Қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалардың орналасуы, хронологиялық шеңбері
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінгі Қазақстан Республикасының негізін құрайтын - қазақ халқының сол ежелгі тайпалар ұрпақтары екендігін ашып беріп, дәлелдеп көрсету. Бұл мәселені рухани мәдениетке байланысты зерттеулерде толыққанды көрсетуге мүмкіндік мол, ал материалдық мәдениет ескерткіштері бойынша сабақтастық, мәдени мұра төңірегіндегі сұрақтарға жауап табу қиынға түседі. Сонда да мен бұл жобамда кешегі мен бүгінгіні байланыстыратындай деректерге шолу жасадым.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ежелгі тайпалар мәдениеті туралы жобаның басты мақсаты ұрпақтар сабақтастығы бағытындағы мәселелерге тоқталу. Бүгінгі Қазақстан Республикасының негізін құрайтын - қазақ халқының сол ежелгі тайпалар ұрпақтары екендігін ашып беріп, дәлелдеп көрсету. Бұл мәселені рухани мәдениетке байланысты зерттеулерде толыққанды көрсетуге мүмкіндік мол, ал материалдық мәдениет ескерткіштері бойынша сабақтастық, мәдени мұра төңірегіндегі сұрақтарға жауап табу қиынға түседі. Сонда да мен бұл жобамда кешегі мен бүгінгіні байланыстыратындай деректерге шолу жасадым.
Зерттеу жұмысының міндеттері: - ерте темір дәуірі тайпаларының мәдени жетістіктері туралы мектеп оқушылары мен тағы басқа қызығушылық танытар жандарға тың тұжырымдар тізбегін ұсыну;
біздің ұрпақтың адами және рухани болмысымыздың негізін жағымды жағынан қалау үрдісін үзбей жалғау.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: мектеп оқушыларына ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығы үрдісінде берілетін тәрбие ісінің тұғырын қалыптастыру. Ғасырлар бойы жинақталған халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып, ұлттық психологияның ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету. Мәдени мұра бағдарламасы ауқымында екі мың жылдық тарихымыз тарту еткен қасиетті жәдігерлеріміздің жаңа ғасырдағы алатын орнын ашып-көрсету.
Зерттеу жұмысының нәтижесі: қазақ даласында ежелден өмір сүрген тайпалық бірлестіктердің мәдени жетістіктерін ашып-көрсету арқылы ұлттық болмысымыздың тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп, бүгінгі таңда біртіндеп жоғала бастаған ұлттық бет-бейнеміздің тұғырын берік етудің маңызды құралы ретіндегі - өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісінің маңыздылығын дәлелдеп шығады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, тақырыптың мазмұнын ашатын негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалар туралы жалпы мәлімет
І.І Қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалардың орналасуы, хронологиялық шеңбері
Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалар - сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларының өмір сүру кезеңі ерте темір дәуіріне жатады. Ерте темір дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б.VIII ғасырдан - б.з.V ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Оның ішінде сақтар - б.з.б. VIII - III ғасырларда өмір сүрсе, үйсіндер - б.з.б.III - б.з.V ғасыр, қаңлылар - б.з.б.III - II - б.з.V ғасыр, сарматтар - б.з.б.III - б.з.V ғасыр, ғұндар б.з.б.III - б.з. IV ғасырларда өмір сүрген. Сақтардың ата мекені қазырғы қазақ жерінің аумағын тұтас дерлік қамтып жатса, үйсіндер - Жетісу, Тянь-Шань, Тарбағатай өңірлерін, қаңлылар - Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысын, яғни Оңтүстік Қазақстан жерін, сарматтар - Арал-Каспий аралығын, немесе Батыс Қазақстанды мекендеген. Ал ғұн тайпалық бірлестігі қаңлылар жеріне Шығыстан келіп қоныс тепсе де, ол жерлерде байырқаламай, Арал бойынан Батысқа қарай жылжып, тарихта Халықтардың ұлы қоныс аударуы атымен қалған зор оқиғаға себепші болып, қазырғы Еуропа жеріне табан тіреген еді.
Б.д.д. ІІ ғасырда Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар ерте мемлекеттік билік құрылымын қалыптастырды. Бұлардың этникалық тарихы Орталық Азияны сол кезге дейін үстемдік құрған сақ тайпаларымен тығыз байланысты болған Үйсіндер мен Қаңлылар. Тиграхауд сақтардың жерін мұра еткен үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Қазақстан тарихы (он бес дәріс) Олардың территориясы өте ауқымды болды: солтүстігінде Балқашпен ұштасса, батысында Таласқа тіреліп Қаңлылармен шектесті, шығысында Ғұндармен шекаралас болды, ал оңтүстігінде Ферғанамен ұштасып жатты. Оның негізгі орталығы Жетісудағы Іле аңғары, ал астанасы Чигучен (Қызылалқап) Ыстық көлдің жағасында орналасты [1, 18 б.].
Қазақстан жерінде тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті. Бұл туралы алғаш рет б.д.д. II ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Осы деректерге сүйенсек, бұл мемлекеттің территориясына Оңтүстік Қазақстанның ауқымды аймағы мен Ташкент ойпаты кіреді. Шығысында Талас бойы, батысында Арал өңірімен ұштасып отырады. Бірлестік билеушісі Дуанның (Ферғана) астанасы Эрти қаласынан солтүстік-батыста ірге тепкен Битянь қаласында орналасқан. Ғалымдардың бірі түркі тілдес десе, екіншілері Иран тілдес халық деседі. Қуатты мемлекеттік бірлестік болған. Шаруашылықтың маңызды бір саласы - мал өсіру болған. [2, 51 б.].
Сонымен, тарихта ғұндардың да аты кеңінен жайылған б.д.д. ІV-ІІІ ғғ. мен біздің заманымыздың V-VІ ғасырлар тұсында әлемге әйгілі болған көшпелі өркениетін қалыптастырған қағанаттардың бірі. Ғұндар жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери-әкімшілік принциптік түрде ұйымдасқан билік институтын және мәдени катализатор қызметін атқарған империялық құрылымды қалыптастырды. Мемлекет басында атадан балаға мұра ретінде ауысып отыратын Тәңірдің рақымымен берілген билік лауазымы Шаньюй (Тәңірқұты) басқарды. Оны Тәңірдің ұлы, Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген деп таныды. Империяның барлық жері - Шаньюдің меншігі болып есептелді, ал Елін қорғауда - ол міндетті болды. Биліктегі келесі баспалдақ оның кеңесшілері мен әскер басшыларында болды. Төменгі чиндерге - тумэндер, мыңдықтар, жүздіктер, ондықтар жатты. Тумэндерді шаньюдің өзі тағайындап, оған жері мен халқын бөліп беріп отырды. Әр түрлі салық жүйелері мен міндетті түрде еркек қауымның әскер борышын өтеу заңы бекітілді [2, 60 б.]. Сонымен, ерте көшпенділер дәуіріне қатысты ойымызды тұжырымдайтын болсақ, біздің дәуірімізге дейін VІІ-ІV ғасырларда Қазақстанның қазіргі аумағында сол кездегі аса қуатты сақ бірлестіктері және олармен тектес басқа да тайпа одақтарының құрылғанын көреміз. Б.д.д. III ғ. - б.д. V ғ. аралығында ғұндар, үйсіндер, сарматтар және қаңлылар сияқты тайпаларының өзара бірігуі тап осы кезеңге сай келеді. Жоғарыда аталған тайпалар VI ғасырда түркі деген ортақ атауға ие болып, Орталық Азия аумағында ортағасырлық империялық қуатты мемлекет құрылымын - Көк Түрік Қағанатын дүниеге әкелді.
II. Мәдениет, оның мазмұны, адамзат тарихындағы рөлі
ІІ.І. Ежелгі тайпалардың мәдениеті мен адамзат тарихындағы рөлі
Сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларынан бізге жеткен мәдени мұра қатарын екі салаға бөліп қарастырамыз. Біріншісі, рухани мәдениетін көрсететін жәдігерлерге келсек аталған тайпалардың барлығына ортақ дүние - олардың діни наным-сенімдерінде жатыр. Сақтарда әлемнің құрылымы туралы түсінік қалыптасқан, олардың ойынша әлем 3 бөліктен тұрады, және әлемнің 4 бұрышы болады. Осы бір ғарыш туралы түсінік Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген - күн, қанатты 4 пырақ, 4 алтын жебенің суреті. Бір атап өтетін жайт, сақтардан басқа тайпаларда мұндай мазмұндағы деректер жоқ, бұл олардың мәдени мұраларының әлі толық зерттелмеуінің салдары ма деп ойлаймын.
Тарихи деректерді саралай қарап отырсақ рухани мәдениеттің тағы бір көрінісін қаңлылардан көреміз: ... қаңлыларда ән-күй, музыка, би өнері жақсы дамыды, қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары мен сыбызғылы сырнайлары болған. Көрші елдердің деректерінен Биші бикеш атты өлең де мәлім, яғни қаңлылардың рухани мәдениетінің өзіндік өзгешелігі бар, мен бұл арада қазақтың қасиетті музыкалық аспабы - домбыраның қаңлылардан тарағаны туралы гипотезаны батыл ұсына аламын, шынында да түркі тілдес халықтар арасында кездесетін қос ішекті аспап - қырғыздарда домра, түркімендерде дутар, өзбектерде най, қазақтарды домбыра неге қаңлылардың аспабы болмасқа, нағыз зерттеп, дәлелдеуді қажет етіп тұрған тарихи деректің өзі ғой [3, 114 б.].
Жылқы малын біздің қазақтай қадірлейтін халық жер бетінде жоқ шығар, түліктің осы бір түрімен байланысты құрмет сезімін біз бала күнімізден бастап бойға сіңіріп өсеміз. Қайтыс болған адамның жылын бергенде оның төл атын жылдығына сойып, кейін бас сүйегін зират басына іліп қоятын салт бар. Бұл да жылқы малына деген ерекше құрметтің бірі, аты мен иесі о дүниеде де бір-біріне серік деген ырым, ежелгі тайпаларда да бар екен. Ғұндар секілді табиғат аясында дүниеге келген кез келген қазақ сол табиғаттың аясында тіршілік еткенде бап таңдамаған, қоршаған ортаның ыңғайымен өмір сүрген. Осы арада аса бір мақтанышпен атап өтетін жай бар, ол - сол кездегі тайпалардан бізге жеткен баспана киіз үй. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz