Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТІРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР УНИВЕРСИТЕТІ

«Бизнес және құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні : Қылмыстық құқық

Тақырыбы : Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын

мән-жайлардың сипаттамасы

Орындаған : Юп-19-9тобының студенті

Картжанов А. С

Рецензент : Аға оқытушы Қолдасов Б.

Ақтау 2020 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ПЕН ЖАЗАНЫ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАРМАЗМҰНЫ МЕН ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 5

  1. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлартүсінігі мен мазмұны . . . 5
  2. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері . . . 7

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ПЕН ЖАЗАНЫ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР ТҮРЛЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 18

2. 1 Қылмыстардын қайталану жағдайында жаза тағайындау . . . 18

2. 2 Мерзімдерді белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу . . . 21

2. 3 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау. 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27


КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыстық жауаптылық әдетте жаза арқылы жүзеге асырылады. Бірақ такейбір жағдайларда қылмыспен күрес жаза қолданбай-ақ жүргізіле беруі мүмкін. Қылмыспен күрес практикасында қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институттары мейлінше кең таралған. Аталған институттарды қолдану негіздері босату түріне байланысты әрқилы болғанымен, жасалған іс әрекеттің құқықтық сипаты өзгеріссіз калады. Яғни ол іс-әрекет қылмыстық сипатта болады.

Қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеуді біртіндеп жеңілдету мен азайту тенденциясын бейнелейді. Барлық жауаптылықтан босатутүрлері әр жағдайда индивидуалды, тұлғаның жеке қасиеттерін терең талдау нәтижесінде және осы тұлғаның қылмыстық жаза шарасын қолданбай түзелуі мүмкін деп танылған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден босатуды ғана емес, сонымен бірге жазалау шараларын белгілеуден де босатуды білдіреді.

Қылмыстық жауаптылықтан босату- ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатудан басқа жағдайларда, тиісті органның құқығы болып табылады. Ал, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босату бұл органдар үшін міндетті болады.

Қылмыстық жазадан босату- бүл кінәлі адамды жазаның құрамдас бөліктеріболып табылатын белгілі бір құқықтарын шектеумен құқықтарынан айырудан босату.

Аталған институтты қолдануға сот тағайындаған жазаны орындаудың

тиімсіздігі немесе жазаны атқаруға мүмкіндік болмауы негіз болады. Кейдеқылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың бір формасы ретінде түсініп оны қылмыстық жауаптылықтан босатудың құрамдасбөлігі ретінде құрастырып қате тұжырым жасайды. Ал іс жүзінде, жазаны өтеуден босату - дербес қылмыстық-құқықтық институт болып табылады. Бұлар өзара мазмұны, негіздері, заңдық салдарлары және қолданудың процессуалдық тәртібіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жазадан босату тек онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ғана емесодан да кең шеңберде қолданылады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату тек үлкен қауіп тудырмайтын онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмысжасаған адамдар үшін ғана қолданылады. Жазаны өтеуден тек сот қана босата алады, ал қылмыстық жауаптылықтан босатуды тергеуші, прокурор, анықтау органы жүзеге асыра алады.

Жұмыстың өзектілігі. Жалпы қабылданған тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылық қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаға сот тағайындаған жазаны қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та қылмыспен күресудің көздеген мақсатына кей реттерде қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартпай немесе оларды жауаптылыққа тартып, бірақ жазаны өтеуден босату арқылы, жазаны өтеуден босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдеу жазаға ауыстыру жолымен жетуге болады.

Қылмыстық жаза тағайындаудың мақсаты қылмыс жасаған адамнан кек алунемесе оның сазайын тарттыру емес. Оның негізгі қолданылу мәні құқықбұзушыны тәрбиелеу, түзеу, оның қайта қылмыс жасауының алдын-алу болып табылады. Егер аталған мақсаттарға жету үшін қатал қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары қажет болмаса заңда көрсетілген тәртіппен сотталғанның жазасын жазаны өтеуден толық босатуға дейін жеңілдетуге жол беріледі. Жазаны өтеуден босату деп мемлекеттің кінәлі адамға заңда көзделген қылмыстық жазалау шараларын қолданудан бас тартуы деп түсінуіміз керек. Мұндай жазадан босатудың негіздері әртүрлі. Атап айтқанда, жазаны өтеуден босатуғасотталған тұлға түзелген және қайта тәрбиеленді сондықтан жаза мақсатынаоны өтеусіз-ақ жетуі мүмкін деп танылса, немесе жазаны қолданудың орынсыздығын көрсететін басқа да жағдайлар (мысалы, ауыр науқастықмүгедектік) болған кездерде жол берілуі мүмкін.

Қылмыс жасағаны үшін сотталған адамға тағайындалған жазаның мөлшерін жеңілдету немесе оны өтеуден босатуды рақымшылық актісі немесе кешірім беру тәртібімен жүзеге асырылған кездерден басқа жағдайларда, заңда көзделген тәртіп пен шарттар бойынша сот қана қолдана алады.

Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы қылмыстық жауаптылықтан босатудың теориялық мәселелерін, оның ұғымы мен қылмыстық құқықтағы алатын орны менрөлін анықтау.

Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:

Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы қылмыстық жауаптылықтан босату түсінігін, мазмұнын, оның актілерін және құқық жүйесіндегі мақсатын, міндеттерін қарастыру;

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың теориялық мәселелеріне тоқталу;

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың түрлеріне жалпылама сипат беру;

Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды анықтау, жалпы сипаттама беру болып табылады.

Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы қылмыстық жауаптылықтан босатутеориясы болып табылады.

Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық жүйесі.

Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ПЕН ЖАЗАНЫ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР МАЗМҰНЫ МЕН ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар түсінігі мен мазмұны

Қылмыстық жауаптылық деп қылмыс жасаған тұлғаға қоланылатын қылмыстық - құқықтық шаралардың барлығын айтамыз. Негіз болған жағдайда, қылмыс жасаған тұлғақылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан, іс-қимылда белгілі бір қылмыстың құрамы болған кезде босатылады. Қазақстан кодексінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың 5 негізі қарастырылған:

1) шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап) ;

2) қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66-бап) ;

3) жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату(67-бап) ;

4) жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап) ;

5) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап) .

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылық пен қоса қылмыстық жаздан босату жағдайлары да қарастырылған. Қылмыстық кодекстежазадан босатудың мынандай 8 негіздері көрсетілген:

1) жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату (70-бап) ;

2) жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап) ;

3) жүкті əйелдердің жəне жас балалары бар əйелдердің жазаны өтеуін кейінгеқалдыру (72-бап) ;

4) ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (73-бап) ;

5) төтенше мəн - жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру (74-бап) ;

6) айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (75-бап) ;

7) рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықпен жазадан босату (76-бап) ;

8) Соттылық (77-бап) .

Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік мəні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені, мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың əлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

Қылмыстық жауаптылықтан босату - адамның әрекетінің қоғамға қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзілуі мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау институтын орнықтырған. Қандай да болмасын қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрі қылмыс құрамының белгілері, қылмыстық жауаптылықтың негізі бар болған жағдай да ғана қолданылады. Сот, прокурор, тергеу, анықтау органдары қылмыстық іс жүргізу заңдарын негізге ала отырып қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімге келеді. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық жазалануға жататын әрекеттері болған жағдайда ғана қарастырылады.

Қылмыстық жауаптылықтан босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауаптылықтан босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтан, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Қылмыстық жауаптылықтан босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату. Қажетті қорғану - бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:

• бірінші рет қылмыс жасаса;

• жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;

• жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;

• жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауаптылық жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:

• кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;

• орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;

• ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;

• аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.

Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату - жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.

• барлық жаза үшін мерзімінен бұрын - шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын - шартты түрде босатылуы мүмкін.

• жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.

• сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.

Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз - сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.

  1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Қылмыстық жауаптылықтан босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауаптылықтан босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтан, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Қылмыстық жауаптылықтан босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату. Қажетті қорғану - бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:

бірінші рет қылмыс жасаса;

жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;

жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;

жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауаптылық жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:

кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;

орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;

ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;

аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.

Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері [өңдеу]

Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату - жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.

барлық жаза үшін мерзімінен бұрын - шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын - шартты түрде босатылуы мүмкін.

жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.

сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.

Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз - сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.

Рақымшылық және кешірім жасау Жауаптылықтан және жазадан босатудың аралас түрі - рақымшылық және кешірім жасау.

Адамдардың жеке айқындалмаған, белгілі бір санатты кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.

Рақымшылық қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету - бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді - шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.

Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстың санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді.

Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу жəне мемлекет, қоғам тарапынан қылмыстың бетін басу) жəне заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары) . Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мəнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп - қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-əрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтық қатынас мəсілімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқықтың зардабы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасы толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан босату
Ескіру мерзіміне байланысты жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыс жасаған адам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz