сол кездегі Сырдария, Жетісу облыстарын қоспағанда Қазақстандаңы 1916 жылы азаттық қозғалысы өзінің ұлттық құрамы жағынан бір ұлттық қазақтық күрес болды.
Қазақ қоғамында атап айтқанда, оның сол кездегі саяси элитасының арасында көтеріліске көз қарас бір мәнде болған жоқ. Қазақ зиялыларының радикалды өкілдері Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ә. Жүнісов, Т. рысқұлов, С. Меңдешов, Ә. Жангелдин тағы басқалар патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды.
Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылы шілде айының бас кезінде пайда болды. Халықтың ашу-ызасының бастапқы соққыларына халықты жұмысқа бірінші тартқылағандары және жергілікті әкімшіліктердің басқада қызметкерлері ұшырады өйткені тізім жасаудағы бұрмалаушылық әуелі бастан жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылықты туғызған болатын.
4
Әкімшілік жүйесі ол кезде қазақтарда туу туралы куәліктердің болмағандығын пайдаланп, тізімге жас шамасына қарамастан, кедейлерді енгізіп, ауқатты әулеттерден пара алып, олардың өкілдерін шақырудан босатты. Көтерілістің алғашқы ошағы Жетісу облысында пайда болды. Мұнда патша жарлығына қарулы қарсылық шілде, тамыз айларында бұқаралық сипат алды. Патшалық үкіметтің органдары Жетісуға ірі жазалаушы әскери күштер жеткізе бастады. Жергілікті гарнизондар нығайтылды, қазақ және қырғыз көтерісшілерін жазалау үшін облыстағы селолары мен қазақ станцияларынның тұрғындарынан қарулы жасақтар құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz