Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақ газеті
Тақырыбы: Қазақ газеті - Алаштың партиясының жаршысы
Мақсаты: Алаш жұртының абызына айналған Қазақ газетіндегі Алаш партиясының тың идеясы мен көтерілген ұлттық мәселелердің маңызын ашу.
Өзектілігі: Қазақ елінің ұлтжандылығы мол тарихи мұрасын таныған және әдеби мұрасын сақтай білген ұрпақ ғана елдің әлеуметтік-саяси өмірін жаңғырта алады.
Мәселе: Алаш қайраткерлері мұрасы ұрпақ тәлім-тәрбиесіндегі алар орны қандай?
Күтілетін нәтиже: Қазақ газетінің Алаш елі тарихында алған орнын зерделеу арқылы жас ұрпақтың саналы,ибалы да инабатты әрі рухани бай тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.
КІРІСПЕ
Қазақ газеті және Алаш партиясы
Ұлттың өткен өмірі жалпы қоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих мәні жоқ әңгіме ғана болмақ. Егер, біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен болсақ, онда оны бағалай алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы мен Алаш жұртының абызына айналған Қазақ газеті - сол дүниетанымдық тарихтың қайталанбас өзегі.
Осыдан ғасыр бұрын 1913 жылдың 2 ақпанында қазақ даласында тарихи маңызы зор, Алаш тарихындағы рухани сілкіністі оқиға орын алды. Дәл осы күні дүниеге алты алаштың жоқтаушысына,қамқоршысына айналған Қазақ газеті келді. Жылдар бойғы езгіден қажып, рухани қалжырай бастаған қазақ даласында ұлттың еңсесін көтеруге үндейтін, ұлттық идеяны ұлттық мақсатты насихаттайтын Қазақ газетінің алғашқы басылымы осы күні жарық көрді.
Қазақ - қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Таралымы 3000, кейбір деректерде 8000-ға жеткені белгілі. Бірінші редакторы - әйгілі ғалым, жазушы қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы, екінші редакторы - қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы - "Азамат" серіктігі болған.
Өткен ХХ ғасыр басында ұлт мұраты, ел мүддесі қатаң сынға түскен кезең болғандықтан, сол тұстағы зиялы қауым өкілі қазақ жұртының да өркениетті дамыған елдердегідей сауатты болуын тілеп, ең бастысы ұйқыға кеткен қоғамның саяси сауатын ашуға белсене кіріскен болатын. Осы бағытта ұлттың жоғын жоқтайтын, байтақ далаға қоныстанған ел арасына кете алатын, сол арқылы ұлттық идеяны, бостандық пен бірлікті насихаттай алатын баспасөздің орны ерекше болған еді. Мұндай мақсат-мұратты 5 жыл ғұмыр кешіп, 265 нөмірін жарыққа шығарып үлгерген "Қазақ" газеті шебер орындап шықты. Қазақ газеті туралы Мұхтар Әуезов: "Қазақ" газеті - ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жинап, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп талап қыла бастаған уақытқа тура келді. Бұл тұтынған жолда "Қазақ" газеті өз міндетін дөп атқарды", - деп жазған еді.Сол уақыттағы қоғамда Қазақ газетінің алар орны ерекше болған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақ газетінің шығу тарихы
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Райымжан Мәрсекұлы және басқалар бастаған алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары жалпыхалықтық газет ашумен 1905 жылдан айналыса бастаған. Алдымен олар 18 ақпан жарлығы шығысымен "Қазақ" газетінің басты ұйымдастырушысы, қамқоршысы әрі авторы Әлихан Бөкейханұлы өздерінің саяси талаптарын әйгілі Қарқаралы петициясына тізіп жазып, осы жарлыққа қол қойған орыс патшасының атына поштамен жөнелтеді.
Петицияның 3-тарауында: Қазақ халқының қазіргі мұқтажын айқындау үшін қазақ тілінде газеттер басып шығару қажет, ол үшін бастапқы цензурасыз баспахана ашуға және газет басуға рұқсат сұрау емес, құлақтандыру тәртібін орнату керек болады деп жазылған еді.
Тарихи деректерге қарағанда, Қазақ деген атаумен қазақ газетін шығаруға ресми рұқсат Ахмет Байтұрсынұлына 1905 жылғы желтоқсанның 9-ы берілген.
Қазақ газетін метрополияның Киевтен Қазанға, Санкт-Петербургтен Томскіге дейінгі университеттерінде білім қуып жүрген қазақ студенттері жаздырып оқығаны туралы деректер кездеседі.
Оксфорд университетіндегі Орталық Азияны зерттеу қоғамының пікірінше, Қазақтың барлық маңдайалды жетекшілері оның Қазақ газетінің қызметкерлерінің арасында жүрді, оның ішінде М.Жұмабайұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омарұлы, А.-Х.Жүндібайұлы, М.Тынышбайұлы және тағы басқалар бар.... А.Байтұрсынұлы және басқалар өздерінің қазақ тарихы, қазақ фольклоры және лингвистикасы туралы зерттеулерін жариялады. Жалпы Қазақ газеті өте жоғары ғылыми деңгейге жетті деп есептейді Оксфорд университетінің зерттеушілері.
Әйтсе де Қазақ газетінің құрылтайшылары ағартушылықпен қатар, негізі 1905 жылғы Қарқаралы петициясына жазылған саяси мақсаттар мен мүдделерді де, оның ішінде стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырғысы келді.
Петицияда көрсетілмеген маңызды мүдденің бірі - газеттің атауы. Ол туралы Түрік баласы газеттің екінші санынан бастап Қазақ тарихы айдарымен жарияланған тізбекті мақаласында былай деп жазды: ...Біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз атанып жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып Қазақ мәдениеті (Казакская культура) құрып, бір жағынан Қазақ әдебиеті (Казакская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы (Түрік баласы. Қазақ тарихы. Қазақ газеті, 16 ақпан, 1913 жыл, № 3).2
2.2. Алаш партиясы идеясын үндеген Қазақ газеті
Шындығында "Қазақ" газетінің басты мақсаты "есігін тарс бекітіп, қалың ұйқыға кеткен" жұртты түндіктен сәуле болып кіріп, ояту болатын.
Газеттің басына ақ орда қондырылып, түндігі жарық көрінуіне еркін ашық қойылып, есігін "Қазақ" күзетуі газеттің тұтқан жолы мен көздеген мақсаты не екендігін айтып тұр.
Қазақ газетінің ұстанған бағыт-бағ - дарына келсек, газет шығарушыларының бірі Міржақып Дулатұлы 1918 жылғы 258-санында жарияланған Орда гербі (таңбасы) деген мақаласында тоқталып, былай дейді: Киіз үй - киіз туырлықты қазақ халқы. Үйдің түндігі ашық, есігі жабық болуындағы мағына: түндік жарық кіретін жол, есік түрлі заттар кіретін жол дегендік. Жарық жолы ашық, еркін болсын, түрлі заттар кіретін жол есігі еркін болмасын делінген еді. Түндіктен түсетін жарыққа өнер-ғылым енгізілген еді. Түндік күнбатыс жағынан ашылуы өнер-ғылым Еуропа жағында күшті болған себепті қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын деген мағына еді. Үйдің есігі Қазақ деген сөзден жасалған. Ондағы мағына Қазақ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі болсын, әрі жат жұрт жағынан күзетшісі болсын делінген еді. Қазаққа деген игілік нәрсені енгізу жолында газет қызмет етсін, сырттан келетін жамандық болса, күзетші орнында газет қызмет қылсын делінген еді.
Қазақ пен оның құрылтайшыларының орта және ұзақ мерзімге жоспарлаған мақсаттарына келсек, олар мыналар:
- Қазақтардың 1907 жылғы 3 маусым заңымен жойылған сайлау және сайлану құқығын қалпына келтіру;
- Келімсектерді қоныстандыру арқылы отарлау саясатына қарсы тұру және тәркіленген жерлерді қазақтарға қайтарып алып, меншікті жері ретінде заңдастыру;
- Ауыл мектептеріне қазақ әліппесін енгізу, осы мектептерде балаларды ана тілінде оқыту және Болыс кеңселері мен халық соттарында ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізу арқылы астыртын және ашық орыстандыру саясатына төтеп беру;
- Дала өлкесіне заң жүзінде земство (жергілікті басқару) тетігін енгізу мен дамыту арқылы жаңа қазақ мемлекетінің негізін салуды бастау;
- Қазақтарды әскери қызмет етуге заң арқылы міндеттеу, сол арқылы қазақтар үшін қазіргі заманның әскери ілімі мен қару-жарағына жол ашу.
Алдына міне осындай мақсат-мүдделерді қойған Қазақ газеті мен оның құрылтайшылары мақсаттарына монархиялық билік дәуірінде қантөгіссіз күрес жолымен жетуге ұмтылды. Алайда, отаршыл империя заманынан аман шыға білген Қазақ газеті совет өкіметінің Қазақстанға билік орнатуға тырысқан алғашқы күндерінде-ақ - 1918 жылдың наурызында біржола жабылды. Көп ұзамай оның құрылтайшылары мен авторларының басым көпшілігі саяси қуғын-сүргін кезінде атылып кетті.
2.3 Қазақ газетінде басылған
Әлихан Бөкейханұлының көсемсөздеріндегі халықтық мәселесі
Қазақтың тұң - ғыш басылымында жария - лан - ған оқырманға арнау мақаланың авторы - Әлихан Бө - - - кейханов Құрметті оқушылар! деп басталатын мақа - ласында: Әуелі - газет халықтың көзі, құ - лағы һәм тілі...; Екінші - газета жұрттың әулет басына қызмет ететін нәрсе...; Үшінші - газета ха - лыққа білім таратушы... Төртінші - газета халықтың даушысы... - деп, оның қа - тардағы адамдардың ар-намысын қорғайтын құрал екенін көрсетеді.
Әлихан Бөкейхановтың көсемсөзінде ерекше орын алатын 1913 жылғы Қазақ газетінің № 9, №10 Үшінші дума һәм қазақ, №23 Дума һәм қазақ, №19, №25 Төртінші дума һәм қазақ атты мақалалары. Тақырыбы бір бұл үш мақалада бір ғана қазақ халқына қатысты бірнеше проблема қозғалған. Бірініші мәселе: қазақ халқының өз билігін өзі пайдалана білмеуі. Бұл білім аздығының тағы бір белгісі. Өз құқықтарын өздері білмеген қазақ халқы осылайша жапа шеккен. Қазіргі таңға дейін аса үлкен кемшілігіміз болып табылатын халқымыздың заң білместігі ұлт болу, дамыған мемлекет болу жолында тоқырауға ұшыратарын Әлихан Бөкейханұлы осыдан қанша ғасыр бұрын айтып өткен. Екінші мәселе: Малдың соңынан жүретін қазақ, бар байлық малда деп ойлайды. Бірақ олар сол арқылы артта қалып барады. Әлихан Бөкейханов осы жерде: Бұл тіршілік үлкен талас, бір бәйге: жүйрік алады, шабан қалады. Жүйріктік ақыл, ұсталық, жаһитшілікте. Еріншек - езге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ. Үшінші мәселе: Сайлау мақаласында қозғалған мәселе, қазақ халқының өзара даудамайы, өзара бірін-біріне сатқындық жасауы. Мақалада Әлихан Бөкейханов: Әке баладан, аға ініден, туған туысқаннан айырылып, бірі атқа, бірі асқа сатылып сандалады, дейді. Ал, төртінші мәселе: сайланатын ауылнай, би болсын, олардың пара алуы жайлы мәселе.
Әлихан Бөкейхановтың аузынан шық - қан, қала - мынан құйыл - ған, Қазақ газетінің бе - тінде жарияланған мынадай қанатты сөздері де кімнің болса санасына сәуле тү - сіретіні күмәнсіз.
*Талас-тартыс жоқ болса - өмір абақтыға айналар еді;
*Жұрт әділ болмай, жұрт ісі алға баспайды;
*Бостандыққа апаратын жалғыз жол - ұлттық ын - тымақ қана;
*Ұлтына, жұртына қыз - мет қылу - білімнен емес, мі - незден;
*Адам баласы - нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды;
*Мансапқұмар ел - ке - мел - дікке жетпеген ел;
*Жер десе, дірілдемей болмайды: жер мәселесі - негізгі өмір мәселесінің ең зоры;
*Еуропада газета - өмір айнасы: өмірде не бол - са, бәрі газетадан көрі - ніп тұрады. Газетаны оқып жұрт өзін өзі көреді, өзін өзі танып, біледі.
*Өз күшіне сенбеген адам да, халық та ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.
2.4 Ахмет Байтұрсынұлы және "Қазақ" газеті
Ұлтық ой-сананың өркендеуі мен дамуына өлшеусіз еңбек сіңіріп, соны серпіліс туғызған дара да, дана тұлғаның бірегейі - Ахмет Байтұрсынұлы. Ол туралы сөз бола қалса, "Қазақ" газетіне соқпай өту мүмкін емес. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлының бар саналы ғұмырының елеулі кезеңі осы мерзімді баспасөзбен тонның ішкі бауындай сабактас. Сондай-ақ, "Қазақ" газеті - ХХ ғасыр басындағы сахара елінің күллі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани тыныс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, тіл байлығын қаз-қалпында айнаға түскендей бейнелеп берген энциклопедиялық басылым. Әрине, газеттің мұндай діттеген деңгейге жетіп, биіктен көрінуі - оның бас сарашысы мен идеялық-саяси дем берушісіне, рухани жебеушісі мен қаржылай демеушісіне өзара байлаулы екені аян. Бұл ретте қадау-қадау нақ осындай іргелі де күрделі әрі жауапкершілігі зор міндетті тағдыр-талайлары қоғамдық-саяси өмірдің қиыр-шиыр соқтықпалы, соқпақсыз жолында тоғысқан Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан сынды күрескер үш алып кемеңгер ынтымағы жарасып бірге атқарды.
Ахмет Байтұрсынұлының сан салалы ғылыми-шығармашылық, ағартушылық-ұстаздық қырларын байыптаған сайын ұлттық баспасөзімізге қосқан айрықша үлесіне тарихи әділ бағасын берудің лайықты[лығы] өзінен-өзі соғұрлым айқындала түседі. Бұл тұрғыдан Ахмет Байтұрсынұлының әмбебептығы қайран қалдырады. Ғалым еңбегін әлі де жан-жақты зерделеп, жүйелі зерттеуді қажет етеді. Сонда ғана оның өзіне тән адамгершілік, кісілік мінез-құлқы, ақыл-парасат әлемі, оқыған-тоқыған білім өресі, қаламгерлік машығы мен шеберлік ерекшелігінің басқа да сыр-сипаттары ашыларына шығар күндей куә болармыз анық. Ақылман жан не жайында жазса да аз сөзге саз мағына үстеп, оған ұлттық идеологияны сыйғызып, астары қат-қабат терең пәлсапалық тұжырыммен түйіндейді. "Қазақ" газетінің тұңғыш санында Ахаң мерзімді баспасөздің басты-басты төрт түрлі функциясын атап, оған қысқа да нұсқа назар аудартып өтеді: "әуелі, газета - халықтың көзі, құлағы һәм тілі...", - дейді Бұл мерзімді баспасөздің қоғамдық ақпараттық жан-жақты қызметіне берілген ғылыми анықтаманың классикалық үлгісі деуге болады. Жыл он екі ай бойы табиғат-ананың қас-қабағына қарап, үнемі аттың жалы, түйенің қомында көшіп-қонған, ата кәсібі төрт түлік мал шаруашылығымен айналысқан туған халқының талғам-түсінігі мен таным-көзқарасына орай газет хақындағы ұғымды шым-шымдап сана-сезіміне терең сіңіруді ол перзенттік парызы санады. Шындығында, бұл жаратылыстың қарапайым мысалмен кез-келгеннің қабылдау түйсігіне образдылығымен әсерлі жеткізілген. Екі аяқты, жұмыр басты пендеге маңдайға біткен қос жанар мен қүлақтың, ауыздағы тілдің анатомиялық-биологиялық қажеттілігі қандай болса, қоғам өміріндегі саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани ортадағы атқаратын қызметі де сондай айрықша маңызды. Яғни мерзімді баспасөз құралының барша қадыр-қасиетін қалың бұқараға, дүйім жұртқа салыстырмалы түрде адамнын өз бойының дене мүшелерімен шендестіріп түсіндіру тәжірибесі ғылымда Ахмет Байтұрсынұлына дейін кездеспеген жаңалық.
"Екінші, газета - жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газета арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады".
Иә, өзі өмір сүрген уақыт аралығында бұл мақсат үдесінен де "Қазақ" газеті абыроймен шықты. Алаштың сол дәуірдегі оқыған, тоқыған, аузы дуалы зиялылары осы баспасөздің айналасына кеп топтасты. Олар отарланған елінің, мешеу қалған халқының басындағы ең өзекті де түйінді мәселелерге үндерін қосып, ақыл-кенестерін берді, темірқазық бағыт-бағдар сілтеп, саяси дербестігі мен азаттығы жолындағы күрес майданына шығуға белсенді іс-әрекеттерімен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді; мұның бәрінде де ұлтын шексіз сүйген маңдай алдында Әлекен, Ақаң, Жақаңдар қасқайып тұрған еді.
"Үшінші, газета - халыққа білім таратушы...".
Алдымен, ХХ ғасырдын ілкі он жылдығында қазақ қоғамында қалыптасқан саяси-әлеуметік жағдай қандай еді? Осы тарихи өтпелі кезендегі күрмеуі қиын болған жайтқа аз-кем көктей шолып өткен жөн. Бұл Ресей империясының қазақ даласындағы үстемдігі әбден шегіне жетіп, айтқанын істетіп, дегеніне көндірген шағына тұспа-тұс келді. Түз еліндегі әкімшілік басқару жүйесі түгелімен орыс патшалығы ынғайына көшіп заңына бағындырылды. Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағынан жан-жақты тәркіге түскен сахара халқының ең соңғы қамалы рухани-этникалық белгілері жойылуға шақ тұрды. Осы бір қоғам өміріндегі төніп келатқан дүлей апатқа қарсы төтеп беріп, елдік қасиетін сақтап қалу үшін ұлт зиялыларының арасынан қармана ізденіп исі қазақтың сана-сезімін оятып, дерттің дауасына ұмтылдыруға Әлихан Бөкейхаұлы, Ахмет Байтұрсынұлы жан-тәнін салды. Сайын даланы көшіп-қонып, шашырай қоныстанған елдін жүрек түкпіріне нұр сәулесін түсіріп, рухани дайындығын шыңдап, сөйтіп, ынтымақ, бірлігін жарастыра отырып, саяси белсенділігін арттыру оларға оңайға соққан жоқ. Алайда мұның басты тетігі - ана тілінде оқу-ағарту жұмысын жандандырып, жедел қарқынмен жетілдіру, баспа өнімдерін жолға қоюға көңіл аударып, мерзімді төл баспасөзін шығауға мұрындық болу еді. Ал, мұндай игі шараларға қадам басуға шет аймақтағы бұратана санаған елдің көңіл-күй ауанын қадағалап, сырттай бақылап, үнемі назарында ұстаған патшалықтың тиісті орындары әрине, бюрократиялық тосқауылдар жасап, ресми рұқсат беруге барынша тырысты. Дегенмен, 1905-1907 жылдардағы жаппай саяси сипат алып, империяның зәре-құтын қашырған орыс шаруалар қозғалысының шарпуы отаршылдықтың қамытындағы халықтарға да жетіп, қорқау үкіметтің шегініс жасап, лажсыз демократиялық бостандықтарға мүмкіндік беруіне мәжбүр етті. Осыған орай 1907 жылы демократиялық қазақ мерзімді баспасөзінің тұңғыш қарлығашы - "Серке" газеті Петербор қаласында қанат қақты. Өкініштісі, ел-жұрттың сонша зарықтырған газеттің ғұмыры ұзақ болмай, екінші саны шығар-шықпастан отаршыл цензураның нысанасына ілігіп, еріксіз жабылды. Оқырман қауымның қолына тиіп, тарамай, баспахананың бояуы кеуіп, үлгірмей жатып тұтқындалған - "Серкеден" соң тауы шағылған ұлт зиялыларының қоғамдық ой-сананы шектеуге әрекеттенген патша жандармедиясынан тауаны қайтып, сағы сына қоймады. Жатса-тұрса халқының болашақ тағдыры толғандырған алаш азаматтары әр дайым ілгері ұмтылды. Қазақ қазақ болғалы тұңғыш рет шын мәнінде ұлтына қызмет еткен "Айқап" сынды журналдың, "Қазақстан" атты газеттің баспа жүзін көруі нақ осы кез. Халықтың рухани ағарып, оң-солын тануына, өнер-білімге ден қойып, ғылымға құштарлық сезімі оянуына шам-шырақ болған бұл мерзімді басылымдардың ұлан-ғайыр қосқан үлесін ешбір пенде жоққа шығара алмайды. Әсіресе, белгілі ақын, кәсіби журналист Мұхамеджан Сералиннің редакторлығымен Тройскіде шығып тұрған "Айқап" журналының (1911-1915) жылдары атқарған тарихи миссиясы өте зор. Журнал бетінде қазақ оқығандары жан ауыртқан заманалық мәселелерді көтеріп, өз ой-пікірлерін ортаға салып, соған жауап іздеді. Себебі ғасырлар бойы көшпелі өмір сүрген қыр еліне қауіп төнді. Олардын бар байлығы, бар тыныс-тіршілігінің көзі - алдындағы төрт аяқты малымен өлшенді. Малсыз қазақ біткеннің күні қараң. Өйткені мал қазақтың ішетін тамағы, киетін киімі, тұратын баспанасы, тіпті, қысы-жазы жағатын отыны мен шырағы да соған байланысты болды. Ежелгі қоршаған ортамен кіндігі бір, қойындасып өскен көшпенділердің жаратылыс болмыс-бітімі, дүние таным стихиясы "Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы" деген философиялық оймен түйінделуі де сонан. Мүбәда, қазақ жазатайым алдындағы төрт түлік малдан айрылар болса, онда оның көшпелі өмір салтының түп-тамрына балта шабылғаны. Ұлы көшпенділердің соңғы тұяғы сахара халқының дәл осы қан тамырындай ең буынды, осал жерін империялық пиғылдағы саясаткерлер өз пайдасына шешуге үміттенді. Сөйтіп, Ресейдің қара топырақты аудандарындағы агралық қайшылықтан туындаған шаруалар толқуының шоғырланған ықпалды күшін ыдыратып, бетін басқаға бұрып жіберуге патша әкімшілігі құлықты болды. Және шаруалардың жерге деген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz