Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды медицина университеті

Қарағанды Әскери кафедрасы

Тақырып: ҚР Қорғаныс және Қарулы күштері туралы заңы

Орындаған: Бижігіт Мұхтархан

Взвод: 14

Қарағанды, 2020 ж.

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1992 жылы 7 мамырда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сай дербес әскеріміз құрылды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып қалды. . Содан бері де, міне, ширек ғасыр уақыт өте шықты.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды. Егер қандай да бір зауал туған шақта мұның құрамына Қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

Қарулы Күштер құрылысының бастапқы кезеңіндегі аса маңызды проблема - егемен ел Армиясының нормативтік-құқықтық негізін құру болатын. Жаңа мемлекеттің жаңа Армиясының нормативтік-құқықтық базасын жасаумен бір уақытта ұлттық Қарулы Күштердің бейнесі мен құрылымын, олардың басқару органдарын қалыптастыруда тынымсыз жұмыс жүргізілді. Жас республиканың Отан қорғау мәселелері жөніндегі алғашқы заңдары өз уақытында және тиісті-деңгейде дайындалды. 1992 жылы 22 қыркүйектің өзінде-ақ Жоғары Кеңес «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғаныс туралы» Заңды қабылдады. Сондай-ақ, 1993 жылы 11, ақпанда Президент бекіткен Қазақстан Республикасының алғашқы әскери доктринасы ұжымдық түрге дайындалды. Ол соғысты болдырмау, қорғаныс қуатының жеткіліктілігі, ТМД елдерімен өзара көмек одағы принциптеріне негізделді. Доктрина ережелері мемлекеттің сыртқы саяси және әскери қызметінде кеңінен пайдаланылды.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзі құрылған күннен бастап Құрлықтағы әскерден, Әскери-теңіз күштері және Әуе шабуылынан қорғаныс әскерінен тұрды. 1997 жылы 17 қарашада Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үш жақты құрылымға ауыстырылды Жалпы әскери күштер (оған Құрлықтағы әскер және Жедел қимыл күштері енді), Әуе қорғанысы күштері (Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылынан қорғаныс күштері біріктірілді) және Мемлекеттік шекараны қорғау күштері (олар Шекара әскерлерінің заставалары мен бөлімдерінен, Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз күштерінің кемелері мен жағалау қызметінен тұрады) . Сонымен бір уақытта Бас штаб Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Штабы болып қайта құрылды. Көп өтпей, Шекара әскерлерінің Қорғаныс министрлігіне бағынуының негізсіздігі айқын болып, 1999 жылдың 2 шілдесінен бастап олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағына қайтарылды. 2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.

Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу. 99 арнайы мамандандырылған компанияларды қамтитын 10 логистикалық база мен 9 барлау полисі құрылды.

3 млрд тенгеге келесі заманауи қарулар сатып алынды:

  • Биологиялық заттарды таба алатын жаңа құралдар
  • КПО-1М үлгілеу жинақтағыштары
  • Портативті спетрометлердің жиынтығы және т. б

Қазір белгіленген жауынгерлік даярлықтың бағыттары бойынша Құрлық әскерлерінде заманауи соғыс пен қарулы шиеленістердің сипатына сәйкес әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру бойынша жұмыс өз жалғасын табуда. Әуе қорғанысы күштерінде жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, кәсіпқойлықты арттыруға, күндіз және түнде қарапайым және күрделі метеожағдайларда пилотаждау техникасының ұшу құрамын жетілдіруге назар аударылған. Әскери-теңіз күштерінде корабльдердің жауынгерлік кезекшілігін, жоғары тұрған әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру мақсаты алға қойылған.

Айта кетейік, биылғы 2017 оқу жылы «Қарулы Күштердің 25 жылдығына - жоғары жауынгерлік әзірлік!» ұранымен өтіп жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Қарулы күштерінің техникасы мен жабдықталуы
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуы (1991-2010 ж.ж)
Қарулы Күштер тылы
Құрлық әскерлері - қазақстандық армияның басты жауынгерлік күші
КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Әскери оқу орындары
Қазақстан Қарулы Күштері
Қазақстан Қарулы Күштері туралы
Ішкі істер органдарының арнайы күзет қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ішкі қызмет жарғысын оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz