Мейіргерлік үрдіс кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

F:\Эмблема ВМК.jpg

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ НА ПРАВЕ ХОЗЯЙСТВЕННОГО ВЕДЕНИЯ

«ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ

КОЛЛЕДЖ»

УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ

«ЖОҒАРЫ

МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ

КӘСІПОРНЫ

«Мейіргерлік істегі жоспарлау және тексеру жүргізудің қағидаттары»

пӘні бойынша Дәріс жинағы

Мамандығы : 0302000- «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302054 - «Қолданбалы бакалавр»

Курс: I

Семестр: I

Құрастырушы: Орынбай А. А.

Шымкент 2020 ж.

I - арнайы пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып ұсынылды.

№ ___ хаттама «» 2020 ж.

ЦӘК төрайымы Т. Д. Абдулла

қолы

№1 дәріс

1. Тақырыбы: Мейіргерлік күтімді жоспарлау. Мейіргерлік үрдіске кіріспе. Мейіргерлік үрдіс кезеңдері.

2. Мақсаты: студенттерге мейіргерлік күтімді жоспарлау, мейіргерлік үрдіс және оның кезеңдері туралы түсінік беру.

3. Дәріс тезистері:

  • Мейіргерлік үрдіс
  • Мейіргерлік үрдістің кезеңдері

Мейіргерлер - бұл мейіргерлік, акушерлік, емдеу ісі белгіленген мамандыққа жіберілген, мамандықтар бойынша медициналық білімі бар қызметкерлер. Мейіргерлер әр-түрлі қызметтерді атқарады, факторларды түсінуді, денсаулыққа әсерлер, аурудың себептері, оларды емдеу және сауықтыру қабілеттері, сондай-ақ экологиялық, қатарлыларды талап етеді.

Халықтың денсаулығын тексеріп, нығайту жолында оларға қол жетімді, тиімді медициналық көмек беруде, өз уақытының 80 пайызын науқаспен бірге өткізетін медбике қызметінің рөлі өте маңызды.

Мейірбикелік үрдіс - кәсіптік бикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.

Мейірбикелік үрдістің мақсаты - ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.

Қажеттілік дегеніміз - адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық.

Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүру үшін өз мұқтаждықтарын үнемі қанағаттандыруы қажет.

Американдық психолог А. Маслоу адамдағы 14 негізгі қажеттілікті қарастырды:

  1. Тыныс алу
  2. Тамақтану
  3. Ішу
  4. Бөліп шығару
  5. Қозғалу
  6. Дені сау болу
  7. Дене қызуын сақтау
  8. Ұйықтап, демалу
  9. Киініп, шешіну
  10. Таза болу
  11. Қауіпсіз болу
  12. Қарым - қатынас жасау
  13. Өмірлік қазынаға ие болу
  14. Қызмет ету, ойын ойнау, оқу

Тыныс алу қажеттілігі -оттегіні қажет ету адамның негізгі физиологиялық қажеттіліктерінің бірі. Тыныс алу мен өмір ажырамайтын түсініктер. Оттегі жетіспеушілігінде тыныс жиіленеді, беткей болады, ентігу, жөтел пайда болады. Оттегінің ұлпаларда тұрақты жетіспеушілігі цианозға алып келеді, тері мен шырышты қабықтар көгереді. Бұл қажеттілікті қолдау медицина қызметкері үшін басты ауықымды (приоритетті) мәселе болуы керек. Адам бұл қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өмір сүруге қажет болған қанның газды құрамын қолдайды.

Тамақтанудың қажеттілігі - денсаулықты сақтау үшін өте маңызды. Рационалды және адекватты тамақтану көптеген аурулардың қауіпті факторларын жоюға көмек береді. Мысалы жүректің ишемиялық ауруы жиі жануар майлары мен холестеринге бай тағамдарды тұрақты қабылдағанда дамиды. Тамақтың құрамында ақуыздың көп мөлшерде болуы жаралардың тез жазылуына көмектеседі. Медқызметкер науқастың тамақтану қажеттілігін қанағаттандыру үшін рационалды дұрыс тамақтануды үйретіп ұсыныстар беруі қажет. Күнделікті жеміс-жидектерді, сүт өнімдерін, ботқаларды, майсыз ет, балық, құс етін қабылдау ұсынылады. Қант, тәтті тағамдар, тұздар, алкогольді ішімдіктер шектеледі. Тамақтану қажеттілігінің қанағаттанбауы адам денсаулығының бұзылуына алып келетінін ұмытпау керек.

Ішу қажеттілігі - бұл күнделікті 1, 5-2 литр сұйықтықтар: су, шай, кофе, сүт, сорпа, жеміс-жидектер қабылдау. Мұндай мөлшер зәрмен, нәжіспен, терлеуде, тыныс алуда жоғалтқан сұйықтықты толтырады. Су балансын сақтау үшін адам бөліну мөлшерінен көбірек сұйықтық қабылдау қажет. Сұйықтықты аз қабылдау дененің сусыздануына, ал шамадан тыс яғни 2 литрден артық қабылдау бірнеше жүйе, ағзалардың қызметінің бұзылуына алып келеді. Мейірбикенің сусыздану немесе ісіктердің пайда болу қаупін алдын ала анықтауы көптеген асқынуларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Бөліп шығару қажеттілігі -тағамның қорытылмаған бөлектері ағзадан зәр, нәжіс түрінде бөліп шығарылады. Бөліп шығару режимі әрбір адамда жекеше болып келеді. Басқа қажеттіліктерді қанағаттандыруды қалдыруға мүмкін болғанымен, бөліп шығаруды ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.

Ұйықтау, дем алу қажеттілігі - ұйқы аз болған жағдайда қандағы қант деңгейі төмендейді, мидың қоректенуі нашарлап, ойлау процестері бәсеңдейді, зейін тұрақсызданады, қысқа мерзімді есте сақтау нашарлайды. Американдық ғалымдардың зерттеуі бойынша жарты түн ұйықтамаған адамда фагоцитоз үшін жауапты болған қан жасушалары 2 есе төмендейді. Науқас адамға ұйқы өте қажет, өйткені ұйқы науқас жағдайының жақсаруына алып келеді. Зерттеу барысында ұйқының бірнеше кезеңдері анықталған.

І кезең-жәй ұйқы. Ұйқы жеңіл және бірнеше минутқа ғана созылады. Бұл кезеңде ағзаның физиологиялық белсенділігі төмендейді, өмірлік маңызды мүшелердің қызметі, зат алмасу процестері бәсеңдейді. Адамды ояту оңай, егер ұйқы бөлінбесе, 15 минуттан кейін ІІ-кезең байқалады.

ІІ кезең - жәй ұйқы. Ұйқы терең емес, 10-20 минутқа созылады. Өмірлік функциялар әрі қарай әлсірейді, толық босаңсу байқалады.

ІІІ кезең-жәй ұйқы . Ең терең ұйқы кезеңі, 15-30 минутқа созылады, ұйықтап жатқан адамды ояту қиын. Өмірлік маңызды функциялардың әлсіреуі жалғасады.

ІV кезең-жәй ұйқы . Терең ұйқы, 15-30 минутқа созылады, ұйықтап жатқан адамды ояту өте қиын. Бұл кезеңде физикалық күштің қалпына келуі байқалады. Өмірлік маңызды функциялар ояу қалпына қарағанда әлсіз. ІV-кезеңнен соң 3-ші және 2-ші кезеңдер қайта байқалады, содан соң ұйқының 5-ші кезеңі байқалады.

V кезең-тез ұйқы. І-кезеңнен 50-90 минуттан соң түрлі түстер байқалады. Көздердің аз қимыл -әрекеттері, жүрек соғуы, тыныс алу жиілігі, қан қысымы өзгереді. Дене бұлшық еттерінің тонусы төмендейді. Бұл кезеңде адамның психикалық қызметтері қайта қалпына келеді, ұйықтап жатқан адамды ояту өте қиын. Бұл кезеңнің созылу уақыты -шамамен 20 минут.

V-ші кезеңнен кейін қысқа уақыттан соң 4, 3, 2 содан соң қайтадан 3, 4 және 5-ші кезеңдер яғни, ұйқының келесі циклы байқалады.

Адамның ұйқысына бірнеше факторлар әсер етеді: физикалық талығу, дәрілік заттар, есірткілер, өмір сүру қалпы, эмоционалды стресс, қоршаған орта және физикалық жүктеме. Ауырсынумен, физикалық әлсіздікпен, уайыммен, депрессиямен сипатталатын кез-келген ауру ұйқы бұзылуына алып келеді. Мейірбике науқасты тағайындалған дәрілердің жалпы және ұйқыға әсерімен таныстыруы керек.

Дем алу - физикалық және психикалық белсенділіктің төмендеу жағдайы. Диванда жатып қана емес, сонымен қатар арнайы жаттығулар жасап, кітап оқу арқылы да демалуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық, басқа адамдардың болуы демалуға кедергі жасауы мүмкін.

Қозғалу қажеттілігі - адам үшін қимыл - әрекеттердің шектелуі немесе мүлдем жоғалуы адам үшін көп мәселе тудырады. Мұндай жағдай аяқтардың жарақаттарында, созылмалы аурулардағы ауырсынумен, бас ми қан айналымы бұзылуы салдарынан болуы мүмкін. Қимыл - әрекеттердің жоғалуы ойылу дамудың қауіпті факторларына жатады. Тірек-қимыл жүйесі қызметінің бұзылулары жүрек пен өкпе қызметіне әсер етеді. Қимыл -әрекеттердің ұзақ мерзімді жоғалуы ас қорыту жүйесіндегі өзгерістерге: диспепсия, метеоризм, анорексия, іштің өтуіне, іштің қатуына алып келеді. Сонымен қатар зәр шығару қызметі бұзылып, қуық инфекциясына алып келеді. Науқастың басты мәселесі адам тұлғасының қалыптасуына елеулі әсер ететін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай алмайды.

Қауіпсіз болу - көпшілік адамдар үшін қауіпсіз болу сенімділік пен жайлылықты, ыңғайлылықты білдіреді. Науқастың кереуеті немесе каталка жақсы бекітілгенде, палата едені құрғақ болғанда, онда бөтен заттар болмағанда, жарық жеткілікті болғанда, көру нашар болғанда көзілдіріктің болуы науқаста қауіпсіздік сезімін туғызады. Науқас өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар айналасындағыларға зиянын тигізбейтініне сенімді болуы керек, стресті жағдайлардан қашу керек.

Әлеуметтік қажеттіліктер- б ұл жанұяға, достарына, олармен қарым-қатынасқа, қолдауға т. б. қажеттілік. Егер адам өзін қажетсіз, жалғыз, ешкімге керексіз сезінсе, демек оның әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттанбаған.

Қажеттіліктерді реттей отырып сыртқы орта факторларын ескеру қажет.

Қажеттіліктерді қанағаттандырудың деңгейіне байланысты болған сыртқы факторларға адамның қоршаған орта жағдайлары жатады.

Өзгертуге болмайтын факторларға: адамның жасы, жынысы, тұқым қуалаушылығы жатады.

Адамның өмір сүру қалпына әсер ететін қауіп факторлары қажеттіліктерді қанағаттандыру бұзылуларына алып келуі мүмкін. Оларға: экология, гиподинамия, артық дене салмағы, зиянды әдеттер, стрестік жағдайлар т. б. жатады. Оларды төмендегідей топтауға болады:

Салалар

Денсаулық

үшін маңыздылығы

шамамен %

Факторлар
Салалар:

Өмір сүру түрі

Адам генетикасы, биологиясы

Сыртқы орта, табиғи ауа райы жағдайлары

Денсаулық сақтау

Денсаулықүшін маңыздылығышамамен %:

49-53 %

18-22 %

17-20 %

8-10 %

Факторлар:

-темекі тарту, арақ ішу

-есірткі қабылдау

-дәрілерді көп қабылдау

-дәрілерден бас тарту

-еңбектің зиянды жағдайлары

-стрестік жағдайлар

-дұрыс тамақтанбау

-адинамия, гиподинамия

-әлеуметтік материалды жағдайдың төмен болуы

-жанұяның толық болмауы

-жалғыздық

-білім және мәдениет деңгейінің төмен болуы

-тұқым қуалау ауруларына бейім-ділік

-дегенеративті ауруларға бейімділік

-ауаның канцерогендермен ласта- нуы

-судың ластануы

-топырақтың ластануы

-атмосфералық құбылыстардың бірден өзгеруі

-профилактикалық шаралардың тиімсіздігі

-медициналық көмектің төмен сапасы

-уақытылы медициналық көмек көрсетілмеу

1943 жылы американдық психолог А. Маслоу адамның қымыл-әрекетін анықтайтын қажеттіліктер иерархиясы теорияларының бірін ұсынды. Бұл теория бойынша кейбір қажеттіліктер басқаларына қарағанда адам үшін маңыздырақ болып келеді. Соған сәйкес ол оларды иерархиялық жүйе бойынша жіктеді.

Пирамиданың 1-ші сатысы.

Маслоу пирамидасының 1-ші сатысынсыз өмір сүру мүмкін иемес. Бұл тірі қалу мұқтаждықтары, оған жататындар:

  1. Тыныс алу
  2. Тамақтану
  3. Су ішу
  4. Бөлу (шығару) мұқтаждықтары

Бұл мұқтаждықтар төменгі физиологиялық мұқтаждықтар деп аталады.

Пирамиданың 2-ші сатысы - қауіпсіздік мұқтаждықтары.

Адам өмір бойы өседі, дамиды, өзін қоршаған ортамен үнемі қатынаста болады, соған байланысты адамда өмірлік маңызды мұқтаждықтар дамиды. Бұл мұқтаждықтар адам қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар:

  1. Ұйықтау, дем алу
  2. Таза жүру
  3. Киіну, шешіну
  4. Дене қызуын бір қалыпта ұстау
  5. Дені сау болу
  6. Қауіптен сақтану
  7. Қимылдау

Бұл 1-2-ші саты Маслоу пирамидасының іргетасын құрайды.

Пирамиданың 3-сатысы - әлеуметтік қажеттіліктер, қажет болу

мұқтаждығы жатады. Адамға өмір сүру барысында қоғамға қажет болу, қоғамның қолдауы, түсінуі, қоғам қабылдауы қажет. Адамға қоршаған орта туралы мәліметтер қажет. Бұны қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыру арқылы жүзеге асырады.

Бұл сатыға қарым-қатынас жасау қажеттілігі жатады.

Пирамиданың 4-ші сатысы. Қоғамдаөмір сүру табысқа жету қажеттілігін тудырды. Бұл сатыға жетістіктерге жету, өмірлік қазынаға ие болу қажеттілігі жатады.

Пирамиданың 5-ші сатысы- қызмет ету мұқтаждығын қажет етеді. Адам өзінің төменгі сатылы мұқтаждықтарын қанағаттандырмайынша, жоғарғы психологиялық-әлеуметік мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмайды. Адам әлеуметтік және шығармашылық табысқа жету үшін осы мұқтаждықтарды үнемі, өмір бойы қанағаттандыруға тиісті.

Медбикелік үрдіс кезеңдері

Медбикелік үрдіс 5 кезенге бөлінеді:

  1. Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау;
  2. Медбикелік диагноз (диагностика) ;
  3. Күтімді жоспарлау.
  4. Жоспарлауды жүзеге асыру;
  5. Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау.

1- кезең

Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау

бағалау

Науқас туралы ақпарат көзі:

  1. Емделушіні сұрастыру
  2. Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан қарастыру
  3. Дәрігермен сұхбаттасу
  4. Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу
  5. Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.
  6. Емделушінің ауру тарихымен танысу

Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.

Дәрігердің міндеті - дұрыс диагноз қойып, ем тағайындау.

Мейіргердің міндеті - емделушіні толық ыңғайлы қамтамасыз ету, өзінің медбикелік міндетімен шектелген көмегін беруге тырысу. Мейірбикеге аурудың сыртқы көріністері маңызды.

Мысалы: демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.

2- кезең

Медбикелік диагноз (диагностика)

Бикелік диагноз түсінігі алғаш рет ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ортасында Америкада пайда, болып 1973 жылы ресми және заңды тұрғыда бекітілді. Бикелік диагноз - емделушінің физиологиялық және психологиялық өмірлік маңызды қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған симптомдық немесе синдромдық диагнозы

Дәрігерлік және бикелік диагноздың айырмашылығын сипаттау

Дәрігерлік диагноз
Мейіргерлік диагноз
Дәрігерлік диагноз:
  • Ағзадағы нақты аурудың патологиялық

процестің негізін айқындайды

  • Түрлі мүшелер мен жүйелер қызметінің

бұзылуы мен олардың себебін яғни пато-физиологиялық, патолого-анатомиялық өзгерістерін анықтау

  • өзгермейді
  • дәрігердің құзіреттілік терминінде
Мейіргерлік диагноз:
  • Ағзадағы терең патологиялық процеске

емделушінің сыртқы жауапты реакциясын сурет-тейді

  • Адамның негізгі қажеттілік-тері

қамтамасыз етудің бұзылуы қызмет көрсетудің бұзылуының нәтижесі ретінде, яғни ең бастысы емделушінің өз денсаулығы жайлы түсінік

  • бірнеше рет өзгереді
  • мейірбикенің құзіреттілік терминінде

Медбикелік мәселелердің негізгі саласы

Мейірбике ауруды емес емделушінің ауруға және өз қалпына жауабын қарастырады. Бұл жауап:

  1. физиологиялық
  2. психологиялық және рухани
  3. әлеуметтік болуы мүмкін

Физиологиялық мейіргерлік мәселелер

  • созылмалы немесе жедел ауру;
  • жеткіліксіз немесе артық тамақтану;
  • ісіктер немесе сусыздану;
  • тұншығу;
  • әлсіреу;
  • гигиенаның сақталмауы т. б.

Психологиялық және рухани мейіргерлік мәселелер

  • қорқу, абыржу, тынышсыздану;
  • бос уақыт тапшылығы;
  • медқызметкерлерге сенбеу;
  • дәрілерді қабылдаудан бас тарту;
  • отбасындағы жанжал;
  • өлімнен қорқу.

Әлеуметтік медициналық проблемалар

  • әлеуметтік оңашалану;
  • мүгедектікке шыққанына байланысты қаржы жағдайынан тынышсыздану.

Мейірбике медбикелік ауру тарихына емделушінің жағдайын ойластырып проблемаларын жазады. Содан кейін артықшылықтарын айрықша белгілейді.

Артықшылық дегеніміз- емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынға қойған мәселелері. Мысалы, кеуде торының ауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты бикелік проблема болып саналады.

Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойса да болады. Синдром бір себеппен біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары емделуші бас ауруына, айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т. б. белгілерге шағымданады. Медбикелік диагноз: қан қысымы көтерілу синдромы.

3- кезең

Мейірбикелік көмекті жоспарлау

Мейірбике емделушіні күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.

Жоспарлау барысында әр артықшылықты проблема күтімнің мақсаты мен жоспары тұжырымдалады. Мақсат екі себептен белгілеу қажет:

  1. жеке бикелік қатысудың бағытын көрсетумен;
  2. қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.

Мақсат қоюдың талаптары:

  1. мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.
  2. әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.

Жоспар түрлері:

  • Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.
  • Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т. б. бағытталған.

Әр мақсат 3 компоненттен тұрады:

  1. іс-қимыл;
  2. белгілері: күні, уақыты, арақашықтығы;
  3. шарты - кімнің (ненің) көмегімен.

Күтім жоспарын құрастырғанда мейірбикелік қатысудың стандартына сәйкес басшылық етеді.

Стандарт дегеніміз - берілген бикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.

Стандарт бикеге көмек ретінде жасалады, ол оның «шпаргалкасы» сияқты. Бірақ стандартта түрлі клиникалық жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан оны ойланбастан қолдануға болмайды.

Мейірбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс - әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды.

Күтім жоспары міндетті түрде бикелік тарихта жазылу керек.

4- кезең

Жоспарлауды жүзеге асыру

Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі бикелік қатысуды жобалайды:

  • тәуелді
  • тәуелсіз
  • өзара тәуелді

Тәуелді - дәрігердің талабымен орындалатын мейірбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т. б.

Тәуелсіз - дәрігердің талабынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.

Мысалы:

  • емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.
  • емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
  • емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;
  • емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын қалпына түсіру жөнінде нұсқау беру т. б.

Өзара тәуелді қатысу - дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру инспекторы т. б.

5- кезең

Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау

Мейірбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін бикелік процесс қайталанады.

Мейірбикелік процесс - бикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, бикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.

Мейірбикелік үрдісті қолданудың маңызы:

  1. Мейірбикенің жауапкершілігі жоғарылайды;
  2. Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан қарауға мүмкіндік береді;
  3. Әр адамға жеке көмек көрсетіледі;
  4. Күтімді дұрыс жүргізуге мүмкінді береді;
  5. Пациенттер белсенді түрде дем алады.

4. Көрнекі материалдар: 15-20слайд

5. Әдебиеттер:

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С. Қ. - Астана, 2007.
  2. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С. К. Мұратбекова, ҚұспановаА. Р, Ахметова К. А. -Көкшетау, 2006.
  3. Санов С. Науқас адамдарды жалпы күту Қарағанды, 2013ж
  4. Биназаров Н. Д. Мейірбике ісінің негіздері Алматы, 2004ж
  5. www. google. ru
  6. www. referat. kz

6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс) :

  1. Мейіргерлік үрдістің кезеңдері?
  2. Мейіргерлік үрдістің 1 - ші кезеңі?
  3. Мейіргерлік үрдістің 2 - ші кезеңі?
  4. Мейіргерлік үрдістің 3 - ші кезеңі?
  5. Мейіргерлік үрдістің 4 - ші кезеңі?
  6. Мейіргерлік үрдістің 5 - ші кезеңі?

№2 дәріс

1. Тақырыбы: Дәлелді медицинадағы сандық және сапалық зерттеу әдістері

2. Мақсаты: студенттерге дәлелді медицинадағы сандық және сапалық зерттеу әдістерітуралы түсінік беру.

3. Дәріс тезистері:

  • Дәлелді медицина туралы түсінік.
  • Дәлелді медицинадағы сандық зерттеулер.
  • Дәлелді медицинадағы сапалық зерттеулер.

Медициналық ғылым мен денсаулық сақтаудың қазіргі таңдағы жағдайы, зерттеу нәтижелерін анық, нақты ұсыныстарға түрлендіріп, дәрігерлермен медициналық көмекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін шешу үшін, ғылыми ақпараттарды жинау, талдау, бірегейлеу және түсіндірудің жаңа жолдарымен технологияларын қолдануды талап етеді. Дәлелді медицина - бұл денсаулық сақтауды ұйымдастыру және ауруды емдеу, диагностикасы, алдын алу шаралары бойынша ғылыми-дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық технология.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы медицина ғылымының қарқынды дамуы медициналық білімнің кеңеюіне әкеліп, диагностика мен емдеу саласындағы зерттеулермен ұсыныстарды бағалауда мәселелердің пайда болуына әкеліп соқтырды (эпидемиолог Арчибальд Кокранның «Действенность и эффективность» деп аталатын шолуы) . Клиникалық тәжірибеге клиникалық зерттеулердің енгізілуіне 1972 жылы баспаға шыққан «денсаулық сақтау туралы кездейсоқ ойлар» түрткі болды. Оның негізгі принципі - денсаулық сақтау ұйымының шектелген ресурстарын, дұрыс жүргізілген зерттеулермен, дәлелденген тиімді медициналық көмек түрлерін әділетпен қолдану.

Қазіргі кезде ауруды алдын алу, емдеу, диагностикалаудың жаңа әдісін мемлекеттік және популяциялық деңгейде тәжірибеге енгізілуі үшін, сол әдістің тиімділігін тексеру кезінде қол жеткізген ғылыми фактілердің шынайылығын талдау нәтижелеріне жүгіну қажеттілігі айдан анық.

Мемлекет тарапынан тиімділігі тек сенімді зерттеулерде дәлелденген - алдын алу, емдеу және диагностика әдістері қаржыландырылуы қажет.

Ұлыбритания, Швеция, Нидерланды, Канада, АҚШ-та жаңа медициналық технологияларды бағалайтын агенттік ұйымдастырылды.

Бұл агенттіктердің міндеттері - диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері туралы бар ақпараттарды жан-жақты зерттеп, сын көзбен бағалау.

Дәлелді медицинаны тәжірибеге енгізу кезінде актуальды болып табылатын медицинаның мәселелері мен алғы шарттарына жатады: ақпараттық мәселелер, экономикалық мәселелер, әлеуметтік мәселелер, этикалық мәселелер (Фокин В. А., Карась С. И., Калитвянская Т. А., 2002) .

Дәлелді медицинаның тарихы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәлелді тәжірибенің дамуы
Мамандандырылған мейірбикелік күтім
Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Мейіргер қызметкерлерімен өзара әрекеттесетін халықаралық ұйымдар
Зәр шығару жүйесінің клиникалық белгілері
Мейірбике ісі ғылымның дамуы төмен деңгейде
Қант диабеті және оның типтері
Онкологиялық пациенттерге паллиативті көмек
Бронх демікпесінің белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz