Ұрықтың дамуындағы қауіпті кезеңдер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ
ЭССЕ
Тақырыбы: Ұрықтың дамуындағы қауіпті кезеңдер
ОРЫНДАҒАН: ТАҢАТАР АРУЖАН
ТЕКСЕРГЕН: АБЖАППАРОВА АЙНУР
ТОБЫ: ЖМ20-017-2

І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
АДАМ ЭМБРИОГЕНЕЗІНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢДЕРІ
АДАМНЫҢ ДАМУЫНЫҢ АУЫТҚУЛАРЫН АНЫҚТАУ
ЭМБРИОГОНЕЗ САТЫЛАРЫ
ҰРЫҚТЫҚ ДАМУДАҒЫ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢДЕР
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Онтогенез - дараның жеке дамуы немесе дараның зигота түзілуімен басталып, тіршілігін жойғанға дейінгі дамуы (өлгенге дейін). Онтогенез ұрықтану кезінде ата - аналарының жыныс жасушаларынан алынған тұқым қуалайтын ақпараттың негізінде жүзеге асады.
Адам онтогенезiнiң келесi кезеңдерге бөлуге болады:
1) предэмбриональдық (гаметогенез)
2) антенатальдық немесе туылғанға дейiнгi
3)постанатальдық немесе туылғаннан кейiнгi
ЭМБРИОГЕНЕЗ -- ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМ ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ ЖЕКЕ ДАМУ ПРОЦЕСІНІҢ (ОНТОГЕНЕЗІНІҢ) БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ. ЭМБРИОГЕНЕЗДЕ ҰРЫҚ: ҰРЫҚТАНУ, БӨЛШЕКТЕНУ, ГАСТРУЛАНУ, НЕЙРУЛАЦИЯ, ГИСТОГЕНЕЗ, ОРГАНОГЕНЕЗ, СИСТЕМОГЕНЕЗ КЕЗЕҢДЕРІНЕН ӨТЕДІ. Адамның кұрсақішілік дамуы орташа есеппен 280 тәулік жалғасады. Үш кезеңін ажыратады: бастапқы (1-ші апта), ұрыктық(2-8-ші апта), нәрестелік (дамудың 9-шы аптасынан бала туғанға дейін). Ұрықтық кезеннің соңында тіндер мен мүшелердін негізгі эмбрионалдык бастамаларынын калыптасуы аяқталады.
Ұрықтану - жыныс жасушаларының қосылып, диплоидты жиынтығы бар жасуша. Ұрықтану кезінде гаметалардың жақындауы, жұмыртқа жасушасының активтелінуі және гаметалардың қосылуы (сингамия) рет-ретімен жүреді. Зиготаның бөлшектенуі митоз жолымен жүреді. Бөлшектену сатысының маңызы көпжасушалы ұрық- бластоцистаның пайда болуы. Гаструляция (лат. тілінен gaster -- асказан) -- жасушалардын дифференциялануы мен бағытталған орын ауыстыруымен, көбеюімен және өсуімен бірге жүретін химиялыкжәне морфогенетикалық өзгерістердің күрделі үдерісі, мұның нәтижесінде ұрык жапыракшалары: біліктік мүшелердің кешені мен тіндердің эмбрионалдық бастамаларының даму көздері сыртқы (эктодерма), ортаңғы (мезодерма) және ішкі (энтодерма) пайда болады.Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы -- гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін -- органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын -- системогенез деп атайды.
Қатерлі кезеңдер туралы түсінік. Қатерлі кезеңдер деп әр түрлі зақымдағыш факторлардың әсеріне ұрық дамуының ең сезімтал кезеңдерін айтады. Басқаша айтсақ, бұл сыртқы орта факторларының әсеріне ұрық резистенттігінің (төзімділігінің) ең төмен кезеңдері. Қатерлі кезеңдерде зақымдаушы экзогендік факторлар химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, рентген сәулелері, гипоксия, наркотиктер, никотин, вирустар және т.б. болуы мүмкін. Бірақ, ұрық кез-келген кезеңдерде барлық зақымдаушы факторларға бірдей сезімтал емес. Бір кезеңде ол температуралық әсерлерге сезімтал болса, басқасында химиялық әсерлерге сезімтал болады. Дамушы мүшелер мен жүйелердің арасында бас миының алатын орны бөлек. Плацентарлык тосқауыл аркылы өтетін химиялык заттар мен дәрі- дәрмектер ұрык үшін жүктіліктін алғашқы 3 айында өте қауіпті, өйткені олар метаболизмге ұшырамайды және оның тіндері мен мүшелерінде жоғары концентрацияларда жинақталады. Наркотиктік заттар жүйке жүйесінің дамуын бұзады. Вирустар дамудың ауытқуларын тудырады, тіпті құрсақ ішілік өлімге алып келеді. Ауытқулар мен кемтарлықтың алдын алу үшін бұл заңдылықтар жүкті әйелдер мен дәрігерлердің назарларынан тыс қалмауы тиіс.
Адам ұрығы дамуының қатерлі кезеңдері.
Адам эмбриогенезі 3 қауіпті кезеңдерге ажыратылады:
1. имплантация- эмбрионның жатырдың кілегей қабатына
енуі(ұрықтанғаннан кейін 6-7 тәул.)
2. плацентация-плацентаның түзілуі(ұрықтанганнан кейін 14-
15тәул.)
3. туылуы(39-40апта).
Жалпы қарастырғанда адам онтогенезінің бірнеше қатерлі кезеңдері атап кетуге болады:
1) жыныс жасушаларының дамуы - овогенез және сперматогенез;
2) ұрықтану;
3) (имплантация ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам онтогенезінің қауіпті кезеңдері, тератогенезді факторлар
Ұрықтың даму сатылары
Жеке даму түсінігі және оның кезеңдері
Дамудың қатерлі кезеңдері
Ана – нәресте функциялық жүйесі
Ұрықтану туралы жалпы түсінік
Антенаталды кезең
Ана құрсағындағы баланың дамуы
Мінез – құлық функциялары мен мінез – құлық дамуындағы үш саты
Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі
Пәндер