Этникалық әлеуметтану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
9 тақырып. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар. Этникалық жүйелер.
Дәріс мақсаты: 2 сағат дәріс сабағына қатысқан әрбір студент, этникалық әлеуметтанудың қарастыратын негізгі бағыттарымен таныс болады.
Жоспар:
1. Қоғамның этникалық қауымдастығы.
2. Этникалық қауымдастықтың ұлтқа бірігуі.
3. Ұлттық-этникалық қатынастар, оның мазмұны.
4. Этникалық әлеуметтанудың негізгі функциялары.
5. Қазіргі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.
Кілт сөздер: ұлт, этнос, ұлттық жаңғыру, ұлт саясаты, ұлттық бірегейлік, этноцентризм, диаспора, этногенез, субэтнос, метаэтнос, титулды ұлт.
1. Әлеуметтану бізді қоршаған әлеуметтік ортаны, адам, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар және т.б.) және олардың іс-әрекеттері мен қызметтері, санасы мен тәртіптері, көңіл күйлері мен мінез-құлықтары және т.б. зерттесе, қоғамдағы этникалық қауымдастықтардың пайда болуын, оның құрылымын, мәнін, мазмұнын, дамуын, олардың атқаратын қызметін, араларындағы тұрақты, қайталанып отыратын қажетті байланыстар мен қарым-қатынастардан туатын әр түрлі әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды осы пәннің "этноәлеуметтану" деген арнаулы саласы зерттейді. Сондықтан этноәлеуметтанудың пәні этникалық қауымдастықтардың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік аспектілерін зерттеу, олардың мүдделері мен өзіндік ұйымдасу нысандарын, ұжымдық мінез-құлқын, өзара қарым-қатынасын, осы әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара байланысын зерттеу болып табылады. Адамдар белгілі бір топтарда бірге және ұзақ өмір сүре отырып, басқа топтардан бөлек ортақ және тұрақты белгілерге ие болады. Ондай белгілерге тіл, өзіндік тұрмыстық мәдениет, қалыптасқан әр түрлі халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жатады. Бұл белгілер адамдардың этникалық санасында орнығып, олар өздерінің бірлігін, ең алдымен өзінің шыққан ортақ тегін, соның негізінде өздерінің туыстық қатынастарын сезінеді. Осы белгілерімен олар басқа халықтардан бөлектенеді. Бұл халықтардың этникалық санадағы өздерінің тегі, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері, өзге халықтардың ішіндегі өздерінің орны ілгері ме, кейін бе халықтың санасында көрініс береді. "Этника" деген ұғым ру, тайпа дегендерді білдіретін гректің "этнос" деген сөзінен шыққан. Оның мағынасы "халық" дегенге өте жақын. Сонымен адамдардың тарихи-этникалық тұрақты бірлігін білдіретін этностан "метаэтнос" және "субэтнос" деген терминдер шығады. Үлкен этникалық бірлік болып саналатын метаэтноста оның шығу тегі, мәдениеті, тілі және өзіндік сананың ортақ белгілер көп болады. Мысалға араб немесе түрік халықтарын алуға болады. Субэтнос немесе субэтникалық топ -- бұл тұтас халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі. Сонымен этникалық қауымдастық деп өздерінің шығу тегі және бірге ұзақ өмір сүруімен өзара байланысқа түскен адамдар тобын айтамыз. Бұл белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы. Бұл табиғи-тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі. Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну және т.б. белгілері болады. Этникалық қауымдастықтың өзіне тән шығу, даму белгілері және ерекшеліктері болады. Ол әлеуметтік организм ретінде өзінің әлеуметтік-этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезендерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту үдерісі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, үғынуы - әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап-тілегіне және т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді. Этноәлеуметтану аса маңызды ұлттық-этникалық қатынастардың күрделі саласын зерттейді. Бұл қатынастарда этникалық қауымдастықтың табиғи және әлеуметтік-психологиялық сипаттары ашық байқалатындықтан, онда қайшылықты да, шатастырылған да жағдайлары болуы мүмкін. 2. Ежелгі ерте этникалық қауымдастықтарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымды тұжырымдау туралы
Этно әлеуметтану
Саяси әлеуметтанудың ғылымы және оның пәндік ерекшеліктері
Әлеуметтану пәнінен дәрістер кешені
Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы
Әлеуметтік институттар, қызметтері
Қазіргі біздің қоғамдағы этносоциологияның негізгі проблемалары. Л.Н. Гумилевтің этногенез теориясы
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Этнос және ұлт әлеуметтануы
Әлеуметтану пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Пәндер