ҚҰЖАТТАР ПОРТФОЛИОСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

№ 3. Өзіндік жұмысы.

Орындалу мерзімі : 28. 10. 2020 ж. 19. 00. сағ. дейін

1. PowerPoint бағдарламасында электрондық портфолио құру бойынша педагогтар үшін жадынама жасау

2. Мектепке дейінгі жастағы балалармен мультимедиялық тұсаукесерлер жасауға және қолдануға әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

Жадынама

Тақырыбы: « MS Power Point бағдарламасында педагогтың электрондық портфолиосын құру бойынша педагогтер үшін әдістемелік ұсынымдар дайындау»

Бүгінгі қоғамда білім саласын ақпараттандыру ерекше іргелі мәнге ие. Қазіргі мектепке қойылатын талаптар баршаға мәлім, бұл білімнің жаңа мазмұны, оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кіріктіру; оқу әрекетінің белсенді түрлері, соның ішінде, жобалау, зерттеу әрекеттері, қашықтықтан оқыту формасы, жекелеу тұрғысы; педагогтің мектептегі жаңа ролі; жаңа сандық оқу құралдарын, электрондық медиатеканы қолдану; мектепті басқарудағы жаңа тұрғылар.

Қазіргі кезде ақпараттық технологияның дамуы өте қарқынмен жылдам жүріп келеді, себебі интернет технология адамның күнделікті өмірінде үлкен орын алып келеді. Осы себепті интернет арқылы ізденіс электронды портфолио түсінігіне көп көңіл бөледі. Электронды портфолио жөнінде көптеген түрлі анықтамаларды сайттардан алуға да болады.

Портфолионың мақсаты:

- білім алушының білім алу немесе еңбек ету жылдары ішіндегі өзіндік өсуін және қоғамдық өмірдегі жан-жақтылығын айқындайтын шығармашылық бейнесін көрсету.

Портфолио (portfolio - ағылшын сөзі. ) - портфель сөзі - маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. «Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белілгі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.

Мұғалім портфолиосы дегеніміз не? Бұл оқытушының педагогикалық қызметінің сапасы мен жетістіктері туралы дәлелді құжаттары.

Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:

• жүйелілік;
• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
• ақпараттың объективтілігі;
• көрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты - мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;
Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі - оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинақтауына көмек береді.

Портфолио:
• Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуының;

• Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.
Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни (уақыт) көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдына қойған міндеттері негізінде жасалады.
Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерлеген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т. б. ) түрде жасалынады.

Портфолио педагогтың сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордың орынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады. Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі бола алады.

Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқаулық (нұсқау хат) ретінде қолданыла береді.

Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді.

Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама:

«ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ:
Құрылымы:
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
Сыртқы беті:
- фото (5х6),
- резюме

-жеке төлқұжатының көшірмесі нотариуспен куәланған
- диплом көшірмесі нотариуспен куәланған
- соңғы жұмыс істейтін орнынан анықтама
- еңбек кітапшасы нотариуспен куәаланған
- аттестаттау парағы (Ереженің 8 - қосымшасына сәйкес формасы бойынша)

-бұрын алған санатының бұйрығының көшірмесі;
- бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі;
- мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі соңғы 5 жылдағы
- қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі соңғы 5 жылдағы
- өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша)

Барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері:

Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде) :
- үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі;
- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
- алғыс хаттарының көшірмесі;
- сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
тәрбиеленушілердің жетістіктері (соңғы 5 жыл ішінде)
- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
- алғыс хаттарының көшірмесі;
- cертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;

-ғылыми жұмыстарының, мақалаларының т. б. көшірмелері
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ПОРТФОЛИОСЫ
Құрылымы:

1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
«Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны

1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары :

- өз пәні бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т. б. ) ауданда, облыста таратылған
- пән бойынша баспазөзге шыққан мақалалары, сабақ үлгілері
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі :

- Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары
- бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;
- тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;
- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы анықтамалар;
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау:
- Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау;
Кері байланыс жұмысының материалдары
- білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы:
- сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;
- соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша ; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде)
- Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.
Портфолио бөлімдері:
1. Басылымдар (таблица түрінде)

№, мақала атауы, басылым атауы, күні, № жылы
2. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі (таблица түрінде)

№ жұмыс атауы, оқу-әдістемелік құралдарының түрлері ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т. б.
3. Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату ( шебер - сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер) (таблица түрінде)

№ шаралар -аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық
4. Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері) (таблица түрінде) № пән -шаралар -нәтиже -дәлелдейтін құжаттар күні
5. Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл) (таблица түрінде
6. Кері байланыс нәтижелері (сауалнамалар, пікірлер)
Мұғалім портфолиосы - мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы

Мұғалім портфолиосы - мұғалімнің жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Мұғалім портфолиосының артықшылықтары :

- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;
- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.
- Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.
- Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы

Электрондық портфолионы жасақтау арқылы мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі - оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек беру. Портфолионы дұрыс және жинақы етіп рәсімдеу маңызды. Егер сіздің портфолиоңыз мәтіндік файлдардан тұратын болсаңыз онда біріңғай шрифтті қолдануға тырысыңыз.

Портфолиоңызда бірнеше түрлі папкалар құрастырыңыз. Бұл папкаларда тақырып бағыттары бойынша жұмыстар жинақталады.

Портфолионы орналастыру. Портфолионы жұмыс беруші көре алатын жерге орналастырыңыз. Егер сіздің өзіңіздің сайтыңыз болса, онда портфолионы сонда орналастырыңыз. Оның көшірмесін электрондық түрде сақтап қойыңыз.

Өзінің кәсіби деңгейін арттырғысы келетін педагогтар арсында электрондық портфолио үлкен сұранысқа ие.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім портфолиосы
Портфолио және оны даярлау жолдары
Оқушы портфолиосы
Оқу партфолиосы оқушылардың жетістіктерін бақылау мен бағалаудың жаңа формасы
Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі
Ойлау ұғымына түсініктеме
Қалыптастырушы бағалау
Білім беруді дамытудағы портфолио технологиясы
Мектепке дейінгі бала портфолиосы
Білім беру жүйесіндегі электрондық оқыту (e-learning)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz