Жұмыссыздықтың әлеуметтік салдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым МИНИСТРЛІГІ

коммерциялық емес акционерлік қоғам Ғұмарбек Даукеев атындагы

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Пәні: Әлеуметтану саясаттану пәні

Тақырыбы :«Жұмыссыздықтың әлеуметтік салдары »

Мамандық : «6B07112- Ғарыштық инженерия»

Орындаған: Бауыржан Қазыбекби Тобы: КИк-19-1

(Аты-Жөні)

Қабылдаған: Апашов С. Б

(Аты-Жөні)

« » 2020

(бағасы) (Қолы)

Алматы 2020

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі Бөлім

1. Жұмыссыздық түрлері және әлеуметтік-экономикалық салдары

2. Жұмыссыздық қоғамдық өмірдің барлық салаларына әсер етуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық - еңбек нарығының
бөлінбес элемент. Дегенмен, экономиканың тұрақтылығы еңбек нарығында
жұмысқа деген сұранысты тудырады. Жылдан - жылға жұмыссыздық деңгейі
әр қилы болып келеді . Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса,
келесі жылы төмен болады. Бұған себеп не? Бұл мәселеде көптеген
себептерді алға тартуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық деңгейі,
халқымыздың әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, инфляция, жұмыс
орындарының аздығы немесе жұмысшыларға қойылатын талаптардың
жоғарылығы, қатаңдығы, тіптен еңдек шартының өзі де жұмыссыздықтың
туындауына әсер етпек . Қазіргі таңда жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнын тамамдап, өз мамандығы бойынща қызметтерге орналаса алмай жүрген
азаматтар қаншщама. Бәрінен де күрделі жағдайға келіп тірелетін оқу
орнын жаңа бітірген жас мамандар. Өз мамандықтары бойынша жұмысқа
орналасқан болса, бұрын соңды жұмыс істеген өтілі қажет етіледі .
Осыдан барып адамдардың ағайын - туыс, жора - жолдас арқылы пара беру
көмегімен жұмысқа орналасу жолдары пайда болады.
Басқа қаладан немесе ауылды жерлерден келгендері жұмыс таба
алмаса өз жерлеріне қайтып, бірнеше жыл бойы оқып, ауыр еңбекпен
алған дипломдары жарамсыз болып қалады. Ал енді біреулері өз
мамандықтары болмаса басқа жұмыстарға орналсып, өлместің күнін
көреді. Осыдан барып жоғары арнайы мамандығы бар жастардың
мейрамханаларда, автокөлік жуу, тағы сол сияқты жерлерде жұмыс істеп
жатқандары жиі кездеседі. Нарық жағдайындағы күрделі мәселелердің бірі жастардың еңбек нарығына тез қалыптаса алмауы. Жалпы жұмыссыздық деңгейінің азаюына қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таба алмай отыр .
Жұмыссыздық әр мемлекетте бар және нарықта белгілі бір
көлемде болып табады. Жұмыссыздықтың шамадан тыс болуы халықтың әл
- ауқатына кері әсерін тигізері хақ. Ал бұл жағдай мемлекеттің
араласуын талап етеді. Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмеңдеуіне әсерін тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен
ЖҰӨ көлемі арсындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы
тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы
деп аталады . Енбек нарығы бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады . Осы жерде оның құны мен
жалдану жағдайы бағаланады . Еңбек нарығы - экономикаға жағдай
көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын,
жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби біліктілік, демографиялық және
басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады . Осы құбылыстар АҚШ тағы
еңбек рыногында айқын көрінеді. Осындағы салалық құрылымда екі
тенденция байқалады: ауыл шаруашылығымен айналысатындар санының тез
қысқаруы және олардың қызмет көрсету саясатында артуы. Себебі бұл
сала бойынша ұлғая түсті және ол қоғамдық еңбекті қолданатын
басты салаға айналды . Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары ( тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы ) алады. Еңбек биржасы - бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме, мұнда еңбекті жалдау кезінде
жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс - әрекет жүзеге
асады.

Жұмыссыздық түрлері және әлеуметтік-экономикалық салдары

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Адамдар бір жұмыстан екінші
жұмысқа ауысады, бір жерден екінші жерге көшеді, жұмыс іздейді, оны күтеді.
Осы себептерге байланысты жұмыссыз болады, оны фрикциондық немесе ағымдағы жұмыссыздар дейді. Сонымен, фрикциондық жұмыссыздық жұмыс күшінің объективті қажеттілікпен қозғалысына байланысты. Құрылымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің құрылысына жұмыс орнының құрылымының сай келмеуіне байланысты болады. Өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмыс күшіне сұраным құрылымын өзгертеді. Жұмыс орнының жаңа құрылымы бұрыннан келе жатқан (ескі технологияға сай) жұмыс күшінің құрылымына сай келмейді, осыған байланысты жұмысшылардың белгілі бір бөлігі өндірістен ығыстырылып, құрылымдық жұмыссыздарды құрайды. Жұмыссыздықтың жоғарыда келтірілген екі түрі де шарасыз, сондықтан егер елде жұмыссыздықтың фрикциондық және құрылымдық түрлері болса, онда
жұмыссыздық жоқ деп есептеледі. Технологиялық жұмыссыздық - ғылыми-техникалық прогреспен байланысты (ҒТП) . ҒТП - жоғарғы қарқынмен дамыған кезде жұмыс орны босайды, оның саны тез көбейіп кетеді. Сонымен қатар ҒТП-тің ерекшеліктері де бар. Технологиялық зерттемелердің еңбек сыйымдылығы жоғары процестеріне жұмыс жасау үшін жұмыс күшін тартады. Сайып келгенде ҒТП жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді, сондықтан мемлекет еңбек нарығын реттеуге әсер ететін шараларды қарастыру қажет. Циклдық жұмыссыздық - экономикалық дағдарыста өндірістің төмен құлдыраған кезеңінде пайда болады. Жұмыссыздықтың бұл түрі жалпы тұтынушы және инвестициялық шығындардың бірден қысқаруымен сипатталады. Тауар мен қызметтерге жалпы сұраным қысқарып, жұмыссыздық өседі. Сондықтан жоғарыдағы себепке байланысты оны сұраным ділгірлігіне (тапшылығына) (дефицит) байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Көрінбейтін немесе маусымдық (сезондық) жұмыссыздық - белгілі бір уақытта жұмыс істеп, Қалған уақытында жұмыссыз (ауыл шаруашылығы, құрылыс, туристерге қызмет көрсету) немесе толық емес жұмыс күнінде жұмыс жасау. Аймақтық жұмыссыздық - жеке аймақтарда тарихи, демографиялық, әлеуметтік-психологиялық жағдайлардың әсерінен қалыптасады. Мысалы, көмір өндіретінөндірістің шоғырланған аймақтар. Әлемдік тәжірибе бойынша жергілікті мемлекеттік органдар бұл мәселені шеше алмайды. Оны жалпы мемлекеттік мақсатты бағдарламалар негізінде шешеді.
Жұмыссыздық оның деңгейімен өлшенеді. Жұмыссыздық деңгейі - жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттілер санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп атайды. Жұмыссыздық деңгейі елдің экономикалық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі, бірақ өте тура көрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі, ресми статискада кім жұмыссыздыққа байланысты көмек алады, соларды ғана есептейді. Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасы жұмыссыздықтың жалпы санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде есептеледі.

Экономикалық теорияда жұмыссыздықтың табиғи деңгейі - деген пайдаланады. Мемлекет жұмыссыздықты табиғи деңгейден асырмау бағытында іс- шаралар жүргізуге міндетті.


Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:

1. ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін
пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады.
2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей
бөлінбеуіне соқтырады.
3. Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та
қалады.
Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде экономикаға мемлекттің араласуы қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді.
1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін
еңбек биржасы арқылы кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан өткізуге көмек көрсету.
2. Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар)
ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны
осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.
3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.
4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.

Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссызжыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.

Жұмыссыздық қоғамдық өмірдің барлық салаларына әсер етеді:

  • елдің ресурстық әлеуетін тиімсіз пайдалану нәтижесінде қысқаратын экономика (жұмыссыздар ұлттық өнім мен кірісті құруға қатыспайды) ;
  • қылмыстың, маскүнемдіктің, қоғамдық моральдың құлдырауының, отбасылық қатынастардың дағдарысының, психосоматикалық бұзылулардың және басқа да әлеуметтік шығындардың - жоғары жұмыссыздықтың дәстүрлі серіктерінің қысымымен нашарлайтын Әлеуметтік сала;
  • жұмыссыздықтың әсерінен немесе тіпті оның қауіп-қатерінен билік авторитаризмін күшейту бағытында да, жауапсыз популизм бағытында да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы мүмкін саясат.
  • Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары:
  • өндірістік мүмкіндіктерді толық пайдаланбау нәтижесінде экономиканың өсу қарқынының баяулауы;
  • халықтың бір бөлігін жалақыдан, демек, өмір сүру қаражатынан айыру;
  • ЖІӨ көлемінің азаюы салдарынан заңды және жеке тұлғалар мемлекетке төлейтін салықтардың азаюы;
  • білімнің ескіруі, жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылған адамдардың біліктілігін жоғалтуы.

Экономикалық жұмыссыздықтан басқа, өте ауыр әлеуметтік салдары бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық мәселесі
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Халықты жұмыспен қамтудың негізгі тұжырымдамаларының мәні
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік-экономикалық салдары
ҚР жұмыссыздық себептері және формалары
Жұмыссыздық - әлеуметтік интеграция және әлеуметтік оқшаулау
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары туралы
Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz